لە
-
ەدنىكسەك انرا
ىعاميا ر
: http:www.elarna.comvideo.php
308 - Бөлім: МҰҢСЫЗ АДАМ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2005
МҰҢСЫЗ АДАМ
Бір патшаның ханымы ауру болып, жұрттан неше - неше дәрігер жидырып, ем еткізсе де ешбір дауасы
табылмады. Патша мұнан соң бақсы-балгерлерді жидырып жарлық айтты:
— Балдарыңызды ашып, осы ханымға не ем болатынын табыңыздар, егер таппасаңыздар бәріңізді де
астырып өлтіремін, — деп.
Бақсы-балгерлер қорқып, сасып тұрғанда, ішінде біреуі айтты: «Мен бұл аурудың емін таптым». Сол
сөзбен мұны ханға алып келісті. Бұл балгер ханға айтты:
— Дүниеде мұңсыз кісі тауып, соның көйлегімен қақтырсаңыз, бұл ауруға сол ем екен.
Патша жер жүзіне жасауылдарын таратып, қанша іздесе де мұңсыз адам табылмады. Біреу бай, не бақты
болса баласы жоқ, екеуі де болса не қатыны, не баласының мейірімі жоқ, болмаса біреулерден көрген
кемшілігі бар, болмаса не өзі, не қатын-балалары сырқау, ең болмаса сол айтылғанның бәрін құдай берген
болса, қанағат жоқ болғаннан уайымы көп — тағы ілгерірек болмадым деп.
Күдер үзіп, мұңсыз адам жоқ екен деп қойған кезде, бір күн патшаның баласы келе жатса, бір кедей адам
даладағы бұзылған тамның түбіне келіп айтады: «Бүгін жұмысымды бітірдім, қарнымды тойдырдым, енді
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
527 bet
не уайымым бар, кел жатып ұйықтайын»—деп, тамның қасындағы жиынды салам үстіне жығылды да
жатты. Сәлден соң қорылдап ұйықтап та қалды.
Патшазада мұны көріп, мұңсыз кісі таптым деп патшаға хабар берді. Патша қуанып, жасауылдарын
жіберді, ол мұңсызды алып келіңіз деп. Алып келген соң, бұл адамға алтын-күміс беріп, енді көйлегіңді
бер деп қараса, мұңсыздың үстінде көйлегі де жоқ екен.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7494#ixzz4WfAYnh1h
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
309 - Бөлім: ҚАНАҒАТ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2006
ҚАНАҒАТ
Әзірет Әліден бір жүт11 келіп сұрады дейді:
— Толық байлық қайтсең табылады?
Әлі айтты:
— Қанағат ете білсең. Қанша мал көп те болса қанағаты жоқ кісі байлыққа жеттім деп тоймайды. Қанша
мал аз да болса, барына қанағат ете білсе, бұл адамның көңілі жайлы, тынышырақ болады. Соның үшін
Әзірет Әлі: байлық — қанағатта, — деді.
310 - Бөлім: ӘДЕП
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2007
ӘДЕП
Бір жұрттың бас әкімі екінші бір байға жолығысып сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп
бара жатып иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді. Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып
сәлем алды. Қасындағы бай:
— Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? — деп
айтты дейді.
Сонда әкім:
—Ешбір ілім - білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып
қалайын ба? — деді дейді.
311 - Бөлім: ТАЗА БҰЛАҚ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2008
ТАЗА БҰЛАҚ
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
528 bet
Үш жолаушы бір бұлақтың басында бір-біріне кез болыпты. Бұлақ бір тастақ жерден шыққан. Айналасы
қалың біткен ағаш жапырақтары бұлақтың үстіне төгіліп, суы мұздай, салқын, шыныдай жылтылдап
тұрған сонша әдемі, таза бұлақ екен. Су шыққан жеріне бір қазандай тасты біреу ойып қорғаныш қылып,
тастың су ағар жеріне жазу жазыпты:
— Әй, жолаушы, болсаң осы бұлақтай бол, — деп. Манағы үш жолаушы бұлақтан ішіп қанған соң, жазуды
оқып, біреуі саудагер екен, ол айтты:
— Бұл жазылған ақыл сөз екен, бұлақ күн-түн тынбай ағып, алыс жерлерге барады. Бара-бара кеңейіп,
үлкейеді, бұған бөтен бұлақтар құйып, сөйте бара үлкен өзен болып кетеді. Мұнан мұрат сол: сен де, адам,
тынбай қызмет қыл, ешуақытта жалқауланып тоқтап қалма, сөйтсең, ақырында, сен де зорайып, мұратыңа
жетесің дегені ме деп білемін, — деді.
Екінші жолаушы мүсәпір молда екен, басын шайқап:
— Жоқ, мен олай ойламаймын. Бұл жазудың мағынасы сіздің ойлағаннан гөрі жоғарырақ соқса керек. Бұл
бұлақ: кім-кімге болса да даяр, ыстықтағанды салқындатып, жанын рақаттандырады, сусағанның
сусынын қандырады, оның үшін ешкімнен ақы дәметпейді. Бұлай болса адамға да әбірет сол: біреуге
жақсылық етсең, ол жақсылығыңды ешкімге міндет етпе дегені болса керек, — деді.
Үшінші жолаушы көркем келген бір әдемі жігіт екен, бұл үндемей тұрды. Жолдастары: Сен не ойлайсың?
— деп сұрады.
Жігіт айтты:
— Менің ойыма бөтен бір нәрсе келеді. Бұл бұлақтың суы бір орында тынып тұрып, шөп-шалам түсіп,
лай - қоқым болса, бұған адам мен айуан мұнша ынтық болмас еді. Бұлақ күні-түні тынбай ағып тазаланып
тұрғаны үшін ынтық болады. Олай болса, жазудың мағынасы: көңіліңді, бойыңды осы бұлақтай таза сақта,
нешік бұлаққа қарасақ күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа
ашық көрініп тұрсын дегені ме деймін, — деді.
312 - Бөлім: ҚЫПШАҚ СЕЙІТҚҰЛ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2009
ҚЫПШАҚ СЕЙІТҚҰЛ
Қыпшақ Сейітқұл отыз үйлі тобырымен, жұрттың тегіс аттаныс барымтасы бар уақытта, бұл отыз үй
кедейді қалайынша етсем байытып, халық қатарына қосамын деп ойға қалды. Сауда етуге мал жоқ
барымтамен мал алсам, бір күндерде жау да бізден қуып алады, ақырында бұрынғылардың айтып
кетуінше, жортуыл басы жолда қалса керек. Соның бәрін де шамалап қарап, ақыр бір қиялға түсіп,
Сейітқұл әуелі мекен еткендей бір орын іздеді. Көп жерлерді кезіп жүріп, ақырында Торғай тересіндегі
Қабырға деген өзен-судың бойына тоқтады. Мына жақта Үргеніш, Қоқаннан, мына жақта қалмақтан
шетірек және жаманшылық болса, қалың Қыпшақ деген руға жақынырақ екен деп, сол жерді ұнатып
қайтқан соң, қысты өткізіп, жаздың жылы уақытында кедейлерді жалаңаш-жалпы көшіріп, Қабырға
бойына алып келді. Сейітқұлдың бір ағасы бар еді, жол жүріп, ұрлық, барымтаны әдет еткен. Інісінің
қанша айтқан ақылына болмай, үш-төрт үймен жалғыз-ақ сол көшпей, ескі орны Түркістан жағында қалды.
Қабырғаның бойына келген соң Сейітқұл қолына кетпен алып, отыз үйлі кедейіне де кетпен беріп, жер
тегістеп, егін егуге кірісті. Түркістан жағында көрген үлгісімен судан арық қазып шығарып, егінге су
жіберді. Егіні піскен соң орып, жиып алып, артығын төңірегіндегі көшпелі елге сатып, мал етті. Жаңа
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
529 bet
мекен еткен жеріне орныққан соң, Сейітқұл егінді жылдан жылға күшейтіп, арық басына шығыр салып,
суды шығырмен айдап, астықтың (ол күнде бидай, тары, арпа егеді) артығын төңіректегі елге малға
айырбас етумен, бұлардың малдары көбейіп, бай болды. Мұны көріп, әрбір көшпелі елдегі жарлы-
жақыбайлар да келіп, Сейітқұлға қосылып, бес-алты жылда Сейітқұл елі деген төрт жүз үйге таянды дейді.
Сейітқұлдың өзі де, жиылған халқы да малдары көбейіп, бай болды. Ел жиылып, Сейітқұл жұрт ағасы
болды. Енді сол жұртының адал бейнет, табан ет, маңдай терімен тапқан дәулетін аңдыған жаудан,
ұрыдан, даладағы бөріден сақтаудың қамын ойлап, уайымға қалды. Солардан сақтану үшін, Сейітқұл
жұртын жиып кеңесіп, судың бір қолайлы жеріне шымнан биік қорған салдырды, малдарына реттеп
бақташы, қару-жарақты қарауылшыңдауыл жүргізді. Бұлардың былайша бір ауызға қарап бекінген халық
екенін байқаған соң, малға қызыққан сырттағы көшпелі халықтар батып келе алмады. Бұл жағынан көңілі
тыныш болған соң, Сейітқұл енді Бұқара, Қоқанға мал айдатып, ол кенттерден10 қазақ қолды әртүрлі
тауар алдырып, жылда егін піскен уақытта маната қорғанда жәрмеңке реуішті базар болды. Көшпелі
халық белгілі уақытта малын, жүн -жабағысын, тері - терсегін келтіріп,егіншілер оларға астығын, тауарын
айырбас етіп, осы қалыпша бір жағы егін, бір жағы саудамен Сейітқұлдың жұрты жұрттан асқан бай
болыпты.
Маната Сейітқұлдың ағасы аттаныс-түсіспен жұрттың малын ұрлап бай боламын деп жүргенде, Қоңырат
жағында қолға түсіп, кім екені де белгісіз, біреу өлтіріп кетіпті. Қалған мал-жанын ұрының малы деп
Түркістан әкімдері талап алып, жамағаттарын Сейітқұл көп Сейітқұл құрметті Тілеу Сейдалин сұлтанның
айтуы бойынша, 1830 жылдарда өтіпті-міс. Сол данышпан кісінің ақылымен егінді әдет еткен халық
Қабырға суының бойында әлі көп. Жарлы болып, бөтен кәсібі жоқ кісілер
Торғай жағында дереу егіншіге айналады, ерінбей азаптанса, бірнеше жылда түзеліп, халық қатарына
қосылады.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7490#ixzz4WfB3ltnE
لە
-
ىعاميا رەدنىكسەك انرا
: http:www.elarna.comvideo.php
313 - Бөлім: БІЛГЕННІҢ ПАЙДАСЫ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2010
БІЛГЕННІҢ ПАЙДАСЫ
Бір қарт ұста күні-түні тынбай іс соғып отырады екен. Оған көрші, заманындағы бір зор бай, Броун
дегеннің баласы ойнап жүріп қызыққа күнде ұстаға келіп, іс соққанына қарап тұрады екен. Бір күні ұста
мырзаға айтты:
— Төрем, қарап тұрғанша, тым болмаса, шеге соғуды үйренсейші, кім біледі, бір күндерде сол өнердің де
керегі болар.
Бала нем кетеді деп, күнде мазаққа шеге соғып жүріп, бірнеше күнде жақсы соғуға үйреніпті.
Мұнан соң бірнеше жылдар өткен соң, жұртында қатты жаугершілік басталып, Броунның мал-жаны
таланып бітіп, өзі қатын, баласымен қашып шығыпты. Сонымен, ішерге-жеуге, киюге де кем-тар соғып,
бір қалада жүрген уақытта, қаланын әкімі бұйрық шашты: әскерге көп етік керек, жақын жердегі
қалалардың сататын мығы9 таусылды, мық даярласын, — деп. Сонда манағы мырзаның мазаққа үйренген
өнері есіне түсіп, патшалық етікшілерге хабар салды:
— Егер көп мық - шеге керек болса, мен пөдіретін аламын, — деп.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
530 bet
Етікшілер істеген мығын көріп ұнатқан соң, әскердің етігіне мық істеудің міндетін алып, көп мал тауып,
ақыр өміріне шейін кемдік көрмей өтіпті-міс.
314 - Бөлім: ДҮНИЕ ҚАЛАЙ ЕТСЕҢ ТАБЫЛАДЫ?
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2011
ДҮНИЕ ҚАЛАЙ ЕТСЕҢ ТАБЫЛАДЫ?
Француз жұртының бір білімді адамы жазады:
— 1791 жылда, өзім университет деген үлкен школда оқып жүрген жігіт күнімде, әр жеті сайын Версаль
қаласындағы шешеме жаяу барып-қайтып тұрушы едім. Сонда әрдайым жолымда бір Антон деген тіленші
отырып, қайыр сұрап алып жүруші еді. Бір күш тағы сол жолмен келе жатып, бір орта бойлы арықтау
кісіге ұшырасып, жөніміз бір болған соң бірге келе жатқанымызда, әдетше манағы Антон алдымыздан
шығып қайыр сұрады. Қасымдағы кісі тоқтап, Антонның бетіне қарап тұрды да айтты:
— Сен қарауға еп-есті кісі секілді көрінесің және жұмыс істеуге қуатың да бардай көрінеді. Сөйтіп тұрып
мұндай жаман іспен өзіңді кемшілікке салып жүрсің. Бай болғың келсе, мен саған ақыл айтайын: мен өзім
де сендей кедей едім, бірақ сендей тіленшік қылғаным жоқ елден. Қала - қаладан қыдырып жүріп, әуелі
боқтық, салам арасынан, не болмаса жай кісілерден ескі шүберек сұрап жиып жүрдім. Ол шүберектерді
апарып қағаз істейтін фабриктерге сатып, соныменен азды-көпті ақша болған соң бір есек, бір арба алдым.
Мұнан соң әуелі аздап, бара-бара көбірек, әр үйден ескі-құсқы, тұтынуға жарамайтын шүберектерді сатып
алып, арбамен жүріп сауда ете бастадым. Осындай іспен жеті жылда он мың франк7 ақша тауып, енді бір
қағаз фабрикасына кірістім. Жасым жас, ісіме нық, жинақты және еріншектікті білмегеннен соң, осы
күнде екі әйдік тас жұртым8 бар. Фабрикамды балама бердім, үмітім бар, балам да аштық көре қалмас
деген. Себебі, баламды да жасынан бос жүруге, еріншектікке, қиналмай мал табуға үйретпедім. Осы
айтқанымша машақаттанудан қашпасаң, сен де бай боласың, Антон, — деді де жөніне жүріп кетті.
Антон бұл сөздерді есіткен соң терең ойға қалып, қайыр сұрауын да ұмытып тұрып қалды.
1815 жылда Брюссель деген қаладан өтіп бара жатып, бір кітап сататын үлкен дүкенге кірдім. Дүкеннің
ішінде бірнеше приказчиктерге олай-бұлай етіңіз деп, бұйырып тұрған бір купецтің кескіні көңіліме
таныс реуішті көрінді. Сөйтіп тұрғанымда әлгі кісі мені көріп, бетіме қарап тұрды-тұрды да, қасыма келіп
айтты:
— Айып етпесеңіз сұраймын, мұнан жиырма бес жыл бұрын сіз оқу оқып жүріп, жұма сайын Версальдағы
үйіңізге барып жүрген жеріңіз бар ма еді?
Сонда ойыма түсіп, таң қалып:
— Сен Антонбысың? — дедім.
— Рас, — деді Антон, — мен сондағы көрген тіленші Антоныңыздың өзімін. Сол жүргеніңіздегі бір күн
қасыңызда бірге жолыққан кісінің айтқандары көңіліме кіріп кетіп, тіленшілікті тастап, жұмысқа кірістім.
Ісіме нық, малыма күтімді болдым. Ақырында, сол кісінің айтқаны келіп, мінекей, осы зор дүкеннің иесі
болдым, — деді.
315 - Бөлім: МАЛДЫ ПАЙДАҒА ЖАРАТУ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2012
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
531 bet
МАЛДЫ ПАЙДАҒА ЖАРАТУ
Бір үйші жұмысымен көп мал тауып тұрса да, сонша азбен қанағат етіп, аз жұмсап тұрады екен. Бір күні
көршісі сұрады:
— Осы сен бай бола тұрып, малыңды қай жаққа жібересің, көзге түсетін ешнәрсең көрінбейді? — деді.
Үйші айтты:
— Тапқан малымның бір бөлімімен борышымды өтеймін, бір бөлімін өсімге беремін.
Көрші:
— Қойшы, батыр, сенің борышың бар ма еді және өсімге қашан ақша беруші едің? — деді.
Үйші айтты:
— Қарт әке-шешеме берген ақшаларымды өтеп тұрған борышым деп білемін, өзімнен туған балаларға
оқу оқытуға, асырауға шығарған малымды өсімге берген мал деп білемін. Балалар адам болып, біз
қартайғанда жақсы асыраса, олардың борышымды өтегені емес пе? — деді.
316 - Бөлім: СИЛИНШІ ДЕГЕН ХАНЫМ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2013
СИЛИНШІ ДЕГЕН ХАНЫМ
Қытай жұртының патшасының ханымы Силинші жібек құрттарын абайлап қарап жүрсе, бұл құрттар
өлерінде өзінің өрмегіне кіріп өледі екен. Ханым сол өрмекті алып, ширатып жіп істеді, сонан тоқып жаңа
жібек орамал істеді дейді. Мұнан соң сол құртқа назар салып қарап жүрсе, тұт деген ағаштың жапырағын
жеп күн көреді екен. Ханым тұт ағашының жапырағын жиып, әлгідей көп құрт жиып асырап, ақырында,
бұл құрттың пайдасын халқына үйретті дейді. Жібектің шығатын орнын ең әуелі сол ханым тауыпты-мыс.
Бұл уақытта Силинші ханымның өткеніне бес мың жыл болыпты. Қытай жұрты әлі күнге данышпан
ханымын ұмытпай, жыл сайын соның құрметіне той етеді.
317 - Бөлім: ЛҰҚПАН ӘКІМ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2014
ЛҰҚПАН ӘКІМ
Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір жиылыста айтты:
— Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, Құдайдың жіберген қаза - бәлесіне себеп табамын деген Құдайға
қарсылық болып табылады деп білемін, — деді.
Лұқпан айтты:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
532 bet
— Олай болса, сол айтқан сөзіңіз жазылған кітапты келтіріңіз, сенімді кітап болса, біз тоба етіп,
дәрігерлікті қоялық, — деп.
Сопы бұл сөзді еш кітаптан көргені жоқ кітап алып келе қоямын деп қозғалмады.
Жиылып отырған халық шулап қоя берді:
— Сопы, Лұқпан жесірге байдай, жетімге атадай болып, неше мұңды бейшаралардың көзінің жасын
тыйды, сен бұл істі күнә деп білсең кітабыңды көрсет, болмаса қазыға алып барып, жазаландырамыз, —
деп.
Істің бұлайынша зорайып бара жатқанын көріп, Лұқпан халықтан өтініш етіп тысқа шығып, сопыны
оңаша қалдырып айтты:
— Алла разы болсын, молдам, білген шамаңызша бізді күнәдан тыю үшін ақыл айтқаныңызға. Бірақ
бізден де сізге бір ақыл айтылсын: қашан да бір істі істегіңіз келсе, ол іске әуелі ақылыңызды, онан соң
көзіңізді жұмсаңыз, сонан соң ақылыңыз дұрыстаса, көзіңіз көріп, жөнін танып, мақұл көрсе, тіліңіз бен
қолыңызға сонда ерік беріңіз. Екінші, сіздің айтқан сөзіңізден оқып жетіспегендік көрінеді. Құдай Тағала
адамға әртүрлі дене берді: қол берді жұмыс қылмақ үшін, көз берді көрмек үшін, аяқ берді жүрмек үшін,
құлақ берді есітуге, ақыл берді ойланып, жаман - жақсыны аңғаруға. Сол берген денелерді тиісті орнына
жұмсамасаң, Құдайдың бұйрығына қарсылық болып табылса керек. Оның үшін жүрмей, тұрмай, отырмай,
көрмей, есітпей Құдайға құлшылық етіп те болмайды. Сол реуішті жансыз нәрселердің де керексіз
жаратылғаны жоқ. Бір шөпті у етіп жаратты, екінші шөпті оған басытқы етіп жаратты. Бұларды да танып,
біліп, бұйрықты орнына жұмсамасаң күнәлі боласың, тиісті пайдалы орнына жұмсаудан обал болмаса
керек, — деді.
ىرانياق ۋلەك ڭىنلااقام: http:www.elarna.comkitap_kk.php?id=1150&oku=7484#ixzz4WfBoL1JM
318 - Бөлім: ӘЛІМ КІСІ
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2015
ӘЛІМ КІСІ
Бір зор әлім молдадан жаңа дінге кірген адам:
— Тақсыр, мен иманды қалай етсем үйренемін? — деп сұрапты.
Әлім айтты:
— Шыққан күн мен айдан, көк пен жерден, су мен желден, жер мен таудан, жаңбыр мен кардан үйрен,—
деді.
Сұрап тұрған адам бұл сөз не сөз екенін біле алмай дағдарып тұрды. Сонда әлім айтты:
— Далаға шықсаң көк пен жерді көресің, күн мен айды, көк үстінде жұлдыздарды, тауды - тасты, жел мен
жаңбырды — осының бәрін көресің, соларға қарап ой жіберсең, оның бәрін адам жаратуға қолынан келер
істер емес. Олай болса, соның бәрін жоқтан бар еткен бір Құдіретті ие болса керек, біз көрмеген. Сол
ақылға ойланып жетіссең, иманыңның жартысы тамам болғаны, —деді.
319 - Бөлім: ОҚУДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРЫ
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
533 bet
http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2016
ОҚУДАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ ҮЙІНЕ ЖАЗҒАН ХАТТАРЫ
А
Қамқор, дуагөй атам мен әже, сіздерге ықласты сәлемдерімді жолдап қаламын. Өзім сіздердің оң
баталарыңыздың арқасында сау-саламат бармын. Өткен почтадан жіберген сәлем хатыңызды, азын-аулақ
ақшасымен, жолығып алдым. Алла разы болсын, мендей нашар балаңызды естен шығармай тұрғаныңызға.
Ықыласыммен Құдай-тағаладан тілеймін: сіздердің еңбек қамқоршылығыңызды бізге де қызметімізбен
өтеуге жазғай еді деп. Оқыған оқуымыз турасында бұл күнде ұстаздарымыз сонша разы. Жаңада ең жақсы
оқыған балалардың есебіне қосып, кенегесіне жазып қойды. Ата, сіз әрқашан ақыл айтушы едіңіз: «балам
алаң болмай ұстаздарыңның айтқанын орнына келтіріп, берген сабақтарын толық үйреніп, білуге тырыс»
деп, мен ол сөздеріңізді ұмытқаным жоқ...
Сіз жазасыз, ата, Қасенге қорасан4 шықты деп. Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге
ұстаздарымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта қорасан шықпайды, шыға қалса, қатерсіз,
жеңіл шығады, — деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі лекарьлерге5 кішкентай інілерімді
апарып, шешек ектірген қалай болады екен?
Қош, дауаларыңыздан үміткер балаңыз Н.
Б
Ағамыз Ыбырайға көп сәлемдерімді жолдадым. Өзіңнен көптен ешбір хат-хабар болмады. Тек ауру
сырқауға душар болмасаң болады-дағы, шаруашылық жұмыстан да қолың тимейтін шығар. Сөйтсе де,
уақыт тауып, есендігіңді білдіргейсің. Өзім денім сау, ұстаздарымыздың тәуір назарыңдамын. Бір-екі
айдан соң екінші класқа шығармын деген үмітім бар.
Осы хатты тапсырушыдан Қадишаға екі қадақтай конфет жібердім, сен алып өзіне тапсыра көр. Әкеме
бас құлдығымды айтып және менен өтін, маған берген ақшасын босқа шығарды деп ұрыспасын. Қадиша
кішкене бала ғой, ағам жіберіпті деп, қуанып қалсын дедім.
Қош, аға, сау бол. Хат жаз дегенімді ұмытпа деп, — есендігіңді Құдайдан тілеп жазушы ініңіз Н.
В
Мінекей, достым Мұратбай, мен екінші класқа шығып, енді бір-екі жұмадан соң елге де қайтуға тұрмын.
Енді көп ұзамай-ақ сендерді көрсем керек. Осы күнде - ақ көзіме елестеп тұр, ауыл көкорай шалғындарға
қонып, жан-жақтың бәрі желкілдеген көк шөп ішінде жыңылдаған малдың жүргендері. Көп жазуға уақыт
жоқ құрбы – құрдастарыма сәлем, ағама айт: менің күрең дөненімді кісіге мінгізбей, семіз сақтасын,
барған соң өзім жаратып жайлармын. Достың Н.
Г
Достарыңызбен бөлісу: |