ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет34/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   153

Сөйтіп, мысық ағашқа барады. 

Ағаш: 

Мен жасыл ағашпын, 



Күтсеңдер гүл ашам, 

Жолыңа нұр шашам, 

Жапырағым азық, 

Бұтағым қазық. 

Саяма сағаларсың, 

Салқындап дем аларсың. 

Мысық: Ағаш, ағаш, маған жапырақ берші! 

Ағаш: Маған су әкеліп бер мен шөлдедім, мен саған жапырақ беремін. 

Сөйтіп, мысық су іздеп келе жатса, алдынан су тасып жүрген қыздар шығады. 

Қыздар: 


Су - тіршілік негізі, 

Онсыз өмір сүрмейсің. 

Тазалықтың негізі, 

Су деп және білгейсің –деп әндетіп жүреді. 

Мысық: Мяу, қыздар маған су беріңдерші. 

Қыздар: Сен бізге дүкеннен сағыз әкеліп бер. 

 

Сөйтіп, мысық дүкеншіге келеді. 



Мысық: Мяу, дүкенші, дүкенші маған сағыз берші. 

Дүкенші: Маған жұмыртқа әкеліп бер, мен саған сағыз берем. 

Мысық әбден шаршады жұмыртқа іздеп тауыққа барады. 

Тауық: 


Мен ақ тауықпын, 

Өзім қақсауықпын. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              224 bet 

Күніне бір жұмыртқа табам, 

Осыған жетеді шамам - деп әндетеді. 

Мысық: Мяу, тауық, тауық маған жұмыртқа берші. 

Тауық: Сен менің балапандарыма дән әкеліп бер, біз ашпыз. 

Мысық ойға батып, басын ұстап не істерін білмей отырып қалады. 

Осы кезде бір тышқан жүгіріп шығып, інді қаза бастайды. 

Тышқан: 


Мен тышқанмын, 

Өзім дән екпеймін. 

Егістен ұзап кетпеймін, 

Айналам толы ән, 

Қоймам толы дән, 

Дәнді тастап кетпеймін - деп ән салып жүрген тышқанды мысық бас салып ұстап алады. 

- Айт, үйіңде не бар? Жаныңның барында айт, тез, әйтпесе, қазір жеп қоямын. 

Тышқан: Сен маған бір ән айтып бер. 

Мысық: Мақта қызбен қосылып « Қошақаным» әнін айтып береді. 

Тышқан мысыққа рахмет айтып, бір қап тары береді, мысық дәнді тауыққа береді, мысық жұмыртқаны 

дүкеншіге береді, дүкенші мысыққа сағыз береді, сағызды 

мысық қыздарға береді, қуанған қыздар мысыққа су береді, суды мысық ағашқа құяды, шөлі қанған ағаш 

мысыққа жапырақ береді. Жапырақты мысық сиырға береді, 

сиыр оған қатық береді, қатықты мысық Мақта қызға берді. 

Мысық:  Мақта  қыз, қатығың  міне  мен  енді  бұзық  болмаймын,  айтқаныңды  тыңдаймын,-  деп  қатықты 

қызға берді. 

 

Сөйтіп Мақта қыз қатығын ,мысық құйрығын қайтарып алып, екеуі тату-тәтті өмірсүрген екен. 



 

Түйені көрсе, жылқы неге қалтырайды? 

 

 

Ертеде жылқы күнге қарап былай дейді: 



 

-О,  барлық  жан-жануарларға  тіршілік  сыйлаған  қайырымды  күн,  мені  жануарлардың  арасындағы  ең 

сұлулардың бірі деседі жұрт. Солай екенін өзім де сеземін. Сонда да кейбір дене мүшелерімді бұдан да 

әдемірек етуге болар еді-ау деп ойлаймын. 

 

-Сонда қай жеріңді түзей түсуге болар еді деп ойлайсың? – деп сұрайды күн күлімсіреп. 



 

-Егер,  -  дейді  жылқы,  аяғым ұзын болса мен  тіпті  алдына жан салмайтын жүйрік болар едім. Мойным 

аққудың  мойнындай  ұзын  болса,  маған  ол  бұдан  да  әсем  көрік  бітірер  еді.  Төсім  жалпақтау  келсе, 

қазіргіден  де  алымдырақ  болар  еді.  Оның  үстіне  адамзатты  арқалап  жүру  үшін  жотамнан  мәңгі 

алынбайтын ер болса, тіпті жарасып тұрар еді... 

 

-Жақсы, қалағаның болсын, - дейді күн жайраңдап, - сәл күте тұр. 



 

Соны айтады да, күн жерге түйені түсіреді. Денесі алпамсадай, тұрқы арбиған жануарды көрген жылқы 

әрі қорыққанынан, әрі жиіркенгенінен қалшылдап қоя береді. 

 

-Міне, сен қалағандай ұзын да сидаң аяқ, аққудың мойнындай ұзын мойын, жалпақ кеуде, ері де дайын. 



Қалай, сенің де осындай болғың келе ме? – деп сұрайды күн. 

 

-Жоқ-жоқ... – дейді тілі күрмеліп. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              225 bet 

 

-Ендеше жөніңе жүр, - дейді күн жылқыға, - саған өз бойыңдағы да жетеді! Әркім өз қасиетін бағалауға 



тиіс. 

 

Содан бері жер бетінде түйе де өніп-өсе бастады. Ал жылқы болса, түйені көрген сайын әлі күнге дейн 



денесі дір ете түсіп, қалтырай бастайды екен. 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Пайданылған әдебиеттер 

 

 



1.Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу 

 

бағдарламалары: 



 

«Алғашқы қадам», 

 

«Зерек бала», 



 

«Біз мектепке барамыз», 

 

«Қарлығаш» 



 

2. Отбасы және балабақша журналы 2008ж. №5 

 

3.Бала мен балабақша журналы 2012ж. №10 



 

4. Қалиев С. «Халық ертегілері»  Тәрбие 

 

5. Хайуанаттар туралы қазақ ертегілері Алматы «Ғылым» 1979ж. 



 

132 - Бөлім: Ерте, ерте, ертеде… 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1829 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              226 bet 

Неге екенін қайдам,  бала күнімді  сағынамын. Бәлкім,  мұндай  сезім барлық адамның  бойында болатын 

шығар. Дегенмен,  балғын балалық  шақты еске түсіріп тұратын дүниелер бізде аз қазір. Бірақ,  қазақтың 

ғасырлардан  ғасырларға  жалғасып келе жатқан ертегілері бар. Әрине, қазір қазақ ертегілерінің барлығын 

интернеттен табу мүмкін емес.  Сондықтан,  ертегілерге арналған блог ашып,  қазақтың әдемі хиқаяларын 

салуды жөн көрдім. Әрине,   қиял-ғажайып ертегілер, жан-жануарлар туралы ертегілер, салт ертегілері, 

шыншыл ертегілер, күлдіргі ертегілер,  аңыз ертегілер деп  бізден бұрынғы  зерттеушілер жіктеп-жіліктеп 

берген  барлық ертегіні  блогқа қою мүмкін емес те шығар. Бірақ,  талпынып көруге бел байладым. “Бақа 

сисе, көлге сеп” дейді қазақ. Біздің бұл ісіміздің  пайдасын  біреулер көретін болса, жеңісіміз сол. Ендеше 

алдымен жан-жануарлар туралы ертегілерден бастап көрейік… 

 

Сонымен  “Ерте, ерте, ертеде…” 



 

133 - Бөлім: Төрт түлік малдың кеңесі 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1830 

 

 



Қой, сиыр, жылқы, түйе төртеуі бір күні  жайылып жүріп, кеңеседі. «Қайсымыз қандай жерге? Қандай  

кісіге  бітсек, жақсы  болар еді?»- деген сөзді айтысады-мыс. 

 

Сонда сиыр айтыпты:»Қалың қорық-нуға бітем, қоры үзілген қуға бітем» 



 

Қой: «Күнгейлі қаратасқа бітем, жүн жеп, жабағы тышқан насқа бітем» 

 

Жылқы: «Бетегелі белге бітем, найза ұстаған ерге бітем» 



 

Түйе: «Жалмаң құлақты  сорға  бітем,  ел ішіндегі зорға бітем» депті 

 

134 - Бөлім: Жарқанат турасындағы бұрынғыдан қалған сөз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1831 

 

 



Бір күні Сүлеймен  ғалейассалам барша құсты  жиып алып  айтыпты: «Мен  бұл күнде қартайдым,  етіме 

жұмсақ  төсек  болмаса  болмайды.  Баршаларыңыз  барыңыздар,    бір-бір  жүндеріңізді  беріңіздер,  содан 

төсек істеуге керек»,-дейді. 

