ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет144/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   153

Қаштаң байдан сатып алған түсін өңде шын етіп орындапты. Түс болған уақиға өңде аумай келіпті. Енді 

түсінің аумай шешілуі: оң жағынан туған ай – Айсұлу атты сүйгені, сол жағынан туған күн – Күнсұлу 

атта сүйгені, ортасында тұрған бұлт Күнсұлу тапқан Мұрат – ұлы, бұлт астында тұрған қақ Тазша төсіне 

алып,  Мұратты  еркелетіп  жатқанда  дәрет  етіп  қойыпты.  Сол  ұлының  кіші  дәреті  Тазшаның  кіндігінің 

шұқырына  күн  жауғандағы  қақтай  дөңгеленіп  тұрыпты.  Көрген  түс  өңде  орындалып  осылай  шешіліп 

жорылып  болыпты.  Көп  айтып,  аз  айтып  созғанда  Айсұлу  оңында,  Күнсұлуы  солында,  Мұрат  ұлы 

қолында, Тазша сөйтіп мұратына жетіпті. Елін билеп, әділдікпен бұл дүниеден өтіпті, ол дүние есігіне 

өмірлікке кетіпті. 

26. Опасыз молда 

Бір кедей адамның жалғыз баласы болыпты. Осы сорлы кедей бір күні баласын өйтіп-бүйтіп жүріп бір 

молдаға оқуға беріпті. Ал молда баланы оқуға алғанда былай депті: 

– Балаңды берсең жеті жылға келісіп маған тастайсың, осы жеті жыл ішінде оқытып шығарам, сонан кейін 

келіп балаңды аласың, – депті. Кедей байқұс қайтсін, келіседі де баласын тастап кетеді.. міне сөйтіп ол 

бала жеті жыл оқыды. Әке-шешесі әбден сағынды, оқуды бітірмей барып көріп қайтуға ұлықсат етпейді 

екен. Міне сөйтіп жеті жылда жетті. Кемпір байқұс шалының мазасын алыпты: «бар баланы әкел» дей 

берді. Сөйтіп шал жалғыз торшолағына мініп, баласы оқып жүрген молданың үйіне жақындаған кезде, 

бір өзенде балалар суға түсіп, ойнап жүр екен. Шал сол балаларға келсе өзінің баласы да осында екен. 

Баласы әкесін танып, жүгіріп келіпті. Міне осе жерде баласы мен екеуі танысып, қуанысып қалады. Әкесі 

әкелген  сарқытын  баласына  және  оның  жолдастарына  беріп,  тамақтандырып  отырғанда  баласы  былай 

депті: 


– Әке, сен осыдан молдаға бар. Амандас, ол молда сізді қонақ етеді, содан ертесіне тұрғаннан кейін сізге 

жүр балаңды тауып ал өзің дейді. Ал тауып балаңды танып алмасаңсаған бала жоқ деп, сізді бір сарайға 

әкеп, ол сарайдың есігін ашады да бір уыс жем шашады. Сонда біз көгершін болып ұшып шығып, жемді 

теріп жей бастаймыз. Сол кезде сізге «ал таны балаңды» деп асықтырады. Сонда сіз асықпай оны сөзге 

жұбата бер «сабыр молдеке, сабыр түбі сары алтын деген» деп алдандыра бер. Сол кезде жем таусылар 

шағында мен барып басқа көгершіннің ауызындағы жемге таласам. Міне сонда «менің балам мынау» деп 

ұста. Ал бірақ осыдан молдаға барғанда маған жолықтым, болмаса көрдім деп айтпа. Түк білмеген кісі 

құсап отыра бер, – деп баласы жөнін айтыпты. Сөйтіп кедей байқұс қорқа қорқа молдаға келіп, амандасып 

өзінің  баласын  алуға  келгенін  айтып,  әңгімелесіп  отырыпты.  Әрине  оны  молда  да  жақсы  қарсы  алып, 

күтеді. Сонда кедей: 

– Менің балам қайда, баламды сағындым, көрейін, – депті. Сонда молда: 

– Балаңызды ертең көресіз, асықпа. Жатып демалыңыз, – деп қойыпты. Міне сөйтіп кедей қонақ болып 

қонады. Ертесіне ерте тұрып молда: 

– Ал қонақ, жүр енді балаңды көрсетем. Танысаң сенік, танымасаң менікі бала, – деп кедейді бір сарайға 

алып келіп, сарайдың есігін ашып, бір уыс жем шашып жіберсе, сарайдан бір топ көгершін шығып жемді 

жей бастапты. Сонда молда: 

– Ал танып ал, балаңды бол, – депті. Сонда кедей: 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              946 bet 

–  Сабыр  молдеке,  сабыр.  Сабыр  түбі  сары  алтын  деген.  Сабыр  түбі  сары  алтын  деген  молдеке,  –  деп 

тұрғанда жем бітіп бір көгершін бір көгершіннің аузына таласа кетіпті. Сонда кедей: 

– Менің балам осы еді, – деп ұстай алыпты. Сол кезде баласы кісі болып, түрегеліпті. Міне енді молда 

ашуланып: 

– Ал енді барыңдар, шамаң жетсе мені сен қой етіп жерсің, әйтпесе бір жерде сені мен қой етіп жермін, – 

деп баланы босатыпты. Әрине бұл баланың оқуы молданың өз оқуынан асқан екен. Бұл молда сол себепті 

күдіктеніп, әкесі танымағанда оны алып қалып, көзін құртпақ екен. Сөйтіп, бала әкесі екеуі торшолаққам 

мінгесіп келе жатып: 

– Әке үй ішіңде не бар? Недей мал бар үйде? – депті. Сонда әкесі: 

– Не болады, балам. Малдан өзің көрген тор шолақ, одан басқа еш нәрсе жоқ, – депті. Баласы: 

– Ал, ондай болса, біз үйге құр бармайық. Мен Қазір әдемі қара жорға арғымақ боламын. Ал сіз маған мін 

де мына шәріге апарып сат. Бірақ жүгенді берме. Содан қайтып келіп, мені осы арада тос, өзім қайтып 

келем, – деп бала жерге бір аунап әдемі қара жорға арғымақ болып тұрыпты. Әкесі торшолақты тұсап 

қойып, қара жорғаға міне салып, шәрінің көшесіне жетіп келсе, бір кісі арғымағыңды сатасың ба депті. 

Шал: 


– Сатам екі жүз ділдә, – депті. Ол кісі үш жүз ділдә беріп, арғымақты алады. Шал арғымақтың басындағы 

жүгенді сыпырып алды да, қайтып жүре берді. Ол атының қасына келіп, баласын тосып отырды, баласы 

да кещіккен жоқ, жүгіріп келді де: 

– Ал әке, жүр кетейік, – деп торшолаққа мінгесіп жүріп кетті. Сөйтіп тағы бір шәрінің тұсына келгенде 

баласы: 

– Әке, мына шәріге тағы да апарып сат, – деп тағы да қара арғымақ болып шыға келді. Әкесі торшолақты 

тұсап, қара жорғаға мініп аып, шәріге кетті. Сөйтіп шәріні бойлап «арғымақ сатам» деп хабарлап келе 

жатқанда бір шал келіп арғымақтың жүгенінен ұстай алды да: 

– Арғымағың қанша тұрады, – деді. 

– Арғымағым екі жұүз ділдә, – деді. Ол саудаласпай үш жүз ділдә берді де, арғымақты алды. Сол арада 

арғымақтың иесі жүгенді сыпырып алайын деп еді, арғымақты алып тұрған кісі жүгенге таласып, жұгенді 

бермей жіберді. Міне сөйтіп шал байқұс жылай-жылай қайтып торшолақтың қасына келіп, баласын бір 

сөтке  тосады.  Әрине  бала  қайтып  оралмады.  Баласының  келмесіне  көзі  жеткен  шал,  жылаумен  үйіне 

қайтып жүр берді. Міне енді арғымаққа ие болған шал арғымақтың жүгенін алып, өзінің төсегінің астына 

тығып  сақтайтын  болады.  Сөйтіп  бір  күні  баласы  арғымаққа  мініп,  көшеге  шықса,  арғымақ  жөнді 

жүрмейді. Сол кезде арғымақты ұрса, арғымаққа тіл бітіп былай дейді: 

– Ей бала, сен мені ұрма. Сен әкеңнің төсегінің астында менің жүгенім бар, соны сен көрсетпей ұрдап 

әкеп, мені жүгенде. Сонда ғана мен әйбәттәп жүрем, – депті. 

Сөйтіп бала арғымақтың бұл сөзіне келіседі де, жүгіріп үйіне келсе, әкесі далаға шығып кеткен екен. Бала 

төсек астындағы жүгенді ала салып, жүгіріп арғымаққа келіп, арғымақты жүгендеп, жіберіп мініп алып 

көшені ары бері бойлап жорғалатып, үйіне келіп арғымақтан түсіп, арғымақты байлай бергенде арғымақ 

қашып жөнеледі. Міне сол арада бала әкесіне келіп айтады. Әкесі жүгіріп келіп, төсек астындағы жүгенді 

қараса  жүген  жоқ.  Сол  арада  шал  қалдің  нашарға  айналғанын  білді  де,  арғымақты  қуа  бастады.  Ол 

арғымаққа  жетіп  қалғанда,  арғымақ  қоян  болып  қашады,  сол  арада  шал  тазы  ит  болып  қуады,  ал  енді 

жетуге айналған кезде бір аунап түлкі болып қашады, шал бір аунап бүркіт болып қуады. Сөйтіп келе 

жатқанда  алдында  бір  өзен  жағасында  бір  қыз  су  алып  тұр  екен,  міне  қашқан  түлкі  қысылғаннан  сол 

қыздың шелегіне келіп сақина болып шолп етіп түсіп кетіпті. Ал бүркіт сол кезде жерге түсіп кісі болып 

келіп қыздан сақинаны даулайды. Сол кезде қыз тұрып: 

– Мен сізден сақина алғаным жоқ. Ал менен сақина алмақ болсаң үйге барайық, менің әкем осы жердің 

ханы еді сол кісі елін жинасын, міне сол халықтың алдында ал менен алатыныңды, – деп шалды үйіне 

ертіп алып келеді. Сөйтіп әкесіне: 

– Әке еліңді жина, еліңіздің алдында айтайын деген сөзім бар, – деп елін жинатады. Сөйтіп елі жиылған 

соң ел алдына шығып қыз: 

– Халқым тыңлаңдар, мына тұрған адам менен сақина даулап жүр. Оның мәні мынадай. Мен өзеннен су 

алып тұр едім, бір түлкі келе жатыр екен. Ал ол түлкіні бір бүркіт қуып келе ді екен. Міне соның қызығына 

қарап тұрғанда жаны қысылған түлкі қашқан бетінде келіп, менің шелегіме сақина болып түсіп кетті. Ал 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              947 bet 

енді бүркіт жерге түсті де кісі болып, маған келіп менен сақина даулап жүр. Ол мына тұрған адам. Ал енді 

шамасы жетсе сіздерге алдарыңызда алсын, – деп қолындағы сақинаны жерге тастап жіберді. Сол кезде 

сақина  быт-шыт  тары  болып  шашырап  кетті.  Сол  кезде  баяғы  шал  тауық  болып  тарыны  теріп  жей 

бастапты,  тарының  ақырғы  түйірі  қалғанда,  сол  қалған  ақырғы  түйір  тары  мысық  болып  тауықты  бас 

салып мойынын бұрап өлтіріп, кісі болып түрегеліпті. Сөйтіп ол бала осы арада тұрып, өзінің молдадан 

құтылуына көмектескен қызды алып, бөлек үй болып әке-шешесін тауып алып, осы шәріде молда болып, 

молдалық дәуірін жүргізіп тұра береді. Сөйтіп күндерде бір күні бұл молдаға бір адам жалғыз қызы бар 

екен, соны оқуға әкеп өткізіп кетіпті. Бұл қыз бірнеше жыл оқиды, сөйтіп бір күндер өткенде молдаға 

«асслаумағалайкум»  деп  сәлем  беріп  кірсе,  оған  молда  «уағаләикім  асслам,  байы  өлген  дүзіқара»  деп 

жауап беретін болыпты. Ол сөзге жылай жылай қайғырған қыз әбден жүдеп болады. Бұл қыз өстіп күнде 

сәлем берсе, ол молда сол сөзін қайталап отыра береді. Сөйтіп, бір күндер өткенен кейін қыздың әкесі 

келеді. Қыз жылап әкесіне айтса, әкесі молдаға келіп «Сен менің жалғыз қызыма неге олай деп айттың» 

дегенде молда: 

–  Айтқаным  рас,  өйткені  сенің  қызың  өлген  адамға  тиіп  соынмен  ғұмыр  сүреді,  –  депті.  Оған  қатты 

ашуланған байқұс шал қызын оқытпай үйіне алып жөнеледі. Сөйтіп үйіне келе жатып, бір өзен бойына ат 

дамылдатып  дем  алып  отырыпты.  Әрине  сол кезде  бұлардың  қарсы алдында  төбешікте  тұрған  бейітті 

көреді. Сол арада екеуі сол бейітке құран оқып кетуге келіпті. Бейіттің есігі ашық екен, қыз бұрынырақ 

келіп кірсе керек, есік сарт етіп жабылып қалыпты. Әкесі сырттан қызы ішіненжұлқылап аша алмайды. 

Сөйтіп еш нәрсе істей алмайтын болғаннан кейін екеуі айқайласып, қоштасып айырылады. Баяғы байқұс 

шал жылай жылай қызынан айырылып үйіне қайтады. 

Зиратта қалған қыз енді  еш нәрседен көмек  болмағаннан кейін зират  ішін аралап танысса, неше түрлі 

тамақ бар екен және бір бөлмесіне кіріп қараса салулы тұрған төсекті көреді. Ол төсек үстінде бір жас 

жігіт өліп жатыр екен. Басында жастық, сол жастық астын көтеріп қараса бір қағазды көреді. Ол қағаз 

жанында бір дұғалық кітапты көреді. Ал жаңағы қағазды былай деп жазылған: 

– Осы кітапты оқып, дем салып бітірсе осы адам тірілмек – деп жазылған. Ал енді бұл кітапты оқып шығу 

үшін қырық күн керек. Әрине бұл қыз қырық күнді қиынсынбай-ақ сол дұғалық кітапты оқып шығып, сол 

жігітті тірілтуге кірісті. Сөйтіп қыз осы кітапты 39 күн, 39 түн оқығаннан кейін зираттың есігі ашылады. 

Сол кезде қыз дем алуға таза ауаға далаға шығады. Сол кезде ол қыз келе жатқан бір керуенді көреді. Сол 

керуенді тосып тұрып керуендер келгеннен соң олардан бір күң сатып алады. Сол күнді сатып алған соң 

онымен танысып болған соң, өзінің басынан өткен барлық уақиғаны айтып, енді оған былай дейді: 

– Міне мен осы кітапты отыз тоғыз сөтке оқыдым. Енді мен шаршап отырмын. Қалған жерін сен оқи отыр. 

Енді мұның тірілуіне бірақ сөтке қалды, – деп жатып ұйықтайды. Әрине отыз тоғыз күн дем алмай оқыған 

оған жеңіл тиген жоқ. Ол өте қатты ұйықтап қалды. Ал сатып алған күңі қалған дұғаны оқып бітіргенше 

оянбайды. Күң дұғаның ақырын оқып болып дем салғанда жігітте орнынан тұрады. Ол күң екеуі танысып, 

әңгімелесіп болғаннан кейін жігіт «мына жатқан кім» деп сұрағанда, күң оған «менің сатып алған күңім» 

деп жауап береді. Міне сөйтіп отырғанда қыз ояна келсе күңмен жігіттің құшақтасып отырғанын көріп, 

үндемей жүре береді. Міне сөйтіп еңбексіз күң ол жігітке әйел болып, ал еңбек еткен қыз күң орнында 

жүре береді. Сөйтіп бір неше уақыттар өтеді. Жігіт шәріге бернеше рет барып келеді. Қызда еш үн жоқ, 

жүре береді. Бір күндер өткенде жігіт шәріге жүрмек болады. Сонда ол қызға: 

– Сен маған неге тапсырма айтпайсың, не керек саған айт, ала келем, - дейді. 

Сонда қыз: 

– Маған бір жанды қуыршақ әкел және күлжаһан деген шөп бар соны әкеп бер, одан басқа еш нәрсе керегі 

жоқ, – депті. 

Сөйтіп жігіт шәріге кетеді. Бір шәріге келіп «күлжаһан деген шөп бар ма, жанды қуыршақ бар ма» деп әр 

кімнен бір сұрайды. Оған елдің бәрі күліп, оны мазақ етіп, сенің айтып жүргенің не, жанды қуыршақ бола 

ма екен дейді. Сөйтіп ол сол сөзін айтып сандалып жүре береді. Бір уақытта бір адам отырып: 

– Әй жігіт, бері келші, – деп шақырып алады. Сенің іздегенің не, – деп сұрайды. 

– Менің іздегенім жанды қуыршақ және күлжаһан деген шөп, – депті. 

Сонда ол адам: 

– Міне саған күлжаһан деген шөп, – деп күлжаһан шөпті береді. Ал, – деді, жанды қуыршақ сенің үйіңде 

отыр. Оны сен білмей жүрсің. Саған еңбек сіңірген адамды сен күң орнына ұстап жүрсің, міне сол жанды 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              948 bet 

қуыршақ, - деді ол. Ал енді мына шөпті апарып бер де, жанды қуыршағыңды таба ламадым де. Сонан 

кейін өзің оны аңлып отыр, ол бұл шөпті алады да тезек теріп әкелемін деп, бір жаман қап алып, бір пышақ 

алып кетеді. Содан ол бір жарға барып осы шөпті отырғызып қойып, осы шөпке бар сырын айтады. Сол 

кезде шөп бір бозарып, бір қызарып тұрып осы шөптен қан тамады. Сол кезде пышақты алады да, жарық 

дүниемен  қоштасып,  өзіне  өзі  сала  берген  кезде  аңлып  тұр  да  ұстай  ал.  Міне  сонан  кейін  саған  бәр 

жағдайың түсінікті болады, – деп ол адам бәрін айтып береді. 

Сөйтіп  ол  шөпті  алып  келіп  береді  де  «енді  жанды  қуыршағыңды  таба  алмадым»  дейді.  Оған  ол  қыз 

«жәрәйді,  рахмет»  деп  шөпті  алып,  бір  қапты  алып,  қапқа  пышақ  салып  жібереді  де  «мен  тезек  теріп 

келейін» деп кетеді. Содан жігіт оны аңлып көрінбей артынан келіп тыңлап отырады. Сол кезде қыз өз 

басынан кешкен уақиғаның бәрін айтып, зарлап жылап отырғанда гүл бір қызарып, бір бозарып құлпырып 

тұрып одан қызыл қан тамады. Сол кезде қыз пышақты алып, жарық дүниемен қоштаса бергенде жігіт 

артынан келіп «жаздым, жаңылдым, қателігімді кеш» деп үйіне алып келіп, бар болған уақиғаны анықтап, 

ол  қызды  әйелдікке  алып,  баяғы  күңді  қайта  күңдікке  ұстап  екеуі  әке-шешелерін  тауып  алып,  сөйтіп 

жақсы ғұмыр сүріп тұра беріпті. 

27. Екі дүниелік әйел 

Бұрынғы кезде бір бай болыпты. Оның жалғыз баласы болыпты. Баласына қалың бермепті. Көрші байдың 

балалары ер жеткен соң: 

– Ей, сен жүр, бәленше байдың қызын көндіріп қойдық,  – дейді. Бұл «бармаймын» дейді. Жолдастары 

«бармаймын» деген соң күдер үзеді. Қызтеке, белі жоқ бала деп атайды. Бір күні осы өсекті әке-шешесі 

естиді. Елде өсекке қосады, дүниеқор бай, жалғыз баласына әйел әпермепті, – дейді. Баласын шақырып 

алып: 


– Өзің сүйіп, таңдап ал, дәулетім жетеді, – дейді. Төрт түлік малдан мал сайлап ал, мал айдап сауда істе, 

босқа жүрме, төңіректі төрт айналу керек, – дейді. Баласы: 

– Жарайды, – дейді. Мал алады, жылпың жігіттерді де қоса алады. Бәрі сапарға шығып, қыз таба алмай 

қайтып оралады. Күн батысына да барады, ештеңе таба алмайды. Дүниені төрт айналады, сұлу қыз таба 

алмайды. Әкесі айтады: 

– Ей қарағым, неге осылай болды, – дейді. 

– Әке мен әйел алмаймын, – дейді. Сонда әкесі: 

– Онда еншіңді ал да кет, – дейді. Ол «жарайды» деп, есіктің алдындағы жаңа бұзаулаған сиырды сұрайды. 

Төрдегі алтын жаннат ішікті бер, – дейді. Қалағандарын алып сапар шегеді. Адам аяғы баспас бір жерге 

барып тұрақтайды. Бір күндерде ақ шалмалы шал жолаушы келеді. Үш рет келеді. Үшінші ретінде: 

– Үлкенге неге кішілік жасамайсың, – дейді. 

– Олай болса ақсақал, жол болсын, қайда барасың, – дейді бала. Шал: 

– Жекжат аралап жүрмін, – деп сиырдың сүтін ішіп, неге айдалада отырсың, – дейді шал. 

Бала айтады: 

– Әке-шешем қуып жіберді, – дейді. 

– Неге, – деп сұрады шал. 

– Әйел алмайсың деп қуды. 

– Неге әйел алмайсың? 

– Екі дүниелік әйел кездеспеді, бір дүниелік әйел алғым келмейді, – дейді бала. 

Шал айтады: 

– Онда сенің мәселең ауырлау екен. Екі дүниелік әйел бұл дүниеде үшеу ғана. Оның екеуі туды, біреуі 

туған  жоқ.  Оның  біреуі  кемпір,  оны  сен  алмайсың,  бала-шағасы  бар.  Екіншісі  біреуге  тигелі  жатыр, 

сүйгені бар, саған тимейді, – дейді. Үшіншісі туған жоқ, оған сен қарай алмассың, дейді қарт. 

– Ендеше отыра берем, – дейді бала. 

Шал ақылын айтты: 

– Күйеуге тигелі жатқан қызға қайыршы болып бар, – дейді. Сен барғанда оңаша отауда қыз-келіншекпен 

жатқан болар, – дейді. Барғанда сен бауырсақты, берген етін татпай, «енеме бер» деп бере сал, – дейді. 

Қыз бен жігіт отауда оңаша қалғанда саған «кет» деп айтады, ұрып соғады, сонда да сен кетпе, қыз бен 

жігіт ұйықтағанда қыздың арт жағынан барып кір, – дейді, қызды құшақта, «мұның қалай» деп қыз айтады, 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              949 bet 

сонда сен «сенің мұның қалай, екі дүниелік ер болмаса, бір дүниелік ерге тимеймін деген сертің қайда, 

екі дүниелік ерің мен емес пе едім, бір дүниелік ол емес пе еді де, сонда қыз «солай ма еді» дер. 

Жігіт жолаушы қарттың айтқанын істейді. Бұрылып келіп қыз жігіттің мойнынан құшақтайды. Жігітте 

құшақтайды. Екі құшақ жабысып қалады. Ірге жақтағы күйеу оянады. «Мұның қалай», – дейді күйеуі. Ел 

жиналады. Екеуін ажырата алмайды. Жиылған ел әртүрліге бұйырады. Кейбіреуі жұртқа тастамақ болады. 

Сөйтіп екеуін жұртқа тастап кетеді. Үш күн өткен соң құшақтары ажыратылып, баяғы сиыр арқандалған 

жерге келеді. Отыра береді. Бір күндерде керуенші сәудегерлер келеді. Бірі от алуға келеді. Ол керуен 

басшысына айтты: 

– Еркегі онша емес,  әйелі  сұлу екен,  – дейді. Бәрі  осы екеуіне келеді.  Әйелдің сұлулығына тамсанып, 

ештеңе демей қайтып кетеді. Ертеңіне әйел күйеуіне айтады: 

– Әй, ішікті төрге қыстырып қайтеміз, сен керуеншілермен барып, базарға сатып кел, – дейді. Бала ішікті 

керуеншілерге еріп сатуға кетеді. Жаяу жүреді. Жолда бір бай мырзасын жолықтырады. 

– Ішікті сатасың ба? – дейді ол. 

– Сатамын, – дейді жігіт. 

– Не сұрайсыз? 

– Астыңыздағы атыңды берсең болады. Мырза атын береді. 

Керуеншілер: 

– Құдай атсын, бәлен шәріге барғанда бұл ішіктің құны үш ат болатын еді, мұның не, – дейді. 

– Оның керегі жоқ, – дейді жігіт. 

– Әйелің сені бізге аманат етіп еді, бұлдап сата алмағаның не? – дейді керуеншілер. 

– Жоқ, әйелім ештеңе демейді, – депті жігіт. Екі жағы бір жатып тұрып ерегеседі. Ары кетіп бара жатса, 

бір пақыр кез болады. 

– Атыңды сатасың ба? – дейді пақыр. Сүйтіп сиырға айырбастайды. Керуеншілер: 

– Атың қайда? – деп сұрайды. 

– Құдай ұрды, сен әйеліңнен айрылдың, – дейді олар. Бұлар тағы ерегесіп қалады: 

– Әйелім ештеңе демейді. Десе барлығы сенікі болсын, – дейді жігіт. Жолда қайыршыны кездестіреді. 

Сиырды соның тымағына айырбастайды. Тағы ерегес болады. Жолда дауыл болып, тымағын теңіз желі 

алып  кетеді.  Керуеншілер  базардан  қайтып  оралады.  Сұлу  әйелдің  күйеуі  құралақан  қайтады.  Әйелі 

айтады: 


– Жігітім, малың базарлы болды ма? – дейді. 

Жігіт: 


– Болды, – дейді. Не болғанын айтып береді. 

Сонда әйелі іренжімепті: 

–  Ішікті  атқа  сатқаның  дұрыс,  ат  адамның  қанаты.  Сиырға  айырбастағаның  да  жөн  екен,  сүтке  сүт 

қосылады, елге ел қосылады. Тымаққа айырбастағаның, тіпті жақсы болыпты, жігіттің басы түзелмей, ісі 

түзелмейді деуші еді, басыңды түзегенің орынды екен. Тымағың кеткені басыңа төнген бәленің кеткені 

екен, енді оңаларсың, – дейді. 

Керуеншілер жеңіліпті, артынып, тартынып келе жатқан дүниелерінің барлығын соларға тастапты. 

28. Сүлеймен мен диханшы 

Баяғыда  жер  бетіндегі  жан-жануар,  өсімдік,  өзен,  тау  –  барлығы  да  әлем  патшасы  тақ  Сүлейменге 

бағынады  екен.  Сүлейменнің  алдына  келіп  басын  имеген  бірде-бір  жан  болмаған.  Сол  Сүлейменнің 

уақтысында бір керемет диханшы болған екен. Оның жыл сайынғы еккен егіні соншалық бітік шығып, 

әлемді  қызықтырып,  барша  жанды  еріксіз  өзіне  тартыпты.  Сол  диханшының  еккен  егінін  көруге  жыл 

сайын періштелер жиналып тұрады екен. Оңтүстіктен Сүлеймен пайғамбарға келе жатқан құс патшалары 

жаңағы періштелердің арасынан әрең етіп, жылда жиыннан екі-үш күн кешігіп келеді екен. 

Бір жылдары бұрыңғыдай он шақты күнге созылған үлкен жиын болыпты. Жиында әр патша өзінің шаруа 

жайын әңгімелеп беріпті. Сонда құс патшаларының бірі тұрып Сүлеймен пайғамбарға былай деп сұрақ 

қойыпты: 

– Тақсыр, әлемнің патшасы, рұқсат етсеңіз сізден бір сұрақ сұрағалы отырмыз, – депті. 

Бұған Сүлеймен пайғамбар: 

– Айта ғой, сұңқарым. Сұра сұрағыңды, – депті. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              950 bet 

Сонда сұңқар тұрып: 

–  Тақсыр,  осы  жолда  бір  диханшы  бар.  Оның  еккен  егінін  көруге  бұл  дүниенің  түкпір-түкпірінен 

келмейтін періштелер жоқ. Жиналған періштенің көптігі соншалық біз тіпті солардың арасынан екі-үш 

күнде әрең өтіп, жиыннан ылғи кешігіп келеміз. Ал сол диханшы егін еккенде сізді бір рет те болса аузына 

ала ма екен? Менің білгімнің келгені осы еді, тақсыр, – депті. 

– Сұңқарым, бұл сұрағыңның анықтығын біліп, келесі жылғы жиында айтып берейін, – деп, пайғамбар 

барлық патшаларды таратып жіберіп, өзі диханшыны іздеуге шығады. Былай шыға беріп желге: «Мені 

сол  диханшыға  апарып  таста»,  –  деп  бұйырады.  Жел  айтқанын  екі  етпей  көзді  ашып-жұмғанша 

пайғамбарды диханшыға алып жетіп келеді. 

Диханшы Сүлейменді танып, сәлем береді. Пайғамбар сәлемін алып, өзінің неге келген жайын айтады. 

Бұған диханшы қуанып, әлі орылып бітпеген егінін көрсетеді. 

Сүлеймен пайғамбар диханшының бұл еңбегіне разы болып: 

– Сіз өте еңбекшіл, өнерпаз адам екенсіз. Еккен егініңіз де ете бітік шығыпты. Мұны көруге әлемдегі 

жанды-жансыз мақлұқтың бәрі де жиналады деп есіттім. Менің білгімнің келетіні: сіз диханды алғанда не 

деп аласыз? – дейді. 

 

377 - Бөлім: Қазақ ертегілері (10) 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=2074 

 

 



– Бисмилда деп себемін. Қара қазан, сары баланың қамы үшін бере көр, табиғат деп, еңбегіммен аламын, 

– дейді. Диханшы Сүлейменді аузына да алмайды. Бұған ашуланған Сүлеймен бидай, жер, суға келіп: 

– Бидай, сен ендігі жылы өнбе, Жер, сен қанша бидай сепсе де өндірме, Ал, су, сен қырық кез төмен түс, 

– деп, әмір береді. 

Диханшы мұны біліп, күш-көлігі мен құрал-саймандарын сайлап, көктемге дейін сайдың тасындай ғып 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет