ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет110/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153

                                              767 bet 

Бір кемпір: 

– Мен тауып әкелемін, – деді. 

Ежігелдінің үйіне кемпір келді. 

– Бір түйенің майы бар ма? – деді. 

– Баламның басының қотыры бар, соған керек, – деді. Ежігелді алдынан шықты. 

– Кемпір, қайдан келесің? – деді. 

– Шешеңнен түйенің майын әкелемін, баламның басының қотыры бар еді, – деді. Ежігелді айтты: 

– Түйенің басын саған берейін, – деді. 

– Үйге жүр. 

Кемпірді үйіне әкелді, өлтірді, бір қолын кесіп алды, түн болды. 

– Ханның жалғыз қызы бар екен, соған барамын, – деді. Түйенің қуығын алды, толтырып су алды, бір біз 

алды, кемпірдің қолын алды, келді ханның қызының үйіне. Жеті қабат үйі болды, жеті қабат арқанмен 

үйдің төбесінен түсті. Қызының қасына келді, қыз ұстап алды. «Сен Ежігелді екенсің», – деді. «Мен –

Ежігелді», – деді. «Әкеме айтып, басыңды алдырамын», – деді. 

– Әкеңе айтып, басымды алдыр, бүгін маған қойныңа жатқыз. 

Қыз: 

– Жат, – деді. 



Ежігелді қыздың қойнына жатты, таң атып келеді. «Сигім келді», – деді. Қыз айтты: «Сен қашып кетесің», 

– деді. Ежігелді деді: «Қашады десең, қолымнан ұстап тұр!». Кемпірдің қолын ұстатты, қуықты бізбен 

шаншып алды, қашып кетті. 

«Бурташ болған» қыз айтты, тартып қалды қолынан, тартып қалса, құр қол келді. Тұрды, беті-қолын жуды, 

әкесіне барды, айтты әкесіне: «Ежігелді келіп, менімен ойнап кетті». Әкесі ашуланды. 

Хан құса болды. Түйесін ұрлатқанын, ақшасын ұрлатқанын, қызымен ойнап-күлгенін бір басқа хан естіді. 

Қағаз сызды, жіберді: «Ақшасын ұрлатқанша, түйесін ұрлатқанша, қызын ойнатқанша, дамбал бауына 

буынып өлсін», – деп. Дамбал бау жіберді. Хан ашуланды, елін жиып алып, айтты: 

– Бір хан маған зорлық қылды, сол ханды өзімдей қылып келген кісіге кім де болса, қызымды беремін, – 

деді. Ежігелді ханға келді. 

– Мен – Ежігелдімін, – деді, – сол ханды саған әкелемін, – деді – қызыңды беремісің? – деді. «Беремін», – 

хан айтты. Айтқаннан соң Ежігелді айтты: 

– Маған алпыс ала сауысқан атып бер, – деді. Атып берді, Ежігелді бір абдыра алды, арқалап кетті. Барды, 

хандікіне барды. Хан қатынымен шай ішіп отыр екен. Ежігелді алпыс сауысқанның терісін тайтері қылып 

киген екен, үйге кірсе, хан менен қатыны шошып тұрған. Ежігелді абдыраның аузын ашты, «Жалаңаш 

түс», – деді. Қатыны мен хан қорқып, түсті. Ежігелді абдыраның аузын жапты, арқалап қайтты, ханның 

үйіне әкпелді. 

– Әкелдің бе? – хан айтты: 

– Әкелдім, – деді. Абдыраның аузын ашты, жалаңаш қатын мен хан түрегелді. Екеуі жылады: 

– Не болды? – деді. 

– Білмеймін, Әзірейіл екенін, не екенін білмейміз деді, абдыраға түс дегенін білеміз, – деді. 

Хан айтты: 

– Буынып өлсін! 

Дамбалдың бауын өзіне қайта берді. Хан қайтты үйіне, үш күннен соң өлді. Ежігелді ханның қызын алды. 

26. МОМЫНБАЙ МЕНЕН ЖЕТІ ҚАРАҚШЫЛАРДЫҢ ХИКАЯСЫ 

Ертеде бір Момынбай деген кісі бар екен. Бұл Момынбай асқан жуас, өтірік сөйлемейтін, қаріп-қасыр, 

жетім-жесірге рақымды, жақсы адам екен. Сол себепті Құдай тағала бұл Момынбайға аямай үлкен дәулет 

беріп, мұның төрт түлік малының, алтын-күміс қазынасының қисабы жоқ үлкен бай екен. Ол заманда бара 

жатқанның  балтасын,  келе  жатқанның  кетпенін  алып,  дүнияны  құртқан  һәм  ұрлық-қарлық, 

залымдықпенен жеті қарақшы атанған бір жеті қу бар екен. 

Күндерде  бір  күн  бұ  қарақшылар  өзді-өзі  сөйлеседі.  Момынбай  һешбір  кәсіп  қылмайды,  құр  малын 

баққаннан басқа. Сөйтсе де, оның дәулеті күннен күнге арта береді. Біз қанша азаптанып, тырыссақ та, 

Құдайым біздің дәулетімізді арттырмайды. 

– Қой, не қылсақ та, амалдап, осы Момынбайды құртып, дәулетін олжа қылайық, – деседі. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              768 bet 

Осылайша уағда қылысып, жөні келсе, алдап, жөні келмесе, ұрлап, екі-үш жылдың ішінде-ақ қарақшылар 

Момынбайдың қисапсыз дәулетін қор қып, тәмам қылады. 

Момынбай  дәулеттен  айрылған  соң  бұрынғы  дос-жарлары,  ағайындары  һәм  мұның  малын  бағып, 

қызметін  қылып,  күнін  көріп  отырған  көршілері  мұның  қылған  жақсылығын  ұмытып,  алды-алдына 

бытырап кетеді. Сөйтіп, Момынбай мырза деп дүнияға даңқы шыққан, дүнияға малы сыймаған бай жеті 

қарақшының  арқасында  қисапсыз  дәулеттен  айрылып,  ағайын-туғаннан,  дос-жардан  айрылып,  қара 

лашық тігіп, жалғыз үй қалады. Лашықтың іші толған жас бала, кемпірі болса, ауру, төрт түлік малдан 

қалған  жалғыз-ақ  –  көк  есек.  Күндерде  бір  күн  Момынбай  бұрынғы  дәулетін  ойлап,  жұрттың  қылған 

қошеметін ойлап, һәм өзінің бұ күндегі халін ойлап: 

–  Ай,  дүние,  шіркін-ай,  пендеге  бірде  бетін,  бірде  көтін  көрсетеді  екенсің  ғой,  –  деп,  бек  қапа  болып 

отырады да, ойлайды: 

– Мен бұ халға жеті қарақшылардың арқасында жеттім. Қылғанға қылғанның айыбы жоқ деген қазақтың 

сөзі бар еді, мен де бұ қарақшыларға бір іс көрсетсем қайтеді? 

Момынбай  осылайша  ой  қылады  да,  сандығында  жатқан  үш-төрт  күміс  теңгені  қалтасына  салып,  көк 

есегіне мініп, жеті қарақшылардың аулына қарап жүреді. Ауылға жақындап келгенде қалтасындағы баяғы 

күміс  теңгелерді  есегінің  көтеніне  тығады.  Сонан  соң  ауылдың  желкесінде,  төбенің  басында  тамаша 

қылып отырған қарақшыларға келіп: 

– Асаламмағалейкум, – деп, сәлем береді. Қарақшылар: 

– Уағалайкім ассалам, Момынбай, мал-басың аман ба? Жол болсын, қай жаққа барасың? – деді. 

Момынбай айтты: 

–  Шүкір  Құдайға,  басымыз  аман,  малың  аман  ба  деп,  несін  сұрайсыңдар,  малдың  бәрін  өздерің  жиып 

алдыңдар ғой. Міне, енді бала-шағам қорек қылатын да һеш ауқатым болмаған соң баяғы дос-жарлардан 

бір нәрсе болар ма деп анау ауылға бара жатырмын, – деді. 

Бұ  сөздерді  айтты  да:  «Қош  болыңдар!»  –  деп,  Момынбай  жөніне  жүре  берді.  Һәм  үйден  ала  шыққан 

қолындағы бізбенен қарақшыларға байқатпай, есегін сауырына шаншып алды. Біздің жанына батқанынан 

есек құйрығын жиып қалып еді, баяғы күміс теңгелердің біразы көтінен түсіп қалды. Тағы бір шаншып 

қалып еді, тағы бір теңге түсті. 

Сөйтіп, есектің көтіндегі үш-төрт күміс теңге – бәрі де түсіп қалды. Момынбай байқамаған болып, артына 

қарамай,  жүре  береді.  Қарақшылар  есектің  көтінен  күміс  теңге  аққанын  көріп,  бұны  керемет  деп,  таң 

қалысып  тұрды  да,  қарақшының  біреуі  айтады,  «Бұны  ғажап  іс,  мұның  мәнісін  білуге  керек»,  –  деді. 

Бүтіндері мақұл деп, ертеңіне бәрі аттанып, Момынбайдың үйіне келеді һәм сұрайды. 

– Момынбай, кеше сен бізбенен қош айтысып кете бергенде есегіңнің көтінен қанша күміс теңге құлап 

қалды. Мұның мәнісі қалай, жасырмай, расын айтшы, – деді. 

Момынбай айтты: 

– Баяғы қисапсыз көп малымнан қалғаны осы – жалғыз көк есек, әйтеуір, осы есектің арқасында кемпір, 

балам аш-жалаңаш болмай тұрады. Бұл есектің өнері сол – сұлы жеген күні күміс теңге тышады, арпа 

жеген [күні] тіллә тышады. 

Қарақшылар  мұны  естіп,  таң  қалысып,  шетке  шығып,  мәслихат  қылады.  Бұл  жалғыз  есегін  ұрлап 

алғанымыз енді Құдайға да мақұл болмас. Қанша болса да, ақша беріп, бұл есекті сатып алалық, берген 

ақшамызды тез-ақ өндіріп аламыз ғой, – деп, Момынбайға келіп: 

– Бай, бұл есегіңді бізге сат, – дейді. Момынбай: 

– Бала-шағам ауқат қылып тұрған жалғыз есегімді сатпаймын, – десе де, қоймай, көп тіллә беріп, есекті 

алып, қарақшылар аулына қайтады. Ертесіне есекті арпаға әбден тойғызып, мұның өнерін көрелік деп, 

қарақшылар бәрі жиылып, есекті жығады, төрт аяғын қатты қылып байлайды. Бір-екеуі есектің көтінен 

шыққан алтын шашылмасын деп, қап төсеп тұрады да, қалғандары қолдарына бірер ағаш тоқпақ алып, 

есектің ішін тоқпақтай бастайды. Арпаға тойған есек тоқпақтан барт-барт тышады. Қарақшылар алтын 

шығып жатыр деп, онан сайын қатты тоқпақтайды. Миллионша есекті тоқпақтап, енді біраз алтын шыққан 

шығар деп, қапты алып, ішіне қарап, қап толған боқ, боқты қолдарыменен аралап қараса, жалғыз да тіллә 

жоқ. «Бұ қалай?» – деп, қарақшы таң қалысып, тұрып-тұрып, есектің аяғын шешіп, тұрғызайық десе, есек 

өліп қалыпты. Мұны көріп, Момынбайдың алдағанын біліп, «Қап, Момынбай, бізді ақымақ қылған екен. 

Орынды жазасын берсе болады», – десіп, қатты ашуланып, ыза болады. Ертеңіне қарақшылар бәрі де атқа 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              769 bet 

мініп, Момынбайдың үйіне қарап жүреді. Момынбай бұлардың келе жатқанын көреді де, жүгіріп, үйге 

кіріп, алдыңғы күні есек сатып алған көп тілләнің қуанышымен сойған қойдың ішегіне [қан] толтырады 

да, кемпірінің мойнының айналасына байлап, айтады: 

– Қарақшылар үйге кіре бергенде сен есіктің бір жағынан шыға қаш. Мен қолыма пышақ алып, боқтап, 

балағаттап,  сені  қуармын.  Сен  қашып,  барып-барып,  жығылған  бол,  мен  сені  пышақпенен бауыздаған 

болармын. Мойныңдағы ішектен қан ағар, сен қорылдап, өлген бол да қал. Біраздан соң мен ішек қаптаған 

қарт сырнайымды тартып-тартып, сені келіп: «Не қылып жатырсың, тұр»,  – деп, басыңа тебермін, сен 

«Ойбай, қатты ұйықтап қалыппын ғой», – [деп], ұшып тұра кел, – дейді. 

Ол екі арада қарақшылар келіп, аттарын байлап, үйге кіре бергенде кемпір есіктің екінші жағынан шыға 

қашады. Момынбай ашуланған болып, боқтап-балағаттап, кемпірді артынан қуа шығады. Кемпір қашып 

барып-барып, жығылады. Момынбай артынан жетіп барып, қолындағы пышағыменен жығылып жатқан 

кемпірді «бауыздап» жібереді. Кемпірдің тамағынан қан ағып, қорылдап, «өліп қалады». Момынбай үйге 

қайтып келіп, ашуланған болып отырады. Қарақшылар мұны көріп, Момынбаймен сөйлесуге бата алмай, 

отырады. 

Біраздан  соң  Момынбай  ашуы  тарқағандай  болып,  керегенің  басында  тұрған  қарт  сыбызғыны  алып, 

тартып-тартып, «өліп жатқан» кемпірді «Не қылып жатырсың, тұр?», – деп, басына тебеді. 

Кемпір «тіріліп», «Ойбай-ай, қатты ұйықтап кеткен екенмін ғой», – деп, ұшып тұра келеді. 

Қарақшылар мұны көріп, таң қалысып: 

– Момынбай, бұ не ғажап іс? – деп сұрайды. Момынбай айтты: 

– Мұнда һеш ғажап іс жоқ, бәрі мынау қара сыбызғының қасиеті, һәр түрлі күйді ойнап-ойнап, өлген кісіні 

басына тепсең, ұшып тұра келеді, – дейді. 

Қарақшылар бұған таң қалысып: 

– Бай, осы сыбызғыңды бізге сатшы, – деп, жабысады. Момынбай: 

–  Ата-бабамнан  мирас  қалған  жалғыз  сыбызғыны  да  маған  көпсіндіңдер  ме?  Қанша  берсеңдер  де, 

сыбызғымды сатпаймын, – десе де, қарақшылар жабысып қоймай, ақырында, есепсіз көп тіллә беріп, қара 

сыбызғыны сатып алып, ауылдарына қайтады. 

Ауылдарына  келсе,  бәрінің  де  қатындары  ауыл  қыдырып  кеткен  екен.  Бұлар  қатындарына  қатты 

ашуланып, барған жерлерінде тауып алып, бәрі де қатынын бауыздап тастайды, сосын сыбызғыны тартып, 

тірілтіп  аламыз  деп.  Біраздан  соң  біреуі  сыбызғыны  тартып-тартып келіп,  өліп  жатқан  қатынын  басқа 

тебеді. Қатын тұрмайды. Екіншісі келіп, қатынын басқа тебеді, тұрмайды. Үшіншісі келіп, тебеді, о да 

тұрмайды. Сөйтіп, жетеуі де қатынын өлтіріп алады. Мұны көріп, Момынбайдың тағы алдағанына көзі 

жетіп, қарақшылар жаман қатты ашуланып, ыза болып, «Бұл Момынбайды тірі қоймайық», – деп, уағда 

қылысады. 

Бұл екі арада Момынбай кемпіріне айтады: 

– Жеті қарақшыларға мен қолымнан келгенімді қылдым, енді олар маған мейлінше өшікті. Өшін алмай 

қоймас.  Мен  азық-түлігімді,  төсек  орнымды  алып,  анау  үлкен  жолдың  үстіндегі  қара  молаға  барып, 

жатайын. Кеш сайын үйге келіп жүрермін. Агар қарақшылар мені сұрап келсе, сен жылаған болып, «Үш-

төрт күн болды, Құдайдан қаза жетіп, дүниядан қайтты, моласы анау тұрған дегейсің»,  – деп, кемпірге 

үйретіп, Момынбай азық-түлігін, төсек орнын алып, баяғы жол үстіндегі қара моланың ішіне кіріп, жатып 

алды. Мұнан соң бірнеше күн өткеннен кейін қарақшылар Момынбайдың үйіне келсе, қара киіп, шашын 

жайып, бетін жыртып, жылап, дауыс қылып отырған кемпірді көреді. 

– Ай, бәйбіше, не болды? – деп сұрайды. Бәйбіше айтады: 

– Құдайым, әуелі сансыз малымды, сансыз қазынамды алды. Ақырында, қойнымдағы байымды алды. Үш-

төрт  күн  болды  Құдайдан  қаза  жетіп,  Момынбай  дүниядан  қайтты.  Моласы  –  анау,  үлкен  жолдың 

үстіндегі қара мола, – дейді. 

Мұны естіп қарақшылар: 

– Әй, бәрекелді-ай, тірісінде өшімізді ала алмай қалдық-ау, – десіп, көп өкініп, ауылдарына қайтады. 

Күндерде бір күн жеті қарақшылар бір керуен талап, көп алтын-күміс олжа алып, үйлеріне қайтып келе 

жатып, нақ Момынбайдың моласына келеді. Қарақшының біреуі айтады: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              770 bet 

– Мынау Момынбайдың моласына кіріп, олжамызды бөліп алсақ, қайтеді? – дейді. Бүтіндері мұны мақұл 

көріп, бәрі де аттарынан түсіп, қап-қап алтын-күмісті алып, молаға кірсе, Момынбай тірі адамдай төсегін 

жайып жатыр, бас жағында бір саба қымыз, табақ-табақ піскен ет тұр. Мұны көріп, қарақшылар ойлайды: 

– Япырмай, мынау Момынбай иманды болып, ұшпаққа кірген екен. Қарашы, көрінен шығып, тірі кісідей 

төсекте жатқанын, ет, қымыз дегенің мынау, – деп, таң қалысып тұрып, ақырында, отырып, олжаларын 

бөліседі. Алтын-күмісті жетіге бөліп, үйіп қойып, мына бөлімді мен аламын деп, біреуі айтып, жоқ, мұны 

сен  алмайсың,  мен  аламын  деп,  өзді-өзі  олжаға  таласып,  у-шу  аямай  шығады.  Сол  уақытта  жатқан 

Момынбай: 

– Һешқайсысың да алмайсың, мұның бәрі де менікі, – деп, орнынан ұшып тұра келеді. 

Мұны  көріп  қарақшылардың  есі  шығып  кетіп,  моладан  жүгіре-жүгіре  шығып,  аттарына  мініп,  алды-

артына қарамай, ауылдарына қарай қашады. Бұлар кеткен соң Момынбай алтын-күмісті жиып алып, үйіне 

апарып береді. 

Қарақшылар аулына келіп, естерін жиып алған соң өзді-өзі сөйлеседі. 

–  Бұ  Момынбай  тірісінде  бізге  қанша  қорлықты  көрсетіп  еді,  енді  өлгенде  де  тек  жатпай,  қанша 

олжамызды алып қалды. Мұнан не қылып өшімізді аламыз? – деседі. Сонда біреуі тұрып айтады: 

–  Һеш  болмаса  моласының  басына  тышайық,  –  деді.  Бәрі  де  мұны  мақұл  көріп,  аттарына  мініп, 

Момынбайдың моласына қарай жүреді. Момынбай бұлардың келе жатқанын көріп, һәм не ойменен келе 

жатқанын  сезіп,  моланың  ішінде  жанып  тұрған  отқа  бір  істік  темірді  салып  қыздырады.  Ол  екі  арада 

қарақшының біреуі  моланың басына шығып,  төбесіндегі  тесікке көтін қойып,  «Мә, бәлем,  саған»  деп, 

тыша бергенде, моланың ішінен Момынбай қызарған істік темірді көтіне тығып алады. 

Қарақшы: 

– Ойбай-ай, иттің аруағы ұрды, – деп, көтін қолымен басып, моладан түсе қашады. 

Екінші  қарақшы  батырсынып  келіп  еді,  Момынбай  оның  да  көтіне  ыстық  темір  тықты.  Сөйтіп, 

батырсынып, өшімізді аламыз деп, жеті қарақшының жетеуі де көтіне істік темір кіргізіп алды. Сонан соң 

бұлар жаман ыза болып, не қыларын білмей, ақымақ болып, аулына қайтады. Бұлар кеткен соң Момынбай 

нәрселерін  жиып  алып,  үйіне  келіп,  баяғыдай  шаруасын  қылып  тұра  береді.  Момынбай  өліп,  тіріліпті 

деген  хабар  тез-ақ  елге  жайылып,  ақырында,  ханның  құлағына  тиіпті.  Хан  мұны  естіп,  қайран  қалып, 

Момынбайды шақыртып алады. 

– Ай, Момынбай, сені өлді деп естіп едім, сен қалайша тірілдің? – дейді. 

Момынбай айтады: 

– Тақсыр, ханым, менім өлгенім рас еді, артымда жесір қатын, жетім балаларым, қанша малым, қазынам, 

жеті құлым қалып еді. Сол құлдарым жетімдердің сөзін тыңдамай, зорлық-зомбылық көрсетіп, малдарын 

бөлісіп алып, қашып кетіпті. Жетімдер мұндай қорлық көріп, Құдайға шын ықыласымен жылаған соң 

Жасаған ием сол жетімдерге рақымы түсіп, мені тірілтті, – деді. 

Хан мұны естіп, таң қалып һәм құлдардың қылған ісіне қатты ашуланып: 

– Момынбайым, сен ол құлдарыңның осы күнде қайда екенін білесің бе? – деді. Момынбай: 

– Білемін, тақсыр, – деп, баяғы жеті қарақшыны көрсетеді. Хан дереу жасауыл жіберіп, жеті қарақшыны 

алғызып: 

– Сіз неге жетімдерге зорлық қылдыңдар? – деп, жаман ұрысты. 

Қарақшылар айтады: 

– Тақсыр, біз һешкімге зорлық қылғанымыз жоқ. Һәм һешқашан құл болған емеспіз, – деді. 

Сонда Момынбай айтады: 

–  Мен,  тақсыр,  жаңылсам,  жаңылып  тұрған  шығармын,  менің  құлдарымның  таңбасы  бар  еді.  Агар  да 

бұларда таңба жоқ болса, менің жаңылғаным рас болғаны, – деді. Хан сұрады: 

– Сенің құлдарыңның қандай белгісі бар еді? – деді. Момынбай айтты: 

–  Менің  құлдарымның  істік  темірменен  салған  көттерінде  таңбасы  бар  еді,  –  деді.  Хан  дереу 

қарақшыларды  шешіндіріп  қараса,  көттерінде  Момынбай  айтқан  таңбасы  бар  екен.  Мұнан  соң  хан 

Момынбайдың сөзі рас екен деп, жеті қарақшыны малы-жаныменен Момынбайға бұйырып береді. 

Сөйтіп, Момынбай дұшпандарын құл қылып алып, баяғыдан артық дәулетті, қадырман болып, дүниядан 

өтті. 

«Ұрлықтың түбі – қорлық» деген мақал осыдан қалған екен. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              771 bet 

27. ҰР, ТОҚПАҚ 

Бұрынғы өткен заманда бір шал мен кемпір болыпты. Шал мен кемпір кедей болыпты. Шал мен кемпір 

тұзақ қойып, күнін көреді екен. Бір күні шал келіп, тұзағына қараса, тұзағына бір қаз түсіп қалыпты. Шал 

келіп, қазды тұзақтан босатып алып, бауыздайын десе, қаз шалға айтыпты. 

– Мені сен босат, менен не сұрасаң, соны бір жылдан кейін ал, – дейді. 

Шал: 

– Мақұл, – деп, қазды жібереді. Үйіне келіп, жаңағыны айтса, қатыны шалды ұрсады. Шал: 



– Қой, сен нені білесің? – деп, сөзін тыңдамай, жүре береді. Бір жыл өтеді. Шал қазға бармақшы болады. 

Шал қаздың үйіне қарап жүреді. Бір жерге келсе, өңкей түйе жайылып жүр екен. Келіп, түйешіден: 

– Бұл кімнің түйесі? – десе, 

– Бұл – Қазы байдың түйесі, – дейді. 

Шал ойланып, жүріп кетеді. Бір жерге келсе, көп қой жайылып жүр екен. Шал келіп: 

– Бұл кімнің қойы? – деп, қойшыдан сұрайды. Қойшы: 

– Бұл – Қазы байдың қойы, – деді. 

Шал жаңағы баладан: 

– Шырағым, Қазы байдың бұдан басқа несі бар? – дейді. 

Бала шалға айтады: 

– Қазы байдың үш жақсы нәрсесі бар, – дейді. 

– Біреуі – қазан, «Піс, қазаным» десе, әртүрлі тамақ пісіп шығады. Тағы біреуі – есек, «Ық, есегім, алтын 

тыш» десе, алтын тышады, енді біреуі – тоқпақ, «Ұр, тоқпағым, ұр, тоқпақ» десе, адамдарды ұра береді, 

– дейді. 

Шал: 

– Мақұл, – деп, жүріп кетеді. Қазы бай күтіп алады. Шал Қазы байдан Піс қазанын сұрайды. Қазы бай 



береді. Шал алып, үйіне келе жатса, бір жерде асық ойнап жатыр екен балдар шалға: 

– Ата, асқа түс, – дейді. Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып, балдарға: 

–  Шырағым,  «Піс,  қазаным,  піс»  демеңдер!  –  дейді.  Шал  кіріп  кеткеннен  соң  «Піс,  қазаным»,  –  десе, 

әртүрлі тамақ пісіп қалыпты. Балдар қазанды айырбастап алып қояды. Шал шығып, қазанды үйіне алып 

барып, «Піс, қазаным» десе, ешнәрсе шықпайды. Шал қазанды алып, Қазы байдың үйіне келеді: 

– Қазы бай, бұдан ешнәрсе шықпайды, – дейді. Қазы бай қазанды алып, «Піс, қазаным» десе, ешнәрсе 

шықпайды. 

Қазы бай қазанды алып қалып, есекті беріп жібереді. Шал есекті алып, үйіне қайтады. Жолда келе жатса, 

балдар шалға: 

– Ата, асқа түсіңіз, – дейді. Шал асқа түспекші болып, есектен түседі. Шал үйге кіріп бара жатып: 

– Шырағым, «Ық, есегім, алтын тыш» деме, – дейді. 

Балдар: 


– Мақұл, – дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң балдар: 

– «Ық, есегім, алтын тыш», – десе, есек алтын тышты. Балдар есекті айырбастап, орнына басқа есек қояды. 

Шал есекті алып, үйіне қайтады. Кемпір: 

– Қазға барып, алып келгенің осы ма? – дейді. Шал: 

– Бұл есек алтын тышады, – дейді. Кемпір қуанып қалады. Шал есекке: 

– Ық, есегім, алтын тыш, – десе, есек еш нәрсе тышпайды. Шал есекті алып, Қазы байға келеді. 

– Есектен еш нәрсе түспейді, – дейді. 

Қазы бай есекті алып, «Ық, есегім, алтын тыш» десе, еш нәрсе тышпайды. 

Бай шалға «Ұр, тоқпақты» береді. Шал «Ұр, тоқпақты» алып келе жатса, жаңағы жерде тағы да балдар 

асық ойнап жатыр екен. 

Балдар шалға: 

– Ата, асқа түс, – дейді. Шал асқа түседі. Үйге кіріп бара жатып: 

– Шырағым, «Ұр, тоқпақ» демеңдер, – дейді. Шал үйге кіріп кеткен соң балдар: 

– Ұр, тоқпағым, сор тоқпақ, – дейді. 

Тоқпақ балдардың әрқайсысын бір ұрады. Балдар тоқпаққа жалынады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              772 bet 

– Ойбай, «Піс, қазаныңды», «Ық, есегіңді» берейін, – дейді. Шал шығып келе жатып, естіп қояды, шал 

келіп: 

– «Піс, қазанды», «Ық, есекті» бересің бе? – дейді. Балдар: 



– Мақұл, – деп, – әкеліп береміз, – дейді. Шал «Ұр, тоқпақты» қойғызады. Балдар «Піс, қазанды», «Ық, 

есекті»  әкеліп  береді.  Шал  «Піс,  қазанды»,  «Ық,  есекті»,  «Ұр,  тоқпақты»  алып,  үйіне  келеді.  Сөйтіп, 

мұрат–мақсатына жетеді. 

28. ЖАРҒАҚ ЖАЛШЫ 

Дудабай  деген  бай  пішен  шабатын  уақыт  таянған  соң,  маусымды  күнге  жалшы  іздестіре  Түшпара 

қыстағына барады. Жарғақ жалшы оған кездіге кетеді. Дудабай: 

– Шырағым, атың кім? – дейді. 

– Атым – Жарғақ, – дейді. 

Дудабай ішінен «Жарғақ деген аты жаман екен, жарытып, ештеңе тындырмас» деп, жүре береді. Екінші 

көшеде Жарғақ басқа кейіппен тағы кезігеді. Дудабай атын сұрап біледі де, тағы тарта береді. Үшінші 

көшеде басқа пішінді боп, Жарғақ тағы кездеседі. Дудабай: 

–  Үш  кездескен  жалшының  аты  үшеуі  де  Жарғақ  бола  берді  ғой,  жарыту-жарылқау  Құдайдан  шығар, 

осыны алайыншы, – деп келіседі де, үйіне алып келеді. 

Пішенге шыққанша бірер жеті өтеді. Одан байдың кеп-келісімді жасы жетіп қалған Қаламқас деген бір 

қызы бар екен. Жарғақ жалшыға болса-болмаса да, ол ұнайды ғой. Қаламқас та Жарғақ жалшының еті тірі 

жігіт екенін танып, байласпаса да, тілдеседі. Ебі табылса, алып қашумен тағдыры шешілетін болады. 

Дудабай төс қақтаттырады. Сүйретпеге айран құйдырады. Пішен басына кетеді. Пішен басына айранды 

алып барыпты да, қақтаған төсті үйінде ұмытып, қалдырыпты. Дудекең Жарғақ жалшыны қақтаған төске 

жұмсап жібереді. Жарғақ үйді сырттап келіп, ақырын тыңдаса, Дудекеңнің қатыны тамыр сартымен ауыз 

жаласып  отыр  екен.  Қызы  бір  жаққа  (отын-суға)  кеткен  болса  керек,  сарт  қатынды  кешке  қосына 

шақырады. Қосы Дудекең пішенімен қанаттас болады. 

– Сіздің қосты қайдан табам? – дейді қатын. 

– Мен жүрген ізіме жоңқаны шұбата салып кетем. Сонымен барып, табасың, – дейді. Сарт кетеді. Жарғақ 

шұба қылған жоңқаны өз қосына қарай салады да, қайта келеді. Күн еңкейгесін қатын піскен ет, тәтті 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет