– Ол не қарағым, – деді. Мен:
– Қария сізге сойған қойымыз еді. Соның басын асқалы қазанға салып жатырмын, – дедім.
– Жоқ, қарағым мен ет те жемеймін, бас та мұжымаймын, сорпа да ішпеймін, тек күніне он төрт бүйрек
жейтін адаммын. Ол сыйыңа рахмет қарағым, – деді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
983 bet
– Мұнысы қалай болды екен ә, күніне он төрт бүйрек жесе онда мұның диуана емес, бай болғаны ғой.
Әлде осы – қызыр болмаса кетті, – деп іштей таңдандымда шешеме барып қонақтың сөзін айттым. Шешем
өте жомарт кісі еді.
– Қарағым он төрт бүйрек дәл болғандай жеті қойың бар. Соны соя ғой азар болса ертең терісі мен етін
сатып жеті қойдың орнын толтырып алармыз, – деді.
– Жарайды апа, олай болса, менде сіз осыны айтса екен деп тұр едім, – деп, он төрт бүйрекке жеті қойды
дәл дегендей тапқаныма өте қуандым да, қойларды шетінен әкеп соя бердім. Шешем қойлардың етін
жөндестіре берді де мен он төрт бүйректі алып, тазалап жуып қазанға салғалы жатыр едім, әлгі диуана
қонағым тағыда:
– Ол не қарағым қазанға салғалы жатқаның, – деді.
– Ата сізге пісіргелі жатқан он төрт бүйрек қой дедім.
– Жоқ, қарағым Қасен өзіме бер бүйректеріңді, мен біреудің пісіргенін жемеймін өзім орманға барып,
кішкентай шөңкеме пісіріп жеймін.
Қонағымның айтқан тілегін орындап он төрт бүйректі орамалына орап, түйіп дорбасына салып бердім.
Түнімен ол кісі бізбен бірге болды. Шешем екеуміз ет асып жедік. Қонағымыз айтқанындайақ асымыздан
ауыз тиген жоқ. Ақыры ұйықтайтұғын мезгіл жетті. Қонағымызға бар көрпемізді төсеп, өзіміз бар
киімдерімізді жамылып жата кеттік. Ертеңіне ерте тұрып қарасақ қонағымыз жоқ, таң сәріден тұрып кетіп
қалыпты. Шешем екеуміз аңтаң болдықта қалдық.
Енді мен бүгін сол жеті терімен еттерді сатқалы тұр едім екі уәзіріңіз келіп «сен ұрысың» деп базардың
ортасында өлердей ғып сабап сізге алып келді. Енді не істемекпін, үкім сіз не айтсаңыз болғаны да тақсыр.
Бірақ, мен бұл қойлар табан ақы маңдай терімнің еңбегі деп айта аламын, – деп бітірді бала сөзді.
– Үй, мына тазша не дейді сен ұрысың білдің бе? Сен ханды ұрладың, – деп, зекіп айғай салды Манап.
Хан Манапты тоқтатып:
– Мына бала былай айтып тұр. Бірақ, мына жеті терілер менің жеті қойымның терісі. Сендер қалай
қарайсыңдар бұған, – деп, хан екі уәзіріне қарады.
– Я, сіздікі тақсыр, мына тазша ұры, – десті екеуі.
– Дұрыс солай болсын. Енді сендер бұған қандай жаза қолданғанды дұрыс көресіңдер?
– Мен айтайын тақсыр, – деп Қасым басын төмен ие тәжім етіп түргелді. Бұл ұры тазшаны хан мүліктерін
ұрлағандықтан ат құйрығына байлап таутасқа соғып өлтіру керек.
– Жоқ, ол онша қызық емес, одан да жарым беліне дейін жерге көмдіріп, басы мен кеудесін балаларға
ұрғызып өлтірсек сол қызық болар еді, – деді Манап.
– Екеуіңніңде жазаларың өте қызық және өте дұрыс екен. Ол үшін сендер мынау айтқан Кенбай байды
тауып алып келіңдерші анығын білейік.
– Құп болады тақсыр.
IV
Ханның екі жағында екі уәзірі. Оң жағында Қасым да, сол жағында Манап. Хан алдында тұрған Кенбай
Қасеннің түріне тесілетесіле қарап кейігендей аяушылық кейіп білдірді.
– Неге алдырдыңыз тақсыр, не жазығым бар еді? – деді Кенбай. Баланың түріне қарап менде жазықты
екенмін ойлады ол.
– Ешқандай да жазығың жоқ, бірақ, сен ана жеті теріні танисың ба? – деп, хан бұрышта жатқан терілерге
қолын созды. Кенбай терілерді аударыстырып көріп:
– Танимын тақсыр, – деді.
– Танысаң кімнің қойының терілері?
– Ол мен мына балаға әнеу күндері жеті жылда аянбай еңбек еткені үшін сыйлыққа берген алты қой мен
бір қойдың терілері тақсыр.
– Шын айтқын, өз қойың ба?
– Өз қойым тақсыр, өтірік айтсам ант атсын.
– Өте дұрыс, – деді де хан бір дорба алып, оның ішінен түюлі үш ақ орамал алды да үстел үстіне шешіп
қойды. Сарай іші жымжырт. Тыныштықты тек Қасен ғана бұзды.
– Мынау менің он төрт бүйрегім ғой, ой аллай, – деп, айғайлап жібергенін өзі де сезбей қалды.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
984 bet
Үстел үстіндегі бірінші орамалда нандардың күйігі, екінші орамалда бір тілім нан, үшінші орамалда
қызыл алтынша жарқырап, алтыннан жасалған торғайлардай болып, он төрт бүйрек жатты. Екі уәзір
өздерінің нандарын танып, екі беттеріне от басылғандай қызара күйіп, ұялғаннан төмен қарап кіріп
кетерге жер таппады.
– Көрдіңдер ме? – деді хан уәзірлеріне қарққарқ күліп, сен екеуің менің хандығымды түгел алатын
болдыңдар ғой.
– Я, уәзірлерім – деді хан, мен сендерге бұйрық бергеннен кейін жетінші күні диуана қалпына түстім де
астыма ақ ешек мініп, басыма аққудың терісін жамылып, сендердікіне барып мың ділдәдан сұрадым, бірақ,
сендер мың ділда емес мына жақсы нандарыңызды бердіңіздер. Содан шығып отырып мына Қасен
баланыкіне бардым. Рас ол мен едім. Қасен мені өте жақсы сыйлады. Мен одан он төрт бүйрек сұрағаным,
далаға шыққанда қорада тұрған жеті қойды көріп «ниеті болса берер» деп он төрт бүйрек сұрағанымда
рас. Қасен ешбір ренжіместен жеті қойын бірдей сойып он төрт бүйрегін алып берді. Сонда қондымда
білдірместен таң сәріден тұрып кетіп қалып, сарайыма кеп, хан қалпыма түстім де тағыма кеп отыра
бердім. Қасен мен шешесінің сөзінде естіген едім де, базардан табылар деп сендерді жұмсаған едім. Иә,
табылады да. Мен сендерге ұрмайсоқпай алып келіңдер десем сендер өлімші ғып әкелгесіңдер. Ол ұры
емес жомартым...м...м уәзірлерім сүйтіп жомарттық байлықтан емес, ниеттен болғаны ғой ә!
– Жоқ, тақсыр біз сіз екеніңізді білмеген едік.
– Доғар сөзді, сендер менің хандығымды емес, жомарттықтарыңды сыйлаңдар. Хан екі уәзірді тырдай
жалаңаш қып шешіндерді де, «өзіңді қалай ұрса мына екеуін солай ұр», деп Қасенге алтындаған қызыл
сапты қамшы берді. Қасен бір жағынан қуанғандықтан, бір жағынан ашуланғандықтан қамшымен екеуін
әбден әлі бітіп шаршағанша сабады. Уәзірлердің бұрын дақ түспеген ақ денесі білеубілеу боп ісіп адам
көргісіз болды.
– Ал, уәзірлерім, менің хандығымды ол дүниеге барғанда аларсыңдар. Балаға кескен жазаларың өздеріңе
кесілсін, – деп хан орда кісілерін шақыртты да: «Қасымда ат құйрығына таңып таутасқа соғып өлтіріңдер.
Өздерінің тілеген жазасы осы», – деп, бұйрық берді...
V
Хан екі уәзірді өлтірткелі жатыр екен деген хабар бүкіл шаһарға тарап, ертеңіне жаза кесілетін алаң
халыққа лық толды. Бір уәзір ханның жарлығын халыққа айқайлап оқып берді.
– Ой, дұрыс істелген өте дұрыс істелген.
– Жойылсын жауыз уәзірлер.
– Ризамыз.
– Тез жазалаңдар қызығын көрейік деген дауыстар алаңның әр жерінен жаңғырыға шығып жатты. Алаңда
үлкен тыныштық, тек бірнеше жендеттер келіп Қасымды үлкен қара аттың құрығына жалғастырып
байлады да, атқа бір жендет мініп алып Қасымды сүреймүйрей тауға қарай шаба жөнелді. Енді жендеттер
Манапты барып жұлмалай бастады. Жендеттер оны дайын тұрған шұңқырға әкеп белуарынан көме
бастады. Көміп те бітті. Бір шеттен өңшең бір келкі ақ жидедамбал киген балалар жүгіре шығып үйілген
тастың жанына тұратұра қалысты.
– Алыңдар қолдарыңа тасты, – деп әмір етті жарлық оқыған уәзір. Балалар жерден тас алды.
– Ал ұрыңдар.
Жанжақтан ұшқан тастар тарыстұрыс етіп Манапқа соғылып жатыр. Манапта айқайлауға шама жоқ.
Ыңырсыйды. Бір уақыттарда үйілген тастар Манапты да көрсетпей кетті. Хан айтқандай Қасым мен
Манап ол дүниенің хандығына кетті де, үлкен той болып, жомарттығының арқасында шешесі екеуі
жетпеген дәулетке жетті. Ақыры қартайып, өлімі жетіп ханда өлді. Қасен өмірде болмаған той жасатып
хан орнына хан болып, елдеріне әділ қарайтын жер үстіндегі әділ ханның бірі болыпты.
44. Қаракөз сұлу
Бір хан болыпты, ханның бір уәзірі болды, мына үйде айтқан сөзді ана үйде отырып біледі екен. ханның
бір баласы болды. Баласы келіп суға шомылса, бір кемемен қырық қыз кетіп барады екен. бір қыз ішінде
түрегелді. Сол қызға әлгі бала ғашық болды. Бала қызды: «Кімсің?» – деп шақырды. Қыздың қолында бір
алтын тарақ бар екен, бала сұраса, бұл қыз алтын тарақпен шашын тарады, онан соң шашын сипады. Бала
тағы атын сұраса, қыз көзін сипады.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
985 bet
Бала қыздың кім екенін білмей үйге қайтты. Келді де уәзірге айтты: «Мен сондай бір қыз көрдім, соны
алсам дүниеде армансыз болар едім. Мен бұ қыздан сұрадым: «Қай елдің қызы болдың?», – деп, сонда
қыз басын сипады, тағы атын сұрағанымда көзін сипады». Уәзір айтты: «Ол қыз Қаракөз сұлу екен. басын
сипаса жоғары шаһардың қызы екен». Бала айтты: «Мен оны қайтсеи аламын?», – деді. Уәзір айтты: «Сен
ауру болып жат, әкең келсе қай жерің ауыратынын айтпа, шешең келсе де солай ет». Бала үйіне қайтты
ауру болып, жатып алды, әкесі келсе де, шешесі келсе де қай жерінің ауыратынын айтпады. Хан уәзірін
шақыртты: «Бала неге жатады, ойында не бар?», – деп сұрады. Уәзір айтты: «Балаң бір қызды көріпті, сол
қызды мен алсам армансыз болар едім», – дейді. Хан айтты: «Оны қайтсе алады?». Уәзір айттты: «Алпыс
қыз бер, алпыс жігіт бер, алпыс нарға жүк артып бер, оныменен мені де жібер!» – деді.
Хан: «Сені бермеймін, – деді, балам барсын!». Баласын жөнелтпекші болды. Бала айтты: «Жоқ, әке, алпыс
қыз, алпыс жігіт, алпыс нарды ал, жалғыз уәзіріңді бер, уәзіріңді берсең барамын, бермесең бармаймын».
Әкесі айтты: «Бармасаң да уәзірімді бермеймін». Жігіт жатып қалды, бірнеше күннен соң әкесі уәзірін
берді. Алпыс жігітімен, қызымен хан қалды. Жалғыз уәзірді алып, жігіт кетті.
Барып-барып ханның баласы Қаракөз сұлудың шаһарына жетті. Бір қараша үйге келді. Бір кемпір шықты
сол үйден. Кемпірге бір ділдә беріп, тамақ сатып алуға жіберді. Кемпір барып тамақ алып келді.
Уәзір кемпірге айтты: «Қаракөз сұлуға барамысың?». Кемпір: «Барамын», – деді. «Бір сөз айтамысың?».
«Жоқ, – деді, айтпаймын, айтсам басымды алады». «Бір ділдә берейін саған». Кемпір: «Не деп айтайын?»
деді. Уәзір: «Біздікінде бір саудашы жатыр, бүгін саудасын қылып ертең қайтады деп айтшы. Сонан соң
қыздың не дегенін маған айта кел», – деді.
Кемпір қызға барды, барып күтіп тұрды, тамағын берді ішуге. Кемпір есікке барып тұрды: «Біздікінде бір
саудашы жатыр, бүгін саудасын қып ертең қайтады», – деді. Қыз қасындағы көп қыздарға: «Енекемді ұста,
аяғын жерге тигізбе, қанын жерге тамызба!» – деді. Кемпір оны естіп қаша жөнелді. Уәзір «Не депті?», –
деді. Кемпір айтты: «Енекемді ұста, аяғын жерге тигізбе, қанын жерге тамызба деп айтты», – деді. Уәзір:
«Жарайды», – деді.
Сонан соң ханның баласы Қаракөз сұлудікіне барды, есігіне отырды, отырып-отырып ұйықтап қалды.
Қыз келді, бүл жігітті көріп, ғашық жайын біледі екен, жігіттің қолына бір асық салды. Таң атқан соң бала
шошып оянды, қайтып жүгіріп келді. Уәзір айтты: «Қыз келді ме қасыңа?». Бала айтты: «Жоқ, келген
жоқ». Уәзір айтты: «Өтірік айтпа, келген шығар, шешінші!». Бала шешінсе асық қойнынан түсті. Уәзір:
«Бұ не? – деді, ұйықтаған шығарсың».
Тағы кемпірге айтты уәзір: «Екі ділдә берейін, айтқан сөзімді айтамысың қызға?». Кемпір: «Айтсам,
айтайын», – деді. Уәзір айтты: «Біздікінде бір саудашы жатыр, бүгін сауда қып, ертең қайтады деп
айтқайсың». Кемпір барды, барды дағы уәзірдің сөзін айтты. Қыз тағы да қыздарға: «Енекемді ұста, аяғын
жерге тигізбе, қанын жерге тамызба», – деді. Кемпір тағы қашты, үйге келіп уәзірге қыздың сөзін айтты.
Уәзір айтты: «Бәрекелді тәуір болған». Кеш болғанда ханның баласы қызға тағы келді. Отырарда қыз
келді, бала қызды ұстап алып бір жерге апарды. Онда қыз баламен бір төсекте жатып ойнады. Зындан
күзеткен екі солдат келді. Қызды баламен ұстап алып, апарып зынданға тастады».
Хан құс салуға кеткен екен, содат патшаны іздеп барды. «Е, ханым, қызыңыз бір жігітпен ойнас қылған,
біз екеуін зынданға тастадық», – деді. Хан айтты: «Тоқтаңыз, оны мен қайтсем де көрем кім екенін».
Солдат зынданға қайтты. Қыз айтты солдатқа: «Құлағымдағы сырғамды берейін: «Өгіз иесі, өгізің
шарбаққа түсіп қалды», – деп айтып, осы жерді айналып келе ғой. Солдат «Жарайды», – деп кетті.
Уәзірдің үйінің тұсына келіп: «Өгіз иесі, өгізің шарбаққа түсіп, шарбақ иесі өлтіремін деп жатыр», – деді.
Уәзір бұл сөзін білді. Бір ділдә алды, қолына тағы бір қап алды, барзардан нан сатып алды. Сосын
зынданға келді. Солдат айтты: «Бұл нанды сатамысың?». «Сатамын», – деді. Сатып алды солдат нанды
бір жарым ділдәға. Солдат айтты: «Қал мында, мен нанымды үйге алып барайын, қапты қайта әкелемін».
Уәзір: «Жарайды», – деп, қалды. Солдат кеткеннен соң, уәзір қызға жігіттің киімін кигізді, ханның ұлына
қыздың киімін кигізді. Қызға айтты: «Солдаттың бетіне қарамай, қапты алып, жүре бер», – деді. Солдат
келді, қызға қабын берді, қыз үйге жүре берді.
Хан үйіне келгенде: «Солдат тұтқын қызымды алып келсін», – деді. Солдат уәзір мен ханның ұлын алып
келді. Ханның ашуы келді. «Ол қызым емес, деді – қызым ойнас қылды дейтұғын сен бе?», – деп,
солдаттың басын шаптырды. Уәзір айтты: «Тақсыр хан! Елімді жау шауып еді. Жаңғыз қарындасым бар
еді, оны күйеуге беріп едім. Күйеуім жаудың қолына түсті, қарындасыммен қашып келіп сіздің
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
986 bet
қызыңыздың үйіне кірдік. Ана солдат біз екеумізді ұстап зынданға салды. Менің мінім сол еді». Хан айтты:
«Енді бұл қарындасыңды қызымның үйіне апар. Қаракөз сұлудың қасында бірге тұрсын!». Жігіт қыз
болып Қаракөз сұлумен бірге тұрды.
Қаракөз сұлудың бір күйеуі бар екен, ол бұл шаһарға келді, далаға шатыр тікті. Ертең қыздар күйеуге ас
апармақ болды. Қаракөз сұлу қыз болған жігітке айтты: «Сен күйеуіме барып айт: «Беті жақсы болса
суменен жусын, беті жаман болса қымызбенен жусын». Қыз болған бала келді күйеуге, сәлем берді. «Е,
жігіт, – деді, бетің жақсы болса сумен жуарсың, бетің жаман болса қымызбен жуарсың. Қаракөз сұлудың
айтқаны сол болды». Күйеу айтты: «Жарайды, қыздың айтқанын екі қылмаймыз». Екеуі суға барды, күйеу
суға бетін жуайын десе, қыз болған жігіт оны суға итеріп жіберді. Ол күйеуі өлген соң қыздың үйіне
қайтты.
Уәзір атын ерттеп, әзірленіп қыздың үйіне келді. Анда қыз болып тұрған жігітке ханның жақсы киімін
кигізіпті. Атқа мінгізіп ханға алып барды көрсетуге. Уәзір жігітпен ханға кірді, сәлем берді. Уәзір айтты:
«Е, ханым, бұл жігіт күйеуіміз екен, жау қолынан қашқан. Рұқсат болса сіздің қыздың үйінде тұрған
қарындасымды қайтарыңыз!». Хан айтты: «Жарайды». Қызды әкелуге кісі жіберді. Жіберген кісі қайтып
келді: «Бұл қыз анда жоқ екен, күйеуге ас алып барған екен, сол барғаннан қайтпаған». Хан айтты: «Солай
болса күйеуден барып қызды алып келіңіз!». Жіберген кісі тағы қайтып келді. «Күйеу де жоқ, барған қыз
да жоқ, құр тігулі шатыр тұр», – деді. Хан айтты: «Апырмай, мұнымыз ұят екен, күйеуіміз бұл қызды
алып қашқан болар». Уәзір айтты: «Енді неғылдық?». Хан айтты: «Қаракөз сұлуды мына жігітке берейік»,
– деді.
Отыз күн ойын қылды, қырық күн тойын қылды, алпыс нарға жүк артты, үйіне жөнелтті. Бір талай күн
өтті арасында, үйіне жетті. Әкесі, шешесі өлгеннен соң әкесінің орнына, тағына мінді. Халқына, жұртына
бас болды.
45. Үш ауыз сөз
Ертеде бір байдың жалғыз баласы жылқы бағып жүрсе, бір адам келіп:
– Балам! Бір айғыр үйірлі жылқы берсең, мен саған үш ауыз насихат сөз үйретейін, – депті.
Бала тұрып:
– Құп! Берейін, үйретіңіз, – дейді.
Әлгі кісі:
– Балам! Суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы
болсын, – дейді.
Бала бір үйір жылқы береді. Әлгі адам жылқыны айдап өз жөніне кетеді. Кешке бала үйіне келеді. Әкесі:
– Мал аман ба? – дейді.
Баласы:
– Мен үш ауыз насихат үйреніп, бір айғыр үйір жылқы бердім, басқа мал аман, – дейді.
Әкесі ашуланып, баласын қуып жібереді. Әкесінен түңілген бала бірнеше күндер далада қаңғырып жүріп,
бір қалаға келеді. Қаланы аралап жүріп, ханның ордасына кездеседі. Ханның нөкерлері мұның жат жерден
келген, бөтен адам екенін сезеді де жөн сұрайды:
– Не ғып жүрген адамсың? Жұмыс істеймісің? – дейді.
– Денім сау, неге жұмыс істемейін. Жұмыс табылса істейін, – деп жауап береді.
Нөкерлер ханға келіп:
– Бір жолаушы жас бала жігіт, өзі ақылды, есті көрінеді, қызметші болғысы келеді, – дейді.
Хан шақыртып көрсе, бойы сымбатты, түрі әдемі, бала жігіт екен. Хан мақұл көреді де:
– Сен менің есігімнің алдында күзетші болып жүр, – дейді. Бала есік күзетшісі болады. Бұл екі ортада
ханның әйелі бұған ғашық болады.
– Мен сендік болайын, ойнап-күліп жүрелік, – деп ертеңді-кеш айналдыра береді.
Бала ханның әйелінің сөзіне азады да, көңілі ауады, бірақ көңілі ауса да: «Әкем мені неге айдап жіберді.
Бір айғыр үйірлі жылқыны неге бердім? Шал: «Суын ішкен құдыққа түкірме деген еді ғой», – деп, оның
үйреткен сөзін есіне түсіреді. Ханның әйеліне көнбейді. Баланың болмайтынын біліп, ханның әйелі күдер
үзіп:
– Мына, жаңа жүрген жаман, шірік, мені қойныңа ал, деп қоймайды, – деп, ханға шағыстырады.
Хан ертең оны өлтірмекші болып, көміршілеріне:
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
987 bet
– Ертең ертемен кім бұрын келсе, соны отқа салыңдар, – деп, бұйрық береді.
Сонда хан балаға:
– Ертең барып көміршілерден бір қап көмір алып кел, – деп бұйырады.
Бала ерте тұрып көміршілерге жүгіріп бара жатса, бір кемпір алдынан шығып:
– Ей, балам, дәм татып кет! – дейді.
– Жұмысым асығыс, ханның жұмысы еді, – деп бала, кете бергенде:
– Балам-ау, уақыт әлі ерте ғой! – дейді кемпір.
Сонда баланың есіне жылқы алған қарттың насихаты түсе кетеді де, кемпірдің үйіне дәм татқалы кіреді.
Сол екі арада ханның әйелі баланы бір көріп қалғысы келіп соңынан жүгіреді. Ханның әмірін орындауға
әзірленіп тұрған көміршілер жүгіріп келген әйелді ұстай алып, жанып тұрған отқа тастап жібереді.
Кемпірдің үйінде тамаққа алданып қалған бала көміршілерден бір қап көмірді ала сала, жүгіріп үйіне
қайтып келеді. Хан оның тірі қайтып келгенін көріп, таңданады. Қараса, хан ордасынан әйелі жоқ.
Әркімнен сұрайды, ешкім білмейді. «Бала не ғып аман келді» деп, көміршілерден хан сұратады.
Көміршілер:
– Ханның өз жарлығымен ханымды отқа тастадық, – дейді.
– Мен баланы отқа салуға бұйырып едім ғой! Бала, сен жәдігөймісің, – деп, хан балаға қаһарланады. Сонда
бала:
– Тақсыр! Менің бір қасық қанымды қисаң сөздің расын айтайын, – дейді.
Хан рұхсат етеді. Бала:
– Тақсыр! Мен бір байдың баласы едім. Жаңада үйленіп едім. Далада жылқы бағып жүргенімде, бір адам
келіп: «Бала, бір айғыр үйір жылқы берсең, үш ауыз насихат сөз үйретемін», – деді. «Мақұл, бір айғыр
үйірлі жылқы берейін үйрет», – дедім. Сонда әлгі адам: «Балам, суын ішкен құдыққа түкірме, ертеңгі асты
тастама, оң қолың ұрыс бастаса, сол қолың арашашы болсын», – деп еді. Мен соны үйреніп, кешке үйге
келген соң, осы сөздің бәрін әкеме айтып едім, ол кісі мені ұрып-соғып үйден қуып жіберді. Сонан
тентіреп, сіздің алдыңызға келдім. Ханым мені ертеңді-кеш: «Менімен ойнап-күл», – деп, тынышымды
алды. Ойнап-күлейін десем, бір айғыр үйірлі жылқы беріп үйренген насихатым есіме түсті де, сіздің
құдығыңызға түкіргім келмеді. Сіз көміршілерге баруға бұйырған соң, қапты алып, кетіп бара жатқанда,
бір кемпір: «Даяр тұрған дәм бар, татып кет», – деген соң: «Ертеңгі дәмді тастама», – деген насихат есіме
келіп, кемпірдің үйіне бара қалдым. Сонан шығып, көмірді алып қайттым. Менің ханымнан хабарым жоқ.
Тақсыр! Сөзімнің болғаны сол, – дейді.
Хан мұның адалдығына көзі жетіп:
– Бәрекелді, анаңа рақмет! Сенің күнәң жоқ екен. Ханым өз жазасын өзі тауыпты, – дейді де, көп дүниелер
беріп, ат мінгізіп, баланы еліне қайтарып жібереді.
Бала жүріп келе жатып: «Мен кеткелі бір талай жыл болды. Менің үйдегі әйелім не күйде екен?», – деп
ойлайды. Түнде ақырын үйіне келсе, әйелі бір жігітпен құшақтасып жатыр екен. Жанынан қылышын оң
қолымен суырып алып, шабайын дегенде, баяғы насихат сөз есіне түсіп, сол қолымен оң қолын ұстап, не
істерін білмей, тұрған кезде әйелі оянады. Қорқып тұра келсе, өзінің байы екенін таныйды. Бала ашуланып
әйеліне:
– Сенің бұл не қылғаның? Мен далада тентіреп жүрсем, сен жігітпенен құшақтасып жатырсың. Асықпа,
жазаңды беремін! – дейді.
– Сіздің мұныңыз қате, құлағыңызды салыңыз, мен саған айтайын. Мен сіз кеткенде өзіңізге мәлім, жүкті
емес пе едім? Кеткеніңізге неше жыл болды. Есептеп қараңызшы? Бұл өзіңіздің балаңыз ғой! – деді әйел.
Әйелінің қойнындағы өз баласы екенін сонда біліп, жігіт онымен құшақтасып көріп, әйелінен кешірім
сұрап, татуласады, сөйтіп, адалдықпен мұратына жетіпті.
46. Алпысқа келгеннен ақыл сұра
Бұрынғы өткен заманда бір хан өзінің қол астындағы халқына жар салады. Бүкіл халық жыйналған соң,
хан:
– Кімде-кімнің әкесінің жасы алпыстан асқан болса, ол шалды далаға алып барып тастау керек. Жасы
алпыстан асқан шалдың не керегі бар. Оның қолынан іс келмейді. Үйде жатып, тапқан-таянғандарыңды
ішіп-жегеннен басқа оның бітірер ісі жоқ. Солай болған соң шалдарды құртыңдар! Ал, мұны қабыл
алмағандардың басын аламын! – дейді.
Email:
1001ertek@gmail.com
and WWW:
http://www.elarna.com/ertegi_kk.php
988 bet
Хан жарлығы екі бола ма? Жаңағы сөзді естіген халық: «Шал әкемізді аман алып қаламыз деп
жүргенімізде, өзіміздің басымыз алынып қалар, ханның дегені-ақ болсын», – дейді. Ханның үкімі жүзеге
асырылып, көп замандар бойы жұртқа міндетті заң болады. Жасы алпысқа келгенше шалдар өз ажалынан
өлсе, өледі, өлмесе, елсіз жерге апарып тасталып, амалсыз өледі. Бірқатары шалдарды таудың
Достарыңызбен бөлісу: |