 

Сонда  барша  ауадағы  құстардың  бәрі  де  бір-бір  жүнін  жұлып  берді  дейді.  Сүлеймен  ғалейассаламға. 



Мұнда жалғыз жарқанат «Сүлейменге қалайша бір тал жүнімізді береміз» деп, өзінің тәуір деген жүнінің 

бәрін алып беріпті. Сонда  Сүлеймен  ғамма жүнін алып, «құстардың алды бол» деп бата беріпті. Мұнан 

соң,  кешікпестен ойлап: «Жалаңаш нәрсеге өзге құстар мазақтап күле бере ме?»- деп, тағы айтыпты: «Сен 

ауада түнде ұшарсың, кұс пенен адам байқап сиқыңды көрмейтін уақытта»,-депті. Содан бері жарқанат 

тек  түнде ұшатын болыпты. 

 

135 - Бөлім: Сүлеймен патша мен байғыз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1832 

 

 



Сүлеймен  патша бір қатынын мейілінше жақсы көріп, соның не айтқанын орындайды екен. Бір күні  сол 

қатыны  Сүлейменге  айтыпты:  «Дүниедегі  тәмам  құстардың    сүйегінен  сарай  салып  бер»,-  деп.  Сонда 

патша    қаршығаны    шақырып  алып,    тәмам  құстарды  жиюға    бұйырыпты.  Сонда  қаршыға  бұйрықты 

орындап,    құстарды    тегіс  жинағанда,  бір-ақ  кішкене  құс-  байғыз  келмей  қалыпты.  Сонда  патша 

қаһарланып, қаршығаны қайтадан жіберіпті. «Байғызды я тірі, я өлі алып кел!»,- депті. Қаршыға барып 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              227 bet 

мәнісін  айтқанда,  байғыз  жауап  беріпті:  «Мені  патша  неге  шақырады,  мендей  кішкенені,  мен  неге 

керекпін, бірақ мен кішкене болсам да ақылым көп»,-депті. Сонда қаршыға  айтыпты: «Әгер бармасаң, 

өлтірсем де алып кетемін»,-депті. Сонан соң байғыз  амал таба алмай, келіпті. Сонда Сүоеймен патша 

ашуланып: «Әуелі шақырғанда неге келмедің?»-депті. Байғыз: «Үйде отырып ой  ойладым»,-депті. «Сен 

сондай кішкене құссың,  не  ойладың?»,- деп жауап сұрағанда, байғыз айтыпты: «Я  падишаһ, дүниеде  

өлі көп пе,  тірі көп пе деп санап едім»,-депті. Патша: «Қандай болып шықты?» -депті. Байғыз: «Қанша 

санасам да өлінің бірі артық болды»,-депті. Патша:  «Олай емес, маған тірі көп көрінеді»,-депті. Сонда 

байғыз айтыпты: «Мен хисаптағанда  ұйықтағандарды да өлі деп санадым, ояу жүріп құдайға құлшылық 

қылмағандарды ұйықтаушы деп білемін, сол себепті өлі көп болып шықты»,-депті. Патша: 

 

-Мұндай  қулықпен  құтылмайсың,  мұны  сенсіз  де  кітаптан  білемін.  Әгерде    сен  бірдемемен  өзіңді 



ақтамасаң, қаршығаға жегіземін,-депті қаһарланып. 

 

-Дат,  патшам,  мен  тағы  та  хисап    қылып  едім,  дүниеде  еркек  көп пе,  ұрғашы  көп  пе  деп,    ұрғашының 



біреуі артық шықты,- депті. Патша: 

 

-Не айтып тұрсың, еркектің көптігін әркім біледі, не санадың?-депті. 



 

-Дат, патша, мен  хисаптағанда ұрғашының тілін алып, қыл дегенін қылған еркекті ұрғашы деп санадым, 

сол үшін ұрғашының бірі артық болды,-деді. 

 

Сонда Сүлеймен ойланып отырып айтты дейді: «Сен рас айтасың, байғыз, мен сенің ойыңды білдім,  мен 



қатынымның тіліп алып, жазықсыз сіздердің сүйектеріңнен  сарай салып беруді ойлап едім»,-деп. Патша 

қаршығаға  бұйрық  қылыпты:  «Құстарды  босатып  қоя  бер,  һәм  оларға  айт,  байғызға  алғыс  айтсын, 

құтқарғаны үшін»,-депті. 

 

136 - Бөлім: Сәйгүлік тұлпар жылқы қайдан туады 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1833 

 

 



Ұрғашы құлын есейген соң түсіндесуынды көріп, ғашық болады. Ретін тауып жарық айлы түнде теңіз 

жағасына барады. Сонда  теңізден суын шығады. Суын-теңіз жылқысы. Өте әдемі,  құйрық жалы жерге  

сүйретіліп, үстінен тоқтамай су тамшылап тұрады-мыс. Міне, осы екеуінен тұлпар туады дейді. 

 

137 - Бөлім: Түлкі мен қоян 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1834 

 

 



Әуелі  түлкінің  құйрығы  жоқ еді. Әрқашан қасқырменен тату тұрмаған  себепті құйрығының жоқтығы 

жүрген ізін жасыра алмай, оған бек қатты залал келтірген. Соның үшін қасқыр әрдайым түлкінің артынан 

түсіп, аңдып жүріп, бір күні қасқыр барып оның ініне кірген. Әгәрдә  түлкі іннің басқа жағындағы аузынан 

шығып кетпесе, өлтіріп тастар еді. Әлден соң түлкі ағаш ішіне кіріп кетіп, ағаштың түбінде тұрған қоянды 

көреді. Ол мезгілде қоянның құйрығы ұзын  болып,  шапшаң жүргендеріне ыңғайсыз болып тұрушы еді. 

Сол  жерде  түлкі    қоянды  ұстап  алып,  өлтірмекші  болғанда  қоян  сұрапты:  «Мені  өлтірме,  саған 

құйрығымды сыйға берейін»,-деп уағда қылады. Мұнысына  түлкі көніп, екеуі сол жерде құйрықтарын 

айырбастайды. Сонан бері түлкінің құйрығы ұзын болып, қоянның құйрығы  қысқа болып қалған екен. 

 

138 - Бөлім: Сауысқан мен көкек 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1835 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              228 bet 

Ертеде сауысқан мен көкек бір орманды мекендепті. Олар ұялары болмай, ағаштың бұтақтарын паналап 

күнелтіпті. Көкек күнде ерте тұрып алып: «ұя керек», «ұя керек»,-деп, көршілерінің мазасын кетіреді. Бір 

күні сауысқан  көршісіне: 

 

-Екеуміз  бірігіп ұя істейік. Әуелі саған, содан кейін маған салармыз,-дейді. Көкек: 



 

-Менің ұя салатын қуатым да,  қаруым да жоқ. «Керек, керек» деп қақсай берсем, құстың бәрі ағайыным, 

көп болып көмектесіп, ұя салып берер,-деп келіспейді. 

 

Сауысқан  көкектің  көмегін  күтпей-ақ,  ұя  салуға    кірісті.  Ол  ұясының  қабырғаларын  жас  бұтақтармен 



тасалап,  берік  етіп  өрді.  Оны  шыммен,  өсімдік  тамырларымен  мықтап  байланыстырды.Іші-тысын  саз 

балшықтармен сылады. Кішкене бұтақтардан құрастырып, шағын қақпалы есік жасады. Ұяның астына 

мамықтан төсек төседі.Ал көкектің «керек, керек» деп қақсай-қақсай даусы қарлығып, тілі сақау болды. 

Ол кейінгі  жылдарда  «керек» дегендегі  р-ды  айта алмай,  «керек»  деудің орнына  «келек, келек» дейді. 

Сондықтан жұрт оны кекетіп «көкек» деп атайтын болды. Сол көкектің күні бүгінге дейін өзімдікі деген 

ұясы да, үй-іші де жоқ. Жұмыртқасын кез-келген ұяға табады, оны басқа құстар басып, балапан шығарады. 

Шібилер жетім өседі. 

 

139 - Бөлім: Алты түлкі 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1836 

 

 



Бұрынғы уақытта алты түлкі жолдас болыпты. Алтауының біреуінің  құйрығы шолақ екен. Ана құйрығы 

ұзын бес түлкі: «Сенің құйрығың жоқ»,-деп келе қылып, күле беріпті. Сол уақытта шолақ түлкі:Осыларды, 

мен осы бес түлкінің қандай қылып құйрықтарын шолақ қылып қоямын»,-деп ойлап келіп тапқан ақылы. 

Сонда бес түлкіге айтты: 

 

-Біз бір жақсы ойын қылайық!-деп. 



 

Түлкілерді  алып  келіп,  қарағайға    құйрықтарын  байлап  өойып,  өзі  биік  бір  таудың  басына  шығып, 

түлкілерге айтты: 

 

-Мына  жақта  бүркіттер  келе  жатыр,-деп,  өзі  қашты.  Сонда  бес  түлкі  қашамыз  деп  құйрықтарын  үзіп, 



әммесі шолақ болып қалады, шолақ болғаннан кейін шолақ түлкі өздерін шолақ қылып, серік етіп алды. 

Алтауы бірдей  шолақ болған соң  ешкім мазақтап күлмейтін болды 

 

140 - Бөлім: Бөдененің құйрығы неге қысқа? 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1837 

 

 



Бұл былай болған екен. Ертеде мынау, төмен жақта бір биік тау болыпты. Ол таудан әрі қарай ешбір құс 

асып өте алмапты.  Нелер ұшқыр, қыран құстар талаптанып көріпті. Бірақ,  шамалары келмепті.Бүркіттің 

ұшқыш қыраны келіпті, аса алмапты. Қырғидыңатақтысы келіпті, ол да аса  алмапты. Ең соңында «енді 

кім  қалды?»-дегенде,  бөденеден  басқаның  бәрі  сыннан  өтіп  біткен  екен.  Бөдененің  атақтысы 

шақырылыпты. 

 

-Тәуекел!-деп, бөдене ұша  жөнеліпті. Шырқап көтеріліп барып,  таудан ол да аса алмапты. Сонан соң 



ызаланған бөдене зымырап  құйылғаннан құйылып кеп, тауды көкірегімен соққан екен дейді. Сонда ол 

таудың  ар  жағына  бір-ақ    түсіп  кетіпті.  Міне,  содан  бері  қарай  бөдене  қонғанда  аяғымен  қонбайды,  

көкірегін жерге  соға қонады. Ал, құйрығы нағып қысқа десек, әлгі тау тесігінің арасында жұлынып қалып 

қойыпты. Әйтпесе, бұрын бөдененің құйрығы қырғауылдың құйрығындай ұзын болса керек. 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              229 bet 

 

Сөйтіп, биік таудан аса алмаған құстар әрі қарай бөдене тескен тесіктен асып барыпты дейді. 



 

141 - Бөлім: Құрым сары айғыр мен сыншыл шолақ қасқыр 

http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1838 

 

 



Бұрында бір бай болған екен. Ол байдың  жылқысына сан жетпейді. Ұшан-теңіз көп болыпты. Осы көп 

жылқының басы-бір айғыр екен. Байдың барлық жылқысы да бір, осы айғыры да бір екен. Мұны құрым 

сары айғыр деп атайды екен.  Мұның үйірін еш уақытта жылқышы бақпайды, құрым сары айғыр өзі бағып, 

иіріп, қайырып, өргізіп, тұрғызып жүреді екен. Құрым сары айғырдың үйірін ұры алып, я жұттан өліп 

көрмепті. Құрым сары айғыр тұлпар екен. Бұдан туған құлыны да тұлпар болады екен. Құрым сары айғыр 

қасқырға жылқы алғызбапты. Құрым сары айғырдың баласы бәрі де тұлпар болып туады екне. Мұны бір 

сыншыл шолақ қасқыр біліп, ылғи осы құрым сары  айғырдың  құлынын өсірмей, желіде тұрғанда жеп 

кететін болыпты. Тіпті, құрым сары айғырдың ұрығы дарыған бие, байталға да өш болыпты. «Ит бүйрегін 

бөрі  сүймес»  деген.  Құрым  сары  айғырдан  тұлпар  туып,  жүйірік  көбейсе  қасқырға  жайсыз  тиетінін 

сыншыл  шолақ қасқыр  ертеден білген, бұл қасқырдың сырттаны екен. 

 

Сыншыл шолақ қасқырдың өшіккенін біліп, құрым сары айғыр  оған жылқы алғызбай жүріпті. Шолақ 



қасқыр қанша торуылдап, шапса да жануар  құрым сары айғыр кеуделесіп жылқыға дарытпапты. 

 

Құрым сары айғыр осылай сыншыл  шолақ қасқырға жылқы бермей жүре беріпті. Бір замандарда құрым 



сары айғырдың балаларының алды құнан, дөнен, бесті шығар болыпты. Мұны көргенде сыншыл шолақ 

қасқыр өзіне ажал оғы жеткендей көрді. Жейін десе, құрым сары айғыр алғызбады. Құрым сары айғыр 

өлсе басқасын жеу оңай. Құрым сары айғырдың өзіне  сыншыл шолақ қасқыр талай рет  жейін деп шапса 

да ала алмай жүрді, жекпе-жекке түгілі жылқы да бермейді. 

 

Бір жылдары қыс өте  қатты болды. Мұндайда қасқырдың құтырып кететіні қандай?! Жерік айы туған соң 



құтырынып, қасқыр атаулы  малға жериді. Шолақ қасқырдың  көзінен от үзініп, үнемі аңсағаны  құрым 

сары айғыр болды. Оны жемей жерігін баспайтындай көрінді. 

 

Бр қатты боранда сыншыл шолақ қасқыр ұлып, көп қасқырды қасына жинап алып, құрым сары айғырдың 



үйрініе  келе-ақ  тиіседі.  Құрым  сары  айғыр    жалғыз  өзі  көп    қасқырға  жылқы  бермеуге    көп  уақыт 

тырысады. Ақырында  қоймайтын болған соң, жануар өзі қашады. Не керек, тұлпарды көп қасқыр мұзға 

қамап  жарып  өлтіреді.  Бұл  солай  жата  тұрсын.  Енді  басқа    жағына  келейік.  Құрым  сары  айғырдың 

қайыруымен ғана тұрған жылқы оның үстіне қасқырдан үркіп желігіп,  дүркіреп шауып жөнелді. 

 

Ертеңінде    жылқышы    іздеп  келсе    жылқы  жоқ,  ығып  кеткен  екне.  Бір  жерде    құрым  сары  айғырдың 



өлімтігін тауып алады. Байға  хабар да барып қалды. Құрым сары айғырды жоқтап бай  үнемі жатып алды. 

Ойнап, күлмеді. Сонда  сыншы айтты дейді: «Құрым сары айғыр тұлпар еді, одан туған  құлында  тұлпар 

еді, соны біліп құрым сары айғырды жеген сыншыл шолақ қасқыр. Егер шолақ қасқыр өлмесе ол сенің 

жылқыңның тұқымын құртады»-депті. 

 

Мұны естіген соң бай құрым сары айғырдың баласынан төрт ат баптап, қатырып, жаратады. Аттар әбден 



бабына келген соң, қасқырды іздеп шығып, бір жерден көп қасқырдың ізін табады. Ізге түсіп қуа-қуа кетіп 

бара жатқан қасқырлардың үстінен шығады. Ішінде сыншыл шолақ қасқыр да бар екен. Бұл қуа береді. 

Бір мезгілде сыншыл шолақ қасқыр бұрылып, артына қарайды. Қараса бір ат оқшау алдында келе жатыр 

екен.  Шолақ  қасқыр  қасындағыларға  білдіреді.  «Бұл  аттың  арты  аласа,  алды  жоғары  екен. Өрге  қарай 

шабайық» -дейді. Шолақ қасқыр бастап, бұлар өрге қарай шабады. Әрі-бері  жүрген соң алды жоғары ат  

өрге  қарай  шаба  алмай,  қалып  қояды.  Мұның  алдына  екінші  бір  ат  шықты.  Мұны  да  сыншыл  шолақ 

қасқыр қарап көріп, «бұл аттың арты биік, алды аласа екен, ойға қарай шабайық»-деп төмен қарай  шабады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              230 bet 

Алды  аласа  та  ылдиға  қарай  шаба  алмай,  бұ  да  қалып  қояды.  Мұның  алдына  үшінші  бір  ат  шығады. 

Сыншыл шолақ қасқыр мұны да қарап, «бұл аттың  көзі шағыр екен» деп, күннің астына қарай шабады. 

Күннің астына қарай шапқан осң, көзі күнге шағылып бұл ат та шаба алмай қалып қояды. Мұның алдына 

ең ақырғы- төртінші ат шығады. Шолақ қасқыр қарап, «бұл аттың он екі мүшесніде мін жоқ екен»-дейді. 

«Жүйірік ат бір қалса аяғынан қалады» -деп неше түрлі  тау-тасқа салып жорға береді. Ақырында осы 

атпен сыншыл шолақ  қасқырды  қуып жетіп ұрып алады. Сөйтіп,  құрым сары айғырды  жеген шолақ 

қасқырды өлтіріп, дұшпанын мұқатып, мұратына  жетеді. 

 

142 - Бөлім: Өгіз 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1839 

 

 



Баяғы өткен заманда бір шал мен кемпір өмір сүріпті. Жалғыз сиырдың сүті-олардың қорегі болыпты. 

Сондықтан сиырдың бұзауы сүтке жарымай өле беріпті.  

- Кемпір, ашықсақ, ашығайық, бір жылға бірнәрсе етіп шыдармыз. Енді сиырды саумай-ақ қойшы, сүтін 

бұзауы емсін дейді шал. 

- Жарайды, саумасам саумайын, бұзауы уызға жарысын дейді кемпір. 

Үш күннен соң сиыр еркек бұзау туады. Бұған қуанған олар қанша тарықса да, ашықса да сиырды саумай, 

барлық  сүтін  бұзауға  береді.  Енесінің  бар  сүтін  бір  өзі  еміп  өскен  бұзау  үлкен  өгіз  болып  шығады. 

Күндердің бір күнінде ол өзінің семіздігіне масаттанады. Осындай зор, сұлу денеммен мына бір жаман 

сиырлардың ішінде жайылып жүргенім лайықсыз екен, түйелерге барып қосылғаным дұрыс шығар деп 

ойланады өгіз. 

Өзін ерекше зор сезініп жүрген ол барынша - ақ түйе болуға тырысып бағады. 

Олардың жеген шөбін жейді, алыс шөлге кетіп, сортаң жалайды. Ақырында шөлден қатып, іші ауырып, 

шыдай алмайды. 

- Әбден өлетін болдым, жылқыларға барайын. Олар түйеден кішірек қой, азабы да жеңілірек болар дейді. 

Жылқылар ішінде жүрген де оған жайсыз болады. Соларға ілесіп, қатарларынан қалмай шауып жүремін 

деп әбден шаршайды. 

Бір күні қасқыр тиіп, жылқылар дүркірей қашады. 

Бұл ілісе алмай айдалада қалып қояды. (Жылқылар қашып кетеді де, өгіз қора қасқырдың қоршауында 

қалады). 

-  Мө-ө-ө-өөө!  Құтқарыңдар  мені.  Құтқарыңдар!  Мө-ө-ө!  Мө-ө-ө-өөө!  Кім  бар  маңайда?  Мө-ө-ө!  Деп 

мөңірейді өгіз. 

- Бұл не айқай? Құлақ түріңдерші! 

- Таныс дауыс қой өзі. 

- Қайдан шыққан дауыс? 

- Жүріңдер, жота асып қарайық дейді, -сиырлар. 

Табын сиыр жотаға шықса, сол баяғы өздерін менсінбей жылқыларға барып қосылған өгіз қасқырлардың 

қоршауында қалған екен. 

Олар өгіздің жаман қылығына ешбір кек сақтамастан, өгізді қасқырлардан құтқарып алады. 

-  Мен  сендерді  ренжіттім.  Өз  туыстарымнан  бөлініп  кеттім.  Ақылсыздығымнан  осындай  жағдайға  тап 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет