ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет58/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153

осындай халге душар болдым деп ішкі сырымды айтқым келіп еді, бірақ мұның хатын апарып, әуелі оның 

ішкі  сырларын  біліп  алайын  деп  ойлап  «қүп  болады»  ден,  хатын  алып  жүріп  кеттім.  Айтқанындай  ақ 

күмбезге келін, керсеткен есіктен кірдім. Мен кіріп келсем, үш есік түр. Төргісінің аузын ашып қарасам, 

бір жігіт отыр, аяк қолы шынжырлы. Нұсқасына қарасам, адам баласының жаны ашитын, арықтығы ар 

жағынан сүйектері көрініп тұр, бір түрлі мехнат көріп отырған адам. Түрін қарап тұрсам, құр қу сүйекті 

құрап  қойған  секілді.  Не  қыларымды  білмей,  осыны  істеген  адамды,  шамам  келсе,  отқа  итергім  келіп 

қаным қайнап, жөнін сұрайын деген оймен хатты қолына беріп, «жаным-ау, мұнша саған не болды» деуім-

ақ сол екен, дүние жүзі қозғалғандай шатыр-шұтыр етіп, зілзала орнағандай болды. Не екенін білмеймін

өліппін де калыппын, сонан кейін көкте екенімді, жерде екенімді білмеймін. Бір  уақытта кішкене есім 

кірейін  депті,  қозғалуға  дәрмен  жоқ,  өне  бойым  ұсатылып  қалған,  қимылдатпайды,  басым  зеңеді. 

Байқасам мүшелерім өзімдікі емес секілді. Жан-жағыма көз жіберсем өзімді табытқа салып, көтеріп жүр. 

Өне бойымды қызыл қан жауып кеткен, жатқан жерімде қара құрттай кісі каптап жүр, басым быт-шыт 

болып жарылып қалыпты. Бұл қалай деп сұрайын десем, шамам келетін емес, көтеріп жүрген адамдарға 

«мені бір оңашалау жерге апарыңыздар» дедім. Іздеп келіп алатын жолдастарым қайда екенімді білмей 

жүр ғой, әлде мынадан қорқып қашып кетті ме екен деп те ойлаймын. Әйтеуір топтан шеткері бір жерге 

алып  келіп,  табытыммен  қойды,  ептеп  байқасам  бұрынғыдан  көрі  есімді  жиып  қалыппын.  Топтың 

ортасында биік  құрылған табыт тұр, үстінде бір өлген адам жатыр. Астында бір еңгезердей әдемі жігіт, 

басында айыр қалпақ, қолында қос желек найза, үстіне киінгені торқа сауыт, мойнында садақ, екі көзінен 

жас  ағып,  бауырым-ай,  тыянағым-ай,  жүзіңді  көріп,  ауыз  екі  қоштаспадым-ау»  деп  зарлап,  найзасына 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              387 bet 

сүйеніп жылап тұр. Сонша көп халық табытты айналып жылап олар да тұр. Тұруға шама жоқ, бір кісіні 

шақырып  алып,  «мынау  не  уақиға»  деп  сұрадым.  Ол  адам  жайланып,  жаныма  отырып,  мұны  сұрасаң 

айтайын  деп,  бетіме  қарады  да:  «анау  табытта  тұрған  жігіт,  бағанағы  өзің  хат  апарған  жігіт  еді.  Сен 

сөйлеспей бере салып, кейін қайтқанда адам білмейтін еді. Ешкімді сөйлестірмеуге, ешкімге көрсетпеуге 

патшаның қойған адамдары сенің даусың шыққанда соғып кетті. Қыздың дұғасы бар деп айтуы да сол еді. 

Анау өлген жігіт патшаның баласы. Және оның інісі де патша. Бірақ бұл патша болғанда арық жігіттің 

әкесіне қарайды. Қыз сол кіші патшаның қызы. Інісі ағасын өлтіріп, орнына үлкен патша болсам-ау деп 

жүреді екен. Бір мезгілдер болғанда, ол есебін адамға сездірмей, бір мыстан кемпірге ақы беріп, ағасын 

өлтіріп,  мұра  менікі  деп,  баласына  бермей  ағасының  орнына  патша  болды.  Сонымен  ол  жүріп  жатты. 

Екеуінің әкесі бір туысқан кісілер болса да қыз жігітке ғашық, жігіт қызға ғашық. Мұны бір күні қыз әкесі 

сезіп қойып, «екі тозақы, бұлар шариғатқа қисық іс істеді және мені халыққа масқаралады, патша қызы 

інісіне ғашық деген әңгіме елге жайылды, мұны жөншілікпен өлтірмей масқаралап өлтірейін» деп ойлады. 

Ақыры  жігітті  шынжырлап  қысып  ұстады.Сөйтіп  ешбір  адам  айла  таба  алмай  қыз  жүре  беріп,ешкім 

білмейді,  сырттың  адамы  деп,  сені  жіберген  еді.  Өзің  сөйлесем  деп  мына  бейнетке  ұшырап 

жатқаның,жаңа сенің сөйлескеніңді қыз әкесі патша біліп, жігітті дарға тартып жіберді. Сол екі ортада, 

арық жігіттің бір апасынан туған жиені болушы еді, бетіне жан келмейтін мықты батыр болған еді. Бір 

күні түс көреді де, халқына қару-жарақтарыңды алыңдар, менің нағашым бір пәлеге кездесті, соны біліп 

қайтам» деп, іздеп келген еді, мынау арық жігіттің өлген үстінен шықты, келе айғай салып араласып берді. 

Сол жерде дар басына жиылып тұрған халықтан біліп, патшаның басын алып, нағашысын анау мұнараға 

салып, өзі астында жылап, зарлап тұр. Қыз Күләнда әлгі батырдың қасында бір талып, бір тіріліп отыр», 

— деді бөтен адам.Сөйтіп отырғанымызда баяғы өзімнің көрген жолдастарым жылап, шулап, мені тірі 

тауып алғанға өздері қуанып, мені сол табытыммен көтеріп қосқа алып келді. «Кәне, енді біз жүрейік, 

өстіп  отырып  осылардың  бірдемесіне  ілініп  кетерміз,  кайтайық»,  —  деді  жолдастарым.  Менің  онда 

жұмысым жоқ, есі-дертім Күләнда, енді бір көріп сонымен сөйлессем деймін. Күләндамен сөйлессем бе 

деген оймен ақырында жігіттерді тоқтаттым. Екі-үш күн өткізіп, жараларым тәуір болды. Соның жүзін 

көрейін  деп,  шаһарға  таман  аяңдап  келдім.  Сұрастырып  білсем,  батыр  жиен  бір  бөлек  алтын  сарай 

салдырып, соған қызды бөлек күттіріпті. Жан-жағын қоршаған әскер. Мүнан күдер үзген соң қайтерімді 

біле алмай, сандалып келе жатып, енді әуре болмайын,себеп — ол менің қолыма енді түспейді, мұның 

суретін  алсам  да  болар  деп  ойладым.  Күләнда  қыз  күймелі  пәуескемен  келе  жатыр  екен,  күн  ыстық, 

пердесін ашып, мені көріп, атын тоқтатып тұрып: «Әй, жігіт, сен сөйлеспегенде өлмейтін еді гой, бірақ та 

жазу  осылай  шығар,  сен  де  қас  қылған  жоқ  шығарсың»,  —  деді.  Сонсоң  мен  жылай  бердім.  Ол  «неге 

жылайсың»  деп  сұрады.  Өз  халымды  айтып  ем:  «Ой,  бейшара,  әуре  болма,  батыр  білсе,екеумізді  де 

өлтіреді, онан да өзің бар да еліңді тап», -деді. «Ең болмаса суретіңді берсеңші», — дедім. «Ендеше,алтын 

сарайдың батыс жағына бар да тұр, қазір мен де барамын», — деді қыз.Келіп тұрдым, әлден уақытта, күн 

батар мезгілде қыз келді. Көрді де бір нөкерін шығарып алып, «үйдегі менің суретімді әкеп берші» деді. 

Нөкері  алып  келіп  маған  берді.  Сонсын  Күлән  қош  айтысып,  сарайға  кіріп  кетті.  Жылай-жылай  мен 

қайттым.  Ана  тұрған  сол  қыздың  суреті,  деді  шал.  —  Ол  үшін  әуреленбе,  ала  алмайсың,  өзің  жазым 

боласың,  қайт»,  —  деді.  Мұны  естіп,  тағы  жалынып,  зарлап:  «Ататай-ау,  рақым  қылсайшы,  мендей 

құлыңа жөніңді айтсаңшы, барайын», — деп шалдың аяғын құшақтап жалындым. 

- Тоқта, — деді бір уақытта, — сенің зарың менің сүйегімді сырқыратты, енді айтайын. Шал мені ертіп 

биік таудың басына алып шығып, жөнін көрсетіп: «Осымен тоқтамай жүре бер, алдыңнан бір үлкен көл, 

жайқын су кездеседі, сонан аман өтсең еліне барасың, — деді. — Егер де осы жолмен жүріп отырып суды 

тапсаң сол суда менің астылы-үстілі байлап қойған кемем бар. Соған мін, және батысқа қарай аға бер, 

басқа жаққа бұрылсаң ғұмырыңда табу жоқ», — деді. Мен бәрін сұрап алып, «құдай, енді өзің оңғар» деп, 

жолға түсіп, жүріп кеттім. Шалдың көрсеткен жолымен тура аман-есен суға келдім. Суды жағалап жүріп 

кемені  тауып,  біраз  осы  жерде  тынығайын  деп  үш  күн  жаттым.  Төртінші  күні  жүрмек  болып,  кемені 

дайындап, суға түсіп кете бардым. Күн батысқа жүріп, кемені айдап келе жатыр едім, күн бұлттанып жел 

тұра бастады. Дауыл соқты, мен кеменің астындағы қабатына түсіп алып жаттым. Әлдене уақытта жел 

шығып судың жүзі боранша көпіріп, толқын таудай болып, кемені айдап жөнелді. Біресе аударып, біресе 

домалатып жүріп келеді. Менде ес жоқ. Кемесімен суға кетем ғой деп жылап қорқып, жанымменен қош 

айтысып жүріп келемін. Бір мезгілде жел басылғандай болды. Кеменің үстіңгі қабатына шығып қарасам 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              388 bet 

қалай  кетіп бара  жатқаным  білінбейді.Дүние жүзі  көкпеңбек  су,  дүниенің  ол  шеті  мен  бұл  шетіне  көз 

жетпейді. Мен жылап-еңіреп, «мына судан енді шыға алмай өлгенім ғой, Күләндам жүзіңді бір көре алмай 

кеткенім  бе»  деп,  ботадай  боздап  жылай  бердім.  Бір  уақытта  жел  қайта  көтеріліп,  таудай  толқындар 

кемені аударып-төңкере бастады. Мен сорлы тағы кеменің астыңғы қабатына кіріп жатып алдым. Кемені 

толқын тербеп айдап, сырғытып келеді. Осымен судың бетінде жеті күн жүрдім. Әлдене уақытта кемені 

жел айдап жағаға алып келді. Қуанып, секіріп түсіп, кемені байлап тастап, қырға шығып, жүгіріп келе 

жатырмын. Көздің ұшында шаһар көрінеді. Биік ақ мұнарасы бар. Жүгіріп шаһарға келдім. Келсем адам 

жоқ,  бір  түрлі  сәнді  шаһар.  Бұл  не  шаһар  деп,  аралап  келе  жатып  ортасында  күнше  зейнеттеп  салған 

сарайды  көрдім.Айналып  жүріп  бір  жақ  есігінен  ішіне  кірдім,  сарайдың  асты-үстінде  адам  айтқысыз 

алтындаған құрулы тақ бар екен. «Е, тәңірім, бұл шаһардың адамдары, малы, жан иесі қайда кеткен, апат 

келіп қырылды ма екен, болмаса қалпымен жолаушылап кетті ме екен» деп тұрып, тақтың үстіне шығып, 

өз елімдегі патшалық өмірім ойыма түсіп, масаттанып отыр едім, әлдене уақытта даладан дауыс шықты. 

Не  дауыс  екен  деп  есім  шығып,  далаға  шықсам  шаһардың  іші  толған  маймыл.  Мен  есімнен  айрылып 

талып кеттім. Менің үніммен маймылдардың жұмысы жоқ. Мені көріп қалып, шуласып,  «құдай берді, 

мынаны патша қылып аламыз, жезтырнақ бізге тимейді» деп шырқырасып жатыр. Бір мезгілде көзімді 

ашсам бетіме су сеуіп отырған ылғи маймыл, тағы не пәлеге жолықтым деп зарлап мен жылап отырсам, 

маймылдар бізге өсиет айтып отыр деп ойлапты. Мен зарлап, жылап болған кезде бір үлкен тақтайды екі 

маймыл көтеріп алып келді. Тақтайда жазу бар екен, әкелді де менің қарсы алдыма қойды. Бұл не нәрсе 

деп тамашалап қарап тұр едім, жазылған сөз мынау екен:  «Бұл шаһарға келген адам баласы осындағы 

жазу бойынша, маймылдарға патша болып тұра береді. Егер кетем деп ойласа, өмірін қорлықпен шірітеді. 

Шыдамай, кетем деп күн шығысқа қарай жүрген адам жезтырнаққа кез болады, оңтүстікке жүрген адам 

кісі етін жейтін адамға кез болады, солтүстікке жүрген адам  — шеті  жоқ су болады,осы маймылдарға 

патша болып тұрса, ақиретте ақ жүзді иманды болады», — деген. Ақырында «мұны жазған мен, Сүлеймен 

пайғамбармын»  деп  қол  қойған.  Мына  жазуды  оқып  мен  тағы  да  талып  кеттім.  Өліп  кетті  ме  деп 

маймылдардың есі шығып, шуылдап, су сеуіп тағы тірілтіп алды. Бір уақытта маймылдар өзі сойып жесін 

деп бір семіз қой берді. Неше күн су бетінде жүріп, қарным ашып қалған екен. Маймылдардың енді қастық 

қылмайтынына  көзім  жетіп,  қойды  өз  қолыммен  сойып,  бұзып,  қазанға  асып  жедім.  Сөйтіп  мен 

маймылдарға патшалық өмір ете бердім. Түн болса маймылдар, жатсам да маймылдар айналамды қоршап 

ұйықтайды, қашып құтылу қиын-ақ. Таң атып тамақтанып болған соң бір итті ерттеп, мені мінгізіп алып

ертіп  жүрді.  Күн  шығысқа  қарай  келе  жатырмыз,сәске  мезгілде  бір  үлкен  дарияға  келдік.  Сол  күні 

жезтырнақтар маймылға шабуыл жасайтын күні екен, әлдене уақытта қара құрттай қыбырлап келе жатыр. 

Маймылдар  мені  шыр  айналып,  тығылып,  шулап  тұрды.  Жезтырнақтар  таяп  келіп,  мені  көріп, 

маймылдарға  тие  алмай,  иіріліп  тұрып  қалды.  Маймылдар  қуанып,  адамзаттан  патшамыз  бар  деп, 

жезтырнаққа көрсетіп, жүгірісіп жүр. Егер адамзаттан патша қойса, жезтырнақ тимейді екен. Олар иіріліп 

тұрып-тұрып тарап кетті. Түс болған соң біз де шаһарға қайтып келдік. Күндіз-түні уайым-қайғы, қалай 

кету есебін таба алмай жылаймын да отырамын. Бір күні ойланып отырып, «қой, бүйтпейін, халқымды 

аралайын деп бұларға әмір қылайын. Сонан соң өздерімен өздері әуре болып кеткен кезде қашайын» деген 

ойды ойладым да халқымды жиып алып, «мен алыста жатқан елімді аралаймын» деп, жүйрік итті ерттетіп, 

міне салып, ел аралауға жүріп кеттім. Құмырсқа жақтағы бір маймылдың ауылына келіп қондық. Патша 

келген соң есі қала ма, арақ-шарапты жинап, малды сойып, естері шығып шуласып жүр.Сөйтіп отырғанда 

мен барлық жұртты жинап алып,арақ-шарапты ішкізіп, түгел мас болған кезде итке мініп алып, қашып 

жүріп кеттім. Мастықтары қайтып естерін жиған кезде, олар тұрып мені іздейді. Кетіп қалғанымды біліп, 

барлығы жиылып, ойбайлап, жыласып, енді өлдік деп шулап, иттеріне мініп алып, менің кеткен ізіме түсіп 

алып, қуып береді. Олар қуып, жақындап келе жатқанда мен де жаңа ғана құмырсқаның жұртынан өттім. 

Құмырсқалар жалғыз мені байқамай таң алдында шырт ұйықтап жатқан еді.Мына қуған маймылдардың 

дүбірімен оянып, көріп әдейі өз жұртына іздеп келген жауды аясын ба, қарсы шығып соғыс салды. Мұны 

көріп, маймылдар мені қууға шамасы келмей құмырсқалармен соғысып қала берді. Мен сол жүргеннен 

жүріп, тоқтамай үш күн, үш түн жүрдім.Тынымсыз жүрген ит онан ары жүруге жарамай болдырып, өлім 

халіне  келді.  Берейін  десем  түк  тамақ  жоқ,енді  қайтерімді  білмей,  я  құдай  мен  ғаріпті  осынша  неге 

аямадың деп  уайымдап отырдым да  «қой, бүйтпейін, мұнымен отырып өліп қалармын, жүріп тіршілік 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              389 bet 

қылайын» деп, итті тастап, жаяу қаңғып жүріп кеттім. Көп жүрдім. Ел-жұртымның бетін көре алмадым. 

Ылғи шөл. 

Жапан дүз дала. Әбден халім бітіп өлудің аз-ақ алдында болып келе жатыр едім, алдымнан бір биік тау 

көрінді. Соған аяңдап келдім. Басына шығып қарайын, жан-жақтан не көрінер екен деп ойлаған едім, әлім 

бітіп, шаршап қалай шығарымды біле  алмай  тұрдым. Дәл тұрған жерімнен бір биік тас көрінді.  «Қой, 

бүйтіп ит жемеде өлгенше, мына тастан құлап өлейін» деп, енді секіргелі тұрғанымда, арт жағымнан бір 

дауыс:  «Ей,  ақымақ, имансыз неге өлесің, онан да  анау  бейіттің ішінде екі  дәруіш  отыр,  соған барсаң 

мұрадың хасыл болады», -деді.Мұнда келіп едім, мына екеуіңді көрдім», — деді. 

Үшінші дәруіш Мен де бір патшаның баласы едім, әкем сонша қаһарлы, алдына еш адам келмейтін түсі 

суық адам еді. Сол кісіден мен жалғызбын. Және бір қарындасым бар. Басқа ұл туысым жоқ. Сайран етіп, 

сауық құрып жатамыз.Еш уайым жоқ. Қасыма ерген нөкерлерім бар. Күнде сауық. Әкемнің қартайған 

уағы еді, бір уәзірі бар, ол да халыққа қадірлі, бірақ қатаң мінезді еді. Бір күні әкем ауырып, үш күн жатып, 

дүниеден қайтты. Өзім жас, әкем өлген, уайым-қайғымен қараланып мен жүрмін. Шешем тәуір кісі еді. 

Бір күні: «Балам,өлгеннің соңынан өлмейсің, осы елдің түрі жаман,түбінде ертерек мына әкеңнің орнына 

отыр, өйтпесең ана уәзірдің мінезі жаман, қан ұртты адам еді, іштен жүріп бір күні халықты өзіне аударып 

алып, таққа отырар да сені қаңғытып жіберер, онан бұл ұялатын кісі емес. Саған менің айтқан ақылым», 

— деді шешем. Мына сөзді түсініп, елімді жинап алып: 

- Ай, халқым, әке өлсе балаға мұра деген еді. Мынау әкемнің орны бос тұрмасын,  — дедім елге. Анау-

мынау деп отырғанда уәзір сөз бастап еді, отырған ел соны мақтады. «Патшаны енді көп болып тас салып 

сайлаймыз, мен болам деген кісінің бәрі де патша бола берсе, елдің бәрі де патша болар», — деді ол. Анау-

мынау деп едім, елдің беті ауып кеткен екен, сол жерде табан аудармай уәзірді патша қойды. Уәзір мені 

сол  сарайдан  шығарудың  қамына  кірісті.  Жас  болсам  да  жөншілікпен  шығам  ба,  тартыса  кеттім. 

Ақырында уәзір қойған жоқ, өзімді қорлықпен масқаралап айдап шықты. Сонымен не қыларымды білмей, 

сандалып жүрдім. Сол әкем патша болып тұрғанда бір досы бар еді. Бір күні жылап соған келдім. Ол мені 

көріп жылап, «қайран, шырағым Зейнел-ай» деп, құшақтап,біраз тұрып, шешем, қарындасым — бәрімізді 

үйіне ертіп келді. Отырып: 

- Ей, Зейнел, әкеңмен құдай дескен дос едім. Сен мына халге ұшырап қалған екенсің. Әкең тірі уағында 

бір перінің патшасымен дос еді, соған жылда бір барушы еді, қолқасына бір маймылдың суретін әкелуші 

еді, сол сурет отыз тоғыз болып еді, барғанда мені қалдырмай алып барушы еді, сонда пері айтушы еді, 

осы сурет қырыққа толса не болам десең боласың, кімде кандайлық кегің болса, соны қалайда аласың деп 

еді, сен соған барып мына болған халіңді айт, әкеңмен достығын айт,сонан соң анау қалған маймылдың 

суретін сұрасаң берер, мен соған ертіп барайын, — деді.Әкемнің досы екеуміз жүріп отырып, бір күндерде 

періге келдік. Күтіп алды. Сонан соң болған халді айттым, әлгі пері патшасы отырып, басын шайқап: 

-Балам, сені қайдан білейін, ешбір сырыңды алғаным жоқ, әкең адал достыққа жарайтын жақсы кісі еді, -

деп отырды да, — жарайды, жарайды, әкеңмен дәмдес болып едім, бір рет сынап берейін. Мен адамзат 

патшасы  Онзила  шаһарының  қызына  ғашық  едім,  мен  соны  тартып  алам  деп  барғанымды  біліп  еді, 

ісмиағзам  дұғасын  оқып  жолатпай  қойып  еді,  сонан  не  істерімді  білмей  отырмын.  Не  ықтиярымен 

бермейді, соны қас қылмай әкеп берсең маймылдың суретін берейін, — деді. Пері патшасы соны айтып, 

қолымызға «мынаумен іздейсіңдер» деп, бір қыздың суретін берді. Қарасақ көрген адам жолында өлетін. 

Суретті алып, патшаның ғашық қызын іздеп кеттік. Көрсеткен жөнімен іздеп, неше күн жүріп келе жатыр 

едім, елсіз далада иығына қоржын салған бір қайыршы шал кезіге кетті. Сәлем беріп жөн сұрады: 

- Балалар, мен сол шаһардікімін, — деді. Қайыршыдан мына жақсылық хабарды естіген соң, мен тұрып: 

- Е, ақсақал, қайырсыз мың теңге аласыз ба, жоқ қайырлы бір теңге аласыз ба, — дедім. Қайыршы: 

- Қайырсызды не қылайын, қайырлы бір теңге беріндер, шырақтарым, — деді. Сол жерде қайыршыға бір 

ділда беріп жүріп кеттік. Жөнін сұрап, бір мезгілде шаһарды тауып алып, күн кешкірген уақыт, шаһарды 

аралап келе жатыр едім, шаһардың орта тұсында бір үлкен алтын сарай тұр екен. Бір жағы құлаған, ішінде 

бір шал, бір қыз отыр. Келсек бағанағы қойнымыздағы суреттегі қыз. Көңіл шат болып, осында қонайық 

деп келе жатсақ, отырған шал бағанағы өзіміздің қайыр берген шалымыз. Аттарымызды байлап тастап, 

ассалаумағалайкүм деп кіріп келдік. Көргеннен-ақ тани кетті. Бәрі де жылап отыр. Шал қалбалақтап: 

-Жоғары шығыңдар, балалар. Жолдарың болсын,қарақтарым, сендердің бір теңгелерің, қайырлы, берекелі 

болып,  бүгін  соған  да  көп нәрсе  алдым.  Мына  балам  қуанып  көп  алғыс  айтып  отыр,  —  деді.  —  Алла 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              390 bet 

сендердің жолдарыңды қылар, біз де мүсәпір адам едік, — деді. Сонда қуанып отырып, қасымдағы досым 

сөз бастап, пері патшасы жібергенін айтып, қызды сұрады. Шал мынау сөзді естіп, жылап сөз бастады: 

-  Балалар,  мен  заманында  патша  едім.  Қапыда  құдай  тағала  мына  күйге  салды,  сол  пері  лағнат  келіп, 

соғысып,  мал-мүлкімді  талауға  салып,  көп  қинау  көрсетті.  Мен  де  патшамын,  жөншілікпен  қызды 

бермедім. Енді күллі елді бүлдіретін болды. Сонан соң молдалар жиып, періге ем мынау болады деп, бөрі 

ісмиағзамның дұғасын оқыды. Әрі-беріден соң албасты секілді басып отырған пері әскері бір сағатта кетіп 

бітті. Кетсе де тыныш кеткен жоқ. Осылайша өзімізді ғарып қып, мына сарайдың бір жағын бұзып, барлық 

адамдарымызды жылатып кетті. Сонан бері  осы халмен күн көріп жатырмыз. Сіздердің кешегі  берген 

ақшаларыңыз өзім осы халге келгеннен бері көрген қайырлы нәрсем болды. Енді, балалар, сендерге не 

айтам,  өзім  мына  халде  отырмын,  заттарың  тәуір  көрінеді,  періге  осы  баламды  бермеймін  деп  түсіп 

отырмын  ғой,  қалай  қып  аласыздар,өстіп  отырып  бұл  баламды  енді  жылата  бермейін,  құдай  алдынан 

жарылқасын, — деді шал. Осы күні сол сарайда болып, ертеңіне қызды алып келе жатырмыз. Мен қызға 

жан-тәніммен ғашықпын. Жоқ жерде өзімнің ғашық екенімді қызға айттым. Қыз — Шарбану: 

- Мен қайдан білейін, менде не ерік бар, мені не қылғалы алып келесіздер, — деп, ауыр күрсініп жылады. 

- Жаным, Шарбану, мен сендік, енді ешкімгебермеймін, ықтиярмысың, — дедім. 

- Ондай күн болатын болса, өз нәсілімнен қайда барам? Амал жоқ, ерік кетіп келе жатырмын. Онда да мен 

қанша  баянды  болып  тұрар  дейсін.  Құса  болып  өлем.  Нәсілің  адам,  пері  емессіз  ғой,  сізге  мен  де 

ғашықпын, не қылсаң да ықтиярмын, — деді. Шарбану сөйтіп тұрғанда бағанағы досым келіп: 

- Ой, ақымақ, былай жүр, естіп пе ең патшаның айтқан сөзін. Қастық қылма дегені қайда. Бұған қатысып 

алып берсең, сен де, қыз да, мен де бұл жаһанда болмаймыз. Есің жоқ, біз ана қалаған маймылдың суретін 

алсақ барлық мұратқа жетеміз, жолаушы болма, — деп ұрсып, қуып жіберді. Енді таң атып бұл қонған 

жерден жүріп кеттік. Ертең мен қыздың қасына келіп, әр түрлі сөз айтып отыр едім, досым және келіп 

ұрысты. Мен әрібері көнбей: 

- Маған енді маймылдың суретінің керегі жоқ, осы Шарбануды өзім алайын,  — деп айтып едім, досым 

маңға отырғызбады. 

-  Бұл  жерде  әзір  ақымақтық  қылма,  суретті  алсақ,  осы  мұраттың  бәрі  де  болады.  Мен  өзім  бәрін  де 

орындаймын, — деп қызға жолатпады. Осымен келе жаттық. Енді екеумізді аңдып жақындастырмады. 

Ішімнен  қан  өтіп  мен  жүрдім.  Ақырында  аңдушыны  алдаушы  жеңеді  деген  ғой,  бір  қапысын  тауып, 

Шарбанумен қосылып қалдым. Оны досым біліп қалып, ойбай салып, «сен бүлдірдің енді бізге түк жоқ» 

деп, жер теуіп ұрысты. Мен досыма жалынып: «Ей, ағатай, маған жаныңыз ашыса, осы Шарбануды өзім 

алайын, енді маймылдың суретінің керегі жоқ», — деп зарлап жыладым. Олай-бұлай айтып едім болмады. 

Зарығып жылап жалындым, болмады. Ақыры менің көңілімді қимай айтты: 

- Жарайды, енді тұра-тұр, осы перілердің мұрнына исі келсе, жоламайтын бір дәрі болушы еді, кінә өзінен 

болсын,  оның  исі  мұрнына  келсе,  Шарбанудан  безіп  кетеді,  тастайды.  Сонан  кейін  қызды  да  аламыз, 

маймылдың суретін де аламыз, — деді. Сонымен қыз Шарбанудың қолына дәрі жақты. Бірнеше күн жол 

жүріп алып келді. Сонан соң бізді бір бөлек үйге әкеліп кіргізді, қызды оңаша бір үйге апартты. Тамақ 

ішіп болған соң, досымыз екеумізді қыз отырған үйге әкелді. Әр-беріден соң, Шарбанудың қасына барып 

еді, иіскелеп тұрып шошып секіріп шықты. Сүйтіп біздің қасымызға келіп, ақырып: 

- Батшағар, сен неше келіп, менің неше түрлі сырымның бәрін білгенсің. Антұрған, саған мен көрсетейін, 

-деді. Маған келіп: «Ей, оңбаған, дос болам дейсің, адамзат опасыз келеді»,  — деп, екеумізді жаққа екі 

тартып  еді,  дүние  жүзі  зілзала  орнағандай  шақыр-шұқыр  етіп  астан-кестен  болды.  Мен  өліппін  де 

қалыппын. Сонан кейінгі халдің не болғанын білмеймін. Бір уақыттар болғанда көзімді ашсам ел жоқ, күн 

жоқ бір меңіреу сар далада жатырмын. Досым да жоқ, қыз да жоқ, перінің шаһары да жоқ, не жер екенін 

біле алмай естен танып, жынды кісіше біраз отырыппын. Аздан соң есімді жиып, алып, бір таныс жер 

табылар  ма  екен  деп  едім,  жердің  бәрі  жат,  әкеден,  таж-тақтан,  ел-жұрттан  айрылған  былай  тұрсын, 

бәрінен мынау өтіп кетті. Ыза мен дерт ішке симай жылап. «Я, құдай, неңді алдым, осынша жас басымнан 

ғаріп қылғандай, енді мынау күйікті тарттырғанша, ал, құдай», — деп, ызаланып, жылап жатып,ұйықтап 

кеткен  екенмін.  Түсімде  әкем  келіп  айтады:«Шырағым,  ренжіме,  алланың  жазуы  осы,  осыдан  аумай, 

бетіңді күн батысқа қойып жүре бер. Алдыңнан бір биік заңғар тау көрінеді. Соның батыс жақ етегінде 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет