ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет54/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153

тынықтырған соң, хан әңгімесін бастайды. 

 

—        Менің атым — Самұрық. Әкем даңқы жер жарған хан болған. Жалғыз едім. Мен ержеткен соң әкем 



бүкіл елден тандап жүріп, Әлім деген ханның жаннан асқан сұлу қызы Гүлге сөз салды. Әкесі құда түсуге 

көнсе де, қыз мені жақтырмады. Ақыры әкем күшпен зорлап алып берді. Содан көп ұзамай әкем дүниеден 

өтті де, мен таққа отырдым. Гүл  бетіме пәлен деп ештеңе айтпағанмен, шын ықыласының жоқ екенін 

сеземін. Менің үстіне өзімнен басқа жел шықпаса, жан шықпаған үш тұлпарым бар еді. Күнде таңертең 

көрсем біреуі су болып тұрады. Бір күні ат бағушыны шақырып алып сұрап едім: 

 

—        Сіз ұйықтаған соң Гүл біреуін мінеді де кетеді. Таңертең келіп жатып қалады. Тегі сізге дәрі беріп 



ұйықтатып тастайтын секілді,— дейді. 

 

Кешке жатарда Гүлдің берген сусынын ішкен болып, төгіп тастадым. Сонымен Гүлді андып, сілейген күйі 



ұйықтамай жаттым. Бір уақытта Гүл киініп сыртқа шықты. Тұлпардың біреуін мінді де, зулата жөнелді. 

Іле-шала  соңынан  еріп  мен  де  бір  тұлпарды  зымыраттым.  Гүл  шытырман  ну  тоғайдың  ішіне  кірді. 

Тоғайдың ортасында ақ орда тұр. Гүл атты байлады да, соған еніп кетті. Қылышымды жаландатып, кіріп 

барсам,  бір  қарасұр,  бір  ақсұр  жігіттің  ортасында  Гүл  отыр.  Бара  сала  қарасұр  жігіттің  басын  шауып, 

түсірдім. Ақсұр жігіт көгершін бейнесіне ауысты да, шаңырақтан ұшып шығып кетті. Гүл шыға жөнеліп, 

тұлпарға мінді де, өзіміздің сарайға қарай тартты. Мен де соңынан қуып жеттім. Ол маған зәрін шашты. 

 

—        Ылыққан қаншықтың артынан сүмендеген төбетсің. «Төрт көз, төбет бол» деп қолын сермеп қалды. 



Мен сары аяқ төбет болдым да қалдым. Ақыл-есім дұрыс, бірақ сөйлеуге тіл жоқ. 

 

Әлгі ақсұр жігіт менің атымды жамылып, таққа отырды. Маған дәм татырмады. Өлмеу үшін нәр іздеп 



қаңғырып кеттім. 

 

Күндерде бір күні жемтік іздеп, тіміскілеп жүр едім, бір бай адам кезікті. «Мынау бір келісті төбет екен, 



асырап  алайыншы»  деді  де,  «күшік-күшік»  деп  шақырды.  Мен  бұландап  қасына  жетіп  бардым.  Бай 

еркелетіп, мандайымнан сипады да, ілгері адымдады. «Жүр» деп ымдаған сон, әлгі кісіден қалмай ілесіп 

отырдым.  Бай  мол  тамақ  бергізді.  «Бұралқы  ит  үргенімен  жағады»  дегендей,  түнде  ұйқы  көрмей,  қой 

қораны күзетемін. 

 

Бір күні қораға үш ұры келді. Қыңсылап, есікті тырмалап едім, бай қару алып сыртқа шықты. Солақ мұң 



екен шарбақ қораға кірген үш ұрының кеудесіне қадалдым. Байдың малайлары қаптап келіп, үш ұрыны 

ұстап алды да, байлап-матап биге жіберді. Мен сонымен айлалы, ақылды төбет атандым. Маңайдағы елге 

танылдым. 

 

Бірде  басқа  бір  бай  келіп:  «Маған  итінді  бер»  деп  қолқа  салып  жатқанын  естідім.  Әлгі  байдың  әйелі 



босанған сайын шілдехананың алғашқы үш күнінде жаңа туған бала жоғалып кетеді екен. Сонымен бай: 

«Итімді көзімнен таса қылмаймын» деп, мені әлгі сұраған кісінің үйіне ертіп келді. Байдың әйелі аман-

есен босанды. 

 

Шілдеханада отырғандар түн ортасы ауа, қалғып-мұлги бастады. Мен өте сақтық жасап, оң жақта көзі 



ілмей шоқиып отырмын. Бір уақытта шаңырақтан бір қарға түсіп, баланы іле бергенде, арс етіп, жабыса 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              364 bet 

кетіп, баланы айырып алып қалдым. Шілдеханада отырғандардың бәрі оянды. Бай менің мандайымнан, 

жонымнан сипап, тәтті тағамдарды алдыма төкті-ай келіп. 

 

Күндіз ұйқымды қандырып алып, келесі күні баланы қаршығадан, үшінші күні бүркіттен айырып алып 



қалдым. Өстіп үш күн шілдеханада баласы аман қалған бай ұлан асыр той жасады. Менің иеме көп мал-

мүлік сыйлады. Ием мені  екі  інісіне мақтап, көпіртіп отырды. Ақыры ағайынды үшеуі  маған таласты. 

Менің иемнің бәйбішесі ағайынды үшеуіне мынадай төрелік айтты: 

 

—        Үшеуің үш жаққа бөлініп көшіп, итті үшеуің де шақырыңдар. Қайсысыңа ерсе — соның ал. 



 

Мен үшеуіне де ермей, өз бетімше жортып жүре бердім. Содан баяғы әйелім Гүл отырған сарайға келдім. 

Гүл мені көріп: 

 

—            Мына пәле тойынып алыпты ғой, сені  бұл  күніңе зар қылайын,— деп, мені  торғай  бейнесіне 



айналдырып жіберді. 

 

Бір  күні  торғайлармен  бірге  бидай  шашып қойып,  тұзақпен  ұстап  алып,  пісіріп  жейтін  екі баласы  бар 



кемпір-шалдың үйіне маңайлап келдім. 

 

Қасымыздағы торғайлар тұзаққа түсе-түсе таусылды. Мен тұзаққа түспей жалғыз қалдым. Шал қоймай 



жүріп, ақыры мені де қолына түсірді. Ол мені ұстап тұрып, қысып жібергенде жаным шығып кете жаздады: 

 

—        Мен саған не істедім?— деген сөз аузымнан шығып кетті. 



 

—        Сен ақымақ маған не істемедің? Үш рет үш түрлі құс болып барсам да, байдың баласын алдырмай 

қоймап па ең?— деді шал қаһарланып. 

 

Міне ғажап, сөйтсем баяғы байдың баласын ұрлап жүрген осы шал екен... Анау алты-жеті жастағы екі 



еркек бала сол байдың алдыңғы екі баласы екен. Шал ойланып тұрды да: 

 

—       Сен мені алты жыл асырайтын болсаң — баяғы адам кейпіңе қазір-ақ түсіремін,— деді. Мен серт 



бердім.  Содан  адам  бейнесіне  қайта  оралып,  азаттық  алдым,  азаптан  айықтым.  Шалды  асырау  үшін 

жалданып жұмыс істедім. Шал бетіме перде кигізді. Бір күні қасына шақырып алып, көп жайдың бетін 

ашты. 

 

—       Сенің әйелің Гүл, сен өлтірген қарасұр жігіт, анау Гүлді алып, сенің тағында отырған сұрша жігіт 



менің сиқыр ілімімді үйренген шәкірттерім. Үшеуі де асқан зерек еді. Сен менен алты жыл оқысаң оларға 

теңелесің. Сонан соң мұратыңа жетесің. 

 

Мен оқи жүріп, шалды алты жыл асырадым. Шал бір күні мені қасына шақырып алды: 



 

—       Балам, мені алты жыл асырадын. Сиқыр өнерін де үйреніп алдың. Енді менің өлер шағым болды. 

Мен өлген соң мына балаларды туған әке-шешесіне апарып тапсыр. Бұл екеуі талай ғылымнан хабардар 

болды. Сиқырлық жөнінде екеуіне қолқанат болып, көз қырынды сала жүр. Сарайыңа барып, тағыңа қайта 

отыр. Ол үшін сарайға бар да, Гүлден бұрын: 

 

—       Ей, Гүл, сен маған не істемедің? Енді сен тарғыл мысық бол, деп, өзің білетін сиқырлықты істе,— 



деді де, шал үзіліп кетті. Ол кісіні жерлегеннен кейін екі баланы ілестіріп сарайға келдім. Келсем Гүл 

шашын тарап отыр екен. Мен оны тарғыл мысыққа айналдырып жібердім де, өзім таққа отырдым. Анау 

даладағы  итпен  таласып,  күжірейіп  тұрған  мысық  сол,—  деп  Самұрық  сөзін  аяқтапты.  Содан  кейін 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              365 bet 

Ерболатқа сұстана қарады.— Иә, жігітім, енді сен өлесің, соған әзірлен,— деп бұйырды. Ерболат аспай-

саспай орнынан тұрды. 

 

—       Тақсыр, өлімнен қашпаймын. Өлер алдында дәрет сындырып келейін,— дейді Ерболат. Хан рұқсат 



береді. Ерболат қақпадан шыға бергенде, қара ат іліп алып, көзден ғайып болады. Жолда келе жатып қара 

ат сөйлей жөнеледі: 

 

—       Досым, сен енді мұратыңа жетесің. Баяғы Гүлді алған сұрша жігіт қазір сенің қалындығынды алды. 



Балалы  болды.  Оны  қыздың  әкесі  білмейді.  Сондықтан  сұрша  жігітті  өлтіріп,  қызды  жетектеп  әкесіне 

алып бар да, көрген бейнетінді айт. Әкесі жазасын өзі береді. 

 

Ерболат  қыздың  бөлмесіне  кірсе  сұрша  жігіт  ұйықтап  жатыр  екен.  Қыз  баласын  шомылдырып  отыр. 



Ерболат сұрша жігітті шауып өлтіреді. Қызға баласын көтертіп әкесінің алдына айдап апарады. Болған 

оқиғаны бастан-аяқ баяндайды. Хан қызын жазалап, бір малшыға береді. Ерболатты өзінің бас уәзірі етіп, 

кіші қызын қосады. 

 

238 - Бөлім: ӨНЕР САТЫП ЕМ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1935 

 

 



Бір ісмер болыпты. Теміршілік, өрімшілік, ағашшылық, тігіншілік дейсіз бе, бәрі де қолынан келеді екен. 

Білезік,  жүзік,  күміс  түйме,  сырға,  түйреуіш  жасағанда  тіпті  майын  тамызады  екен.  Әйелі  де  осы 

дүниелердің әсемдігі үшін тер төгеді. Олардың қолынан шыққан заттар жылтырап атта, сылдырап білекте, 

қылпылдап  қынапта  жүрсе  де  тапқандары  өздеріне  жұтымнан  аспайды  да,  тақырлау  өмір  кешеді. 

Еңбектерінің  біразы  несиеге  кетіп,  қоралы  қой  болып  елде  жүргенімен,  «ұста  пышаққа  жарымайды» 

дегендей, от басында көлденең көк темірі де болмайды. 

 

Онда киіз болушы ма еді, жалпита тігілген косының іргесі белуардан қазылған жар кереге. Оң жақтағы 



өнерге  қолданатын  саймандарының  ортасында  ата  мирасы  жарғақ  көрік  жәмп-жәмп  етіп,  бір  қолды 

ұстайды. Біреулер бір тостаған арпа, бірі бір түктем бидай не бір бөлшек шай немесе бір жілік ет әкеліп, 

бірі пыстан, бірі тоға, бірі таралғы сияқты заттар соқтырып алып кетіп жатады. 

 

Осы өнер ұясының лашығында бір күні әдемі ертоқым дайын болады. Ердің қаңқа басының  өзі көздің 



жауын алады. Қасы қара сырмен сырланып, күміспен апталған. Жиегіне талауратып алтын жүргізілген. 

Арқалығы  сары  сырмен  сырланған.  Қапталы  қара  терімен  капталған.  Оқпаны  жалтырауық  түспен 

айшықталған. Тебінгіге сұқ саусақтай жұмыр бедер түсіріліп қойылған. Тоқымның көмкеріндісі, көпшік 

шегірен былғары. Өмілдірік пен құйысқаны қатарланған үш қырлы жиырма бір таспалы, қасқыр соғарға 

лайық сом жасалған. Үзеңгі қойшы әйтеуір, жүген-ноқта, жырым- шеттігіне дейін атқа сала саларлықтай 

сай болып шыққан. 

 

Ер-тоқым біткен күннің ертеңінде аларман да жетіп келеді. Ол бір мырза жігіт екен. 



 

—        Сауда күсет болғай, ақсақал!— деп кіреді ол үйге. 

 

—        Айтқаның келсін, балам!— деп қарсы алады Дарқан ұста. Қонақтың көкейіндегі бұйымтай оны 



карап отырғызбайды. 

 

—        Па, шіркін, мына ер-тоқымды-ай, ә! Бағасына келіспейміз бе?— дейді. 



 

—        «Алтын ерің атқа тисе, алтынын ал да, отқа жақ» дейді ғой қазақ. Жарамаса, өзімдікі. Мал танисың 

ба? Жақсы аттың басы — жүз қой. Ал мынаны мен жүз елу қойға беремін бе?—деп қояды да, артынан,— 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              366 bet 

қалауың білсін,— деп, аларманның еркіне береді. Саудаласа келіп, ақыры бұзаулы сиырға ер-тоқымды 

беріп, мырзаны жолға салады. 

 

Бір  күні  ер-тоқымымен  ат  аунап,  ердің  қасы  қақ  болініп  қалады.  Қараса,  ердің  қаңқа  басы  сиырдың 



тезегінен құйып жасалған екен. Жігіт ісмерге келіп, мән-жайды айтады. Оған қария: 

 

—       Е, ат аунағанда сынбай, қандай ер шыдасын! Бірақ мен саған ер-тоқым сатқам жоқ,— дейді. Сөзге 



түсіне алмаған мырза: 

 

—       О не дегеніңіз?..— дейді танданып. 



 

—       Мен саған өнер сатқан едім,— деп түсіндіреді де, қария тезек ерді қатқан қайыңнан шабылған ерге 

ауыстырып береді. 

 

Бұл  мәрттігіне  разы  болған  аларман  ақысына  бір  тайынша  қосады.  Ісмердің  де  өз  еңбегіне  ақыны 



толығырақ алғаны осы екен. 

 

239 - Бөлім: ТАМЫРШЫ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1936 

 

 



Бір байдың Ермек деп ат қойып, еміренген жалғыз ұлы болады. Жасынан еркелетіп өсірген әкешешесі 

оның өмірін тілеуден бұрын: 

 

— Я, құдай, ұлым ер жетіп, осы дәулеттің иесі болса, тіпті өзімнен өткен бай болса,— деп армандайды. 



 

Сөйтіп  жүргенде  Ермек  ауырып  қалады.  Әкесі  дәулетін  сапырып,  ат  жетер  жердегі  емші,  бақсы-

балгерлерді шақырып көрсетеді. Емшілердің дәрі-дәрмегі, өсөздері балаға ем болмайды. Қиял мендетіп, 

құты қашқан әке-шешесі күндіз-түні кірпік ілмей баласының қасында отырады. Шешесі зарлап: 

 

—              А,  құдай,  осы  жалғыздың  өмірін  бере  гөр!  Жалғыздың  жаны  үшін  мен  құрбандығы  болайын, 



Ермектің  орнына,  құдай,  мені  алса  разымын,—  деп,  ауыруы  асқынған  сайын  өмірін  тілей  бастайды. 

Ермектің көңілін сұраған ауыл адамдары мен алыс-жақындағы туыстарының аяғы үзілмейді. 

 

Бір күні көрші ауылдан Сатай деген жігіт көңіл сұрай келеді. Ол Ермектің қасында отырған шешесінің 



зарын тындағаннан кейін: 

 

—       Қорықпаңыз, шеше, оңалып кетеді,— деп, көңілін аулайды. 



 

—       Қарағым-ай, кім біледі, күннен-күнге ауырлап барады. Құдай осыны қойып, мені алса екен,— деп 

қарс ұра күрсінеді. Сатай: 

 

—       Олай демеңіз, шеше. Мен тамыр айырушы едім, білегін ұстап корейінші,— дейді. 



 

—       Тілеуінді берсін, қарағым, көрші. «Қырықтың бірі — Қызыр» деген, себеп болайын десе ғажап емес. 

 

Сатай Ермектің екі қолын кезек ұстап, тамырын басып ұзақ отырады. Өзінше бірдеңені ойлаған бейне 



көрсетеді. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              367 bet 

—        Ауыру салмақтырақ екен, ештеңе етпес,— деп жалпылама жауап айтады. Тамыршының қабағын 

бағып әдеттенген шешенің күмәні күшейе түседі. Сатай кеткен соң:  Ең болмаса дәрі-дәрмекті де айтпады 

ғой, әлгі тамыршы,— деп, үмітсіздене бастайды. 

 

Сатай үйден шыға бере, осы Ермектің зарлаған шешесінің Әзірейіл келе қалса, алдына өзім түсер едім, 



Ермек үшін құрбан болайын дегені рас па? Әлде, жалтара ма? Әй, жан шіркін тәтті ғой. Бір сынап көрейін 

деген ойға келеді. 

 

Түн ортасы ауып, ел шырт ұйқыға батқан кезде Сатай үстіне жалбыр тонды теріс айналдырып киеді де, 



басына жүні сабалақ тымақты шөгере киіп, байдың үйіне кіріп барады. Күндегі әдеті бойынша шешесі 

Ермектің бас жағындағы жастыққа мандайын қойып, үйықтап жатыр екен. 

 

—        Естуімше, ауыру балаң үшін өзіңді арнаған екенсің, сол үшін балаңды қалдырып, өзіңді алғалы 



келдім, мен Әзірейілмін,— дейді айбармен Сатай. Ұйқыдан шошып оянған шешенің зәре-құты қалмай, 

булығады да: 

 

—        Әй, ауыру адам әне жатыр. Алатының да сол!— дегенде, көз ілмей жатқан Ермек шешесінің сөзіне 



қатты күліп жібереді. 

 

Ермектің  ауыруы  —  «Жүпар»  деп  аталатын  тамақтың  ішіне  шығатын  сыздауық  екен.  Шешесінің 



әншейінде өзін құрбан еткенімен, Әзірейілдің алдында ат-тонын ала қашқанына қатты күлгенде жарақаты 

жарылып, артынан оңалып кетеді. 

 

240 - Бөлім: АЛТЫ АҚЫЛЗЫЗ, БІР ЗЕРЕК 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1937 

 

 



Жар астынан жау шығып, тайпалы ел таусылып, аз үй қалған күйзеліс жанға батқан кез екен. 

 

Осындай бір кезеңде,арнасы кең өзенде, кісінеуік тайы бар, маңырауық ешкісі бар бір үйлі жан болыпты. 



Соның ішінде күйзелуден үпісі ұшып, күңіренуден есі ауысқан бір шал мен кемпір бар екен. Оған сай 

келте ақыл келіні болыпты. Жалғыз ұлы жан бағудың қамы үшін жалшы боп алыс отарда жүреді. 

 

Бір күні кемпір мен шал келінін жалғыз қалдырып, сол манда ас берген біреудің ауылына кетеді. Жалғыз 



қалған  келін  қарыны  ашқан  соң  тоғайдан  алма  теріп  әкеп  жейді.  Біраздан  кейін  кекіре  бастайды.  Ол 

кекіргенде үйдің жанында тұрған көк ешкі маңырайды. Ата-енесінен ырым-сырымды көп естіп, күпті боп 

жүрген келіншек күдіктене қалады. 

 

— Апырай, кекіргенім жақсылық па, жамандық па? Мен кекірсем көк ешкі неге маңырайды?— деп, алма 



жеуді,  тоқтатады.  Бірақ  кекірігі  үдей  түседі.  Соған  қоса  күмәні  де  күшейеді.  Жайланып  отыра  алмай, 

тысқа шықса, көк ешкі одан арман маңырайды. Бұдан күдіктенген келіншек: 

 

—        Қап, мына хайуан кекіргенімді естіп, соны айтамын деп айқайлап тұр екен ғой, енді қайттім?— деп 



барып, ешкіні мойнынан құшақтайды,— жануарым, жазатайым кекіріп қалдым.Ата-енеме айта көрме!— 

деп жалынады. Оның жалбарынғанын қайдан білсін, көк ешкі мойыны жыбырлаған соң, басын шайқайды. 

Келіншек:— О жануарым, сөзімді ұғып «айтпайын деп тұр екенсің ғой басыңды шайқап» деп міңгірлейді 

де, ешкінің мойнын құшып отыра қалады. Адамға әбден үйір болып алған ешкі келіншектің омырауын 

иіскелеп, түйме-сөлкебайларын жалайды. 

 

Сөйтіп  отырғанда  тағы  кекіреді.  Ешкі  тұмсығына  тиген  түйме  танауын  жыбырлатқан  соң,  пысқырып 



жібереді. Сонда келіншек: 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              368 bet 

 

—        Мені мазақ қып тұрсың, ә, ерніңді шығарып. Мейлі, кекіргенімді айта көрме. Сұрап тұрғаның түйме 



ме, мә, сен-ақ ал!— деп, омырауындағы сөлкебай мен сабақты түймелерін үзіп алып, ешкінің кекіліне 

байлай береді. 

 

Әлден уақытта үйдің арт жағынан жалғыз ала тайы кісінейді. Орнынан тұра бере кекіріп қалған келіншек 



қасында тұрған келіні құлатып алады. Келінің түбі тиіп, ешкінің аяғы ауырып қалады. Ешкі бүрсеңдеп, 

келіншектен алыстап қашақтайды. Сонда келіншек: 

 

—        Ала тай, айқай салып ең, көк ешкім көсіле қашты. Құдай біледі, екеуің менің кекіргенімді елге 



жаймақсындар ғой. Сендер айтқанша, өзім айтайын,— деп, жүгірген бойы тоғай жаққа кетеді. Алдынан 

атасы мен енесі шыға келеді. Әбден үйренген ала тай кісінеп, көк ешкі маңырап, екеуі қатар жүгіреді. 

Келіншек жығылып-сүріне енесіне келіп: 

 

—        Апа, мен кекіре беремін, жақсылық па, жамандық па?— деп сұрайды. Кемпір жағасын ұстап: 



 

—           Не сұмдықты  айтып тұрсың, келіннің кекіргені қай жақсылық?— деп көзін алайтады. Сөйтіп 

тұрғанда  келін  үсті-үстіне  бірнеше  дүркін  кекіреді.  Не  айтарын  білмей  қалған  кемпір  артынан  жеткен 

шалына: 


 

—        Үй шал, о заманда, бұ заман келін кекіргенді көріп пе ең? Мына келінің кешке дейін кекірдім деп 

тұр. Менің алдымда тағы кекірді. Бұл не, жақсылық па, жамандық па? Бал аштырайық, әлгі балгерді ертіп 

келші,— дейді бажалақтап. Қабағы түксиіп, белі бүкшиіп, аңқия қараған шал: 

 

—        Ойпырмай, кұдай өзің сақтай гөр. Келін кекірсе, қыз секірсе — жақсылық емес деуші еді. Барсам 



барайын балгерге. 

 

Шал артына қарай-қарай бүкшеңдей жөнеледі. Күн бата балгерді ертіп келеді. Жайланып төрде отырған 



балгер ахуалды ұққан сон қызыл көрген жезқұйрықша қылмың қағады. 

 

—        Түйнек болмаса — тоқты өкірмейді, жүрек қараймаса — келін кекірмейді. Істегенім бақсылық, 



айтқандарым жақсылық. Көңілдерің жәй болсын, дастарқан май болсын. Кекірік сонда жоғалар, отбасың 

да оңалар,— деп сарнайды балгер кекіріктің мәнісін. 

 

—        Алда қарағым-ай, айтқаның келсін, дәм басып жорығаныңды қарашы. Көңіліміз хош болды,—



дейді шал. Сонымен қуаныштары қойнына симаған кемпір мен шал қонағының қонақ асына жалғыз көк 

ешкісін сойып береді де, ертесіне қонақ аттанған кезде жалғыз ала тайын жетелетіп жібереді. 

 

Арада  айлар  өтіп,  күндердің  бірінде  отарға  кеткен  баласы  арып-  ашып  келеді.  Ауласында  ешкісі, 



қорасында тайы көрінбеген соң әкесінен: 

 

—        Тай кісінемей, ешкі маңырамай қалыпты ғой, қасқыр жеп, қарақшы әкеткеннен сау ма?— деп 



сұрайды. 

 

—        Апырай, балам, соны айтсаңшы. Жануарлардың дауысы үйімізге қоңырау еді, амал қанша, бір 



сұмдық болып... Мына келін бала кекіріп қойып... Сонымен...—деп шал қомпандап, кемпір кемсендеп, 

болған істің мән-жайын айтады. Іштей қатты опық жеп, ызаланған ұл: 

 

—                Бүйтіп  көрген  күн  құрсын...  Темір  таяғым  тебендей  болғанша  тентіреп  жоғалайын.  Әлемнен 



сендердей ақылсыз жомарт кездессе қайтып келіп асырайын. Кездеспесе қаңғып жүріп топыраққа бетімді 

жасырайын,— деп еңіреген күйі үйінен шығып, безіп кетеді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              369 bet 

 

Ұл сол бетімен өзендерден өтеді, тау асады, құм басып, шөлде қақталады. Беті ауған жағына жүре береді... 



Қанша жер басқанын, қанша азап шеккенін кім білсін, әйтеуір, бір көктем мезгілінде шалқар көл жағасына 

тігілген ақ отауға келіп: 

 

—        Кеш жарып, келіп тұрмын арып,—деп дауыстайды. Сарыкідір тартқан әйел сыртқа шығып, қонақты 



үйге кіруге ілтипат етеді. Жігіт үйге кіргенде оның өсіп кеткен сақал-шашына, түте-түте боп жұлмаланған 

үсті-басына қараған екі бойжеткен кыздың бірі қиқылдап, бірі шиқылдап күліседі. Шаршап келген жігіт 

ала көзбен ата бір қарайды да, ернін жалап шөлдегенін сездіреді. Үй иесі әйел берген айраннан екі үлкен 

шараны арты-артынан сіміріп алған жігіт сәл ес жияды. 

 

—        Рақмет, осы да үлкен конақасы. Қатты шаршадым, ұйықтап, демалайын,— дейді. Әйел басына тең 



қойып, астына сеңсең төсеп төсек салып береді. Жігіт жантая кетеді де, сол жатқаннан ертеңіне түске 

таман бір-ақ оянады. 

 

Қонақ тұрған соң кіші қыз екі ағаш шелекті бақанға іліп, суға жөнеледі. Көпке дейін келмеген соң: 



 

—          Әлгі қыз нағып жоғалды барып келші,— деп, шешесі  үлкен қызды жұмсайды. Ол  да келмей, 

шешесінің көзін көгертеді. Қонақтан ұялған әйел енді екі қызының соңынан өзі кетеді. Жігіт үйде отыра 

береді. 


 

Ақыры үй иелері келмеген соң, тағаты таусылған жігіт сыртқа шығып, олай-бұлай қарайды. Көл жақтан 

ойбайлаған әйел дауысы естіледі. «Әкау, жазым болып, біреуі көлге түсіп кеткеннен сау ма?» деп ойлаған 

жігіт жүгіріп бір төбешікке шықса, ұмар-жұмар шұрқырасып жатқан қыз бен шешесін көреді. Жүгірген 

бойы қасына барса, бұлар түлкі алған бүркітше шеңбектесіп, озан сала жыласып жатыр: 

 

— Суға кетсем келмедің-ау, 



 

Бірде-бірің ермедің-ау. 

 

Толқын тартып кеткен, 



 

Қайран менің Ермегім-ау. 

 

Кіші қыздың құмдай егіліп айтқан жоқтауын естіген жігіт: «Мына қыздың жақсы көретін адамы суға кетсе 



керек» деп ойлайды да, алдымен шешесін айырады. Жылауларының мәнін сұрайды. Сонда қыздардың 

шешесі былай дейді. 

 

—        Не болғанын қайдан білейін, қарағым. Суға кеткен қыздарым кешіккен соң, артынан келсем, екеуі 



бірін-бірі құшақтап, тастай қатып, озандап жылап отыр. Бұған қарап көңілім босап кетті де, екеуін бас 

салып мен де жыладым. Не болғанын үлкен қыздан сұрашы. 

 

Жігіт  екі  қыздың  қасына  барып,  зорға  ажыратады.  Одан  кейін  үлкен  қызды  оңашаға  шығарып,  не 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет