отыра бергенде, төсектен екі дөу жылан ысылдап көтеріледі. Төстік олардан да сескенбейді, төрге шығып
отыра береді.
Бір мезгілде төсектегі екі сары жыланның бірі үлкен кісі болады да, бірі соның бәйбішесі болады. - Жақсы
келдің, Ер Төстік! Жер астындағы ел де сені ренжітпейді, - дейді.
Екі сұр жыланның бірі әдемі жігіт, бірі әдемі қыз болып кетеді. Олар да:
- Жер үстінің Ер Төстігі, жер астына жақсы келдіңіз. Жер астының алыптары, өнерпаздары сенің
шылауыңда болады, - дейді.
Босағадағы екі қара жылан екі қара құл болып кетеді. Төстіктің алдына келіп, қол қусырып тұрады. Төстік
жылан Бапы ханның елінде ұзақ уақыт тұрады. Жылан Бапы ханның Темір хан деген араз ханы бар екен.
Темір ханның қызын жылан Бапы хан сұрап, неше рет жіберсе де, Темір хан қызын бермей қойған екен.
Жылан Бапы хан Төстікті соған жұмсайды. Темір ханның қызын әкеп берсе, Төстікке өз қызын беретін
болып уәде қылады. Төстік жылан Бапы ханға Темір ханның қызын әкеп бермек болып, жолға шығады.
Темір ханның елі жеті айлық жол екен. Төстік елсізбен келе жатса, алдында бір адам көрінеді. «Бұл не
қылған адам», - деп абайласа, әлгі адам ағаштың басында отырған екі сауысқанның кұйрығын білдірмей
жұлып алады да, білдірмеген бойымен бірінің кұйрығын біріне кондыра кояды. Сауысқандар мұны түк
сезер емес.
«О, неғып жүрген жансың?» - деп Төстік қасына жетіп келеді.
«Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түсті дегенге, соған жолдас болайын деп жолын тосып жүрген
адам едім», - дейді әлгі кісі.
«Төстікке жолдас болардай қандай өнерің бар еді?» — дейді Төстік.
«Алғанды адамға сездірмейтін асқан епті едім. Жан-жануардың сағы сауысқан болса, кұйрықтарын ұрлап
алып, бірінің кұйрығын біріне кигізгенімді жаңағыдай сезбей қалады», - дейді кісі.
«Жарайды. Ендеше сол іздеген Төстігің мен боламын»,- дейді Төстік.
Екеуі жүріп келеді. Тағы елсізбен келе жатса, жолдарында бір адам көрінеді. «Неғып жүрген адам?» - деп
байқаса, киіктерді матап жүрген адам екен. Екі аяғына байлап алған қазандай екі қара тасы бар. «Сол
тастарымен жүріп, қашқан киіктерден ағып өтіп кетпей, дәл жетіп ұстаймын. Желаяқ деген жүйрікпін», -
дейді кісі.
«Жарайды, ендеше осы іздеген Төстігің мен боламын», - дейді Төстік.
Сөйтіп, үшеу болып жүріп кетеді. Бұлар келе жатса, бірталай күннен кейін елсізде тағы бір адам көрінеді.
«Не қылған адам екен?» - деп байқаса, әлгі кісі жерге біресе оң кұлағын төсейді, біресе сол құлағын
төсейді, жер астынан бір нәрсе тындаған сияқты болады.
«О, неғып жүрген адамсың?» - деп үшеуі қасына жетіп келеді.
«Жердің үстіндегі Ер Төстік жердің астына түсті дегенге, соның жолдасы болайын деп, жолын тосып
жүрген адаммын», - дейді кісі.
«Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?» - дейді Төстік.
«Жер астының атақты тыңшысымын, қандай жасырынн әңгіме болса да тыңдап біліп аламын, менен
жасырын сыр болмайды. Алыстағыны, жақындағыны түгел есітетін Саққұлақ деген ер мен боламын», -
дейді.
«Жарайды. Ендеше, іздеген Төстігің мен боламын», - дейді Ер Төстік.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
8 bet
Сөйтіп, төртеу болып жүріп кетеді. Бұлар елсіз түзде кеселе жатса, алыста бір тау көрінеді, ол таудың
үстіне тағы бір тау шыққандай болады. Жақындап келіп қараса, бір адам тауды олай да көтеріп қояды,
бұлай да көтеріп қояды. Бір тауды көтеріп бір таудың үстіне қояды.
«О, неғып жүрген адамсың?» - деп, Төстік қасына жетігіп келеді.
«Жер үстіндегі Төстік жер астына түсті дегенге, соған жолдас болайын деп, жолын тосып жүрген
адаммын», - дейді кісі.
«Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?» - дейді Төстік.
«Жұрттан асқан алыппын, жердің үстінде де, астында да маған шақ келетін адам жоқ, қайратым ішіме
сыймаған соң, тауларды көтеріп ермек қыламын. Таусоғар деген ермін», - дейді кісі.
«Жарайды. Іздеген Төстігің мен боламын», - дейді Төстік.
Бесеу болып жүріп келеді. Бұлар жапан далада жүріп келе жатса, бір үлкен көл көрінеді. Көлдің суы
айтқанша суалып, жоқ болып кетеді де, айтқанша шарасынан асып, ернеуі толып кетеді. Ер Төстік
жолдастарымен мұның мәнісіне түсіне алмайды. «Бұл су қайдан келіп, қайда кетіп жатыр», - деп айнала
іздейді. Сөйтсе, қамыстың арасында біреу отыр, көлдің суын ұрттап қалса, жоқ болады, аузынан төгіп
жіберсе, шарасынан асып су қайта толып кетеді.
«О, неғып отырған адамсың?» - деп, Төстік жанына жетіп келеді.
«Жердің үстіндегі Төстік жер астына түсті деген соң, жолдас болып ерейін деп, жолын тосып жүрген
адаммын», - дейді әлгі кісі.
«Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар?» - дейді Ер Төстік.
«Жер-жаһанда бар нәрсенің мешкейімін. Маған бұл жалғанда тойым жоқ. Бір көлдің суы қарныма түк
болмайды, қанша үлкен дария болса да, бір-ақ ұрттаймын. Көлтауысар деген ер боламын», - дейді кісі.
«Жарайды. Ендеше, сол іздеген Төстігің мен боламын», - дейді Төстік.
Алтау болып жүріп кетеді. Көп уақыт жол жүргеннен кейін бұларға бір оба көрінеді. Жақындаса, обаның
басында жалпиған бір адам отыр.
«О, неғып жүрген адамсың?» - дейді оған Төстік.
- Жердің үстіндегі Төстік жердің астына түскенін, жылан Бапы ханға келіп, оның қорқыққанынан
қорықпастан төріне шыққанын, одан Темір ханның елін іздеп шыққанын, жолында жер астының
өнерпаздарын жинап келе жатқанын көрген соң, соған жолдас болайын деп, жолын тосып отырмын, -
дейді.
«Төстікке жолдас боларлықтай қандай өнерің бар еді?» - дейді Төстік.
«Жер астының қырағысымын. Төстік, сенің не күйге ұшырағаныңың бәрін көріп отырмын. Бар өнерім
қырағылық, жердің асты-үстінде менің көзіме қағыс жер жоқ, қандай нәрсе болса да, анықтап қарасам,
бәрін де көремін», - дейді кісі.
«Жарайды, ендеше менің жолдасым бол», - дейді Төстік.
Жетеу болып жүріп кетеді, бұлар жеті ай жол жүріп, Темір хан елінің отырған жеріне келсе, Темір хан
елінің жұрты жатыр. Төстіктің келе жатқанын естіп, көшіп кетіп қалған екен. Саққұлақ тыңдап көрсе,
адам баспас деген жерге қонып жатқан хабары естіледі. Қырағы көз жіберіп еді, алты таудың ар жағында,
жеті көлдің желкесіндегі жалпақ жартастың астына барып тығылған екен.
Таусоғар жолдағы тауларды орнынан алып, көшіріп қоя салады. Көлжұтқыш көлдерді ұрттап суалта
салады. Ер Төстік жолдастарымен көзді ашып-жұмғанша Темір ханның аулына жетіп келеді.
Бұлар келсе, Темір ханның қызын Кеще хан алмақ болып жатыр екен. Ер Төстік келген соң, Темір хан екі
жағына да кісі салып: «Қызымды, қайсысының өнері асса, соған беремін», - деп айтқызады. Той қылып,
ел жинайды, екі жақтың өнерін көруге жер астының қарайған халқының бәрі жиналады.
Кеще ханның қалың малға әкелген қора-қора қойының, шатарлы түйесінің, үйір-үйір жылқысының бәрі
де тойға сойылады.
Ер Төстік жолдастарымен бір үйде отырады. Бұларды тойғызамын деп, қанша ет әкелсе де жетпейді.
Тойға арналған тамақтың бәрін де Көлтауысар жеп қояды. Тіпті тойғыза алмайтын болған соң, Темір хан
мен Кеще хан бірігіп, бір амал табады. Төстіктердің тамағына у салып бермек болады. Сақ-құлақ мұны
естіп отырады да, Төстікке айтады. Төстік тамақты қайтарып жібереді. Төстіктердің табағына салынған
уды білдірместен Кеще ханның нөкерлерінің табағына салып жібереді. Кеще ханның нөкерлері қырылып
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
9 bet
қалады. Бұдан жеңілген соң Темір хан ат шабысына түседі. Өзінің бар жүйрігін бәйгеге қосады. Ер Төстік
Шалқұйрықты даярлайды.
Қарақшының түбіне келген соң, Шалқұйрыққа тіл бітеді:
«Егер атты өте алысқа айдаса, менің шабысым да өте жылдам болады. Үш күн шапсам бүйірім қызып,
өзімді тоқтатуға шамам келмей, кетіп қалуым мүмкін. Мен келе жатқан алдымнан арқан керіп қой. Арқан
үш қабат болсын, бір қабаты кендірден болсын! Үш қабат арқанның үшеуі де үзілсе, мен саған жоқпын,
ағынымды тоқтата алмай кеткенім, үшеуі де үзілмесе, мен жығылып өлемін, онда да саған жоқпын. Егер
арқан жартылай үзілсе, мен тоқтаймын, жығылып қалсам да жаным қайтадан кіреді, күдер үзбе», - дейді.
«Ер Төстіктің жалғыз шолағы бір жерде зорығып қалсын!» - деп Темір хан атты бір жұмалық жерге
айдатады. Балуан күресі басталады. Таусоғарға балуан шақ келімейді. Жер астының алыптарының бәрі
жығылып бітеді. Күресуге кісі шықпаған соң, Таусоғар бір тауды көтеріп алып, жұртқа күшін көрсетеді.
Темір хан мен Кеще хан қатты сасып: «Тауды біз жаққа қоя көрмесін!» - деп Төстікке жалынады.
Төстік тауды орнына қойғызады.
Бір жеті өткен соң, бәйге аттары қайтып оралады. Жұрт қарақшының түбінен аттарын күтеді. Бір мезгілде
алыстан бір шаң көрінгеді, шаңның ішінен жақындай келе, бір қара көрінеді, Шалқұйрық екенін таніып,
Ер Төстік үш қабат арқан кереді. Шалқұйрық құйынша заулаған бетішен арқанға келіп жоқ болады.
Қараса, Шалқұйрық жығылған екен, арқанның екі қабаты үзіліп, бір қабаты қалған екен, Шалқұйрық
талып түседі. Сонда Төстік: Сорқұдықтың басына Сорға бола қонды әкем.
Жанынан қорқып кемпірге,
Егеуімді берді әкем.
Жүретұғын жолымда
Құлан өтпес жол болды.
Асқар-асқар тауменен
Шексіз дария көл болды.
Қулық бие құлыны - Алты аяқты аланы
«Жарамайды, жабы» деп,
Міндірмеген Кенжекей.
Кәрі бие құлыны - Жеті аяқты жиренді,
«Жарамайтын жабы» деп,
Міндірмеген Кенжекей.
Сан жорғаны алмаған,
Ер аты деп таңдаған,
Айыл-тұрман әбзелін
Ертеден қамдап сайлаған,
Кенжекей сынды арудың
Қалмасын деп көңілі,
Міндім сені, Шалқұйрық!
Жалғыз өзім қос артып,
Жапан түзге жол артып,
Жалмауызға шыққанда,
Тіл бітті саған, Шалқұйрық!
Жалмауызға келгенде,
Егеуді ала бергенде,
Бетегеден биіктеп,
Аласарып жусаннан,
Ептейлендің, Шалқүйрық!
Егеуді ала қашқанда,
Жалмауыздан сасқанда,
Таулар ұшып қаңбақтай,
Тасы борап бұршақтай,
Ңазандай дәу қара тас,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
10 bet
Құйрығыңа оралып,
Жерге де кірдің, Шалқұйрық!
Жылан Бапы жеріне,
Жер астының еліне
Шыға келген мезгілде
Тіл бітіп саған, Шалқүйрық,
Жөн білдірдің еріңе.
Жаяуымда қанат болған Шалқұйрық!
Жалғызымда жолдас болған Шалқұйрық! Сасқанымда ақылым болған Шалқүйрық!
Үш жаның бар еді, екеуі шықса да бірі қалған шығар, тұр Шалқұйрық. Тіріл, Шалқұйрық!? - депті.
Сол уақытта Шалқүйрыққа жан бітіп, оқыранып түрегеледі. Басқа аттар бірнеше күннен кейін келеді.
Темір хан мен Кеще хан балуан және ат бәйгесінен жеңіліп, не қыларын білмей сасады. «Енді жаяу жарыс
салып көрейік», - дейді.
Жаяу жарысты бір күндік жерден жібермек болады. Ер Төстік Желаяқты қосады. Жүйріктер бір күн жүріп
барып, барған жеріне қонып, ертеңіне ертемен жарысып қайтпақ болады. Темір хан жүгіргіштердің ішіне
бір мыстан кемпірді қоса жіберген екен. Барып қонған жерінде сол мыстан Желаяққа: «Шырағым,
шаршадың ғой. Басыңның битін қарап берейін, деміңді алып ұйықта, жарысарда өзім оятамын», - деп оны
алдап ұйықтатып тастайды. Желаяқ мыстан кемпірдің сөзіне нанып, қаннен-қаперсіз ұйықтап жата береді.
Бір мезгілде оянса, шекесінен күн өтіп барады. Түс болып қалған екен, жүгіргіштер әлдеқашан кетіп
қалыпты. Кемпірдің алдағанын біліп, Желаяқ санын бір-ақ соғып, тұра жөнеледі. Жерден бір уыс
топырақты ала жөнеледі. Құстай ұшып, құйындай ұйытқып келе жатса, жаяулар да қазықшыға жақындап
қалған екен, ең алдында мыстан кемпір бара жатыр екен. Желаяқ өте беріп уысындағы топырақты
кемпірдің көзіне шашып кетеді. «Алда ғана көк шешек-ай, мықтадың-ау!» - деп, кемпір көзін уқалап қала
береді. Сүйтіп, жаяу бәйгесінде де Ер Төстік жеңеді.
Темір хан енді қайтадан той жасап, қызын Жылан Бапы ханға ұзатпақ болады. Темір ханның ернеуі қырық
құлаш үлкен қазаны терең көлге түсіп кеткен екен. «Нағыз ер болса, соны алып берсін», - деп, ол Ер
Төстікке кісі салады. «Көлдің суын құрт!» - деп, Төстік Көлтауысарды жұмсап еді, қанша ұрттаса да
көлдің суы Көлтауысардың ұртына сыймайды. Судың үштен бірі қалғанда Көлжұтардың ұрты суға толып
бітеді.
Сонда Шалкұйрыққа тіл бітіп: «Қазанды мен сүңгіп алып шығамын», - деп рұқсат сұрайды. Ер Төстік
рұқсат етеді. Шалкұйрық:
«Мен суға сүңгігенде, ақ көбік шықса жақсы болғаны, қуана бер, аман-есен қазанды алып шыққаным.
Қызыл көбік көрінсе жаман болғаны, алып шыға алмай, су астында қалып қойғаным», - дейді.
Шалқұйрық суға сүңгіп кетеді. Көпке дейін ешнәрсе білінбейді. Бір мезгілде ақ көбік көрінеді. Ер Төстік
куанады. Оның артынан ұзамай, қызыл көбік көрінеді. Ер Төстік шошынып, зарлана бастайды:
Сорқұдықтың басына
Сорға бола қонды әкем.
Жанынан қорқып жалмауызға
Егеуімді берді әкем.
Жүретұғын жолымда
Құлан өтпес жол болды.
Асқар-асқар тау менен
Шексіз дария, көл болды.
Қулық бие құлыны -
Алты аяқты аланы «Жарамайды, жабы» деп,
Міндірмеген Кенжекей Кәрі бие құлыны -
Жеті аяқты жиренді
«Жарамайтын жабы» деп,
Міндірмеген Кенжекей.
Сан жорғаны алмаған,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
11 bet
Ер аты деп тандаған,
Айыл-тұрман, әбзелін,
Ертеден камдап сайлаған.
Кенжекей сынды арудың
Қалмасын деп көңілі,
Жалғыз өзім қос артып,
Міндім сені, Шалқұйрық!
Жапан түзге жол тартып,
Жалмауызға шыққанда,
Тіл бітті саған, Шалқұйрық!
Жалмауызға келгенде,
Егеуді ала бергенде,
Бетегеден биіктеп,
Аласарып жусаннан
Ептейлендің, Шалкұйрық!
Егеуді ала қашқанда,
Жалмауыздан сасқанда,
Таулар ұшып қаңбақтай,
Тасы борап бұршақтай,
Қазандай дәу қара тас
Құйрығыңа оралып,
Жерге кірдің, Шалқұйрық!
Жылан Бапы жеріне,
Жер астының еліне
Шыға қалған мезгілде,
Тіл бітіп саған, Шалқұйрық,
Жөн білдірдің еріңе.
Жаяуымда қанат болған Шалқұйрық!
Жалғызымда жолдас болған Шалқұйрық!
Сасқанда ақыл болған Шалқұйрық!
Үш жаныңның не бірі
Аман шығар, Шалқұйрық,
Су астынан шық, Шалқұйрық! - дейді.
Ер Төстік зарланып тұрғанда, Шалқұйрық дәу қара қазанды құйрығына байлап, су үстіне шыға келеді.
Шалқұйрыққа тіл бітіп сөйлейді:
- Су өте терең екен, түбіне зорға жетім, қазанды зорға таптым. Сонда ақ көбік шықты. Қазанды көтеріп
шығу қиын болды, тістеп едім, шығара алмадым. Сонда қызыл көбік шықты. Құйрығымды ұзартып,
қазанды байлап алып, зорға шықтым, - дейді.
Шалкұйрыктың аман-есен шыққанына Темір хан елі қатты күйіністі. Темір хан Ер Төстіктерге арнап
үлкен сарай салдырып, кұдаларды сонда кіргізді. Құдалардың кіруі-ақ мұң екен, есік сарт етіп жабылып
қалды. Сарай тұтас темірден салынған екен. Аузын мықтап кұлыптап тастап, сыртынан тау-тау қылып,
отын үйеді де, от жағып өртей бастайды. Сарай қызуға айналды. Сарай ішіндегі Төстік жолдастарымен
күйетін болды.
Таукөшірер орнынан тұрады да, сарайдың есігін теуіп жібереді. Есік шалқасынан түседі. Көлжұтардың
бір ұртында бір көлдің суы бар екен, бүркіп жібергенде, айналасындағы өрттің бәрін сөндіріп тастайды.м
Темір хан мен Кеще ханның айласы әбден құриды. Ер Төстікке қызын қосып беріп, жылан Бапы ханның
еліне қарай шығарып салады. Сөйтіп, Ер Төстік жылан Бапы ханға қайтады. Қайтып келе жатқанда,
жолдан ерген алты жолдастарының бәрі де өздерінің жерлерінен әрі жүрмейді. «Бұдан әрі баруға біздерге
жол жоқ», - деп, олар Ер Төстікпен қоштасып қала береді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
12 bet
Үзақ жүріп, Ер Төстік жылан Бапы ханның еліне келеді. Айтқанын істеп келген соң, ол Ер Төстікке өте
риза болады, өзінің қызын береді, және: «Не қалайсың?» - деп, Төстіктен сұрады. Төстік:
- Жер үстіне шығамын, еліме қайтқым келеді, - дейді. Жылан Бапы хан Төстіктің тілегін орындап, қызын
беріп және жанына қаншама жолдас қосып беріп, жер үстіне шығатын есікке қарай шығарып салып, қош
айтысып қала береді. Жер үстіне шығатын есікке дейін алты айлық жол екен. Жолдың ауырлығына
шыдамай, жылан Бапы ханның қызы және жолдастарының бәрі қырылып қалады, Күңке деген бір күңі
мен Шалқұйрық, Ер Төстік үшеуі аман қалады. Үшеуі шаршап бір бұлақтың басына келіп жатады.
Бұлақтың басында бір үлкен бәйтерек тұрады. Бір мезгілде сол бәйтеректің басынан шуылдаған ащы
дауыс естіледі. Қараса, шуылдаған балапандар ексен, бұларды жеуге бір айдаһар жоғары өрмелеп бара
жатыр екен.
Ер Төстік садағын алады да, өрмелеп бара жатқан айдаһіардың екі көзінің арасынан дәлдеп тартып қалады,
айдаһар жерге сылқ ете түседі. Айдаһардың жерге құлап қалғанын көрген соң, балапандар шуылын
тоқтатады. Ер Төстік жайланып ұйқыға кіріседі.
Ер Төстік бір дауыстан шошып оянса, қатты дауыл тұрған екен, дауылдың артынан бұршақ аралас жаңбыр
жауады, жаңбырмен қабат суылдаған дауыс естіледі, соның артынан ұзамай-ақ бір дәу қара құс көрінеді.
Дәу қара құс суылдаған бетімен бәйтерекке келіп қонғанда, бәйтерек майысып, сынып қала жаздайды.
Бұл дәу қара құс - самұрық екен. Самұрықтың үлкендігі сондай, жайып жібергенде бір қанатының өзі бір
айлық жерді алып кетеді екен.
Қонысымен самұрық бәйтеректің түбіндегі Ер Төстікті бүруге тап береді, бірақ балапандары шыр-шыр
еткен соң тоқтайды.
Самұрықтың екі басы бар екен: бір басы адамдікіндей, бір басы құстыкіндей екен. Самұрықтың адам басы
Төстікке тіл қатадды.
- Ей, адам, бұл жерге не жұмыспен келдің? Менің балапандарымды аулай келдің бе? Бұл жерді адам
басқан емес, бұл менің мекенім, - дейді.
Оған Ер Төстік:
- Мен жер үстінің Ер Төстігі едім, сенің мекеніңе адасып келдім, балапандарыңа қастық ойлаған жоқпын,
ана жатқан айдаһардан айырып алдым. Нанбасаң, өздерінен сұра, - дейді.
Балапандар Ер Төстіктің көрсеткен жақсылығын жасырмай айтып береді. Сол арада алып қара құс Ер
Төстіктің аяғына жығылып, онымен айрылмас дос болады.
Алып қара құс жылына бір-ақ балапандайды екен. Содан кейін бала- пандарына жем іздеп алысқа кетіп,
бір айда бір-ақ қайтуға мұршасы келіп жүреді екен. Алып қара құстың сол кеткенін аңдып жүріп, сол
маңдағы бір айдаһар жыл сайын балапандарын жеп кетеді екен. Алып қара құс содан запы болып,
қайтқанда осылай жылап қайтады екен. Бағанағы дауыл - асығып ұшқанда алып құстың қанатынан тұрған
жел екен, жаңбыр - соның жылаған көзінің жасы екен. Өзі жем іздеген сапарынан қайтқанда
балапандарын аман көргені осы жолы-ақ екен.
Алып қара құс Ер Төстікпен дос болған соң: «Не қалайсың?» - деп сұрайды.
Ер Төстік басынан кешкен әңгімесінің бәрін айта келіп, адасып жүргенін, енді жер үстіне шыққысы
келетінін айтады. Алып қара құс Ер Төстікті қанатына мінгізіп, ұшып тар тесіктен өткізіп, жер үстіне
шығарады. Қоштасарында Төстікке бір тал қауырсынын үзіп береді: «Денемдегі ерекше қасиеті бар
жалғыз тал қауырсыным осы еді. Қысылған жеріңде, осы қауырсынды тұтатсаң, даяр боламын, қандай
қысымшылықта болсаң да құтқарып аламын. Егерде оны жоғалтып алсаң, менен жәрдем күтпе», - дейді.
Жер үстіне шыққан соң, Ер Төстік күннің қызуына балқып, ауыр ұйқыға кетеді, ешнәрседен қауіпсіз жата
береді. Ер Төстікті жалмауыз кемпір ұстай алмай қалған соң, перінің қызы Бекторы ашуланып, кемпірді
буындырып өлтірген екен. Кемпірден Шойынқұлақ деген бала қалған екен. Бекторы оған Ер Төстіктің
шығар жерін күзеттіріп қояды. «Ер Төстік жер астында қалмайды, жердің бетіне қашан да болса, әйтеуір,
бір шығады, сол шыққанын аңдып отырып, ұстап ал. Егер ұстай алмай қалсаң, менен жақсылық
күтпейсің», - дейді.
Шойынқұлақ содан бері Ер Төстікті күзетумен болған екен. Жер үстіне шығып, ұйықтап жатқан Төстікті
ұстап, қол-аяғын байлап алып, Бекторыға әкеліп береді. Ер Төстікті терең зынданға салып тастайды да,
Күңкені Шойынқұлаққа қосады. Шалқұйрықты бекітіп ұстайды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
13 bet
Сонымен Ер Төстік ұзақ уақыт зынданда қалып қояды. Шойынқұлақтан жүкті болып, Күңке бір бала
тауып алады. Шойынқұлақ Шалқұйрықты мініп аң аулайды. Шалқұйрықты бекітуге тұсау шақ келмейді.
Бір күні Шойынқұлақ аңнан қайтып, Шалқұйрыққа тұсау таба алмаған соң, оны өзінің қырық құлаш қайыс
белбеуімен тұсайды. Қайыс белбеудің бір жағы шешіліп кетеді. Аяғы босаған соң, Шалқұйрық шауып
отырып, Төстік жатқан құдықтың басына келіп, тұяғымен жер тарпып тұрады. Сөйткенде, белбеу Ер
Төстіктің жатқан құдығына түсіп кетеді.
Белбеуінде Шойынқұлақтың шақпағы бар екен. Төстік сол шақпақпен алып қара құс берген қауырсынды
тұтатады. Қауырсын тұтасымен-ақ алып қара құс жетіп келеді, қанатына мінгізіп құдықтан шығарады,
қол-аяғын шешіп береді. «Қолымнан келген жақсылығым осы, досым, Шойынқұлаққа әлім келмейді.
Себебі, оның жаны өзінде болмайды, жанын ол ешкімге білдірмей, өзінен бөлек бір жерде сақтайды.
Қайтсең де соның жанын тауып ал, жанын таппасаң құтыла алмайсың», - дейді де, қоштасып кетіп
қағлады.
Төстік Шалқұйрыққа мініп, Шойынқұлақтың үйіне келеді. Келсе, Шой- ынқұлақ Шалқұйрықты іздеп
кеткен екен. Күңке Төстікке жылап көріседі, көрген қорлықтарының бәрін шағып: «Шойынқұлақтан
құтқар», - деп жалынады.
Ер Төстік Күңкеден Шойынқұлақтың сырын түгел сұрап біледі. Шойынқұлақ баласын өте жақсы көреді
екен, баласынан аяйтыны болмайды екен. Соны білгеннен кейін Төстік Күңкеге мынаны айтады:
- Кешке Шойынқұлақ келеді, келгеннен кейін тамақққа әбден тойғызып жатқыз, көзі ұйқыға бара берген
Достарыңызбен бөлісу: |