ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет51/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153

аулаға топырлай кіреді. 

 

— Тақсыр хан, отынды түсіріп, есектеріңізді қораға қамап қойдым,— дейді бала. Хан қара терге түскен 



есектерін, үйіліп жатқан отынды көріп шошып кетеді. 

Сөйтіп, тапқыр бала айлакер ханды отырғызыпты. 

 

228 - Бөлім: ДІЛДӘ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1925 

 

 



Ертеде  Меңірек  тауының  бөктерін  жайлаған,  елін  сүріктей  сорған,  бейкүнә  адам  қанымен  кылышын 

қандаған, сән-салтанатқа мастанып, дәуірлеген бір хан өтіпті. Айтатын ақылы, көрсетер рақымы болмаған 

соң, елі оны «Залым хан» атап кетіпті. 

 

Осы елде ата-анасынан ерте жетім қалған Жекей деген жетім бала болады. Арқа сүйер ағасы, басын сүйер 



інісі болмаған соң, оның күндегі ісі де, күн көрісі де — Меңірек тауына шығып, отын жинап әкелу болады. 

Бір  күні  Жекей  әдетінше  таң  рауағадағанда  тұрып,  тауға  отынға  келеді.  Қарағайлы  қалың  орман. 

Әлдеқайда бебеулей шырылдаған бір құстың зарлы даусын естиді. 

 

Жекей жан-жағын шолып, қанша қараса да, ешнәрсе көре алмайды. Әлгі шырқыраған дауыс барған сайын 



ширығып, үдей түседі. Бұған аң-таң боп қайран қалған Жекей отынын тастай салып, дауыс шыққан жаққа 

келсе, жалама жартастың қапталын жанай өскен бір бәйтеректің басынан шығып тұрғанын біледі. «Бұл 

не  қылса  да  басына  қатер  төнген  бейшара  болар»  деп  ойлайды  да,  жақындай  түседі.  Таяп  барып, 

сығалайды. Жуандығы  женді  білектей ұзындығы екі  құлаш келетін қарасұр жылан көзінен от  шашып, 

ұзын айыр тілін жаландатып, ысылдай ысқырған қалпы теректін басына қарай өрмелеп бара жатыр екен. 

 

Денесі  түршіге  тітіркенген  Жекей  әлгі  безілдеген  құсты  ажалдан  құтқаруды  ойлайды  да,  жалмажан 



жерден кеседей тасты көтеріп алып, жыланның басын дәлдеп пәрменмен жіберіп ұрады. Тас жыланның 

басына тимей, беліне тиеді. Жылан бұраландап жерге түседі.  «Бәлем, сені ме?» дегендей жылан айбат 

шегіп Жекейдің өзіне ұмтылады. Жекей лып етіп, жанындағы теректің басына шығып алады. Жылан тілін 

жаландатып айбат шегіп, ысылдай ысқырған күйі Жекей шығып алған теректі бір айналады да, өрмелеп 

ұмтыла бастайды. 

 

Жоғары сырғи-сырғи ағаштың ортан беліне барып тоқтаған Жекей айбалтасын қолына алып, жыланмен 



сайысуға  дайындалады.  Жылан  жиырыла  серпіліп,  жұтып  жіберердей  аранын  ашып,  тақай  бергенде 

Жекей  қолындағы  ұзын  сапты  балтасын  сілтеп  қалады.  Жыланның басы  допша  домалап  жерге  түседі. 

Жауын жамсатқаннан кейін Жекей теректен түседі де, балтасын беліне қыстырып жүре бергенде: 

 

— Әй, жігіт, тұра тұршы!— деген біреудің дауысын естиді. Сөйтсе, ол жақтағы өзі ажалдан арашалаған 



үлкендігі кептердей бір сары ала құс екен. Құс ұшып келіп Жекейдің қарсы алдына қонады — Жігітім, 

саған мың да бір рахмет! Сен менің екі балапанымды ажалдан алып қалдың. Бұл алтыншы рет шығарған 

балапандарым  еді.  Бұдан  бұрынғылардың  бәрін  жыл  сайын  осы  уақытта  әлгі  жылан  жеп  кететін.  Сен 

болмасаң, бүгін де ұядағы балапанды жейтін еді. Менің саған істеген жақсылығым болсын, мә, мынаны 

ал. Қажет бола қалсам, күн шығып келе жатқанда осы жерге келіп: «Құсым, құсым, мен келдім» деп үш 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              344 bet 

рет дауыстасаң, мен саған ділдә беріп тұрамын. Ең бастысы тек күн шығып келе жатқанда ғана келетінінді 

және үш рет дауыстайтынынды ұмытпа! 

 

Осыны айтады да, құс  бір тал мамығын жұлып береді. Сонан кейін ұша жөнеліп, кетіп қалады.  Бұған 



сенерін де сенбесін де білмеген Жекей отынын арқалап алып кетіп қалады. Жекей ойға шомып, түні бойы 

көз  ілмейді.  «Осыны  бір  байқап  көрейінші»  де-  ген  оймен  күн  шығар  алдында  әлгі  жерге  барады  да: 

«Құсым,  құсым,  мен  келдім»  деп,  үш  дүркін  дауыстайды.  Сол-ақ  екен  әлгі  құс  пайда  бола  кетеді  де, 

сілкініп-сілкініп  жібереді.  қанатының  астынан  сылдырап  алтын  теңгелер  түседі.  Жекей  рахмет  айтып, 

алтын ділдәларды жинап алады да, қуана-қуана үйіне келеді. 

 

Сөйтіп, Жекейдін тұрмысы жақсара бастайды. Күндер өтіп жатады. Жекей мал-мүлік жинайды. Қора-жай 



салады. Көршілес елден ай мен күңдей ажарлы, ауызы оймақтай; көзі қарақаттай бір сұлуды айттырып, 

түтін түтетеді де, ел қатарына қосылады. 

 

Жекейдің байлығы барған сайын артып, дәулеті патшаның қазынасынан да асып кетеді. Жекейдің есепсіз 



алтыны мен ерекше сұлу әйеліне көзі түскен патша: «Осының алтыны мен әйелін қалай қолға түсіремін» 

деп ойланады да, уәзірлерімен оңаша ақылдасады. Сонда бір уәзірі тұрып былай дейді: 

 

— Мәртебелі тақсыр, оның амалы онай. Бір дорба ділдәны оның қорасына тықтырып қойыңыз. Артынан: 



«Қазынама  ұры  түсті!»—  деп  хабарлаңыз.  Содан  кейін  жиналған  елді  бастап  барып,  оның  қорасын 

тінтіріңіз де, ділдәні тауып алған болыңыз. Ел алдында масқара болып, бұлтара алмайды. Сөйтіп өзін ұры 

деп ұстап, көзін жоясыз да, барлық ділдәсі мен қазына-мүлкіне және сұлу әйеліне ие болып шыға келесіз. 

 

Бұл қулықты залым патша қолдайды да, Жекейдің ауласына алтын ділдәні көмдіріп тастаған соң, ертеңіне: 



«Қазынама ұры түсті» деп аттан салып, елдің шырқын бұзады. Өзінің алтын тонына оратып, Жекейдің 

қорасына алтын тықтырып қойған патшанын зәрінен шошыған ел ұлар-шу болып дүрлігеді. 

 

Таң атқан соң ел жиналады. Залым патша аула-ауланы тінткен болады. Содан Жөкейдің үйіне келеді де, 



тінтіп жүріп өздері тыққан ділдәні тауып алады. Содан кейін айып тағып, бар мал-мүлкін, әйелін алып, 

өзін байлап-матап айдап әкетеді. 

 

Залым патша Жекейді ордаға алып барған соң қалай байығанының сырын сұрайды. Бірақ, Жекей шын 



сырын ашпайды. Бұған кәрленген патша оны дарға асуға бұйырады. Жазықсыз өлетін болғаннан кейін 

Жекей  амалсыз  басынан  өткен  оқиғаны,  баюының  сырын  айтады. Мұны  естіген  залым  патша.  «Мұны 

өлтірмей тұра тұрайын, әлгі жұмбақ құстың ділдәсін жинап алайын. Содан кейін көзін жоя салу қиын 

болмас» деп ойлайды. Содан кейін қасына әлгі өзіне ақыл үйреткен уәзірді алып, Жекейдегі құстың жүнін 

алады да, күн шығар алдында бәйтеректің түбіне барады. Содан кейін: «Құсым, құсым, мен келдім!» деп 

үш дүркін дауыстайды. Сол заматта алтын құс пайда бола қалады да, сілкініп-сілкініп жібереді. Сонда 

қанатынын астынан сауылдап алтын ділдә төгіле бастайды. Мұны көрген қанағатсыз, обыр патша «Құсым, 

құсым,  мен  келдім!»—деп  толассыз  дауыстай  береді.  Қойны  мен  қоншына  ділдәні  нығырлап  тығады. 

Ақырында өзі орнынан қозғала алмай қалады. Мұны көрген алтын құс: 

 

— Ашқарақтың көзі өлгенде, бетін топырақ көмгенде тояды,— деп, бір сілкінеді. Сол сәтте алай-дүлей 



құйын соғып, патша мен уәзірді ұшырып алып кетеді. 

 

Залым  патшадан  құтылған  ел  қуанады,  бастарына  тыныштық  орнайды.  Жекей  де  жаладан  арылып, 



қазына-мүлкін жинап алады. Жұбайымен қайта қауышып, мақсатына жетіпті. 

 

229 - Бөлім: РАҚЫМ ТАЗ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1926 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              345 bet 

 

Бір  байдың  бойжеткен  қызы  Рақым  деген  салмен  көңіл  қосып,  екеуі  қашпақ  болып  уағдаласыпты. 



Ауылдың сыртындағы бейіттің жанында кездеспек болады. Уәделі күні түнде қыз бес атты баптап мініп, 

қасына малайын ертіп бейітке келеді. Караңғы түнде біреудің қарасы көрінеді. Қыз: 

 

—        Сен кімсің?— деп сұрайды. Сонда қарандаған кісі: 



 

—        Мен Рақыммын ғой,— дейді. Уағдаласқан жігітім екен деп ойлаған қыз: 

 

—        Мін, атқа!— деп жетек атын көлденең тартып тұра қалады. Жігіт атқа қарғып мінеді де, түн қатып 



жүріп кетеді. 

 

Жігіт бұл әрекеттің жай-жапсарын түсінбейді. Өйткені оның аты — Рақым таз, байдың қойшысы. Сол 



түні байдың таяғына шыдамай, бейітке қашып келіп, тығылып жатқан екен. Ал сал Рақым уағдалы кезден 

кешігеді де, қыз осы Рақымға тап болған екен. Түнімен жүріп, таң атқанда қараса, қыздың сал Рақым деп 

алып келгені — үсті-басы алба-жұлба, ұсқынсыз бір таз болып шығады. Қыз бұдан шошып, бойын ала 

қашса да, сымбалдаған бес атты жетектеп келе жатқан малайы ілеспей тұрып алады. 

 

—        Маған ілесіп жүр,— деген қызға атшысы жөн айтады: 



 

—        Сен байдың алақанына салып әлпештеген қызы едің. Бойжеткен соң, талай адам келіп сөйлесті. 

Көк етікті кезікпей, көң етіктіні жаратпай жүргеніңде Рақым салды таптың. Бүгінгі тиянағың сал Рақым 

болмай, таз Рақым болды. Құдайдың саған қосқаны осы шығар. «Бұлтақтасаң да бұйрықтан қашып құтыла 

алмайсың» деген осы. Бұйырғанына разы болып, тұрақтап қал! 

 

Басқаға  амалы  жоқ  қыз,  атшысының  сөзіне  тұрақтап,  таз  Рақымға  пейіл  білдіріп  тиеді.  Содан  бұлар 



тоқтамай жүріп отырып, бір қаланың шетіне келеді. Сол арадан үй салып, мекен тұтып тұрып қалады. 

Уақыт өте келе қыз жүкті болады. Нәрестесінің керекжарағын алдыру үшін мың ділдә беріп, Рақымды 

базарға жібереді. Ол базардан көз тұндырған дүниелерді көреді. Бір айналып шыққаннан кейін: 

 

—        Бір сөзім бар, құны — мың ділдә!—деп айқайлап жүрген адамға кезігеді. 



 

—        Мен алайын, ол неғылған сөз?— деп Рақым қызыға қалады. 

 

—        Ақшаңды сал,— қолыма — деген соң, Рақым мың ділдәсін береді. 



 

—        Ал, айт, енді ол кандай сөз,— дейді. 

 

—        Ол: «Ажалсыз жан шықпайды» деген сөз. 



 

Рақым бұл сөзді сатып алған соң үйіне келеді. Сонда әйелі: 

 

—       Не алдың?— деп сұрайды. Рақым шынын айтады. 



 

—       Ештеңе алған жоқпын. Мың ділдалық бір ауыз сөз сатып алдым да, қайттым. 

 

Әйелі бұл істің байыбына бара алмай, үнсіз отырып қалады. Келесі күні әйелі тағы да мың ділдә беріп, 



керек-жарақ алып келуге жібереді. Бұл жолы да Рақым: «Бір сөзім бар, құны — мың ділдә!» деп айқайлап 

жүрген  адамды  кезіктіреді.  Рақым:  «Өткен  жолы  сатып  алған  мың  ділдәлық  сөздің  пайдасы  тимеді, 

мынадан бір пайда табар ма екенмін, не сөз екенін білейін» деп ойлап, әлгі адамға барады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              346 bet 

—       Сөзінді мен алайын, алдымен айтып көрші, мың ділдаға татый ма екен? 

 

—       Алдымен ақысын төле,— дейді сөз сатушы. Мың ділдәға татымайтын сөз болмаса, базарға алып 



шығып қайтейін. Бұл сөзді орнын тауып қолдансаң, өлімнен де құтқарады. 

 

Сонымен Рақым мың ділда беріп, «Сұлу сұлу емес, сүйген сұлу» деген сөзді сатып алады. Үйіне қайтып 



келіп, саудасын әйеліне айтады. Әйелі ашуланарын да, күлерін де білмей отырып қалады. 

 

Үшінші күні әйелі қапшыққа тоғыз жүз тоқсан ділдәні салып, қолына ұстатады. 



 

—       Ақшаның қалғаны — осы. Басқа ешнәрсеге жұмсамай, үйге керек-жарақты ғана алып кел!— деп 

тапсырады. Рақым базарға келсе, әлгі кісінің «Бір  сөзім бар, құны мың ділдә!» деп айқайлап жүргенін 

естиді  де,  бұған  да  қызығады.  Бірақ  әйелінің  ескертіп  тапсырғаны  бар.  Екі  ойлы  болып,  базарды  бір 

айналып шығады. Ақыры «ер кезегі үшке дейін» деген сөз бар. Өткендегі сатып алған екеуінен де пайда 

көргем жоқ, бәлкім, үшіншісінің пайдасы тиер, сатып алайын осыны деген қорытындыға келеді де, әлгі 

адамға барып: 

 

—       Мен алайын сөзінді,— дейді. 



 

—       Әкел ділдәнді. 

 

Рақым ділдәсін санап еді, мыңға жетпеді, тоғыз жүз тоқсан болып шықты. Сөз иесі: 



 

—       Болды, қапшығымен мың,— дейді де, «Мың естігеннен бір корген артық» деген сөзді Рақымға 

сатады да, кетіп қалады. 

 

Рақым әйелі берген барлық ақшаны үш ауыз сөзге төлеп, қайтерін білмей көшеде сенделіп жүргенде бір 



керуен келіп қалады. Ол бір қызметші алмақ екен, Рақым соған жалданады да, керуенмен бірге жүріп 

кетеді.  Керуен  бір  жерге  келіп,  жүктерін  түсіреді  де,  демалады.  Сонан  соң  керуен  басы  жол  жайын 

түсіндіріп, тапсырма береді. 

 

—       Біз баруы бір айлық, қайтуы бір айлық алыс жолға шеру тартамыз. Алдымен он бес күндік сусыз 



өлкені басып өтеміз. Сондықтан он бес күнге жететін ауыз суды ала жүруіміз керек. Сол он бес күндік 

жердегі құмның арасында бір бастау бар. Сол жерде бірнеше күн тынығып, тағы да он бес күнге жететін 

су алып, әрі қарай жүреміз. Сол он бес күндік шөлді басып өткен соң, інжу- маржан кеніне жетеміз. Содан 

тоғанағымызды толтырып алып, кері қайтамыз. 

 

Сөйтіп, жолаушылар керуен басы айтқандай он бес күн сусыз шөлді басады. Арып-ашып, қақырығы түтеп, 



бастауы бар жерге зорға жетеді. Бастаудың орнында құдықтың аузы сияқты үңірейген әңгек қана жатыр 

екен. Адам мен көлік түгел шөлдеп қырылатын болған соң, керуен басы арқан байлап, құдыққа ретімен 

екі адам түсіреді. Екі ретте де адамның басы кесіліп, құр денелері ғана шығады. Керуен басы не істерін 

білмей, қатты кейиді. 

 

—        Ей, жарандар, біз енді қалай жүрсек те қырыламыз, амалдарың бар ма? Кімде-кім бізді осы ажалдан 



құтқарса — осы дүние-мүлікті тоғанағымен беремін. 

 

Осы кезде Рақым: «Менің мың ділдаға алған сөздерімнің бірде бірінің септігі тимей ме? Тәуекел деп, осы 



шыңырауға түсейін. Ажалым жетпесе — аман қалармын» деп ойлайды да: 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              347 bet 

—        Рұқсат болса, құдыққа мен түсіп байқайын дейді. Керуеншілер талабын қабыл алып, белінен арқан 

байлайды да, Рақымды әңгекке жібереді. Рақым түссе құдықтың түбінен мөп-мөлдір су көрініп тұр екен. 

Судың екі жағында бір қыз, бір жігіттен төрт адам отыр. Олар Рақымнан: 

 

—        Неге келдің?— деп сұрайды. 



 

—        Су сұрай келдім,— дейді Рақым. 

 

—        Жарайды ,  - дейді құдықтағы екі жігіттің біреуі.— Сұрай келген қалағанын алады, тулай келгеннің 



басы қалады. Біз жердің астындағы судың иесі едік. Мен мына қызды сұлу деймін. Анау ана қызды сұлу 

дейді. Жер астындағылардың бәрі осы екі қызға дұрыс баға бере алмады. Содан кейін жер бетінен су іздей 

келген адамға төрелігін айтқызайық деп тостық. Бағанағы басы кесіліп, сыртқа шыққан адамнан осыны 

сұрап едік, бірі менің жанымдағы қызды сұлу деді, анау оның басын қағып түсірді. Екіншісі ана жігіттің 

қасындағы қызды сұлу деді, мен оның басын алып тастадым. Ал енді сен айтшы, осы екі қыздың қайсысы 

сұлу? 


 

—        Жөн,— дейді сонда Рақым мың ділдәлық сөзді есіне түсіріп.— Тегі бірді тең көру керек. Шабдар 

айғыр шапқан екен, шомбал бие тапқан екен. Тегінде сұлу сұлу емес — сүйген сұлу ғой. Кімнің көңілі 

кімге ауса — сол оған сұлу көрініп, ыстық сезіледі. Әркімнің өз сүйгені — өзіне. 

 

Бұл төрелікті естіген соң жердің астындағы ғашықтар да разы болып, қатты қуанады. 



 

—        Сен біздің көңіліміздегіні таптың. Осыған жауап таба алмай, біз осы жерде бір жыл сарылып 

жаттық. Сенен бұрын келген екеуі су сұрай келмеді. Бізді жазғырып, тулай келді. Сондықтан олар жер 

бетіне су алып шықпақ тұрмақ, өздерін де сақтай алмады. Сен жөн біледі екенсің, кайта бер, артыңнан біз 

суды да шығарып береміз. 

 

Рақым жер бетіне аман шығады. Іле сарқырап су да аға бастайды. Шөліркеп, қаны кеуіп қалған адамдар 



мен көліктер сусындап қарық болады. Сөйтіп, керуен басы өзінің ажалдан аман калғанына шүкір етіп, 

уәдесі бойынша тоғанақты Рақымға береді. Рақым керуенді бастап, он бес күндік шөлден өтеді де, інжу-

маржан кеніне барады. Ол жердегі маржаннан керегінше алып, кері қайтадьі. 

 

Жолшыбай  Рақым  жүргіншілерден  әр  түрлі  қауесеттер  естиді.  Біреулер:  «Рақым  дегеннің  әйелі  кетіп 



қалыпты»  дейді.    Енді  біреулері:  «Басқа  біреуге  тиіп  кетіпті»  дейді.  Тағы  біреулер:  «Рақымның  әйелі 

қатты науқас екен, үш күннен қалмай жетсін депті» дейді. Рақымның дүние-мүлкін қолға түсіруді ойлаған 

біреулер:  «Обал-ай,  Рақымнын  әйелі  баласын  арқалап  көшеде  қайыр  тілеп  жүр  екен»  деген  өсектерді 

таратады. 

 

Рақым бұл сөздерді естіп, іштей қатты толқиды. Керуенді тастап кетіп қалуға да оқталады. Өзінің базарға 



барып істеген саудасынан кейін әйеліне айтпай, керуен басына жалданып кеткенін ойлап: «болса болар» 

деген байламға да барады. Сөйтіп екі ай болып жүргенінде: «Мың естігеннен бір көрген артық» деген сөз 

есіне түседі. «Қой, алыпқашпа сөз бола береді, көрмей тұрып сыртынан кіжінбейін, не де болса барған 

соң көрейін» деген ойга тоқталады. 

 

Рақым керуенін шұбыртып, үйіне келеді. Қосағы оны күтіп отыр екен. Бес атқа артып келген нәрселерін 



ішіп-жеп, қиындық көрмепті. Баласын бағып, Рақымның аман-есен оралуын сағынышпен күтіпті. Рақым 

қиуадан  кезіккен  қимас  жарымен  қайта  табысып,  алып  келген  тоғанақтарын  бұлдап,  ырғыншылыққа 

ісенеледі. Кексеген мұратына жетіп, бақытты өмір сүріпті. 

 

230 - Бөлім: ЖАҚСЫЛЫҚҚА-ЖАҚСЫЛЫҚ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1927 

Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              348 bet 

 

 



Жолаушылап  келе  жатқан  шал  бір  кісінің  жол  үстінде  жыланды  қамшының  астына  алып,  өлтіргелі 

жатқанын көреді де: 

 

—  Ей,  пенде,  андағы  жыланды  өлтірме,  ол  да  жан  иесі  ғой.  Құн  сұрайсың  ба,  мен  берейін,—  дейді. 



Жыланды өлтірмек болған кісі: 

 

—        Бір мысқал алтын бер,— дейді. 



 

Жолаушы шал оның сұрағанын береді де, жыланды ажалдан арашалап қалады. Ал жылан өзін өлтірмек 

болған кісі кеткен соң, ажалдан арашалаған жолаушы шалға айбат шегіп: 

 

—        Жақсылығыңа — жамандық, мен сені шағамын,— дейді. Шал дәлел айтып, дауласады. 



 

—        Жақсылыққа — жақсылық бұл әлемдік ереже. 

 

—        Жоқ, мен ондайды білмеймін!— деп, жылан көнбейді.— Жақсылыққа — жамандық. 



 

Екеуі  егесе  ерегесіп,  қызыл  кеңірдек  боп  айтысады.  Содан  кейін  анадай  жердегі  бәйтерекке  барып 

жүгініседі. Бәйтерек: 

 

—        Жақсылыққа — жамандық!— деп, жыланды жақтайды. Шал мұның себебін сұрайды: 



 

—        Дәлелін ашып айт! 

 

—        Мұның себебі сол,— деп, бәйтерек сөзін жалғайды.— Мына құла түзді басып, арлы-берлі шұбырып 



жүргендер  талығып  келіп  менің  көлеңкемді  саялайды.  Тамағын  ішіп,  ұйықтап  тынығады.  Бұл  менің 

жақсылығым  емес  пе!  Ал  кетерінде  олар  шыбығымды  сындырып  кетеді.  Бұл  —  жамандық  қой. 

Сондықтан жақсылыққа — жамандық. 

 

Шал сөзге жығылады да, амалсыз жыланның ырқына бағынады. 



 

— Ал, ендеше, шақсаң — шақ...— деп, көнеді. Шалдың бұл мәрттігіне жылан да риза болып, райынан 

қайтады. 

 

—        Мен қате ойлаппын, сен мәрт екенсің. Дұрыс жақсылық жасағанға жақсылық жасау керек. Сені 



шақпаймын. 

 

Сөйтіп,  жылан  мен  шал  жарасады  да,  екеуі  достасады.  Бұл  жылан  —  жыландар  патшасының  жалғыз 



баласы екен. Ол шалды жолынан бұрып, әкесінің алдына алып барады. Әкесі көзі шақшиып, қынабынан 

қылышын суырады да, ашуға басады. 

 

—        Адам баласын арамызға неге алып келесің. Адамдар — біздің қас жауымыз. Мұның басын аламын 



да,  денесін  жәркемдеп  жыландарыма  таратып  беремін!—  деп  каһар  шашып,  ұлына  ақырады.  Сонда 

баласы әкесінің кезеген қылышының алдына көлденең тұра қалады.  Бұл адам мені ажалдан құтқарып 

қалды, Біреу қамшының астына алып, мені өлтіргелі жатқанда мына адам алтын беріп, аман алып қалды. 

Жақсылыққа — жамандық қылсаң — оны өлтіргенше мені өлтір! 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              349 bet 

Әкесі ұлының сөзінен аттап өте алмайды да, іштей қатты құсаланады. Сол құсалықтан тісінің түбіндегі 

уының қабы жарылып,  уыты денесіне тарайды да, әлі  кете бастайды. Сонда да күшін жинап, баласын 

құтқарған шалдан: 

 

—        Не қалайсың?— деп сұрайды. Бала жылан сыбырлап шалға: «Қапшығынды, тақиянды, сырнайынды 



аламын де»,-деп үйретеді. Шал жыланнан осы айтқандарды сұрайды. 

 

Жылан патшасының құдіреті де, өнері де, дәулеті де осы үшеуінде екен. Шал осыларды сұрағанда теріс 



қарап алып жылайды да, қайта аунап түсіп күліп жібереді. Сол арада шалдың сұрағанын береді де, жылан 

жан тапсырады. Ақыры шал да жылан баламен қоштасып, жөніне кетеді. 

 

Әкесі өлгеннен кейін шалдың жетім калған баласы азып-тозады. Ішетін асқа, оранар киімге зар болады, 



басына  ауыр  күндер  төнеді.  Қарыны  ашып,  айналасына  қарағыштап  отырып,  бір  күні  әкесінен  қалған 

қапшық есіне түседі. Енді сол қапшықты наубайға апарып, ішінде ақша бар деп алдап, нан алып жемек 

болады. Наубай балаға иланады. Бала нанға тояды. Алайда қорқып та отырады. Бір кезде Наубай: 

 

—        Ал бала, нанға тойдың ба, онда ақшанды бер!— деп тесірейе қарайды. Ақшам үйде қалыпты деп 



сылтауратып, сытылып кетпек болған бала: 

 

—           Түс  ақшам, түс!— деп қапшықтың аузын төмен қаратып, қағып-қағып жібереді.  Сол-ақ екен, 



капшықтан сау етіп алтын ақша төгіледі. Қапшыктың бұл сырын бала білмеуші еді, өзі де шошып калады. 

Сонда  да  наубайға  сыр  білдірмей,  жеген  нанының  құнын  төлейді  де,  бір  қап  нанды  тағы  алып,  үйіне 

қайтады.  Жерге  түскен  артык  ақшаны  қайтадан  қапшығына  салып  қояды.  Енді  қарны  тойып,  киімі 

жаңарып, көзге түсе бастайды. 

 

Сол тұста басқа бір елдегі патшаның асқан сұлу қызы барын естиді. Сол қыздың жамалын бір көрген адам 



бір  жыл  артық  ғұмыр  кешіреді  дейді.  Қыз  басына  жамылған  жаулығын  ашып,  сұлу  дидарын  бір 

көрсеткенде, бір ділдә алтын алады екен деген қауесет желдей есіп тарайды. Қапшыққа сенген бала да 

қыз дидарын көруге барады. 

 

Қыздың бетін көруге барған адамға алдымен сый көрсетіліп, күтіледі, қонақ етіп сыйланады да, содан 



кейін  құмар  ойналады  екен.  Бала  ойынға  айналып  отырып,  бірінші  рет  жаулығын  ашқанда  бетін  көре 

алмай  қалады.  Қапшығын  қағып-қағып  жіберіп,  тағы  бір  ділдә  алтын  береді.  Бұл  жолы  да  ойынның 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет