and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
553 bet
Малғұнды босатайын енді! - дейді.
Шайтанды хал ас қылып қоя берді,
Адамдар топ-топ болып жүреді енді.
Ұмтылды өзді-өзінің шаруасына,
Ду болып қыза берді базар енді.
Қылады біреу шаруа, біреу сауда,
Аң атып мергендікпен біреу тауда.
Дүниеде көп жұмысқа жарайды екен,
Бостан бос қалмайды екен шайтан жау да.
Ғазазіл болып малғұн қалған екен,
Билігін дүние ісінің алған екен.
Дүниеде адамзатты аздырмаққа,
Әркімге әрбір қиял хиял салған екен.
Бәтшағар соның үшін жүрген өлмей,
Шара не басқа түссе, пенде көнбей?!
Жалғанда әрбір түрлі қылған істің,
Адасар: оң-терісін пенде білмей.
Түспесін алдауына пенде не ғып?
Жүрген соң дайым андып қойдай бағып.
Құдайым рақым (рахым) айлап фазылына алған,
Пендесін өзі сақтап алар қағып,
Белгілі көрініп түр көзімізге,
Бек анық болуға аян өзімізге.
Бозбала, бекер ғой деп болма мүңкір-(мәнкір),
Кітаптан көріп айтқан сөзімізге.
Ғибрат ал болып жүрген болыс-биден,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
554 bet
Жалғанда әрбір басқа түскен күйден.
Мал шашсаң, ұлықтыққа партия боп,
Табылар екі жүз сом елу үйден!
Бір ниет ой ойласаң егер дінге,
Тартам деп хақ жаратқан түзу жөнге.
Беруге хақ жолына қылып һәммәт
Табылмас елу үйден екі теңге!
Осылай болып біздің заманымыз,
Құрып тұр бұған хайла амалымыз.
Жалғанда арманда боп біз барамыз,
Бір жерге тұрақтамай табанымыз!
Бұл Мәшһүр Бұхар барған, Қоқан барған,
Ойы бар: кетсем деген онан да арман.
Түлеген аққу кұстың қанатындай,
Жерінде жүрген-тұрған сөзі қалған.
341 - Бөлім: ЫҚЫЛАС СҮРЕСІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2038
ЫҚЫЛАС СҮРЕСІ
Құдайға шексіз шүкір, сана сансыз
Өлім хақ, ол келеді бір күн аңсыз.
Алланың бірлігіне тәсбих айтар
Жаралған күллі ғалам жанды-жансыз.
Баршасы зікір етер есім сәтін,
Әрбірі, әр Лафызда айтар атын.
Құранда сүре "Ықыласың аятында
Білдірген құдіретімен өз сипатын.
Осылайша бұл сүренің фазылы бар
Құранның тәпсірінде айтылар.
Құранда фазыл болған уақиғасын
Имамдар осы түрде қылады изһәр.
Қырық жасында Пайғамбарға уәхи келді,
Кәпірге дағуат ет деп Хақ бұйырды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
555 bet
"Аллаһ бір, хақ Расулын таны!"- деп,
Меккенің кәпіріне хабар берді.
Кәпірлер Расулге айтты:
- Иа, Мухаммед,
Көресің пұттарымыз әр түрлі зат.
Сен-дағы Құдайыңның асыл затын
Біздерге мағлұм етіп әйлә қыл жат.
Өзінің құдіреті мен Жаббар құда
Жіберді бүл сүрені Хабибына.
Пайғамбар кәпірлерге жауап берді,
Дәлелдеп бұл "ЬІқыласты" барлығына.
"Ықылас" — деп, бұл сүреге қойылған ат,
Оқыса ықыласымен әркім сөзін.
Хақына жаһаннамның оттарынан
Ол құлдың бар денесін қылар азат.
Бағызи мағрифат дүр бұл сүренің
Оқыса ықыласымен әркім сөзін.
Бір Құдай ол пендеге мағрифат ғып,
Махшарда Рәсүл қылар оның жанын.
Сөмат деп бағзы айтты және
Бір кісі оқуды әдет етсе ғана.
Жоламай ол адамнан шайтан қашып,
Жақындай мәғар етпес әркез оған.
Бағзилар: "Нұр сүре"- деп, айтар мұны,
Бір кісі әдет етсе күндіз-түні.
Алланың фазылы бірлән ол пенденің
Көңіліне Раушан болып толғай нұры!
Құранның үшбу сүре нұры дүрлар
Бұл сөзді тәпсирлерде қылған изһәр.
Үш рет ықыласымен айтса оны,
Бір Құран оқып шыққан сауабы бар.
Құрмет қып, кім оқыса аузына алып,
Өлгенде қабірі тұрар раушанданып.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
556 bet
Қараңғы қабірінде осы сүре
Жарқырап тұрар дейді шамша жанып.
Көңілі кәпірліктен қауіп ойласа,
"Иманым аман болсын!"- деп ойласа,
Дүниеден ислам дінмен сапар шегер
Ауызын мұны оқудан бос қоймаса.
Белгілі төрт мүшаррап періште бар,
Әрбірі, әрбір іске дайын тұрар.
Алланың өмірімен бұл сүрені
Әрқайсысы маңдайына жазыпты олар.
Жеткізе алман, жетіліп айтып мұны
Артықша бүл сүренің қасиеттерін.
Мүбарак Лафзымен баян еткен
Расулдың білдірейін хадистерін.
Миғраждан келгеннен соң Расул барып,
Асхабқа сөйлегені аузына алып.
Мүшаррап періштенің зікір еткен
Естідім тәсбихтерін құлақ салып.
Ат қойып "Ықыласың деп бұл сүрені,
Тұрады таспих етіп, айтып оны.
Осыны көп оқыған үмбетіме
Сауабын бағыштайды оның бәрі.
Алла айтты:
- Иа, Мухаммед, бұл бір хабар
Көресің көп Мұхарраб періште бар.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
557 bet
Әуелден ақырға дейін бәрі тегіс.
Таспих ғып бүл сүрені айтады олар.
Сол үшін тапсырамын мұны оған,
Фазылым түсер, махшарда оған.
Иа, достым, бүл сүрені көп оқыған
Сауабын бағыштаймын үмбетіңе.
Махшарда мойнына алған жаралған жан,
Болғанда әркім өзі қалы бірлән.
Бұл құлым пенделердің Саттары боп,
Асады дәрежесі бар ғаламнан.
Дүниеде Фазыл болған төрт кітап бар
Зәбур мен Тәурат, Інжіл, Құран олар.
Сипатын бір Құдайдың зікір еткен
Олардың баршасында бұл сүре бар.
Бір рет кім оқыса шын ниетпен,
Сол болар тілегіне барып жеткен.
Айтылған Зәбур, Тәурат, Інжіл, Құран
Сауабы жазылады қатым еткен.
Миғражда Расул барған жаннатқа еніп,
Не түрлі тамашаның бәрін көріп.
Расулге сол жаннаттан ұшырасты,
Алдынан Идрис нәби қарсы келіп.
Расулге Идрис айтты:
- Ей, пірәдар,
Өлгенде пенделерге көп түр қатер.
Жан ашу, қараңғы көр, ғазап қабір
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
558 bet
Таразы, қисәп, сүәд, рузи, махшар.
Расул айтты: Осының бәрінен өтіп,
Жаннатта сіз жүресіз сайран етіп.
Айтылған қатерлерден құтылдыңыз,
Мәңгілік мұратына кәміл жетіп.
Расулге, Идрис айтты:
- Жаннатта едім,
Айтылған қатерлердің бәрін көрдім.
Сүйтсе де сізге үмбет болмадым деп
Арман ғып талай рет ойлап едім.
Идрисқа, Расул икрам айтты сонда:
Сайрандап жұмақ ішін жүрсің мұнда.
Білдірші маған соны, мақсатың не
Үмбеті Мұхаммедтің болуында?
Расулге Идрис айтты:
- Болсаң тыңдар,
Жаннатта бос тұр қанша жақсы орындар.
Кірмекке көңілім соғып жақындасам,
Мынадай сөзді маған айтады олар.
Дейді олар:
- Кіреміз, - деп, - келмеңіз сіз,
Мұхаммедтің үмбетіне несіп бізбіз.
Келгенше ол Расулдің үмбеттері
Еш адам кіре алмайды бізге әркез.
Мен айттым:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
559 bet
- Мұхаммедтің сіз үмбетің
Көрместен қайдан түсті бар һиммәтің?
Қай түрлі құлшылықпен мұны тапқан?
Сіз маған білдір - дедім - шарапатын!
Айтты олар:
- "Ықылас" атты бір сүре бар,
Кімде-кім көп оқыса салып ихрар,
Солардың кіретұғын орны —осы,
Жұмада және көппен оқығандар.
Олардың таудан үлкен сауаптары,
Айтуға таусылмайды жауаптары.
Махшарда көп халықтар жиналғанда,
Фазылымен кіргізеді біздерге оны.
Және бар Пайғамбардан бір хикаят
Оны да баян етіп айтайын жат.
Бір күні Алла Расулі асхабымен
Мәжілісте отыр еді жасап сұхбат.
Жәбрәйіл Хақ әмірі келді жетіп,
Расулге бұл сөзді айтты хабар етіп.
Иеменде сахибы дәулеті бар жақсы адам
Дүниеден үшбу күнде кетті өтіп.
Төрт жүз мың көктен енген періште бар,
Сап түзеп бәрі тегіс тұр қаз қатар.
Иа, Расул, жылдам барып имамдық ет,
Баршасы бұл мәйітке жаназа оқыр.
Пайғамбар Жәбрәйілге айтты және
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
560 bet
Қанша жол екі арамыз айтшы маған.
Жәбрәйіл Рәсүлге айтты жеті жүз тәш
Жол депті шақыр Ямин Мәдинаға.
Пайғамбар: "бісмиллә!" деп атып тұрды,
Жәбрәйіл жер тамырын тартып тұрды.
Пайғамбар періштелерге имам болып,
Барлығы ол мәйітке намаз қылды.
Сүһәл ғып Жәбрәйілдан сұрады
Расул: Осынша ғиззат тапқан қалайша бұл?!
Аспаннан намазына Мәлік түсті,
Аллаға қай қызметі болып қабыл?!
Жәбрәйіл Расулге айтты:
- Иа, пайғамбар,
Мен сізге мәлім етіп айтайын жар.
Құрметке, міне, осындай ие болад
"ЬІқыластың тірлігінде оқығандар.
Сол үшін бұл дәулетті Алла беріп,
Намазын періштелер оқыды келіп.
Алланың уағдалы әмірімен
Сауық қып, сайран етер, жаннатқа еніп.
"Ықыластың күнде оқысаң он мәртебе,
"Аятүл күрсінің оған қоса және.
Пайғамбар қатарында орын берер,
Махшарда кәләм етіп Алла, әне!
Ол құлға риза болар бір Алламыз.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
561 bet
Шайтан әм мәғәр етпе оған әр кез.
"Кәһфң деген сахаба нәфіл еткен
Дәлелдеп хадиспенен айтылған сөз.
"Ықылас" атты бұл сүрені әркім көріп,
Оқыса ниет қойып көңіл бөліп.
Дүниеде ризығы көп болады,
Фазылы мен берекетін Алла беріп.
Құр қалмас бұл дәулеттен көршісі де
Ол-дағы азап көрмес жоқшылықтан.
Сүрені көп оқыған себебі үшін
Ол құлды жарылғасын Жаббар хақтан.
342 - Бөлім: ІБІЛІС ШАЙТАН ХИКАЯСЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2039
ІБІЛІС ШАЙТАН ХИКАЯСЫ
Бір күні отыр едім кітап оқып,
Тауарих кітаптарын тәптіш етіп,
Құданың құдіретінің тамашасы
Ойыма бір хикаят келді жетіп.
Кітаптан жалғаны жоқ оқып көрдім,
Ойланып әрбір қиял ойға кірдім.
Хадистен аят пенен көрген сөзді.
Қазақша переводтап жаза бердім.
Сөзім бар тыңдағандай кәрі-жасқа
Қынадай жабысады қара тасқа.
Жаратқан жаһаннамда әуел құдай
Мақұлықты екі түрлі формы басқа.
Деп айтар: "Тәблит, Жәблит" қазақша аты,
Жаралған болып мақұлық, оттан - заты.
Арыстан (арыслан) суретінде болып Тәблит,
Құйрығы жыландай боп қияпаты.
Ол және өзі еркек, ұрғашы емес,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
562 bet
Кітаптан көріп мұны қылдым кеңес.
Бекердей білмегенге айтылған сөз
Молдалар кітап көрген бекер демес.
Жәблиттің формы қасқыр сықылданған,
Құйрығы тасбақадай домаланған.
Жаралған ұрғашы боп әуел бастан —
Бұл сөзім кітапта бар, деме жалған.
Екеуі ерлі-байлы болды жұпты,
Тозақтан жаратылып бұлар шықты.
Қосылып (катысып) бір-біріне Хақ әмірмен,
Олар да өз заңынша буаз бопты.
Кітаптан көрген сөзді қылдым баян,
Болса да бізге — күмән, тәңірге — аян.
Бір қабат шағылысқан екеуінен
Туыпты тозақтағы жылан-шаян.
Бұлардың тозақ болды тұрақ-жайы,
Болғанда бірі — қатын, бірі — байы.
Екеуі және екінші шағылысты,
Қылған соң солай жарлық бір құдайы.
Буаз боп және екінші іші толды,
Бұларға көрсетіп тұр тәңірім жолды.
Көтеріп бір құрсақтан бала қылып,
Жеті қыз тапқан екен, жеті ұлды.
Ұл мен қыз өсті дейді бойға жетіп,
Біріне бірін қосты неке (ниқах) етіп.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
563 bet
Алтауы ерлі-байлы болып тұрды,
Атаның әр не деген әмірін күтіп.
Біреуі өкпеледі разы болмай,
Өзіне, қосағына көңілі толмай,
Алмастан қалыңдығын кетті тастап,
Сөзіне атасының мойын бұрмай.
"Жалғаннан өтем - дейді, - алмай қатын,
Құдайдың қыламын, - деп, — ғибадатын"
Жөнелді ата-ананың тілін алмай,
Дейді екен: "Абулхарис" — оның атын.
Құдайға неше мың жыл құлдық (құллық)
Пәк сақтап (сақлап), өзін-өзі дінін күтті.
Тақуалық, тазалықпен өнері асып,
Мүлкіне сегіз жұмақ (ұжмақ) барып жетті.
Тіл алмай ата-анадан кетті қашып,
Жүрмеді таһаратсыз жерді басып.
Құданың құдіретіне жақын (иқын) болды,
Бәрінен періштенің өнері асып.
Халайық, жалғаны жоқ сөзіме нан,
Құдайдың құдіретіне қаларсың таң.
Мұқараб дәргаһына болғаннан соң,
Бәріне періштенің сайланды хан.
Жетіліп періштеге хан болыпты,
Бұл сөзім білгендерге таң болыпты,
Тұқымы ана қалған алтауынан
Бірталай өсіп-өніп жан болыпты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
564 bet
Бұ күнде жан нәсілі болған хаят
Хақында кітаптарда (кітапларда) бар рауаят.
Уалжан жығылте мен Әлнар симум,
Дәлелім бұл сөзіме — құранда аят.
Айтайын Абулхарис хикаятын
Жақтырмас білмеген жан (танымаған) сөздің затын.
Хан болып періштеге сайланған соң,
Ұлығлап: "Ғазазіл" — деп қойған атын.
Білдің бе кім екенін енді мұның?
Артылды дәрежесі сол күнде оның.
Хан болып періштеге сайланған соң,
Әуелі, білші ақыры жақсы (иыхшы) соңын.
Патша боп салтанатты (салтанатлы) мінді таққа,
Жүргізіп һүкіметін әрбір жаққа.
Ұлықтық дәрежеде хадтен асты,
Қылып тұр тәңірім оны сынамаққа.
Мұнымен дәурен сүріп көп күн өтті,
Бұрынғы өткен күндер ойдан кетті.
Бет сүртер қолындағы орамалы
Желменен көтеріліп ұшып кетті.
Мінезі болды дейді қиын тарлық,
Ұлықтық (ұлұғлық) саясатын қылды барлық, —
Алып кел орамалды, тауып жылдам!—
Деп сонда Жебірейілге қылды жарлық.
Жебірейіл қол астында мұның болды,
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
565 bet
Тәңірі оған жақын қылған алыс жолды,
Желге ұшқан орамалды алып келіп,
Бере алмай ебін тауып мың жыл тұрды.
Бір лебіз оған жауап қата алмады,
Тыныш тауып отырып, жата алмады,
"Мінеки, орамалың", — деп беруге
Ұлықтық мінезінен бата алмады.
Болыпты сондай ұлық болған күнде,
Патша боп періштеге тұрған күнде
Мінезі сондай қатты қиын екен,
Сонша асып шарасынан толған күнде.
Ойда жоқ болам деген бір күн харап,
Mac болған ғапілдіктен (ғапілліктен) ішіп шарап.
Түкірігім жерде түсіп қалмасын деп,
Түкірген созып мойнын көкке қарап.
Аз күнде қылып өткен көп арманын,
Қойған соң құдай беріп бұ жалғанын.
Түспеген түкірігі сонда жерге
Құдайым қабыл етіп ойға алғанын.
Өзіне патша құдай қойды еркін,
Беріпті билігіне дүние — мүлкін.
Ғарыштың (ғаршының) есігінде бір жазуды (иазуды)
Жиылған көп періште көрді бір күн.
Қорқысты періштелер: "Бұ не хал?!" — деп,
Жазыпты: "Көрген пендем, ұғып ал!" — деп,
"Үшбу жүрген мүлкімде бір құлыма, —
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
566 bet
Жазыпты — қатты қаһар, лағынет бар!" — деп.
Періште бәрі тегіс шошып кетті,
Патшасы Ғазазілге келіп жетті, —
Біз қорықтық бір нәрсені көріп ғарышта
Дұға қыл, болмағай-ды, тақсыр! — депті.
Ғазазіл сонда тұрып дұға қылған:
"Сақта — деп, —періштелерді!" — қорыққанынан.
Айтпады өзін сақта (сақла) деп сол уақытта,
Әр істі жақсы-жаман құдай қылған:
Мұнан соң не болады, ойла ақырын,
Тауысар сөйлей берсе, пенде ақылын!
Құданың енді болды ирадасы,
Дүниеге келтірмекке біз пақырын.
Дегенім бізден мұрат Адам ата,
Кетейін бәрін сөйлеп біржолата,
Қате сөз жалғыз-жарым бола қалса,
Жарасар пенделікте болса қата (қате).
Топырақтан әбуалбышыр — Адам қылды,
Бір дүние мұның өзін ғалам қылды,
Адамға шарапатты (шарапатлұ) ғылым беріп,
Нығыметін бұған берген тамам қылды.
Адамның періштеден білімі асты,
Нұр құйып Хақтағала ділін ашты.
"Фасаужүді уәли адам" — аят келіп,
Сәждеге көп періште қойды басты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
567 bet
Сәждеге көп періште қойды басын,
Адамның артық қылды дәрежесін,
Ғазазіл мойын сұнбай, тұрып қалды,
Түсірді қақ мойнына тауық тасын.
Бастарын (башларын) періштелер көтеріпті,
Ғазазіл бір сұмдыққа килігіпті.
Қорыққаннан:"Мынадайдан сақтай (сақдай) гөр!"
Сәждеге және екінші илігіпті.
Ғазазіл наумид болды сол бір кезде
"Ібіліс" деп ат қойылды тағы да өзге.
Сәжденің бірі — парыз, бірі — уәжіп.
Екеу боп сол себепті (себеплі) қалды бізге.
Басына тауқи лағынет жетті дейді,
Құдайым оған қаһар етті дейді,
Бір мінез тәкаппарлық қыламын деп
Қуылып дәргаһынан кетті дейді.
Алхияз балла Кәрім-Рахман
Қорқыныш көп қыламын аһи афған.
Достарыңызбен бөлісу: |