жағасындағы дарияға тастап өлтіретін болған.
Бір баланың әкесінің жасы алпыстан асқан екен. Әкесін үйге сақтап, елге көрсетіп қоюға болмайды. Жасы
болса келді. Өлетін де түрі жоқ, шал әлі шыйрақ. Сондықтан бала әкесін арқалап, таудан асып, терең
дарияның жағасына тоқтайды; әкесін бір тастың үстіне отырғызып, өзі отырып, дем алады. Әкесі оған
күледі, ал баласы қайран қалады. «Шалды өлтіруге алып келемін, бұл неге жетісіп күледі?» деп ойлайды
да, бала әкесінен сұрайды:
– Әке! Мен сізді өлтіруге алып келемін, сіз не үшін күлесіз? – дейді.
Сонда шал байғұс:
– Атаңа не қылсаң алдыңа сол келер, – деген мақал бар ғой балам. Мен де осыдан отыз жыл бұрын әкемді
өлтіруге алып келе жатып, осы тасқа отырғызып едім. Әкем өмірді қимай жылап, «ең болмаса бір жыл
жасырып сақта» деп маған жалынып еді, «маған өмір керек, сен үшін өлерім жоқ» деп жылаған көз
жасына қарамай дарияға лақтырып жіберіп едім. Енді міне сол хал өз басыма келіп, өзімнің қылған ісім
өз алдыма келгеніне күлемін, жалынып жылағаннан не пайда? – дейді.
Сонда бала: «Менің басыма да келді ғой» деп ойлайды да, әкесін өлтірмей қайта алып қайтып, сандыққа
салып, адамға көрсетпей жүреді.
Күндерде бір күн хан алыс жолға әскер жүргізбекші болып, бүкіл елге жар салып, жігіт жинайды. Бұл
жорыққа баяғы жасырынып жатқан шалдың да баласы бармақшы болады. Бұл хабар жұртқа тегіс
жайылған соң, шалға баласы:
– Пәлен жаққа хан әскер жүргізбекші, мен баратын болдым, – дейді. Шал:
– Балам, ол жол – жаман жол, суы жоқ шөл! Мені де бірге алып жүр, – дейді.
Бала әкесін сандыққа салып, өгізге теңдеп алып, көп әскермен бірге жол жүреді. Әскер жүре-жүре елсіз
далаға, сусыз шөлге шығып кетеді. Әскерлер су таба алмай, шөлдеп қырылатын болады. Хан: «су тапқан
адамға көптеген мың ділда алтын беремін», – деп жар салады. Бірақ ешбір адам таппайды.
Сонда шал:
– Балам, не ғып кідіріп қалдыңдар? – дейді. Бала:
– Хан су тапқан адамға сұраған нәрсесін беремін, – деп жар салып жатыр, – дейді. Шал сонда баласына:
– Өгізді босатсаң, су табылады. Суы бар жерді ол иіскелеп сүзеді, сол жерді қазса су шығады, – дейді.
Бала әкесінің айтуынша өгізді босатып жібереді, өгіз мөңіреп барып, бір жерді сүзе құлайды, дереу әлгі
жерді қазса су шыға келеді. Өлер халге келген әскерлердің бәрі су табылған соң, су ішіп, шөлдері қанып,
бұл жерден аман-есен жүріп кетеді. Баланың бұл ісіне хан қайран болады: «Бұл қалайша ойлап тапты
екен?», – деп ойлайды да жүреді.
Арада неше күндер жол жүріп, ханның әскері бір үлкен теңізге келеді. Теңізге келіп көз салса, теңіздің
түбінде екі гауһар тас жарқырап жатыр екен. Хан мұны көріп, тағы да жар салады:
– Осы екеуін маған алып берген адамды өзіме уәзір қылып аламын, және сұраған нәрсесін беремін! –
дейді.
Бұған қызығып, талай сушы адамдар суға сүңгіп, сан адамдар суға кетеді. Бірақ, гауһарды ешкім тауып
ала алмайды.
Сандықта жатқан шал баласынан:
– Неге тоқтап қалдыңдар? – деп сұрайды. Баласы:
– Үлкен теңізге келдік, түбінде екі гауһар жанып тұр, соны әперген адамды хан өзіне уәзір қып, сұраған
нәрсесін беретін болды. Оны еш адам таба алмай жатыр, – дейді. Шал:
– Балам! Ол гауһар судың түбінде емес, теңіздің жағасында болуы мүмкін. Айналаңа қарашы, құстың
ұясы бар ма екен? – дейді.
Баласы қарайды. Қараса, теңіздің жағасынан бір бәйтерек шығып тұр, басында құс ұя салған екен, мұны
көріп бала әкесіне:
– Бар екен, – дейді. Шал:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
989 bet
– Гауһар суда емес, сол құстың ұясында екен, суға сол ұядан сәулесі түсіп тұр екен, ол гауһар бұл жерде
болмайды, оны құс ұясына алып келеді. Есіңде болсын, бұл жолы хан «басыңды алам» деп қысым
көрсетіп шыныңды айтқызады. Күнәмді кешір деген уәдесін алып шыныңды айтарсың, – дейді.
Бала ханға келіп:
– Гауһарды мен табамын, – дейді. Хан:
– Тапсаң, сұрағаныңды беремін, әрі уәзірім боласың, – дейді.
Бала жаңағы ұядан гауһарды алып береді. Хан бұған:
– Сен мұны қалайша ойлап таптың. Өз ақылың емес қой, шыныңды айт! – дейді.
Бала көп қысым көріп, дарға тартылар мезгілде шынын айтады. Хан шалды сандықтан шығарып, баласын
уәзір етеді де, елге келген соң: «шалдар өлтірілсін деген бұрынғы заң жоғалсын, кәріні сақтау керек», –
деп қайтадан елге жарлық таратыпты.
«Алпысқа келгеннен ақыл сұра!» деген мәтел осыдан қалған екен.
47. Уәзір мен шал
Сейпін деген хан болыпты. Ханның Мүбәрак дейтін уәзірі болыпты. Ханның уәзірі ханға айтыпты:
– Ханда 40 кісінің ақылы бар дейді, егерде сізде 40 кісінің ақылы бола тұрып, дау болса, жанжал болса
бізге неге жолдайсыз, өз бетіңізбен неге бітіріп жібермейсіз? Бізбен неге ақылдасасыз? – депті. Сонда хан
айтыпты:
– Ханда 40 кісінің ақылы бар екендігі рас. Бірақ бір жерде Самыр деген шал бар, сол шалда 40 ханның
ақылы бар. Сол шалды мұнда қонаққа шақырып кел, – депті хан уәзірге. Мүбәрак Самар шалды қонаққа
шақырып әкеліпті. Хан шалдың тамағын беріп сыйлап отырады. Уәзір отырып: «Бұл жаман шалдың
қандай қасиеті бар, мынау жеті руды билеген хан, анау шал – кедей», – деп ішінен ойлап отырыпты. Хан
шалға айтады: «Мен сізге тәңертең бір құс жіберемін, сол құсымның екі жақ қанатын жұлып тазалап
жібергейсіз», – депті. Уәзір не деген сөз екендігіне түсінбей қалыпты. Шал ханға айтыпты: «Хан, мен
беске бірді қосып алтау қылып тәңертеңнен кешке алтын соққанда отыз екіге жеткізе алмай жүрмін-ау!»
– депті. Үш күннен соң хан уәзіріне: «Шалға қонаққа барып кел», – депті. Уәзір келсе жаман үйі бар, үсті-
басы күйе-күйе шал барын береді, кеңесіп отырады. Самар шалға уәзір айтады: «Сізге менің бір сұрауым
бар», – дейді. Шал «сұраңыз», – дейді. Сонда уәзірдің сұрағы: «Кеше сізге хан «тәңертең бір құс жіберем,
сол құсымның екі жақ қанатын жұлып тазалап жібер», – деген сөзіне түсінбей қалдым». Шалдың сөзі:
«балам, мен кедей адаммын ғой, сонымен күн көріп отырған, бір қалта алтын берсең, шешіп беремін ғой!»,
– депті шал. Уәзір бір қалта алтын беріпті. Уәзір «Тағы бір сұрауым бар» депті. Шал «сұра, балам» депті.
«Сіз кеше беске бірді қосып алтау қылып тәңертеңнен кешке шейін алтын соққанда отыз екіге жеткізе
алмай жүрмін-ау» деген сөзіңізге түсінбей қалдым-ау, – депті. Шал: «Балам, мен кедей адаммын ғой,
сонымен күн көріп отырған, бір қалта алтын берсең, шешіп беремін ғой!», – депті. Тағы беріпті бір қалта
алтын. Сонда 40 ханның ақылы бар деген шалдың шешкені: «Балам, осы қолым нешеу?» депті. Бесеу ғой!
Соған бір балғаны қосшы, нешеу болады?»
– Алты болады.
– Ендеше тәңертеңнен кешке шейін жұмыс істегенде тапқан-таянғаным ішіп-жеуіме жетпейді деген сөзім
еді. Ал ханның «Тәңертең бір құс жіберемін, сол құсымның екі жақ қанатын жұлып тазалап жібер» дегені
ол мынау: – құс сен, екі қалтаңды тазалап сыпырдым ба? Енді жүре бер, – депті шал ханның уәзіріне.
Сонда барып уәзір шалда 40 ханның ақылы бар екендігіне ден қойған екен.
48. Білгір адам
Ертеде бір ақылды адам болыпты. Күндердің күнінде баласын шақырып алып, бір ақылын үйретіпті.
Ақылында:
– Балам! Біріншіден – қатыныңа сырыңды айтпа, екінші – ақымақпен дос болма. Үшінші – жаңа
байығаннан қарыздар болма! – депті.
Баласы әкесінің бұл айтқан сөздерін мақұлдап, көнген. Бірақ, неге айтқанын білмей, талайға дейін түсіне
алмай жүріпті. Ойлай-ойлай, ойының түбіне жете алмапты. Бір күндері болғанда, әкесінің айтқандарының
бәрін қолмен істеп, көзімен көрмекші болып, бір байдан қасақана қарыз алады. Бір ақымақпен дос болады.
Сөйтіп, үйіне келіп бір қойды бауыздап өлтіріп, қолын қандап, үйінің артынан жер қазып көме салып,
қатынына келіп:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
990 bet
– Қатын, мынау менің қолымдағы қанды көрдің бе? Мен бір кісі өлтіріп едім, сен ешкімге айта көрме, –
дейді.
Қатыны: «Ой тәңір-ай, кімге айтайын, ешкімге айтпаймын», – дейді.
Сонымен біраз күн өтеді. Бір күні түнде қатынымен ұрсысып қалады. Қатыны, азанмен тұра салып, ханға
барып арыз береді. «Байым анада бір кісінің қанын ішіп еді, енді мені де сүйтпекші болды. Мені түнімен
сабап шықты», – дейді. Хан естісімен-ақ жендетін жіберіп, жігітті шақыртады, жендет байдың баласын
айдап келе жатқанда, куәлікке досымды ерте жүрейін деп досына келсе, «қолым тимей жатыр» деп
бармайды. Қоштасып бұдан өте бергенде, баяғы қарыздары ұшырасады. Олай-бұлай деуіне қоймайды.
Ақшасын сұрайды. Жабысып жағадан алады да қалмайды. Жанын тықсырып бара жатқан соң, бұрынғы
ақшасын жанынан суырып бере салады.
Бұдан өтіп ханға келеді. Хан: «Не үшін қанішерлік қыласың? Қатының анада бір адам өлтіріп еді, енді
мені өлтірмекші болды деп арыз беріп отыр, рас па?» дейді. Бала: «Жоқ, тақсыр, олай еткен емеспін...» –
деп шынын бастан-аяқ айтып береді. Хан сенбестен адам жіберіп тексертіп, істің анығына жетіп, сенеді.
Бірақ хан, мұның әкесінің ақылдылығынан қорқып бағыма бөгет бола ма дегендей мақсатпенен баланың
көзін жоймақшы болады. Бір терең зындан қаздырып, соған әкесі мен баласын салып көмдіріп тастатады.
Екі-үш жыл өтеді. Оған шейін дихандарда қарап жатпастан егінін егіп, оғып-бұғып зындандарының үстін
таптауға жақындатады.
Бір күні ханның тамағына шөп кетіп ауырады. Дүниеде бақсы-бәлгер, тәуіптердің ешқайсысын қоймай
қаратса да жазылмайды. Бір күні бұрынғы білгір адамның қадірін білетін бір адам ханға келіп: «Ол жақсы
адам еді, сіздің ауруыңызды қалай да болса жазатын еді, алтынның қолда барда қадірі жоқ дегендей, сіз
оның қадірін білмедіңіз, жазасын тартқаныңыз осы», – дейді.
Хан жұртын жиып: «Ол адам шын білгір болса, әлі күнге шейін өлген жоқ» деп, білінбей қалған
зынданның маңдайынан үңгірлеп қаздырып жатқанда бір сүйек шығады. Бұл қайсысынікі екенін ажырата
алмастан, одан да ары қаздырғанда, ақылдының өзін тауып алады. Баяғыда көмерлерінде өзімен бірге бір
дорба тоқаш көмілген екен. білгір содан күніне жеп күн елтіп, тірі жатыр екен. Бірақ қансыз, сөлсіз, өлудің
аз алдында екен. Жұрт: «Ханымыз ауырып жатыр еді, сені жазады деген соң, соған жіберіп еді. Біз алып
кеткелі келдік, соған жүр» дейді.
Білгір: «Жоқ, бармаймын, хан мені бір өлтіріп, енді өзіне керек болғанда ғана шақырды ма! Бар айтыңдар»,
– дейді. Жұрт, ханға қайта барып, келмейтінін білдіргенде:
«Ендеше, егер мені жазса, күллі бақ-дәулетімнің бәрін берем деп жатыр деңдер», – дейді. Жұрт білгірге
қайта барып, ханның сөзін айтыпты. Білгір: «Олай болса қырық қыз әкеліңдер, бір саты тауып, соған
зынданның аузына жеткенше қыздарды жағалата қойыңдар», – деген. Айтқанының бәрін істеді. Сатыдан
жоғары өрлеп келе жатып жолдағы жағалай тұрған қырық қыздың бетінен шопылдатып қырық сүйіп,
үстіге шығады. Беті сөлденіп, қызыл кіріп қалады.
Әбден айығып, ханға келсе, тамағына шөп қадалып, азаптанып өлудің аз-ақ алдында жатқанын көреді.
«Сен жазыла алмайсың. Бірақ, менің бір шартым бар, соны орындасаң ғана жазылуың мүмкін», – дейді.
Сонда халқы да, хан да: «Егер, жазатын болсаң орындармыз» дейді. «Ендеше ханның жалғыз баласы бар
екен, соны әкеліңдер. Алдыңа бауыздаймын, содан жазылар», – дейді білгір. Хан мұнысына: «Балам
өлгеннен өзім өлгенім артық» деп көнбейді. Сонда қарт: «Жоқ, сенің өлгеніңнен балаңнің өлгені артық,
жас балаң өсіп бізді билегенше, біздің тұқымымық құриды» деген соң, «ылажысыз» баласын бауыздауға
қияды.
Баланы алып келіп, алдына аяғын буып бауыздамақшы болып тұрып: «Қой, көзіне көрсете бауыздамайық,
ханымыз талып қалар», – дейді де алдына ши тартып, ханның көзінше баланы шиге кіргізіп, басқа бір
қойды аяғын буып әкеліп, «Қор еткізіп шалып жібереді. Хан жалғыз баламнан айрылдым-ау дегендей
қылып «аһ... уһ!» деп күрсінгенде тамағында қадалып көлденең тұрған шөп сызылып көлбеп түсе қалады,
һәм ханның өзі де, баласы да аман қалады.
49. Сыбызғының сыры
Ерте заманда Асан деген баланың жеті жасында әкесі өліп, жетім қалады. Өздері өте кедей екен. Ішерге
асы, киерге киімдері болмаған соң Асанның шешесі Жаңыл баласын жетелеп жүріп, ел қыдырып
күнелтетін болыпты. Күндерде бір күн Жаңыл апа Асанды жетелеп Таһир ханның сарайына келіп, жәрдем
сұрап, мұңын айтыпты. Хан жаны ашып, жәрдем берудің орнына Жаңылға қарап былай депті:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
991 bet
– Менің аңға қосатын тазы иттеріме күтуші бол. Иттермен бірге жат, тамағың да солармен бірге болады.
Балаң ақсақ-тоқсақ қойларды бақсын. Ерте тұрып, кеш жатасыңдар, тамақты аз ішіп, жұмысты көп
істейтін боласыңдар. Қысқасы өзің – күң, балаң – құл болады. Ойымдағыдай жақсы істемесеңдер
бастарың алынады, – депті.
Жанашыр жақыны, жалтарар өріс жоқ Жаңыл мен Асан сол күннен бастап ханның кіріптар күңі мен құлы
болады. Иттермен бірге жатып, бірге тамақтанады. Айдан ай, жылдан жыл өтті. Ауыр еңбек, итқорлық
тұрмыс Жаңылды да, Асанды да әбден жүдетті. Панасыз екі сорлы егіле шыдап, шыдай берді.
Аңшы иттердің үстін жуып, жүндерін тарап, тамақтарын беріп жатқызған соң, итқораның есігін ішінен
бекітіп алады да, сорлы ана Асанын бауырына қысып жатып, түні бойы зарлайды. Қайғы-қасіреттің зары
өткен шерлі ана мұңын айтып күңіренеді:
Ит өмірде итшімін.
Итпен бірге үйшігім.
Иттің де бар иесі,
Иттен де жаман біздің күн.
Кедейліктен жаман жоқ.
Кентай ғұрлым бағам жоқ,
Басар тау, барар панам жоқ,
Бізді ескерер адам жоқ,
Егілсін зарлап мұңды күй,
Одан басқа шарам жоқ...
Он жасар Асан анасының зарлы жырын, арманды мұңын ықылас қоя тыңдап, ынтыға жаттап алады. Ұзақ
күн қой соңында жүріп, ыңырсып айтып, күңіреніп толғайды екен. Асан ана мұңын жырлай жүріп,
жаралы жүректің нәзік қылын шертеді. Мелшиген сар даланың сағым көтерген бұлдыр мұнары мен
қараңғылық түнегі басқан қалың елдің ой-арманына мұңлы үнін қосады екен. Сөйтіп жүріп Асан он бір
жасқа жеткенде асқан ақын-жыршы, шебер сыбызғышы болыпты. Әуелде оның домбырасы да,
сыбызғысы да болмапты.
Бір күні қой жайып жүріп, қалың шөптің арасында өсіп тұрған іші қуыс қурайға көзі түсті. Қурай
сыртының қызыл күрең түсі мен оның бунақталған буындары Асанға ұнап кетіпті. Қурайды кесіп алып,
ішін тазартып үңгілейді де орта шенінен төрт-бес жерден ойып, тесік шығарып кептіріпті. Тарта-тарта
келе әлгі қурайдан сырлы сазды сыбызғы шығыпты.
Өнерінің іске асып арманы орындалғанына шексіз қуанған Асан жаңа сыбызғыны тарта бастағанда-ақ,
оның аузына «Арман» деген күй сарыны түсе кетеді. Арман күйі Жаңыл апаның:
Ит өмірде итшімін.
Итпен бірге үйшігім.
Иттің де бар иесі,
Иттен де жаман біздің күн,
– деген мұңлы қоңыр зармен басталады да:
Ит өмірден құтылып.
Жарылқайтын күн туып.
Жақсылық көрер ел бар ма,
Бәйшешегі құлпырып,
– деген үнді саз қалықтай самғап шарықтай жөнеледі. Күй сарыны кейде күмілжи күбірлеп барып шына
түсіп, аспанға өрлегендей, кейде зулап қияға ұшқан қырандай шығандайды да, қайта төмен сорғалап,
түйіле түскендей. Мұңлы жырдың арман сазы, алдағы мұрат, тамылжыған тәтті үн, асқақ әуенге қосыла
келіп Асанды сергіте желпіп жетелегендей, шыңырау түбінен шыңға қарай, қараңғы тұманнан күн
шуақты жарық нұрға қарай алып бара жатқан сияқты. Сарайы ашылып, тынысы кеңіп, көз жанары
жайнайды оның.
Міне, Асанның тап алдында ақ бауыр киіктің ала таңдақ екі лағы «Арман» күйінің әуеніне билеп жүр.
Олар би қызығына еліге елтіп, өздерінің адамнан безер аң екенін де ұмытып кеткен. Сыбызғы сазы сызыла
шыққан сайын лақтар Асанға жақындай түседі. Сөйте, сөйте енесі мен екі лақ Асанды орталарына алып,
айнала шапқылап, асыр салып ойнақтай, билеп жүретін болды. Өз өнері өмір қасіретін серпілте
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
992 bet
сейілткендей болған Асан егіз екі лақты өзінің бірге туған бауырындай, екеуінің енесін өз анасы
Жаңылдай жақын сезініп, жақсы көретін еді. Асанға көңіл көтерер ермек те көңіл күйін, арман-шерін
бөлісер дос та табылды. Күнде ақсақ-тоқсақтарын ілбітіп айдап келеді де, ақ бастаудың жағасына жусатып
қойып, Асан Сандықтастың басына шығып, сыбызғысын тартады екен. Бізге лағын емізе шұбатып ақ
бауыр киік те келіп, Асанның күйін тыңдап, билейді екен.
Күндерде бір күн, Асан сыбызғы тартып, киіктер би билеп, ешбір қапа, қайғысы жоқтай, мәз-мәйрам
болып отыр еді, кенеттен «тарс» еткен мылтық дауысы бар тыныштықты бұзды да жіберді. Мылтық
дауысымен көк жалын, ашты түтіннің астында қалған Асан не болып қалғанын біраз ес жиған соң ғана
білді.
Аузынан шыққан оқтың жалыны әлі арылып болмаған жезді ауыз шитісін оң қолымен көтере ұстаған
Таһир ханның жалғыз баласы келе Асанды қамшының астына алды.
– Анау асыранды киіктеріңді маған ұстап бер. Әйтпесе өлтіремін, қазір!
– Мырза-ау, мен сияқты өз тамағын әрең асырап жүрген жалаңаш кедей киік асырай ма? Сіз ұстай алмаған
киікті мен қайтып ұстармын, – деді де, Асан хан баласының тепкісіне жонын бере домаланып жата берді.
Асанды өзі шаршағанша ұрып, тепкіледі де хан баласы арғымағына мініп әкесіне келіп айтты.
– Итшінің баласының биші киігі бар екен, соны ұстап бер.
«Аузы қисық болса да хан баласы сөйлеген заман» де халық айтқандай, хан баласының айтқанын
орындапты. Жаңыл мен Асанды шақыртып алыпты да:
– Биші киікті ертең осы уақытқа дейін менің алдыма әкеліп бересіңдер, сен қатынды ішіңді жарғызып
итке салғызам, сен балаға көзіңе қорғасын ерітіп құйғызамын. Жарлық бір. Орындаңдар! – депті.
Амалы құрыған аналы-балалы екі сорлы күн жылап, түн жылап, ақыры ақ бауыр киіктің бір лағын сұрап
алуға сөз байлапты. Өзі үшін емес, анасының азапты ажалын аяған Асан ертеңіне Ақбастаудың басына
келіп дос киіктерін шақырды. Көкірегі шерлі қойшының сыбызғыдан шыққан мұңы күндегіден зарлы да
қайғылы шықты. Билеп жүрген киіктер қайтар кезінде бір лағын қалдырып, өзгесі Асанмен қош
айтысқандай ишарат білдірді де кетіп қалды. Қалған лақты Асан ханға әкеліп берді де, аз күнге болса да
анасы мен екеуі өлім азабынан аман қалды.
– Таһир ханның алдында адам түгіл аң да қызмет істегендігін жұрт білсін, тарт сыбызғыңды! – деп
бұйырды хан сыбызғышысына. Хан алдында құрдай жорғалап, бөденедей қорғалап, жағымпаздықтың
жәдігөйлігіне әбден төселіп алған сарай сыбызғышысы бар өнерін аямастан-ақ ойнап көрді. Бірақ киіктің
лағы мелшиіп тұрып алды. Бұған әбден ашуланып, ыза кернеген хан сарай сыбызғышысының басын
шауып алды да екінші біреуін алдырып ойнатты. Лақ тағы билемеді. Хан бұл сыбызғышыны да өлтіріпті.
Үшінші сыбызғышыға кезек жеткенде:
– Тақсыр, дәт! – деді сыбызғышы.
– Дәтің болса айт! – деді хан.
– Алдияр ханым, барлық керемет осы лақты билеткен қойшының сыбызғысында. Ол сыбызғының сыры
бар. Сол сыйқырлы сыбызғыны алдырып берсеңіз, мен лақты билетер едім. – депті сыбызғышы. Хан
жендетіне сыбызғыны алып келуге жарлық етіпті. Жендет қой бағып жүрген Асанды басқа бір салды да,
сыбызғысын алып келді.
Сыбызғышы олай тартты, бұлай тартты лақты билете алмады. Ақырында хан оның да басын алды.
Сол кезде 250 жасаған бір сыбызғышы қария бар еді. Хан жазықсыз елді зар жылатып, көзіне көрінген
сыбызғышының басын алып жатыр дегенді естіп, сол қария ханға келіпті де:
– Тақсыр хан, бұл лақ ханның жарлығына да, сыбызғышының сыйқырына да билемейді. Кәп сыбызғының
сыйқырлығында емес, сырында. Ел мұңын шағып, жүрек қылын шерткен шындығында. Сыбызғының
сазды сыры қойшы баланың нәзік саусақ, шебер қолына тигенде ғана ашылады, сырымен бірге жыры да
төгіледі сонда қойшының. Елді бекер қырмаңыз, сыбызғышы қойшының өзін алдырып ойнатсаңыз лақ та
билейді, сіз бен біз де сазды әуен, көңіл күйіне кенеліп, жадыраймыз депті. Қария сөзіне еріксіз тоқтаған
хан Асанды алдырып ойнатқан екен, лақ бұрынғысынан да тамаша билепті. Асанның өнеріне риза болған
хан:
– Мен кәр етсем құртамын, рақым етсем жарылқаймын. Не тілегің бар, сұра! – депті.
– Менің бар тілегім анам мен екеуімізге бостандық беріңіз, киіктің лағын өз тауына жіберіңіз, – депті
Асан. Хан айтқан сөзінен қайта алмай Асанның тілегін орындапты.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
993 bet
Сол күннен бастап, Жаңыл мен Асан ақбауыр киіктің екі лағымен бірге елден елге, таудан тауға барып
жүріп «Арман» күйін әлемге жайыпты.
50. Жалайырхан мен Сағат
Бұрынғы заманда бір ханның перзенті болмай жүргенде, әйелі жүкті болыпты. Ол босануға таяған
уақытта хан уәзірлерімен аңға шығып кетіпті. Әйелі ұл туса, сұйінші сұрай келген адамның басынан
төмен алтын құятын болып, уәде қылады. Бір күні ханның әйелі толғатыпты. Онымен бірге, үйіндегі
малшының әйелі де, толғатыпты. Екеуі де ұл табады. Бір жеті өткеннен кейін ханның баласын өз бесігіне,
малшының баласын өз бесігіне салады. Ханның баласының аты Жалайырхан, малшының баласының аты
Сағат болады. Жалайырхан да, Сағат та жетіге толады. Екеуін де мектепке береді. Жалайырханнан кейін
Сағатты да хан жақсы көреді. Хан бір күн хиялсырап отырады да, екеуін де шақырып алады. Екеуінің де
бетінен сүйіп, екеуін де жақсы атқа мінгізіп, қаншама нөкер ертіп, аң аулауға шығады. Әр күн осылай
етіп, хан сонымен қызықтап жүреді. «Біздің балаларымыз тұрғанда, малшының баласымен шығарғаны
несі?» – дегенді айтып, уәзірлер күндеп, күңкіл қылады. Хан уәзірлерге күлкі болмайын деп, Сағатты
қалдырады да, Жалайырханды уәзірлердің баласымен аңға шығаратын болады.
Күндерде бір күн Жалайырхан уәзірлермен аңға шығып жүргенде, қолындағы құсы қашып кетіп,
дарияның ар жағына өтеді. Бұл да өтпекші болып, суды жағалап әбігерленіп жүргенде, дарияның
ортасымен салға мініп кетіп бара жатқан бір сұлу қызды көреді. Қыздың сұлулығына қайран қалып: «Не
болса да, сөйлесіп қалайын!» – деп, суға түседі де, алдына бара алмай: «Перізатсыз ба? Қайда боласыз?
Достарыңызбен бөлісу: |