ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет121/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   153

қуыршағына лайық өлшеп тігілгендей болыпты да қалыпты. Сараң Ішіқара бай іс-міс жоқ, өз заманының 

биіне  барып,  жүгініпті.  Билер  шабарман,  жасауылдарын  жіберіп,  Сәмсеректің  шебер  тігіншісін  айдап 

әкеліпті. Билер ақты-қарасын тексеріп отырмай-ақ: 

– Мына бәйекеңнің үш тымағының ақшасын төлейсің, – депті. Шебер: 

– Тақсыр, биеке! Былай болған істің мән-жайын сұрасаңызшы, – деп өтініпті. 

– Ия, болған істің мән-жайын айта ғой! 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              829 bet 

– Ішіқара байекең бір бала түлкінің терісін әкеліп, үш тымақ тігіп бер деді. Бала түлкінің терісінен үш 

тымақ  шықпайтынын  көзіңіз  жетіп  тұрған  тұрған  болар.  Мен  өлшеп,  піше  келіп,  бай  ұзатылатын 

қыздарының болашақ ұлдары мен қыздарына қуыршақты да кәзірден дайындап беретін шығар, – деп, үш 

күн бойы отырып, қуыршаққа шақ тымақ тіктім. Менің сізден өтінішім, мына байдан үш күндік еңбек 

ақымды өндіріп берсеңіз. 

Билер лажсыз бітімге келіп, тігінші шебердің үш күндік еңбек ақысын өндіріп беріпті. Сөйтіп, Ішіқара 

сараң бай сазайын тартқан екен. 

75. АҚЫЛСЫЗДЫҢ САЗАЙЫ 

Бұрынғы  өткен  заманда  еңбекті  сүймейтін,  еріншек  бір  жалқау  жігіт  болыпты.  Ол  жалқау  күні-түні 

«Қалай етсем бай боламын?» деп, армандайды екен. Күндердің бірінде ол бір данышпан адамға жолығып, 

арманын, ойын айтыпты. Әлгі данышпан оңай олжа іздеген еріншек жігітке былай деп кеңес беріпті. 

– Бай болу үшін көп еңбек етуі керек. Береке деген тауға барасың, ол жерде мол байлық бар, керегінше 

аласың. Тек қана ақылыңды істете біл, ақыл болмаған жерде байлық та жоқ. Еңбек етпеген жігітке есе де 

болмайды. 

Данышпанның осы кеңесінің байыбына жетпеген жігіт «Ал, жолын таптым ғой, енді бай болып кетсем 

керек» деп, Береке тауын іздеп, сапарға шығыпты. Мидай дала, шөліркеген сусыз шөл даланы кезіп жүріп, 

дала сойқаны бір қасқырға жолығыпты. 

– Ал, жігітім, жолың болсын! Қайда барасың? – деп сұрапты Қасекең. 

– Береке тауына бара жатырмын. Байлық, дәулет алып қайтам, – деп жауап беріпті. Мұны естіген қасқыр 

көк ми жігітке мейірбаншылық еткендей сүзіле қарап, өтініш етіпті. Күні-түні желе жортып, сандалмамен 

жүргенім мынау. Анау-мынау кездеспей, ауым болмай қалса, апта, он күндеп түк таппай, жортамын. Сол 

Береке тауына менің тілегімді айтып көрші. Менің де несібеме лайықты иелері бар ма екен? 

Жігіт: 


– Мақұл, – депті де, жолынан қалмапты. Күнге күйіп, беті-жүзі қарауытқан, шөл далада жүрген сақал-

шашы ағарған бір шалға кездесіпті. Ол жігіттен: 

– Жол болсын! – деп, жөн сұрапты. 

Еріншек жігіт арманы мен мақсатын айтып, тышқан аңдыған мысықтай тыңдап тұр. Сол кезде әлгі кәрие 

шал: 

– Балам, ана жақта біраз жүзім бауым бар еді, күтімі жетпегендей жөнді өнім бермейді. Соның мән-жайын 



сұрап, біле келші, Береке тауынан, – депті. 

– Жігіт қартқа өз қолынан беретіндей уәде жасап, бет алған жағына қарай тарта беріпті. Енді біраз жүріп, 

екі-үш қыр асқан соң аң аулап жүрген патша мен уәзірлерге кездейсоқ тап болады. 

Патша  ол  жігіттің  шама-шарқын  танып,  Береке  тауына  беттеп  бара  жатқанын  байқап,  шамалағанынан 

кейін оған қарсы тұра қап: 

– Жігітім, тыңда, мына сөзімді. Менің аңда жүріп атқан әрбір он оқтың тоғызы босқа, зая кетіп жүр. Соның 

себебін біле келші, – депті. Жігіт оған да ойланбастан  «Мақұл» деп, жауап беріпті. Ол алыс-алыс жол 

жүріп, ұзақ-ұзақ күн мен түн кешіп, арып аш боп, шаршап, шалдығып, әбден болдырдым дегенде Береке 

тауына жетіп барыпты. Бірақ ол тауда үміт еткен байлықты да, дәулетті де таба алмапты. Адасқан жас 

балаша еңіреп тұрып, тағы да ілгерілей түсіпті. 

– Береке тауының бөктерінде төңкеріліп жатқан үлкен бір қара тастың қуысында белі мертіккен қояндай 

бүкшиіп отырған бір қартты көріпті. «Енді табатын шығармын», – деп, аузынан сілекейі ағып, шапшаңдай 

басып, шалдың қасына барып, сәлем-әлек те жоқ: 

– Ата, мен бұл тауға байлық іздеп келіп едім, байлық түгіл күн көрісім де қиын болып бара жатыр, – дей 

келіп, – жолда жолыққан бағбан мен қасқырдың және патшаның сөздерін айтып беріпті. Ол бір данышпан, 

көреген қарт екен. «Еріншектің етегі толмас, жалқаудың жан рақаты болмас» дегендей, қаңғыбас, еріншек 

жігіттің  сұрауларына  байсалды  түрде  анықтап  жауап  беріпті.  Қасқырға  дайын  тұрған  несібе  жоқ,  сен 

құсап қаңғырып жүргенге кез келіп, күші жеткенін бас салып, ұстап, жей берсін деген көрінеді. Бағбан 

қарияның жүзім бауының ішіне төрт құмыра алтын көмілген екен. Соған менменсіген бағбан соңғы кезде 

жүзімдерін жөндеп күтпеген соң жүзім бұтақтары беталды бойлап өсіп кетіпті де, өнім бермей қойыпты. 

Оған соны айт. Ақылға жүгінсін, мастанбай, менменсінбей, еңбекке жүгінсін. Ал, патшаға келсек, оның 

еркек киімінде жүрген бойжеткен қыз баласы бар екен. Ол ертерек күйеуге тисе, тұрмыс құрса, көз жарып, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              830 bet 

босанса,  ұл  болады.  Қызынан  туған  бала  ауы  жүргіш,  тамаша  мерген,  атқан  оғы  айнымай, қатесіз  дәл 

тиетін мерген болады. Енді түсінген шығарсың! Бұл Береке тауындағы байлықты еңбек пен ақыл арқылы 

табасың. Сенің байлық пен бақытың алдыңда, – депті шал. 

Жігіт: 

– Еңбек пен бақыт, байлық алдымда болса, ол табылады екен, оны қайтсем де іздеп табамын, – деп, жүре 



беріпті. Ақыл парасатпен сөздің мәнін шешкен ол жоқ. Қайтып келе жатып, патшаға данышпан шалдың 

сөзін айтқан екен, патшаның өзі қыз екен. Ол: 

– Бұл сырды сені мен екеуміз ғана білейік, басқалар сезбесін. Сен мені әйелдікке ал, жұптасайық, – депті. 

Жігіт оған да болмай, құры алақан [жайып] «Жоқ, менің іздеген бақытым, үлкен арманым алдымда екен», 

– деп, қаңғырып жүре беріпті. Онан соң бағбанға кездесіп, есіткен әңгімесін бұлжытпай, түгел айтыпты. 

Оған бағбан: 

– Бәрекелде, балам! Жөн екен! Жүр, алтындарды қазып алайық, менің ұлым болып, қала ғой. Бойжеткен 

бір қызым бар, соны саған қосайын, – депті. 

– Жоқ, байлық алдымда екен, – деп, дүниеге көңілі ауған сорлы жігіт тағы да жол тартып, ілгерілей түсіпті. 

Ең  соңында  қасқырға  тап  болыпты.  Жігіт  аңқылдап,  ашық  ауыздық  жасап,  данышпанның  сөзін  айта 

бастаған екен, ашығып отырған Қасекең жауаптаспай-ақ: 

– Кез келіп, күшім жететін әзірше сен екенсің, – деп, ақылсыз, аңқау, еріншек, жалқау жігітті бас салып, 

жұлма-жұлма етіп, қызыл қанға бояп, мал сойған қасапша боршалап, жей бастапты. 

Ақылсыздың ажалы осымен тыныпты. 

76. ШЫҚБЕРМЕС ШЫҒАЙБАЙ МЕН АЛДАР КӨСЕ 

Баяғыда  бір  Шықбермес  Шығайбай  деген  бай  болыпты.  Аты  өзінің  сараңдығынан  «Шық  бермес»  деп 

аталған екен. Сол заманда Жиренше деген шешен болады екен. Және де Алдар көсе деген қу болады екен. 

Сол Алдар көсе мен Жиренше екеуі бәстеседі. Жиренше айтады: 

– Сен, Алдар көсе, сол Шығайбайдың үйінен тамақ ішсең, қалағаныңды берейін, – деді. 

Сол Шықбермес байға Алдар көсе жөнеледі. Бір күні үйіне жақындап келіп қараса, үйді айналдыра қамыс 

төсеп  қойған  екен.  Агар  біреу  келе  жатса,  біліп,  сылдырлағанынан  қылып  отырғаны,  жеп  отырғанын, 

тамағын жиып қояды екен. 

Есік алдындағы қамысты ақырын-ақырын жиып, үйге, сөйтіп, амалдап жетіп, тесіктен қарап тұра қалса, 

бәйбішесі Шығайбайдың қаз жұлып отырады екен, күңі – сирақ, қызы қамыр илеп, байдың өзі бас үйітіп 

отыр екен дейді. Соны көріп алып, Алдар көсе үйге кіріп келсе, бәрі қолындағыларды астарына тығып 

қоя қойыпты. 

Сөйтіп, бай Алдар көседен жөн сұрайды. 

– Жол болсын, Алдар көсем, қайдан келесің? Не көрдің, не білдің? – дейді. 

Онда Алдар көсе айтады: 

– Бұ күні осы жаққа келе жатқанымда бір жылан көріп, қуып жете алмадым, – деді. Оған бай нанбайды. 

Сонда Алдар көсе ант ішеді. 

Растығына: 

–  Осы  бәйбішенің  астындағы  қаздай,  жуандығы  өзіңнің  астыңдағы  бастай.  Қазыққа  жаншылады 

қызыңның  астындағы  қамырдай,  жыланның  ені  күңнің  астындағы  сирақтай,  ой,  тулайын,  –  деп,  ант 

бергеннен соң бұл бәрін көрген екен деп, әлгілердің бәрін де қазанға салып жатып, байдың айтқаны: 

–  Піс,  қазаным,  бес  ай,  –  деді.  Сонда  Алдар  көсе  екі  етігін  шешіп  тастап,  екі  босағаға  екеуін  жіберіп, 

айтқаны: 

– Отыр, көтім, он ай. Кер шабанның терісін келер жылы киейін, – деді. 

Сонан соң үй иелері де, Алдар көсе де бірін-бірі аңдып, өтірік ұйықтаған болып, жатып, үй иелері шын 

ұйықтап қалады. Оны біліп, Алдар көсе қазанның ішіндегі етін тойғанынша жеп, қалғанын тығып, қазанға 

күңнің  ескі  тері  белдемшесін  турап-турап  салып  қойып,  мұны  білсе,  маған  қастық  қылар  деп,  байдың 

қорасына барып, байдың қасқа атына боқ жағып, жоғалтып, өз атын маңдайына бор жағып, қасқа қылып, 

сөйтіп, ұйықтап қалады. 

Онан  соң  бай  оянып,  қорбаң-қорбаң  етіп,  үйінің  ішін  оятып,  қазанын  түсіріп,  жеп  қараса,  ет  емес, 

белдемше екенін біліп, бек ашуланып, мұның кем болмаса,  атын жарып, ит қылып  алайын деп ойлап, 

далаға шығып, барып, өз атын жарып тастап, таңертең Алдар көсені оятып: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              831 bet 

– Атыңның ішіне қазық кіріп, өліп қалыпты, – деді. 

Сонда Алдар көсе айтады: 

– Агар боқ қасқа болса, сенікі шығар. Агар бор қасқа болса, менікі болар, – деген соң далаға шығып қараса, 

өз атын өлтірген екен. 

– Япырмай, мұнан қайтып құтыламын, – деп, қойға кететін болды. Сөйтіп тұрып: 

– Тым болмаса, нанымды алып барып, далаға жейін деп, қатыны[на]: «Пеш нан шығарып, бер», – деп, 

сыбырлайды. Оны Алдар көсе біліп, нанын қойнына тыққан уақытта жүгіріп келіп, құшақтап, көріскен 

болады. 

Ыстық нан байдың төсін күйдіргеннен соң: 

– Ай, ант ұрған, осы нанды сен жеші, – деп, лақтырып тастап, жүре береді қойдың артынан. Оның артынан 

Алдар көсе келіп: 

– Бізіңді алып, етігімді тігіп алайын, – деді. 

– Жарайды, – деп, бай жүре береді. Бай дауыс жетер-жетпес жерге барғанда «Бізбелдікті маған берді», – 

деді. Байдың қызының аты – Бізбелдік екен. Оған бәйбіше болмаса, байға айғайлап айтады: 

– Бізбелдікті бермейді, – деп, бай жөндеп есітпей, «Беріп, беріп, жібер құрғырға», – депті. Сөйтіп, Алдар 

көсе қызды артына мінгізіп, жүріп кете береді. 

Сөйтіп, бәстескен Жиренше шешенге келді. Жиренше айтты: 

– Сен мені алдасаң, не сұрағаныңды аямаймын, – деді. 

– Мені арманыма жеткіз, – деді. 

– Жарайды, – деп, екеуі жүріп кете берді. Жиреншенің аты бар, Алдар көсе – жаяу. Бір жерге келгенде 

Алдар көсе тұра қалып, өкініп айтады: 

– Ой, әттеген-ай, менің кісі алдайтұғын ала қабым үйде қалыпты. Енді қайтейін? – деді. Онда Жиренше 

ойында һешнәрсе жоқ: 

– Мінекей, менің қара арғымағым, мініп барып, қабыңды алып келе қой, – деп, атын береді. 

Жиреншенің атына Алдекең мініп алып: 

– Алдаған осы, – деп, айдалада Жиреншені жаяу тастап, «Қалағаным – осы» деп, жүре береді. Жиренше 

жүгіріп, аулына барып, қатынына айтады, өзін сөйтіп алдап кеткенін Алдар көсенің. 

Қатыны бір бос бесікті қолына ала салып, жүгіріп, Алдар көсенің алдынан шығады. Сөйтіп, екеуі бір өзен 

суға келе жатып, жаяу өтпекші болған соң Алдар көсе: 

– Ап кел бесігіңді, мен өткізейін, – деді. Қатын айтады: 

– Жоқ, мен өзім өткіземін. Әйтпесе, бала оянып, жылап, жолда ығыр қылады, – деді. 

Соған Алдар көсе иланады да, атынан түсіп, қатынға береді. Қатын атқа мініп, бесікті алдына алып, суға 

түсіп кетеді. Судың ортасына барған соң бесікті суға тастап жіберіп тұрып айтады: 

– Бір асқанға бір тосқан осы деген, бәлем, әлі жас екенсің, мұрт-сақалың шыққанда мені алдарсың, – деп, 

жүре беріпті. 

77. АЙШАНЫҢ АЛДАР КӨСЕМЕН КЕЗДЕСУІ 

Алдардың аты шыққан алдаушы еді

Алдауға Алдар жанын жалдаушы еді. 

Алдармен бір-екі ауыз сөзге келсе, 

Алданбай ешбір адам қалмаушы еді. 

Келсе де, жасы елуге сақал-мұрт жоқ, 

Жасы үлкен дегенге ешкім нанбаушы еді. 

Көрмеге мүләйімдей бір жас жігіт 

Сөйлесе, алдына жан салмаушы еді. 

Иегі жас баланың өкшесіндей, 

Әжімсіз бетін кіршік шалмаушы еді. 

Сол үшін атанып ед «Алдар көсе» 

Әркімді алдауменен әлденеше. 

Жүзбе-жүз таныстығы болмағанмен, 

Адам жоқ білмейтұғын Алдар десе. 

Алғалы Алдар бір күн жолға шықты, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              832 bet 

Әркімді-ақ алармын деп, Алла берсе, 

Жұлқынып жын қаққандай жаяу келед, 

Қарсылап қашыр мінген шал келеді. 

Жарқылдап алтын тоны түрі өзгеше 

Патшалық белгісі жоқ тоннан басқа. 

Немене Шәудір шалды алдамасқа 

Шәудір ханнан алтын тон алды деп, 

Естіген әлдеқашан Алдар қасқа 

Көтеріп, екі қолын көкке сермеп, 

Толтырып тұра қалды көзін жасқа. 

– Ей, ата, атың сенің Шәудір екен, 

Айша атты қызың бар ма, тілім тасқа. 

Үстіңе бір пәлекет төніп тұр ғой, 

Болмады сендерді аяп жыламасқа. 

«Пош-пош», – деп, екі қолын сермей берді 

Аңқау шал бұл айтқанға қатты сенді. 

– Мен едім бала бақсы, жаңа пері 

Мінеки, аруақтарым соны көрді. 

Пәлекет үстіңдегі тоныңда екен, 

Тезірек тоныңды, ата, шешкін, – деді. 

Басыңнан айналдырып, аластайын, 

Пәлекет әні келді, міні келді. 

Шәудір шал тонды шешіп тастады да, 

Қарамай алды-артына тез жөнелді. 

Алдар қу алтын тонды киіп алды, 

Мәз болып, алдадым деп Шәудір шалды. 

Алдарды жол сорабы тура бастап, 

Аулына Шәудір шалдың алып барды. 

Көргендер Шәудір шалдың тонын танып, 

– Япырмау, бұл қалай? – деп, аң-таң қалды. 

Бұрылды қараша үйге Алдар көсе, 

Сұлу қыз шығып тұр ед бір жарамды. 

Алдекең үйге кіріп отырған соң 

Ақ Айша бастан-аяқ көзін салды. 

Алдар: – Амансың ба, қыз бала? 

Айша: – Есенбісің, бозбала? 

Алдар: – Әкең қайда, қыз бала? 

Айша: – Әкем тонын киіп, тойға кетті. 

Алдар: – Қарным ашып келеді, тамағың болса, бер. 

Айша: – Бір тамағым бар, тәтті, тәтті де болса, ащы. 

Бір тамағым бар, ащы, ащы да болса, тәтті. 

Қайсысын берейін? 

Алдар: – Тәтті тамағыңды бер. 

Айша бір табақ ұн әкеліп, алдына қояды. Алдар ұнды қызға қайтып беріп: «Ащы тамағыңды берші», – 

деді. 


Айша бір табақ тұз алып кеп, алдына қояды. 

Алдар түсінді, қыз ақылды қыз екен, тұзсыз тамақ тәтті болғанымен, дәмсіз, тұзды тамақ ащы болғанымен, 

дәмді дегені ғой деп ұғынды. 

Айшаға тамсана қарап: 

– Қыз бала, шашың әдемі екен, оны қалай өсірдің? – деді. 

Айша: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              833 bet 

– Әкемнің қаладан әкеліп берген алты мысқал ақ дәрісі бар, ыстық суға езіп, бір жаққанымда бір қарыс 

өседі. 

Алдар қибыжықтап, сұрағысы келіп отырғанын Айша сезді де, паңдана түсті, сыр бермеді. 



Алдар: 

– Ол қандай дәрі екен, көрсетші? 

Айша: 

–  Ол  тамыр  дәрінің  майы,  оны  көрінген  кісіге  көрсетуге  болмайды.  Мен  оны  жаққанда  тоты  құстың 



қауырсынымен ғана ептеп жағам, байқаусызда алақаныма тиіп кетсе, тиген жеріне қап-қара шаш өсіреді. 

Өмірі алдаумен өткен Алдар көсе тап осы жерде өзі де бір алданды. Айшаға қиылып: 

– Қарағым, қарындасым, осы дәрің маған бір керекті дәрі екен. Бір мысқалын маған өлшеп бер, тиісті 

хақын төлейін, – деп, қиылып, өтініш салды. 

Айша: 

–  Бір  мысқалы  елу  ділдә  тұрады,  бұл  өте  қымбат  дәрі,  табылмайды.  Әкем  ауған  жұртынан  келген  бір 



ғұлама тәуіптен ғана алыпты. 

Алдар: 


– Қарағым, мен бір сорлап жүрген адаммын, жасым елуге келді, бет-аузымда еркек нышанынан ырымға 

қылтанақ жоқ, нан салған шанаштай жалтырайды да тұрады. Я әйел, я еркек сыйпатым жоқ. Бір арманым-

ақ сақал, мұрт болып жүр, – деп, басындағы кемшілігін қалдырмай айтып, өтіне берді. 

Айша: 


– Болмас, бір мысқалын берейін, ділдәң санап бере ғой, – дейді. 

Алдар: 


– Менде ділдә жоқ, елу ділдәң үшін мына үстімдегі алтын тонымды берейін. 

Айша: 


– Ол аздық етеді, – деп, теріс қарап, миық тартты (жымиып күлді). 

Алдар: 


– Ендеше мына белімдегі күміс кемерімді қоса берейін. 

Айша саудаға келісіп, жүн бояйтын ашудасты сандықшасының түбінен іздеп тауып, алып, еппен ұстап, 

бір  мысқал  шамасын  қағазға  орап  берді.  Алдар  ризашылықпен  алтын  тон  мен  күміс  кемерді  (белбеу) 

шешіп беріп, қош айтып кетті. 

Айша Алдардан амалын асырып, әкесінен алдап алған алтын тонға Алдардың күміс белбеуін қосып алып 

қалды. 


78. АЛДАР КӨСЕ МЕН ҚУ БАЛА 

Күндерде бір күні Алдар көсе деген алдауыш бар, ешкім оны жеңе алмайды деген хабарды естіп, сол кезде 

аты  шыққан  Қу  бала  деген  бала  іздеп  шығады.  Қу  бала,  ақырында,  Алдар  көсені  іздеп  табады.  Екеуі 

амандасып, көріседі. Алдар көсе баланың жөнін сұрайды. Қу бала: 

– Алдар көсе деген сіз боласыз ба, мен жолдас болайын деп келдім, – дейді. 

Алдар көсе: 

– Маған жолдас болсаң, әуелі бастан бір сомға бір қой алып кел, – деп, Қу балаға бір сом береді. Бала бір 

сомды  алып,  жүгірумен  қыр  астындағы  қойшы  қартқа  келеді.  Қартқа  амандасқан  соң,  қарт  баланың 

жұмысын сұрайды. Қу бала: 

– Ата, маған бір лағыңды сат, – дейді. Қарт: 

– Бір сомға ал, – дейді. Қу бала лақты алып шығып, аз жүреді де, кері барып, қартқа: 

– Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым да саған кетсін, маған бір тоқты бер, – дейді. 

Қарт: 

– Ала ғой, шырағым, – дейді. Бала тоқтыны алып шығып, аз жүреді де, кері барып, қартқа: 



– Ата, лағым да саған кетсін, бір сомым да саған кетсін, тоқтым да саған кетсін, маған бір қой бере ғой, – 

дейді. Оқымаған, сан білмейтін шал өзінше бұның бәрі көп сықылды көрінген соң: 

– Жарайды, бір қой ала ғой, – дейді. 

Қу бала бір қойды алып, Алдар көсеге келеді. Алдар көсе: 

– Жарайсың, маған жолдас болсаң, бола аларсың, – дейді. 

Бұл екеуі көп уақыт жолдас болып, түрлі қызықтарды бастарынан кешірген екен дейді. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              834 bet 

Күндерде бір күні Қу бала еліне қайтпақ болып айырылысады. Бірақ Қу баланың азғана заты (ақшасы) 

Алдар көсеге ауысып кетеді. Біраз уақыттан кейін Қу бала келіп, алып кететін болады. 

Күндер  артынан  күндер,  айлар  артынан  айлар  өткен  соң  Қу  баланың  да  келетін  келісімді  күні  болып 

қалады. Бүгін Қу бала келеді деген күні Алдар көсе «ауырып», «өледі». 

Қу бала да келісімді күні Алдардың үйіне келіп жетеді. Қу бала Алдардың үйіне кірсе, бұрышта бүркеніп, 

бұғып отырған Алдардың әйелін көреді. 

Қу бала: 

–  Жеңешеке,  есен-амансыңдар  ма?  Көсекем  сау  ма,  үйде  ме?  –  деп  сұрайды.  Алдар  көсенің  әйелі 

жыламсырап: 

– Көсекем, бүгін дүниеден қайтты, молаға апарылған жоқ, – дейді. 

Қу бала Көсекемді өз қолыммен қоямын, менің жан жолдасым еді деп, өтірік жылай түседі де, сол маңдағы 

елден төрт-бес қарттарды жинап, Алдар көсені арулауға кіріседі. Қу бала Алдардың денесіне ыссы суды 

батыра құйып та жібереді. Тәбітке Алдар көсені салып, бетін ақ шүберекпен жауып, бірнеше кісі болып 

көтеріп, молаға әкеледі. 

Ол кезде мола үй сияқты салынған, төбесі жабылған, есігі, терезелері [бар] екен дейді. Өліктерді тәбітімен 

апарып,  жарға  қатарластыра  сүйеп  қояды  екен  дейді.  Қу  бала,  оның  қасындағылар  Алдар  көсені  де 

тәбітімен жарға сүйеп қояды. Келгендер «өлікті» қойып, үйлеріне қайтып жатқанда, Қу бала: 

– Өзім Көсекемді жайғастырып барам, – деп, мола ішінде қалады. 

Қу  бала  Алдардың  өтірік  өлгенін  біліп,  бір  басқа  табыттың  артына  жасырынып  отырады.  Сол  кезде 

моланың  ішіне  түстері  қашқан  алты  адам  дүниелерді  арқалап  кіреді.  Олар  ұрылар  екен,  алған  ұрлық 

заттарын өзара бөлісе бастайды. 

Бөлісте  ұрылардың  орталарында  бір  қылыш  артық  қалады.  Алтауы  «Бұны  қалай  бөлісеміз?»  –  деп 

кеңеседі. Біреуі ортасына шығып: 

–  Кімде-кім  қылышпен  мына  өліктердің  біреуін  шауып  түсіреді,  қылышты  сол  алсын,  –  дейді.  Шетте 

отырған батырсынған біреуі қылышты қолына алып, бір өлікке жақындап барады. Қалғандары: 

– Жас өлікті тап, қылыш өтеді, ескі өлікке қылыш өтпес, – дейді. Қолындағы қылышы бар ұры өліктерді 

байқай келгенде, жас өлік – Алдар көсенің тәбітіне (гроб) келеді. Енді қылышын көтеріп, шабайын деп 

жатқанда, Алдар көсе қысылып кетіп: 

– Оһ.., аһ... аһ... – деп, бақырып жібереді. Үрейі ұшып жүрген ұрылар зәресі ұшып, ұрлық заттарының 

бәрін тастай, моладан шыға қашады. 

Алдар көсе де жалма-жан бетіне жапқан ақ шүберекті алып тастап, ұрылардан қалған заттардың шетінен 

ұстай бергенде: 

– Көсеке, тіріліп те үлгердің бе? – деп, Қу бала да заттардың бір шетінен ұстай кетеді. 

Кеткен  ұрылар  қарасын  да  көрсетпестен  кетеді.  Алдар  көсе  мен  Қу  бала  ұрылар  қалдырған  заттарды 

бөліседі. Бөлісте Қу бала да Алдар көседен алажағын алып, қош айтысып, еліне келеді. 

Сүйтіп, Алдар көсе де Қу баланы алдай алмаған екен дейді. 

 

373 - Бөлім: Қазақ ертегілері (6) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2070 

 

 



1. Аяз би 

Ертеде  Мадан  деген  хан  болыпты.  Хан  болған  соң  оның  қырық  уәзірі  болады  ғой.  Бір  күні  хан 

уәзірлерімен мәжілістес болып отырып: 

–  Уәзірлерім!  Сендер  қырқың  да  асып  туған  ақылды,  данышпан  едіңдер.  Мен  сендерді  бір  жұмысқа 

жұмсаймын, сендер маған дүниедегі адамның жаманын және шөптің жаманын, құстың жаманын тауып 

келіңдер. Он бір ай уақыт беремін. Сол он бір айдың ішінде тауып келмесеңдер, жазалы боласыңдар! – 

дейді. 

Хан бұйырған соң, амал жоқ! Уәзірлері өзара ақылдасып, іздеуге кіріседі. Көп іздеп, азап шегіп, шеңгел 



деген шөпті тауып: «Өзі - тікен, арасынан жүрсе, киім жыртады, мал жемейді екен, шөптің жаманы осы 

ғой», – деп, шеңгелді алады. Қырғауыл деген құсты тауып: «Үстінде жүні жоқ, ұсқыны келіссіз, құстың 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              835 bet 

жаманы осы екен», – деп, қырғауылды атып алады. Енді адамның жаманын таба алмай, қырық уәзір келе 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет