ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет153/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153

Қайда барасыз? Іздесем, қайдан табармын?» – деп дауыстап сұрайды. Сонда қыз дауыстамай, мынадай 

ишарат  білдіреді.  Әуелі  аузын  ұстап  қолын  арқасына  сілтейді,  маңдайынан  бір  басып,  қолын  артына 

сілтейді, шәшінің бір өрімін алдына, бір өрімін артына қайырып, бір қолын басынан аса көтереді де жүре 

береді. Ханзада мұнан еш нәрсе де аңғара алған жоқ. Өңінде көрсе де, түсінде көргендей, бұған қиын 

болады. 


Сөйтіп,  күн-түн  соны  ойлаумен  ханзаданы  қайғы-қасірет  басады.  Қыздың  ишаратының  шешуін  таба 

алмай, үлкен ауру болады: ешкіммен сөйлеспейді: ешкімге бір ауыз жауап та бермейді. Бақтырмаған тәуіп 

те қалған жоқ, ешкім ауруын біле алмайды. 

Бір күні хан баласын ойлап, қиялданып отырғанда, үйіне Сағат келіп кіреді. Хан о бетінен бір, бұ бетінен 

бір сүйіп: «Құрдасың осындай болды. Сен барып, амалын таппасаң, бізден дәрмен кетті», – дейді. Сағат 

ханзаданың үйіне келіп, екеуі оңаша отырып сөйлеседі. Өзінің бала жастан бірге өскен серігі келгеннен 

кейін  ханзада  да  бастан-аяқ  көрген  оқиғаларын  айта  бастайды.  Сағат  құрбылық  ретінде  біраз  өкпесін 

айтқаннан кейін былай дейді: 

–  Дауыстамай  жүре  бергеніңде,  өзің  де  сөйлеседі  екенсің.  Ол  дауыстауға  ұялып,  ишарат  еткені,  ол  да 

өзіңдей  асыл  зат  екен.  Аузын  ұстап  қолын  арқасына  сілтегені:  «Судың  аржағындағы  өзіңдей  ханның 

қызымын», – дегені. Арқасын басып, қолын алдына сілтегені: «күйеуім ұрып-ұрып, отырғызып қояды», – 

дегені. Маңдайынан басқаны: «Судың төменгі жағындағы бір ханның келінімін, маңдайыма жазғаны сол 

болды», – дегені. Шашының бір өрімін артына, бір өрімін алдына қайырып, қолын басынан асыра жоғары 

көтергені:  «Ерім  алдымда  болса,  сен  артымда:  ерім  артымда  болса,  сен  алдымда,  –  достықта  осындай 

болайық  және  мені  іздесең,  үйімнің  алдында  биік  шұбар  ағаш  бар,  осыдан  табармын»,  –  деп  қолын 

көтерген екен, – дейді. Енді мұны табу оңай, атаңнан тозбас тон, азбас ат, қоржындап алтын алу керек, – 

дейді Сағат. 

Ханзаданың Сағатпен сөйлесіп отырғанын естігеннен кейін жұрт барып, ханнан сүйінші сұрайды. Хан 

қуанып, той қылады. Ханзада енді жазылады. Хан ханзаданың айтқанын қылып, Сағат екеуін жабдықтап 

жөнелтеді. 

Екеуі  баяғы  сұлуды  іздеп  келе  жатады.  Айдан  ай,  жылдан  жыл  өткенде,  дарияның  жағасымен  жүріп 

отырып, бір шаһарға келеді. Қаланы аралап жүріп, біреулерден сұрайды. 

– Бұл ханның келіні бар ма? Қызы бар ма? Болса, қай ханның қызы? – дейді. 

Бір адам жауап береді: 

– Ханзадамыздың қалыңдығы судың жоғарғы жағындағы ханның қызы еді, қазір бұл ханның келіні болып 

отыр, – дейді. 

Сағаттың үйіндегі шешуі тура келеді. Онан соң екеуі іздеп отырып, ханның келінінің бау-бағын сұрап 

табады. Баудың ішін аралап жүрсе, бір кемпір гүл теріп жүр екен. Бұлар соған жолығады. Кемпір бұларға: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              994 bet 

– Ханның келінінің бауында не қылып жүрген адамсыңдар? Кетіңдер! – деп ұрсады. 

Бұлар кемпірге бір уыс алтын беріп, жүгіріп-жүгіріп гүлін теріседі. Қолына алтын тигеннен кейін кемпір 

қуанады да, үндемейді. Терген гүлдерін екеуі кемпірге беріп тұрып: 

– Мұны кім теріп берді? – десе, өзіңіз көрген деп, айтыңыз, – дейді. 

Гүлді алып, алтынды алып, кемпір қуанып кете береді. Келген соң хан келіні: 

– Мұны не қылып тез тердің? Әлде біреу теріп берді ме? – деп, сұрайды. 

Кемпір: 


– Өзің көрген теріп берді, – дейді. 

Ханның келіні ашуланып: 

– Өзім көрген кім екен? Сен бұзыққа жориын деп жүр екенсің!  – деп, кемпірді ұрып-ұрып отырғызып 

қояды. 


Ертеңіне келіншек кемпірді гүл теріп келуге тағы жібереді. Кемпір келсе, баяғы екеуі тағы жүр. Кемпір 

ашуланып: 

– Кетіңдер! Сендерге бола келіннен таяқ жедім, – дейді. 

Бұл жолы кемпірге екі уыс алтын беріп: 

– Ашуланбаңыз, – деп, тағы гүлдерін теріп береді де, сұраса, кешегі айтқаныңды айт, – дейді. 

Кемпір  тағы  айтып  келеді,  хан  келіні  тағы  сұрайды,  кемпір  кешегі  айтқанын  тағы  айтады.  Келіншек 

кемпірді ұрып-ұрып, тағы отырғызып қояды. 

Ертеңіне кемпірді тағы гүл теріп келуге жібереді. Келсе, баяғы екеуі әлі жүр. Кемпір ашуланып: 

– Күнде-күнде бауда не қылып жүрген адамсыңдар? Кетіңдер! Сендерге бола таяқ жеп, бейнет шегетін 

шамам жоқ. Бір күні өліп қалармын! – дейді. 

Бұл екеуі қоржыннан үш уыс алтын алып беріп: 

– Ашуланбаңыз, шеше! – деп, гүлін теріп береді де, сұрай қалса, бұрынғы жауабыңызды айтыңыз, – деп, 

кемпірді жөніне жібереді. 

Кемпір келеді. Келіншек тағы сұрайды, кемпір қорқа-қорқа, дірілдеп, баяғы сөзді қайта айтады. Бірақ бұл 

жолы келіншек ұрмайды, кемпірді жетектеп, оңаша бір үйге алып кіреді. «Енді өлдім-ау», – деп, ойлайды 

кемпір. Келіншек кемпірді тұрғызып, әлгі үйдің ішінен бір қапқа көмір салдырып алады да есік алдындағы 

шұңқырға  апарып  тастатады.  Сонда  басқа  еш  нәрсе  айтпай,  ертеңіне  кемпірді  гүл  теріп  келуге  тағы 

жібереді. Кемпір келсе, баудың ішінде баяғы екеуі тағы жүреді. Кемпір бұрынғыдай емес, мәз-мейрам. 

Ұрысқан жоқ. 

– Я, балалар, амансыңдар ма? – деп, сұрайды. Сағат: 

– Бүгін келін ұрмады ма? – дейді. Кемпір: 

– Ұрған жоқ. Қолымнан тартып, оңаша үйге кіргізді. Мен өлтіреді ғой деп отыр едім, өлтірмеді, бір қапқа 

көмір салдырды да, есік көзіндегі шұңқырға әкеп тастатты. Сонан басқа ешнәрсе де айтқан жоқ, – дейді. 

Жалайырханға сонда Сағат тұрып: 

– Есік алдындағы шұбар ағаш кесіліп, отқа жағылып кеткен екен. Көмір салғаны соны айтқаны. «Шұбар 

ағаштың орны үлкен шұңқыр», – дегені. Кемпір әкеп тастағаны саған, «Бүгін сол шұңқырға келіп жат, 

өзім барып жолығамын», – дегені. Енді сен кешке бар да, сол шұңқырға түсіп жат, өзі келіп жолығар, – 

дейді. 


Жалайырхан келіп шұңқырға түсіп жатыр, келіншек әлі жоқ. Сөйтіп жатып, ұйықтап қалады. Бір уақытта 

ханның  келіні  келеді.  Келсе,  жігіт  үйықтап  қалған;  ұйқысын  бұзып  оятпай,  қалтасына  екі  асық  салып 

кетеді.  Жалайырхан  сол  ұйықтағаннан  ертең  тұрады.  Қараса,  таң  атып  қалыпты.  Жүгіріп  Сағаттың 

жанына келеді. Сағат: 

– Жолықтың ба? – деп сұрайды. Жалайырхан: 

– Жолықпадым, – дейді. 

Сағат Жалайырханның қалтасын қарап, манағы келіншек салып кеткен екі асықты алады. 

– Сен шықпады дейсің! Мынау не? – деп Жалайырханға ұрсады. 

Ол күні күн батып, түн болады. 

– Бүгін тағы ұйықатап қалып жүрме! – деп, Сағат Жалайырханды тағы жібереді. – Егер бұл жолы ұйықтап 

қалсаң, менен жақсылық көрмейсің! – дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              995 bet 

Жалайырхан шұңқырға түсіп жатады, екі көзі ханның үйі жақта болады. Жуық арада келіншек тағы шыға 

қоймайды.  Ханзада  қарап  жатып,  тағы  ұйықтап  қалыпты.  Келіншек  оның  ұйқысын  бұзып  оятпай, 

қалтасына екі жаңғақ салып кетеді. Таң ата Жалайырхан да оянып, Сағаттың жанына келеді. 

– Жолықтың ба? – деп сұрайды Сағат. 

– Бүгін ұйықтамастан қарап отырдым, бірақ шықпады, – дейді. 

– Япыр-ай, қалай шықпады екен! – деп, Сағат Жалайырханның қалтасына қолын салып қараса, екі жаңғақ 

алады. Келіпті ғой, белгісі мынау! – деп, екі жаңғақты көрсетеді. Сені «Ойын баласы екен», – деп, кешеден 

бері қалтаңа асық, жаңғақ салып, күлкі қылып жүр, – деген сөзді айтып, Сағат Жалайырханды сөгеді. 

Ол күн тұрып, түн болған соң Сағат Жалайырханды тағы жібереді. Бірақ, бұл жолы ханзаданың табанын 

тіліп, тұз сеуіп жібереді. Жалайырханда ұйқы жоқ, жанымен қайғы, тұз ашытып, безілдетіп отыр. Бұл 

уақытта келіншек келеді. Жалайырханмен көрісіп, амандасады. Бір-бірімен танысып, анау-мынау естен 

шығып, ойнап отырған жерлерінде ханның күзетшісі көріп қалып, екеуін ұстап байлап алады. Сол уақытта 

ханның келіні Жалайырханға: 

– «Сағат, Сағат, атың арпаға түсті! Бүгін алмасаң, ертеңге қалса, екі құлағы шұнақ!» – деп, үш рет дауыста, 

– дейді. 

Жалайырхан  әлгі  сөзді  айтып  дауыстайды.  Сағат  мұны  естіп  Жалайырхан  қолға  түскенін  біледі.  Түн 

ішінде базарға барып, бір әйел шапаны мен бір пәренжі сатып алады. Онан кейін бір наншыға барып, бір 

жүз нан сатып алады. Оларды біреуге арқалатып, өзі шапан бүркеніп, пәренжені бетіне жауып, зынданға 

қарап жүре береді. Жалайырхан мен келіншек зынданда. Сағат зынданның қарауылшысына жолығады. 

– Не қылы жүрсің? – дейді қарауылшы. 

– Түнеукүні бір қатты ауырғанымда, зындандағы пәнделерге жүз нан құдайы айтып едім, сол нанымды 

әкелемін.  Өзім  әйел  адам.  Күндіз  бере  алмаймын,  түнде  нандарымды  зынданға  түсіп,  қолымнан  беріп 

шықсам екен, – деп қарауылшыдан өтінеді. 

Қарауылшы: 

– Қолыңыздан беріп шыға қойыңыз, – деп, арқан байлап зынданға салады. 

Зынданның түбінде жатқан Жалайырхан мен келіншекті көріп, қуанысады. Сағат пәренжіні келіншекке 

беріп, оны шығарып жібереді де, өзі зынданда қалады. Ертеңіне ханның күзетшілері ханға: 

– Келініңізді біреумен жатқан жерінде ұстап алып, зынданға салып қойдық, – деп хабар етеді. 

Хан дереу келініне жібереді. Келіні үйінде іс істеп отыр екен. Күзетшілер барып, зынданға салғандарды 

алып келеді. Келсе келіні емес, бөтен бір екі кісі. Хан бұл екеуін қоя тұрып, мына күзетшілерді дарға асуға 

бұйрық қылады. Күзетшілер: 

– Хан тақсыр! Тұтқынымыз анық келініңіз еді. Бізді нақақтан өлтірейін деп тұрсыз. Армансыз болайық 

тым болмаса, халықты жинаңыз да, бір үлкен қазанға быламық қайнатыңыз, ол быламықтың ішіне алтын 

салыңыз, келініңіз ақ болса, сол алтынды қайнап тұрған быламық  ішінен қолын тығып алып шықсын. 

Егер қолы күймесе ақ болғаны. Егер күйсе қара болғаны дейді. 

Хан  бұларын  мақұл  көріп,  айтқандарын  қабыл  алып,  ертеңіне  халықты  жинайды.  Орталарында  қазан 

қайнап,  ішіне  алтын  салынады.  Ханның  келіні  быламыққа  қолын  тығып,  алтынды  алайын  деп  келе 

жатқанда  Сағат  пен  Жалайырхан  екеуі  қайыр  сұраған  кісі  болып,  мүсәпірсініп  келеді.  Жалайырхан 

ханның келінінің қолынан ұстап тұрып ханға айтады: 

– Тақсыр, бұл ұят емес пе? Бүкіл жұрт алдында келініңізді масқара қылғаныңыз не? 

Сонда келін тұрып: 

– Ей, халық, мен осы ханның баласына тигелі қолымды ұстаған жігіт осы, мұнан басқа ешкім де ұстаған 

жоқ, – деп барып, алтынды алып шығады. Келіншектің қолы күйген жоқ. «Ажалымызға қарсы басқа біреу 

ханның келіні болып көрінген екен!» – деп, күзетшілер өлімге мойындарын сұнып тұра береді. 

Күндердің  бір  күнінде  хан  жорыққа  аттанбақ  болып:  «Тайға  мінген  де,  танаға  мінген  де  қалмай, 

жиылсын!»  деп,  жұртқа  жар  салады.  Жұрт  жиылғаннан  кейін,  хан  бір  қолға  баласын  басшы  қылып 

жөнелтті де, өзі кейін шықпақ болады. Хан шығайын деп тұрғанда, Сағат келеді де: 

– Тақсыр! Өзім сізбен жорыққа шықпақшы болып тұрмын. Бір қарындасым бар еді. Өзім келгенше, сол 

қарындасым сіздікінде тұрса қайтеді? – дейді. 

Хан қабыл етеді. Сағат Жалайырханды қызша киіндіріп, ханның үйіне жібереді. Жалайырхан қыз болады. 

Сағат Жалайырханды ханның келінінің қасына қояды да, өзі жорыққа кетеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              996 bet 

Хан жорықтан қайтып, шәһәріне келе жатқанда, Сағат: 

«Бұл  менің досым  – Жалайырхан мен өз келінін аямай, зынданға салып та өлтірмекші  болған еді  ғой, 

«Еруліге-қарулы»  деген,»  –  деп  ойлады  да,  ебін  тауып,  ханның  баласын  өлтіреді.  Жалайырхан  да  қыз 

киімін тастап, баяғы жігіт қалпына түседі. Бір күні Сағат келіп, ханға арыз қылады: 

– Тақсыр, түнеукүні үйіңізге қойып кеткен қарындасымды шығарып берсеңіз екен! Күйеуі келіп, ұзатайын 

деп тұрмын, – дейді. 

Хан  кісі  жіберсе,  қарындасы  жоқ  болып  шығады.  Сонда  Сағат  келіп,  бер-бердің  астына  алып,  әбден 

қысады. Хан: «Енді қайтеміз?» – деп баласына кісі жібереді. Ол келмеген боп шығады. Сонда Сағат: 

– Менің қарындасымды сіздің балаңыз алып кеткен! – дейді. 

Хан сасады. Сағат мазасын ала бергеннен кейін, хан:  «Мынаның қарындасын балам шын алып кеткен 

ғой», – деп ойлап: 

– Сабыр етіңіз. Күйеуіңе сол мырзаның әйелін алып берсем, разысың ба? – дейді. Сағат: 

– Әйел деп жүмесе? – дейді. 

Сонда тұрып: 

– Олай болса, айыбына өзіңе өзімнің қызымды берейін, – дейді. 

Сағат бұған көнеді. Өзі ханның қызын алып, Жалайырханға келінін қосып, қанша сән-салтанатпен еліне 

келеді. Отыз күн ойын, қырық күн той қылып, олар мұратына жетеді. 

51. Ұры мен Ғаяр 

Бұрынғы уақытта Мұхтарима деген қатынның екі байы болған екен. Біреуі ұры, біреуі ғаяр. Екеуіне де 

бір  жылы  тиіп,  біріне  тигенін  біріне  білдірмейді.  Сонымен  бірнеше  жыл  өтеді.  Бір  жылы  ұрылар  мен 

алдамшылар ұсталсын деген патшадан қатал жарлық шығып, шаһарда жасауылдар қаптап кетеді. Бір күні 

ұры  сасып  үйіне  келіп:  «Ойбай,  қатын,  патшадан  қатаң  жарлық  шықты.  Мына  жарлықтың  дүбірі 

басылғанша  мен  сахараға  шығып  бой  тасалап  тұрмасам  болмас.  Жолға  азық  дайындап  бер!»,  –  дейді. 

Қатыны үйінде бір қойдың құйрығы бар екен, қақ жарып жарымын, бір таба нан бар екен, ортасынан бөліп 

жарымын береді. Жол азығын алып ұры қаладан шығып, өзеннің бойымен жарды жағалап қаша жөнеледі. 

Ұры  кетісімен  ғаяр  келіп:  «Ойбай,  қатын!  Патша  ұры  мен  ғаяр  ұсталсын!»,  –  деп,  жарлық  шығарды. 

Жасауылдар ұры мен алдамшыны ұстап жатыр. Бұл сөздің ізі басылғанша, сыртқа жасырына тұрмасам 

болмас. Маған үйде азық болса бере гөр, тез жөнелейін», – дейді. Қатын: «Үйдегі бар азық осы», – деп, 

ұрыдан қалған жарты құйрық пен жарты нанды алып береді. 

Бұ да үйдің жанындағы өзенді бойлап, жарды жағалай бағанағы ұрының ізімен қашады. Алдыңғы ұры 

шаһардан ұзап шығып бір жерге келіп демін алып отырғанда, артынан уәделесіп қойғандай ғаяр келеді. 

Екеуі сол жерде отырып танысып біліседі. Қаладан қашып шыққан біреуі ұры, біреуі алдамшы екендерін 

айтып сырласады. «Кемеге мінгеннің жаны бір» еді ғой, екеуден екеу отырып, бөлек-бөлек ішіп-жемей 

жол азығымызды қосып бөліп жейік деседі. Сөйтіп ұры ғаярға: «Сенде қандай азық бар?» деп еді, ғаяр 

«Менде қойдың қарты құйрығы мен жарты күлше наным бар», – дейді. Ұры отырып: «Япыр-ау, өлшеп 

алып шықтық па, менде де жарты құйрық, жарты нан бар», деді. Сөйтіп екеуі  азықтарын салыстырып 

көріп еді, құйрыққа құйрық, нанға нан дәл келе кетті. Сонда ұры ортырып: 

– Менің қатынымның тамаққа алып қалған құйрығы мен жарты нанын алып кеткенсің бе? – деді. 

– Жоқ, жаным, өзім сасқалақтап қашып келе жатып, сенің үйіңде менің нем бар, өз үйімнен алып шықтым, 

– деді ғаяр. 

– Олай болса, сенің үйің қай жерде, қай көшеде еді? 

– Менің үйім, пәлен көшеде, пәлен жерде! Қатынымның аты Мұхтарима. 

– Ойбай-ау, ол менің қатыным ғой! – дейді ұры. 

– Олай болса сен оны алғаныңа қанша уақыт болды? 

– Он жыл болды. 

– Менің алғаныма да он жыл болды. 

– Қой, енді екеуіміз бүйтіп далада жүре алмаспыз, не болса да үйге қайталық. Бұл қатын айласын асырып, 

екеуімізді бірдей алдап жүрген болса, онысын көрейік. Болмаса біріміз өтірікші болып шығайық! – десіп, 

ел жатқан соң екеуі аяңдап үйіне келіп есік қағады. Қатын түрегеліп есік ашып, ұрыны көрген соң: 

– Байғұс-ау, шаһар тиыштанды ма, қалай тез қайтып келіп қалдың? – дейді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              997 bet 

– Шаһардың не болғанын қой, үйге шам жақ? – дейді ұры. Әйел шам жағып жіберсе, ұрының қасында 

ғаяр тұр, екеуі бірге келіпті. Ұры отырып: 

– Ал қатын, сөйле, өзің де біліп отырған шығарсың. Мынау кім, танисың ба? – дейді. Сонда қатын: 

– Танимын, бұл менің байым! – дейді. 

– Бұл қалай байың болады, бұған қашан тидің? 

– Өзіңе тиген жылы тиіп едім, сонан бері біріңді біріңе қоспай келіп едім... 

– Ал қатын, бірімізді біріміз біле бермей жүрген екенбіз, кеш білдік. Енді  бірігіп бір қатынға тіркесіп 

отыра алмаспыз, өзің кімдіксің, соныңды айт! Қатын отырып: 

– Енді қайсысыңның өнерің артық болса, соныңа тиемін, – дейді. Сонымен отырып таң атып қалады. 

– Ал олай болса менің ұрлығым түнде болады ғой, саған күн мен түннің бәрі бір. Күндіз сен өнеріңді 

көрсет, мен артынан баспалап отырайын! – дейді ұры алдамшыға. 

– Жарайды, – деп аяр көшеге шығып келе жатса, бір бұрышта бір бай біреуден ақша алып күмәжнегіне 

салып алып жатыр екен. Ғаяр жанына келіп тұра қалды. Тұра қалды да бір жиырма тиын күмісті байқатпай 

байдың күмәжнегіне салып жіберді. Бай ақшасын санап алып, күмәжнегінің аузын жауып қалтасына сала 

бергенде, ғаяр барып байдың қолынан көрдіңдер ме, жұртым-ау? – деп айқай салады. Сол арада айқаймен 

ел жиналып екеуін жасауылға, жасауыл қазыға алып барады. Қазы ақшаны қолына алып, байдан: – Мынау 

ақша сенікі ме? – деп еді, бай «менікі» деді. 

– Сенікі болса мұның ішінде қанша ақшаң бар? – деді. 

– Пәлен теңгем бар, – деді. Ғаярдан сұрап еді, ол: 

–  Пәлен  теңге,  пәлен  тиын,  –  деді.  Қазы  ақшаны  санап  жіберсе,  ғаярдың  айтқаны  рас  болып,  байдың 

айтқаны өтірікке шықты. Қазы ақшаны ғаярға беріп қояберді. Ғаяр ақшаны алып ұры мен екеуі үйге келеді. 

– Менің осыдан артық өнерім жоқ, талтүсте біреудің ақшасын тартып алдым, енді бұдан артын не қыл 

дейсің? – дейді алдамшы. 

– Жарайды, сенікі де өнер-ақ екен. Мен не де болса түнде көрсетермін, – деді ұры. Түн болған соң ғаярды 

қасына ертіп ұры көшеге шықты. Басқа жерге бұрылмастан патшаның сарайына келді. Келсе ел әлі жатқан 

жоқ екен, ел жатсын деп, заборға келіп отырды. Аз отырды да «аш отырмайық, сендер от жаға беріңдер» 

деп, ұры шығып кетті де, патшаның тауық қорасынан бір тауықты алып келді. Жүнін жұлып отқа қақтады. 

Ғаяр отырып: «Жаным-ау, бұл не тамақ болады, біреу біліп қойса қайтеміз?» – деді. Сонда ұры: 

– Бұл тамақ болмайды, бір белгі болады, – дейді. Ел жатқан соң ұры патшаның сарайына келіп енсе, ас 

үйде аспазшы күң ұйықтап жатыр екен, ұры жанында жатқан күңнің көйлек, жаулығын киіп алып, ғаярды 

ертіп, патшаның тап өзі жатқан үйіне келіп кірді. Кірсе, патша төрде төсекте жатыр, бір бала патшаның 

аяғын сипап отыр. Баланың аузында сағыз, екі көзі жұмулы. Патшаның да көзі ұйқыда, көңлі ояу, анда-

санда «балам әңгіме айт!» дейді. Бала аузына келгенін әңгіме етеді. Патша «е» деп қояды. Патшаның екі 

жағындағы екі бұрышта екі пұт ат басындай алтын тұр екен. Ғаярды солай қойып, ұры үйге екі рет еніп, 

екеуін  де  алып  шығады.  Ғаяр  тұрып:  «Кел  жаным,  сен  дәнемені  сезер  емессің,  жарлық  шашып  іздеп 

жатқан ғаяр мен екеуіміз, басқаның малы жетпейтіндей, дәл патшаның өз үйіне келіп істеп тұрғанымыз 

мынау! Мақсұтың қатын болатын болса, қатынды сен-ақ ал, тек тек тезірек кетейік! – дейді қорқып. «Тұра 

тұр, кетерміз» деп алдаусыратып тұрып, ұры ғаярды екі қолын аратына байлап тастайды. 

– Япыр-ау, мен не қылдым, қатын құрысын, саған ал деген жоқ па едім. Енді өзімді өлтірейін дегенің бе? 

– дейді ғаяр. 

– Жоқ, менің ойым сені өлтіру емес, сен менің қылған ісіме шыдамайсың, кетіп қала ма деп байлап тұрмын, 

сені тастап мен ешқайда кетпеймін, – деп, екі қолын есікті қайырып тұтқаға байлап қойды. Өзі ептеп үйге 

кіріп,  көзі  ұйқыда  қатып-қалжырап,  ауық-ауық  аузын  ашып  есінеп  отырған  баланың  аузына  бір  тал 

қылдың ұшын сала қойып еді, бала қылды сағызға қоса шайнай берді. Ұры қылды тартып алып еді, сағызы 

аузынан түсіп кетті. Ермек қылып шайнаңдап отырған бала аузынан сағызы түсіп кеткен соң, ұйықтап 

кетті.  Ұры баланы кейін жатқызып, баланың бөркін басына киіп патшаның аяғын  сипап отыра қалды. 

Тағы  да  бұрынғы  әдетінше  патша  бір  оянған  кезде  «балам,  әңгіме  айт!»  деп  қойды.  Сол  уақытта  ұры 

отырып: 

– Тақсыр, сіздің ұйқыңыз ашылып кете ме деп үндемей отырмын, көзіңіз ұйқыда болса да, көңіліңізбен 

тыңдасаңыз, мен бір әңгіме айтар едім, – деді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              998 bet 

Патша: «Жарайды, балам, тыңдайын айт!» – деді. Ұры ертеде болған жұмыс еді деп, ғаяр мен екеуін бір 

әйелдің қалай алғанын бастан-аяқ ертегі ғып айтып береді. Патшаның сарайынан тауық ұрлап, оны «бір 

белгі болсын» деп кеткеніне дейін айтып отырғанда, ғаяр шыдай алмай, қолын шешіп босанып кеткісі 

келіп қозғалып қояды. Ғаярмен бірге есік те қозғалады, есік қозғалса ұры, «батыр тоқта, хан тыңда» деп 

қояды.  «Балам,  батыр  тоқта,  хан  тыңда»  дегенің  не?  –  дейді  хан.  Онда  ұры:  «Тақсыр,  осы  ертегінің 

аялғысы еді» дейді. Сонымен сөзін аяқтап болғаннан кейін: «Тақсыр, айтылған сөз рас болғанда, қатынды 

қайсысы алуға тиіс?» дейді ұры. Патша жатып: «Балам, ұрының осындай қылғаны рас әңгіме болса, ол 

ұры  алғысы  келсе,  ғаяр  түгіл  патшаның  да  қатынын  алып  қояды  ғой!»  –  дейді.  Сонымен  патша  сөзін 

аяқтап болып қор ете түскен кезде, баланың басын патшаның аяғына сүйей тастап, ұры орнынан тұрып 

кетеді.  Аяғын  ептеп  басып  алдамшыға  келіп:  «Батыр,  қатын  кімдікі  болды?»  –  дейді.  Ғаяр:  «қатының 

құрысын, өзімді босатсаң болады!», – дейді. 

Қайтарда  ғаярды  шешіп  алып,  алтынды  көтеріп  ұры  үйіне  келеді.  Келген  соң,  ғаяр  қош  айтысып  өз 

бетімен кетеді, ұры үйде жатып қалады. 

Ертең оянып патша орнынан тұрса, алтын жоқ, біреу емес екеуі де жоқ. Үй ішінен сұраса, адам білмейді. 

Сол жерде түндегі сөз есіне түсіп баладан: «Сен маған түнде ертегі айттың ба?», – деп сұрайды. «Жоқ, 

тақсыр,  мен  тегі  ертегі  білмеймін»,  –  дейді  бала.  Күңді  шақырып:  «Сенің  көйлек,  жаулығың  қайда 

болды?», – деп сұрайды. Ол: «Өзімнің тастаған жерімнен алып шығып, біреу ауызға тастап кетіпті»,  – 

дейді. 

Дарбазаның бұрышына барып келіңдерші, не болар екен? – десе, бір қалтарыс бұрышта жұлып тастаған 



бір  тауықтың  жүні  мен  оны  пісіріп  жеген  оттың  күлі  табылыпты.  Түндегі  ертегі  қылып  айтқан  осы 

ұрының жұмысы екенін патша сонда бір-ақ біледі. Енді патша: «Түнде өзіме төре айтқызып, алтынымды 

алып кеткен ұры қорықпай өз алдыма келіп істегенін мойнына алса, бас уәзір қыламын», – деп шаһарға 

жар салады. Оны естіген соң, ат басындай алтынды құшақтап ұры алдына келіп:  «Алдияр тақсыр, сол 

ертегі айтқан да, мына алтынды алған да мен едім», – дейді. Патша күнәсін кешіп, ұрыны өзіне бас уәзір 

қып алған екен дейді. 

52. Көпес қызы мен молда 

Бұрынғы заманда бір хан болыпты. Ол заманда хан серіктерімен жүреді екен. Хан серіктерімен бір үлкен 

тауға келіпті. Оның баурында бір үлкен өзен бар екен. Хан өзенді жағалап сейіл құрыпты. «Бұлған сен 

бас бол!» деп біреуді хан қойыпты. Ол өңірде бір үлкен көпес бай бар екен. Көпестің бір қатыны, жалғыз 

қызы бар екен. Қызы оқымыстын, дүниенің тілін біледі екен. 

«Мен  өлгенде,  қатыныма  зорлық  қылмасын!»  –  деп,  көпес  ханмен  тамыр  болыпты.  Сол  шағында  бай 

дүниеден көшіпті. Ол елде бір үлкен молда бар екен. Бір күндерде қыз терезесінен тысқа қарап отырса, 

молда терезе алдынан өтіп барады екен. «Біздің әкемізге бата қылып тамақ ішсін!», – деп молданы қыз 

үйге шақырыпты. «Жарайды, бір қырық кісіге жеткендей тамақ жасап қойсын!»,  – дейді молда. Түнде 

молда қыздың үйіне келіп тамақ ішеді. Тамақ ішіп болғанда молда иек қаққанда, серігі далаға шығып 

кетеді. 

Ертеңгісін қыз ханға бырып: 

– Түнде бізді жау шауып кетті, – депті қыз. 

– Ол жауды сіз таныдыңыз ба? – депті хан. 

– Жауды таныдым, мені шапқан жау анау! – депті қыз, ханның қасында отырған молданы көрсетіп. 

–  Өтірік  айтасың,  бұл  кісі  ешкімге  тимейді.  Мына  қыздың  орнын  опат  қылып,  көзін  жоғалтыңдар!  – 

төлеңгіттеріне хан. Сонда бір төлеңгіті тұрып: 

– Ей, тақсыр, қыздың әкесі  бір күндерде сіздің жақсы досыңыз еді,  өлтірмеңіз, қызды шаһардан қуып 

жіберіңіз! – дейді. Хан мұны дұрыс көріп қаладан айдап жібереді. 

Қыз анасымен беті ауған жаққа қаңғырып кете барады. Күндер, айлар, жылдар өтеді. Күндерде бір күнгі 

жол  жүріп  келе  жатып,  бір  су  жағасындағы  биік  бәйтеректің  түбіне  келіп,  қыз  шешесімен  саялайды. 

Теректің  басында  бір  топ  торғай  отыр  екен.  Шешесі  мен  қызы  екеуі  жылап  жатса,  торғайдың  біреуі: 

«Бұлар неге жылап жатыр?» – дейді. 

– Хан бұлардың мал-мүлкін шауып алып қойды! – дейді екінші торғай. 

– Енді бұл байқұстар қайтып адам болады? 

– Бұлардың жатқан жерінде жеті патшаның малы бар. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              999 bet 

– Ол жеті патшаның малын қайтып алады? 

– Шешесі шаһарға барып, бір сүймен, бір күрек сұрап алып келіп, бұл жерді қазса, кісі бойы барғанда 

астынан асыл тас шығады. Сол тасты сүйменмен ұрып сындырса, жеті патшаның малын көмген қойманың 

аузы ашылар еді. Онда неше түрлі киім, сауыт-сайман, арба бар. Оған базардан барып ат  сатып алып, 

арбаға жегіп, қайтадан ханға барып «қонақпыз!» десе, хан «қон!» дер еді. «Біз бұл жерге үй саламыз!» 

десе,  хан  «сал!»  дер  еді.  Онан  соң  бұлар  өзінің  бұрынғы  орнына  үй  салып  алар  еді,  –  дейді  торғай. 

Торғайдың айтқандарын қыз естіп жатады. 

Қыз түрегеліп естігенін шешесіне айтады. «Базарға барып сүймен, күрек сатып әкел!» – дейді. Шешесі 

базарға барып сүймен, күрек сатып әкеледі. Күрекпен қыз теректің түбін қазады. Кісі бойы жер қазған 

соң, астынан асыл тас шығады. Асыл тасты сүйменмен ұрып сындырса, тастың астынан жеті патшаның 

қазынасы шығады. Шешесі базарға қайтадан барып ат сатып әкеледі. Атқа арбасын жегіп, еркекше киініп 

қыз ханға келеді. Ханға келіп: «Қонақпыз!» – дейді. «Қонақ босаң кімсің?» – дейді хан. «Мен бір шаһарда 

тұратын ханның баласы едім!» – дейді қыз. 

– Қонақ болсаң, қон! – дейді хан. 

– Біз мұнда тұрып сауда қыламыз, үй тұрғызамыз! – дейді қыз. 

– Жә, тұрғызыңыз! – дейді хан. 

– Үй тұрғызсақ, осы жерде тұрғызамыз! – дейді қыз. 

– Бұл жерде тұрғызбаңдар, өйткені бұл жердің иесі өтірік айтып, жазаға ұшыраған, бұл жер құтсыз мекен! 

– дейді хан. 

– Құтсыз болса да сіз ықтияр болсаңыз осы жерге саламыз! – дейді қыз. 

– Салсаң, сал! – дейді хан. 

Қыз үй салып, саудасын істеп жатады. Үйінің есігін теректің түбінен шығарып, терезеден қарап отырса, 

баяғы молда кетіп бара жатыр екен. Қыз молданы «Бізге қонақ болыңыз!» – деп тағы да шақырады. Молда: 

«Барайық, кешке алпыс кісіге жеткендей тамақ даярлап қойыңыз!» – дейді. Қыз серіктеріне: 

– Мен барабан соққанда, қырық есікті бекітіп тастаңдар! – деп тапсырады. Кешке алпыс кісімен молда 

келеді, келеді де тамақ ішеді. Тамақ ішіп болған соң, молда серігіне «жау уақыты!» дейді, серігі шығып 

кетеді. 


Сонда қыз барабан соғады, серіктері тез есікті бекітеді. Тәңертең қыз жүгіріп ханға келеді. 

– Бұл кім? – дейді хан. 

– Бұл кешегі шаһардан қуып жіберілген қыз, – дейді уәзір. Ханның жақсы уәзірі бар екен. 

– Өтірігі қуып жіберілген қыз бұл жерден не алады? – дейді хан. 

– Ей, тақсыр! Мұны түнде тағы да жау шауыпты, – дейді уәзір. 

– Шапқан кім екен? – дейді хан. 

– Мұны тағы баяғы молда шауыпты, – дейді уәзір. 

– Молда ұсталды ма? – дейді хан. 

– Иә, ұсталды, – дейді қыз. 

Молданы ханға алып келеді. 

– Жә, молда! Сен мұны неге шаптың? – дейді хан. 

Қарабет молда жауап айта алмай төмен қарайды. Сол жерде өлім жазасы беріліп, молда өлтіріледі. 

Молданың  жүз  кісі  серігі  бар  еді.  Олардың  да  күніге  біреуі  өлтіріледі.  Ең  соңында  қалған  серігі: 

«Молданың тыққан қазынасы бар, мен соны айтып берейін, мені өлтірмеңіз!» – деп жалынады. 

– Жә, сені өлтірмейік, бұл молда қайдан келді? – дейді хан. 

– Жеті қаланы қырып келді, – дейді молданың серігі. 

– Ол жеті қаланың қазынасы қайда? – дейді хан. 

– Оның бәрі мұнда көмулі, – дейді серігі. 

Сөйтіп, жігіт арамза молданың далаға тыққан қоймасын ханға тауып беріп, өзі ханға сенімді уәзір болады. 

53. Данышпан қыз 

Өткен заманда бір хан болады, ханның он жеті әйелі болады. Жасы сексенге келгенде әйелдеріне көңілі 

толмай тағы бір ақылды әйел алуды арман қылады. Хан осы мақсатпен елге жар салады. Онда: «Мен бір 

жұмбақ айтамын, сол жұмбағымды кім шешсе мол қазына, бір көз алтын беремін, тек дүниеге қызығып 

таба алмағанды дарға асамын!» – дейді. Жұмбағы: «Бірінші, дүниеде ең ауыр не? Екінші, дүниеде ең тәтті 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет