ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет44/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153

сарайына келін болып түскен сон, Ыдырысқа: 

 

—        Өнеріңді ұмытпай, өркендет,— дейді. Ыдырыс сайман-әбзелдерін әзірлеп, қалпақ басудан қол 



үзбейді. Жүннен бір жақсы қалпақ басып, Дүрияға әкеліп көрсетеді. 

 

—        Мұның жақсы өнер екен. Енді осыған екеуміз ешкім білмейтін тағы бір өнер косайық,— дейді. 



Сонда Ыдырыс: 

 

—        Ол қандай өнер?— деп сұрайды. 



 

—        Қалпақты басқанда,— дейді Дүрия,— жиегіне басқа түсті жүннен әріпке ұқсас өрнектер шегеміз. 

Бір әріп бір сөздің баламасы болсын. Оны екеумізден басқа ешбір адам білмейді. Сақтықта қорлық жоқ, 

түбі бұл бізге керек оқу. 

 

Сөйтіп, екеуі ортақ өнер табады. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              290 bet 

Сөйтіп жүргенде науқастанып, Қасен патша дүние салады. Ыдырыс әкесінің орнына таққа отырады. Ата-

енесін бала-шағасымен қасына көшіріп алады. Ыдырыс халыққа тыныш, жұғымды патша болады. 

 

Күндерде бір күні патша халықтың хал-жайын білмек болып, үстіне жаман киім киіп, ел аралайды. Бір 



қаланы аралап келе жатса, түтін шыққан шеткері үйден қоңырсық иіс мұрнына келеді. Тәуір тамақ пісіріп 

жатса керек, не де болса кірейін деп, сол үйге қарай бұрылады. Үйге кіріп келсе, белдемшеден киінген 

төрт адам отыр екен. Ыдырыс сәлем бергеннен кейін төртеуі біріне-бірі қарайды да, оның көзінше қырын 

тұрған бір адамды зынданға салып, сыртынан тарс бекітіп тастайды. Байқаса, бұлар адамды сойып, етінен 

түрлі тамақ жасап, базарға сатады екен. Жаңағы төртеуі қайтып келіп өзара сөйлеседі де, зынданға қарай 

Ыдырысты сүйрелеп ала жөнеледі. Зынданға кірсе, екі адам отыр екен, зәре-құттары жоқ. 

 

—        Бұл не пәле?— деп сұрап еді Ыдырыс отырған адамның біреуі жылайды, біреуі күледі. Бұларға 



қайран қалған Ыдырыс,— Сен неге жылайсың, сен неге күлесің?— дейді. Жылаған адам айтады. 

 

—        Мені бүгін түнде соймақ. Ажал сағатым тақаған сайын жүрегім қалтырап, дір-дір етеді. Содан 



корыққанымнан жылаймын. 

 

Күлекеш адам айтады: 



 

—        Менің аз да болса бір күндік өмірім бар, соған қуанып күлемін. Бізден гөрі семіздеу екенсің, бәлкім, 

бізді тағы бір күн қалдырып, сені сояр. 

 

Мұны естіген Ыдырыста зәре-кұт қалмайды. Үрейленіп, бұл пәледен қалай құтылудың амалын таба алмай, 



көп ойланады да, дал болады. Сол кезде оның есіне Дүрия екеуі үйренген өнер түседі. Сойтіп тұрғанда 

төрт аспазшы келіп, Ыдырысты зынданнан шығарып алады да: 

 

—        Сені бүгін соямыз,— дейді. Жүрегі дірілдеп, зәресі ұшқан Ыдырыс: 



 

—        Сендер мені соймандар, мен сендерге одан да көп пайда келтіремін,— дейді. 

 

—        Ол қандай пайда, қайтіп келтіресің? 



 

—        Менің айтқанымды істеп, керекті құрал-жабдық тауып берсеңдер, сонан соң менің өз қолыммен 

өрнектеп басқан әдемі қалпақты патшаның әйеліне сыйласандар, ол сөз айтпастан екі мың ділда береді. 

 

Аспазшылар  Ыдырыстың  айтқанын  орындап,  жүнді  де,  құрал-сайманды  да  түгел  тауып  әкеліп  береді. 



Үш-төрт күн өткеннен кейін бөрік те дайын болады. Бөріктің жиегіне Дүрия үйреткен әріп таңбаларынан 

өрнек  салады.  Қалыпқа  басқан  әдемі  бөрікті  қуана-қуана  алған  екі  аспаз  атқа  мініп,  патша  сарайына 

барады.  Сарайдың  алдына  аттарын  байлап,  уәзірлерден  рұқсат  алады  да,  патшаның  әйеліне  бөрікті 

ұсынады. Дүрия бөрікті қолына алып, айналдыра қарайды да, өрнектелген әріптерді ішінен оқып шығады 

да: 

 

—        Бұл бөріктің бағасына не сұрайсындар?— дейді. 



 

—        Екі мың ділда,— дейді аспаздың біреуі. 

 

—        Жарайды, мен ділда алып келгенше кідіре тұрындар,— дейді де, Дүрия сыртқа шығады да,— қырық 



нөкер қару-жарағымен дайын тұрсын!— деп жарлық береді уәзірлерге. 

 

Дүрия екі мың ділданы алып, үйге кіреді де, екі аспаздың қолына ұстатады. Олар ділданы алған соң бек 



қуанып, аттарына мінеді де, алды-арттарына қарамай үйлеріне қайтады. Дүрия да атқа мініп, нөкерлерін 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              291 bet 

ілестіре екі аспаздың қарасын үзбей соңынан ілесе жүріп отырады. Екі аспаз қораға кірісімен, нөкерлер 

қораны айналдыра қоршап алады. Дүрия бірнеше адаммен ішке кіріп: 

 

—        Бұл үйде тірі жан болса, түгел шықсын!— деп айқайлайды. Үй ішіндегілердің бәрі де сыртқа 



шығады. Қора маңына жиналып қалған кала адамдары да тамашалап қарап тұрады. 

 

Аспаздардың  екеуі  сол  арада  өзіне-өзі  пышақ  салып  өледі.  Қалған  екеуін  нөкерлер  тірідей  ұстайды. 



Ыдырыс шықпаған соң, Дүрия зынданның кілтін тауып алып, бір-екі нөкерін ертеді де, зынданда жатқан 

Ыдырысты аман-есен шығарып алады. Есін жиған Ыдырыс патша Дүрияны көріп қуанып, құшақтап бас 

иеді. Сонда Дүрия күліп Ыдырысқа: 

 

—        Өнердің құдыреті деген міне, осы! Бұл өнерді үйренбесең, осы үйде өлімге тап болар едің,— дейді. 



 

Үйдің ішін түгел аралап, тінтіп шыққан нөкерлер сойылған адамдардың киімдері мен аспаздардың тыққан 

ақшаларын тауып алады. 

 

Жиналған жұртгың тілегі бойынша Ыдырыс патша тірі қалған екі аспазды көп алдында сол жерде дарға 



астырады. 

 

Табылған  заттарды  жұртқа  үлестіріп  беріп,  Ыдырыс  патша  мен  Дүрия  нөкерлерін  ілестіріп  амансау 



сарайға қайтады. 

 

203 - Бөлім: АЙЛАКЕР БАЛА 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1900 

 

 



Бір жесір әйелдің бір ұл, бір қызы болыпты. Ішсе — тамаққа, кисе — киімге жарымапты олар. Күндердің 

бір күні баласы шешесінен: 

 

— Бақыт деген не?— деп сұрайды. Сонда шешесі: 



 

—        Е, балам-ай, кімде-кімнің тамағы тоқ, көйлегі көк, болса, уайымы жоқ болса, бақ деген сол емес 

пе! Таудай талап бергенше, бармақтай бақ берсін деген осы. Құдай сонысын бізден аяп тұр ғой,— дейді. 

 

—        Талапты ерге — нұр жауар деген сөз бар ғой,—дейді бала тағы да.— Осының мәнісі не? 



 

—        Талапты ерге нұр жауады деген рас, балам. Бірақ бізде икем болмай тұр. Мен болсам қартайдым. 

Сен болсаң — жассың,— дейді шешесі. 

 

—        Талап, жігер болса бақытты көктен емес, жерден табуға болады екен. Олай болса бақытты бөгде 



біреуден  сұрағанша,  өзім  тауып  алуым  керек,—  деп,  бала  шешесімен  қоштасып,  бақытты  іздеп  жолға 

шығады. 


 

Шешесі жол азыққа майға шылаған талқан дайындап беріп, баласын аттандырады. 

 

Бірнеше күн ұзақ жол жүріп, қарны ашып, шаршаған бала ит мұрыны өтпейтін қалың орманға кезігеді. 



Орман ішін дию-перілер мекендейді екен. 

 

—        Ей, адамзат баласы, қайда барасың, ажал айдап келді ме сені бұл араға?— деп ақырады дию-перілер. 



 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              292 bet 

—        Қайда баратынымды қайтесің? Мықты болсаң, күш сынасуға мен дайынмын, кел бері!— дейді 

бала. 

 

—        Е, сынассақ, сынасайық, өзіңді қан түртіп тұрған бала екенсің, келсең — кел!— дейді диюлар. Бала 



шартын айтады: 

 

—        Кімде-кім мына жатқан үлкен қара тасты сығып, майын шығарса, соған бағынышты болайық. 



 

—        Жарайды,— деп келіскен диюлар алма-кезек тасты сығып, тастан май шығара алмаған соң, кезекті 

балаға береді. 

 

Бала  қолын  уқалаған  болып,  койнындағы  майға  шылаған  талқанды  сығып-сығып  майын  алақанына 



жұқтырып алады да, дәу қара тасты қысып-қысып: 

 

—        Міне, мен тастан май шығардым, енді сендер маған бағыныштысындар,—дейді. Мұны көрген дию-



перілер баланың күші басым екен деп, ойлайды. Олар баланы үйлеріне алып барып, үлкен сый- құрмет 

көрсетеді. Сонда да дию-перілер баладан қауіптенеді. 

 

Қонак асын берген соң, баланы жеке үйге жатқызады. Олардың жүріс-тұрысынан сезіктенген бала үйдің 



ортасына  жатпай,  пештің  ішіне  кіріп  жатады.  Өзінің  орнына  ұзынша  бір  ағашты  жатқызып,  үстіне 

шапанын жауып қояды. Дию-перілер баланы өлтірмек болып, түн ортасы ауған кезде үйдің төбесіндегі 

тесіктен дәу қара тасты тастап жібереді. Бала өлген шығар деп, таңертеңгісін үйге кіріп келсе, бала тірі 

екен. Сасқандарынан: 

 

—        Е, қонақ, қалай, тыныш ұйықтап тұрдың ба?— деп сұрасады. Бала: 



 

—        Аздап бүрге шаққаны болмаса, тыныш ұйықтадым,— дейді. 

 

Үрейленген  дию-перілер  баладан  құтылғанша  асығады.  Көп  алтын-күміс,  асыл  сыйлықты  тарту  етіп, 



оларды диюларға артып, баланы шығарып салады. 

 

Бірнеше күн жол жүріп, ауыр жүк көтерген, диюлардың есі шығады. Жолда жатқан жуан бөренені көріп: 



 

—        Мынау менің шешемнің ұршығына сап болуға лайықты екен,— деп, бір диюға арқалатады. Ондағы 

ойы — шешесін де мықты қып корсетпек еді. 

 

Бала көп заттармен шешесіне аман-есен келіп қосылады. Дию-перілер баланы үйіне жеткізіп салысымен 



бөгелместен жөндеріне кете барады. 

 

Сөйтіп, талапкер бала өзінің ептілігінің, тапқыр айласының арқасында мұратына жетіпті. 



 

204 - Бөлім: ТАПҚЫР ӘЙЕЛ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1901 

 

 



Бір жалғыз басты кедей әйел үмітін артып отырған жалғыз қойын далаға жайып, қайтып келе жатады. 

Өзеннің үстіне салынған ескі көпірден өте бергенде, көпір сынып, қойы суға түсіп кетеді. 

 

Жалғыз қойынан айырылған әйел жылап отырғанда, сол елдің ханы келіп қалып: 



 

—        Неге жылап отырсың?— деп сұрайды әйелден. Сонда әйел: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              293 bet 

 

—        Мына жаман көпірден жалғыз қойым өте алмай, суға құлап ағып кетті. Енді осы көпірден қойымның 



құнын алып бер, хансың ғой. Егер алып бермесең, қияметте екі қолым жағаңа жармасады,— дейді боздап. 

Хан ойланып тұрып: 

 

—        Апырмай, бұл адам болса, алып берер едім. Жаны жоқ көпірге қалай үкім айтамын,— дейді. Сонда 



әйел: 

 

—        Дұрысын айтсам,— дейді,— бұл көпірдің иесі өзің емеспісің? Осы елдің ханы бола тұрып, бір 



көпірді жөндетпей жүрсің. Соның салдарынан менің жалғыз қойым суға кетті. Ендеше қойымның қүнын 

өзің төле! 

 

Хан әйел сөзінің қисынына жеңіліп, қойдың құнын төлеп, әйелді разы қып жұбатады. Содан кейін көпірді 



қайтадан жасауға жарлық түсіреді. 

 

205 - Бөлім: ЖАЗАСЫН ТАРТҚАН ҚУ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1902 

 

 



ЖАЗАСЫН ТАРТҚАН ҚУ 

Бір ханның бас уәзірі ханға өте сенімді болыпты. Қандай жұмыс болса да, не істесе де сол уәзір арқылы 

бітіреді  екен.  Хан  өлімге  бұйырған  жазалыларды  жазалап,  хан  үкімінің  орындалуын  қадағалап,  оны 

тексеретін де осы уәзір екен. 

 

Басқа уәзірлер оны көре алмай қызғанады. Әсіресе екінші уәзір оны не қылса да өлтірудің жолына түседі. 



Бір сылтау табылса-ақ бас уәзірді жамандайды. Бірақ хан көпке дейін оның сөзіне иланбайды. Бір күні 

екінші уәзір ханға келіп айтады: 

 

—         Бас уәзірдің жұқпалы дерті бар. Қасына жақындаған кісіге де, малға да жұғады. Соны жасырып, 



сізге айтпай жүр. Сөйтіп жүріп ол сізді дертке шалдықтырады. Өзіңіз байқаңызшы, сізге келгенде дертін 

жасыру үшін аузын қолымен қалқалап басып тұрады. Дерттің жаман иісі сіздің мұрныңызға шалынбасын 

дегені бұл. Нанбасаңыз бір күні арнайы шақырып алып, иіскеп көріңіз. Дертін жасыру үшін алдыңызға 

келгенде аузын басып тұрады. 

 

Мүны естіген соң хан шошиды. Сонда да ешқашан жамандық істемеген кісіні қалай қияды. Егер дертті 



болса, жұмысында да мән болмас деп ойлайды. Егер бас уәзір өзінің сенімін солай пайдаланып, ханнын 

өміріне қатер төндірсе, оны аяуға да болмайды, жазасын тарттыру керек. 

 

Хан сонда да ойланады. Рас па, жоқ әлде, өтірік пе? Мұндай қылғаны несі, бас уәзірді тексертіп көрейік. 



 

Екінші уәзір ханның алдынан шыққан соң, бас уәзірге барып қонаққа шақырып кетеді. Үйіне келіп, неше 

түрлі  тамақ  дайындатады.  Сонда  тамақтардың  бәріне  сарымсақты  көп  қостырады.  Тамақты  жеп  бола 

берген кезде ханнан хабаршы келеді. 

 

—         Бас уәзірді хан шақырады,— деп хабарлайды. Бас уәзір ойға шомды. Не істемек керек, аузынан 



сарымсақ иісі мүңкіп тұр?.. Сонда да амал жоқ, бармауға болмайды. 

 

Ханға келгеннен кейін ханға тақап тұрмайды. Қолымен ауызын баса береді. Хан қасына тақап келіп: 



 

—         Қолынды тарт,— дейді. Қолын тартып еді, аузынан жаман иіс шығады. Содан кейін хан екінші 

уәзірдің айтқаны рас екен деп ойлап, жазаға тартатын жерге бұйрық жаза бастады. «Бұл уәзірді бұйрықты 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              294 bet 

алысымен өлтір!» деді. Мұндағы «өлтір» деп жазылғанды бас уәзір білмейді. Неге десеңіз, ханның мұндай 

жарлығын жазаға тартатын жерге бас уәзірдің өзі алып баратын еді. Сондай ғой деп алып кете барады. 

Келе жатып екінші уәзірге жолығады. Ол: 

 

—         Қайда барасың?— деп сұрайды. Сонда бас уәзір қолындағы қағазды көрсетеді. Екінші уәзір: 



 

—        Бұл қағазды мен апарайын, маған бер,— деп, бас уәзірден сұрайды. Бас уәзір ойлайды: 

 

—        Мені сыйлап қонаққа шақырып еді ғой, бұл да мәртебе көріп тұр,— деп, қағазды беріп жібереді. 



Екінші  уәзір  қағазды  жаза  тартқызатын  жерге  алып  кеп  берген  соң,  ханның:.  «Осы  уәзірді  бұйрықты 

алысымен өлтір»,- деген сөзі ақысымен, жендет оның басын шауып тастайды. Ешбір сөзін тындамайды. 

 

Ертеңіне бас уәзір ханға келеді. Хан оны көріп қайран қалады. Бұл қалай тірі келді дегендей аңтаң, менің 



бұйрығымды орындамаған екен деп ойлайды. 

 

Артынан анықтай келгенде екінші уәзірдің өтірік айтқанын біледі. Құдай жақтап, өзінің сенімді адамы 



қалады да, өсекшіл уәзір өледі. «Біреуге ор қазба — өзің түсесің», -деген сөз содан қалған екен. 

 

206 - Бөлім: ЖҰМБАҚШЫЛ ПАТША ҚЫЗ БЕН ҚАРАҚҰЛ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1903 

 

 



ЖҰМБАҚШЫЛ ПАТША ҚЫЗ БЕН ҚАРАҚҰЛ 

 

  



Бұрынғы өткен заманда бір ірі елдің патшасы болыпты, аты Сұлтаншын екен. Үлкен уәзірінің аты 

 

Мерәлі екен. Күндердің бірінде патша аң аулау үшін саятқа шығады. Жүріп келе жатып, патша қыздың 



шарбағына кезігеді. Шарбақты жағалай жүріп, қызды көреді. Әйелдікке алуға қызығып, патша қызға елші 

жібереді. 

 

—       Маған қыз патша тисін,— дейді. Оған патша қыз айтады: 



 

—       Егер патшаңыз мені жұбайлыққа алам десе, менің ол патшадан сұрайтын сауалым бар. Сол сауалыма 

толық жауап берсе, қалауы орындалады. Жауабы дұрыс болмаса, маңыма жолатпаймын. Менің сауалым 

мынау: 


 

«Бір бағланым бар, сол бағланымның майы көп пе, еті көп пе? Соны айырып берсін». 

 

Сонда патша бұл сауалдың жауабын өзі таба алмайтын болған соң, қыздан: 



 

—       Рұқсат етсін, бұл сауалға жауап қайтара алатын адамды іздеп табайын,— деп, қызға тағы елші 

жібереді. Қыз жауап қайыратын адам іздеу үшін патшаға рұқсат етеді. 

 

Патша  еліндегі  барлық  ақылман  адамдарды  жинап,  қыздың  сауалын  айтады.  Сонда  жақсылардың 



ешқайсысы жауап бере алмайды. Енді патша жасауылдарына бұйырады. 

 

—       Адамның, шөптің, құстың жаманын тауып келіндер. Соны айырған кісіден сұраймын. 



 

Жасауылдар  өздерінің  білгенінше  шөптің  жаманы  деп,  Құсқонбас  деген  шөпті,  құстың  жаманы  деп, 

Байғызды алады. Адамның жаманын іздеп ас болып жатқан, көп адам жиналған жерге келеді. Мал көп 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              295 bet 

сойылған екен. Жиналғандардың бәрі тойған кезде, тамақ асқан жерошақтың басында жүрген бір қара 

құлды көреді. Бастан құлақ, сирақтан тұяқ тимей жүрген Қарақұлды тауып, жасауылдар өз ойларынша 

«адамның жаманы осы болар» деп ойлап, Қарақұлды патшаға алып кетеді. Жолда келе жатқанда Қарақұл 

жасауылдардан сұрайды: 

 

—       Мені қайда апарасындар?— деп. Сонда патшаның жасауылдары айтады: 



 

—              Сені  патшаға  апарамыз.  Патша  бізге  шөптің,  құстың,  адамның  жаманын  тауып  әкеліндер  деп 

бұйырған. Шөптің жаманы — Құсқонбас, құстың жаманы — Байғыз екен. Ал адамның жаманы — сенсің. 

 

—       Жоқ, олай емес,— дейді Қарақұл сонда,— шөптің жаманы — ебелек. Себебі ол жанса  жалыны жоқ, 



сөнсе шоғы жоқ. Құстын жаманы Байғыз емес, сауысқан. Адамның жаманы мен емес, күшік күйеу. Бірақ 

бұлардың ешқайсысы патша қыздың сауалына жауап қайтара алмайды. Ал мен жауабын табамын. Мен 

бір байдың құлымын. Құным мың ділдә. Сол құнымды қожайынға  беріп, мені  құтқарса, мен жауабын 

тауып беремін. 

 

Жасауылдар бұл сөзді  патшаға жеткізеді. Патша ести сала жылдам Қарақұлды сатып алған кісіге мың 



ділдә беріп, сатып алып келуге бұйырады. 

 

Патшаның өмірін жылдам орындауға тырысып, Қарақұлды қожасынан мың ділдаға алады да, патшаға 



жеткізеді. Келген соң патша Қарақұлдан сұрайды: 

 

—       Бір бағланым бар, еті коп пе, майы көп пе?— деп. Қарақұл: 



 

—       Қыздың барлық сұраған сауалына қарсы алдында жауап беремін,— дейді. Содан кейін патша уәзірін 

қасына ертіп, Қарақұлды қыздың алдына жеткізеді. Қыз патша әуелі патшадан сұрайды: 

 

—       Бір бағланым бар, еті көп пе, майы көп пе? 



 

—       Қозының еті көп,— деп жауап қайырады патша. 

 

Бұдан кейін патша басқа бөлмеге шығарылады да,  уәзірінен сұрайды. Ол да еті көп деп жауап береді. 



Содан соң уәзірді де басқа бөлмеге шығарады да, Қарақұлдан сұрайды. Сонда Қарақұл: 

 

—       Майы көп,— деп жауап береді. Қыз патша сұрайды: 



 

—       Майы көптігінің себебін айт. 

 

—       Семіз бағлан дегеніңіз, тақсыр, өзіңізсіз,— дейді Қарақұл — Майы сіздің бұқара халқыңызға істеген 



адалдығыңыз  бен  жақсылығыңыз  деп  ойлаймын.  Жақсы  дағдылы  патшаның, халқына  жақсылығы  көп 

болады деп, өзіңізді бағланға балағанда, бұқараға жасаған жақсылығыңызды майға ұқсаттым. 

 

Содан кейін патша қыз Қарақұлды бір үйге кіргізіп, алдына жайпақ табақ қойып, оның үстіне бір қарбыз 



бен пышақ қояды. Қарақұл пышақты қарбызға шаншады да, үйден шығып кетеді. Сыртқа шыққан соң 

патша мен уәзір сұрайды: 

 

—       Қыз патшаның сауалына не деп жауап таптың?— деп. Қарақұл айтады: 



 

—       Мен ешнәрсе білмеймін, менен ештеңе сұраған жоқ. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              296 bet 

Өзінің тапқанын жасырған соң, патша ашуланып, Қарақұлды дарға асуға әмір береді. Сонда да Қарақұл 

ештеңе айтпайды. Қарақұлды асу үшін дар ағашының түбіне алып келгенде, Қарақұлдың дарға асылғалы 

жатқан хабары патша қызға жетеді.  Қыз патша әлгі  қарбызбен пышақты көтеріп келіп, дар ағашының 

түбіне пышақпен қарбызды қақ бөледі де, үн-түнсіз жүре береді. Сонда барып Қарақұл айтады: 

 

—       Мені босатып, енді патшаға алып барыңдар,— барлық шын сөзімді айтамын. 



 

Жасауылдар Қарақұлды патшаның алдына алып барады. Сонда Қарақұл: 

 

—       Мен қыз патшаның сауалына былай жауап бердім,— дейді — Бағлан қозы — өзіңіз, май дегеніңіз 



бұқара халқыңызға жасаған жақсылығыңыз дедім. Әрине, патшаның бұқара халыққа жасаған жақсылығы 

көп болар деп ойлаймын дедім. Сонан соң қыз патша маған бір қарбыз бен пышақ әкеліп берді. Оның 

мәнісі — осы қарбыз жарылмай шыныңды айтпа дегені. Мен бұған түсініп, пышақты қарбызға шаншып 

кеттім. Өйткені — осы пышақпен бауыздаса 

да  айтпаймын  дегенім.  Сондықтан  бұл  сөзді  айтпаған  едім.  Өлсем  де  айтпас  едім.  Қыз  патша  бүгін 

қарбызды дар ағашының түбіне әкеліп жарып кетті. Қыз паптшаның сауалына жауап тапқанымның бір 

мәнісі  тағы  былай:  егерде  маған  жақсылық  қылмай  қарбызды  жармаса,  мен  өлер  едім.  Міне,  менің 

ойымша, майы көп деп айтқандағымның дұрыстығы осы. 

 

Содан кейін қыз патша сауалына жауап тауып берген Қарақұлға тиіп, барша мұратына жеткен екен. 



 

207 - Бөлім: ТОЛАРСАҚ 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1904 

 

 



ТОЛАРСАҚ 

 

  



 

Баяғыда Қаһһар деген хан болыпты. Дүниеге көзі тоймайтын ашқарақ, адамға жаны ашымайтын қанішер 

жауыз екен. 

 

Ханнын Шомбал ноян деген күшіне даңғойлығы сай ызақор, морт мінезді қолбасысы болыпты. 



 

Қаһһар хан кезекті жорықтарынын бірінде женіске жетіп, ұлан-асыр той жасапты. Сол замандағы елдің 

ғұрып-әдеті бойынша мұндай ұлан-асыр тойда өнерпаздар елдің ерлерін, айбынды батырларын, жақсы 

кісілерін мадақтап өлең айтып, би билейді  екен. Әлгі төйда елдің жақсы кісілерін мақтап өлең айтқан 

Тулақ жырау Толарсак деген жас жігіттің мергендігін, мейірімділігін, жомарттығын, мәрттігін, ерлігін 

дәріптеп жырлайды. 

 

Бұрынғы тойларда өз аты ғана аталып жүрген Шомбал Тулақ жыраудың бұл сөзіне ыза болады. 



 

— Тоқтат! Жетер зарлауық!— деп ақырады ол. 

 

Той-думан ортасындағы тұғырда санқылдап отырған қырандай Тулақ жырау жыр нөсерін бұрынғыдан 



бетер төпелейді: 

Батыр да батыр, батыр көп, 

Шоқпары бар, күші бар. 

Сол жігітті айт батыр деп, 

Ел сүйсінер ісі бар, 

Қазан бұзар, үй тентек, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              297 bet 

Кімге тірек болар жар. 

Даңғаза, даңғой, құр селтек, 

Болар ма батыр іші тар. 

Сыпайы болса, сыйымды, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет