ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет57/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   153

баратын  жеріңізге  сонан  соң  барасыз»,  —  деді.Тоқтағым  келмей,  не  болса  да  патша  сарайына  барып 

жетейін деп едім босатпады. Амал бар ма  еріп үйіне келдім. Кіріп келсем,  сол үйдің өзін қонаққа деп 

арнап салдырған екен. Қарап отырдым, осы қонақ үйдің өзі сарайыма таяу бар екен. Отырысымен тамақ 

әкелді. Жасаған сайманы көрмеген қымбатты нәрселерден екен. Ішіп болған соң ыдыс-аяқты апарды да, 

енді  біздің  мүліктен  шықты  деп,  бір  бұрышка  үйіп  тастады.  Аздан  соң  ет  әкелді,  оған  да  жасаған 

нәрселерді  анадан  артық,  көзді  тайдыратын,  қалай  адам  баласының  қолына  түсті  екен,  бұл  нәрсе  тек 

періде ғана болуы мүмкін ғой деп ойладым. Сонымен үш күн жаттым, тамаққа жасаған нәрселердің бірін-

біріне қоспады, бірінің артынан бірін бағанағы бұрышқа үйе берді. Мерзімді уақытым толған соң жүруге 

ұлықсат  сұрадым.  Енді  ұлықсат  берді,  бірақ  сізге  айтатын  сөз  мынау:  «Үйілген  нәрсе  біздің  мүліктен 

шыққан, тағам берген соң сіздің мүлкіңіз болып қалған, бірге ала кетіңіз», — деді. «Жоқ, рахмет, көлігім 

жоқ,алып жүре алмаймын, керегі жоқ», — деп едім: «Жоқ болмайды, патша білсе басымызды алады, мұны 

алмай кете алмайсыз», — деді даяшы. Алмаймын деп едім еріксіз берді, амал бар ма, алып шығып арқалап 

келе  жатыр  едім,  жолда  бір  қайыршы кездесіп,  құдай  алдында қарыздығым  жоқ  деп  нәрселерді  әлгіге 

беріп, патшаның сарайының жөнін сұрап алып жүріп кеттім, енді көшенің ортасына жете бергенде және 

біреу ұстап алып қонасын деп жібермей тағы қондырды. Байлаудағы адамдай қонбайым десем болмайды. 

Бұл да әлгіні істеді, сонымен қыздың сарайына жеткенше тоғыз қондырды. Сол арада берген нәрсе бір 

шаһардың мүлкіне тұрады деуге болар. Бұдан құтылып өтіп қыздың сарайына келдім. Бір адам жүгіріп 

шығып, үйге кіргізді. Кірген соң жөн сұрасып отырдық. Әлде уақытта бір бәйбіше адам келіп жайымды 

білген  соң,  бір  жендетін  шақырып  менің  шаруамды  айтты.  Жаңағы  келген  кісі  қыз,  Шамшибанудың 

даяшысы екен де, бәйбіше шешесі екен. Ол отырды да: «Ой, шырағым, сенің қолыңнан келмейді ғой, — 

деді. — Себеп, осы күні Оңтүстік жақта бір патшаның баласы бір көк өгізге жылында бір дүре салып, 

артынан өзі зарлап жылайды екен. Өмірі осымен өтіп келе жатса керек. Сол не себептен сөйтеді, соның 

кінәсін біле алмай, Шамши қазір қайғы үстінде, кімде кім соны біліп келсе, мейлі кайыршы болсын, мен 

соған  тиемін  дейді»,  —  деді.  «Жарайды,  оны  мен  табам»,  —  дедім  де,  соны  іздеймін  деп  жүріп 

кеттім.Сонымен  айлар,  жылдар  жүріп  отырып,  айтқан  жөнмен,  іздеп,  арып-шаршап  бір  шаһарға  келіп 

жеттім-ау. Бір көшенің бойын өрлеп жүріп келе жатыр едім, бір шал адам ұшырасты. Шалдан: 

- Ата, бұл шаһар не деген шаһар, — дедім. Шал тоқтап: 

- Балам, өз жолың болсын, қайдан келесің, — деді. 

- Айтқаның келсін, мен бір мүсәпір баламын, баласы жоққа бала болам, — дедім. 

- Ой, қарағым, перзент көре алмай өмірім жылаумен келе жатыр еді, маған бала боласың ба? — деді қарт. 

- Жарайды, ата, болам, — дедім. Шал қошеметтеп бетімнен сүйіп, үйіне ертіп алып келді. Бір кемпірі бар 

екен, ол да қуанып жылап көріскендей болып жатыр. Сол уақытта күн сәске еді. Шал мен кемпір айтты: 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              383 bet 

«Балам,  біз  мына  халықпен  бірге  баратын  жеріміз  бар»,  деді.  Жөнін  сұрап  едім,  «көк  өгізді  жігітке 

барамыз» деді.  «Ата, мен де барайын, сізге бала болдым ғой, осы бастан ел таниын»,  — дедім. Менің 

көңлімді қия алмай екеуі: «Жүрсең жүре ғой», — деді. Қуанып кеттім, Өне бойларына қара киіп алды, 

маған да кигізді. Далаға шықсақ бүкіл шаһардың халқы қара киген, батысқа қарай шұбырып кетіп бара 

жатыр  екен.  Барлық  халық  шаһардан  үш  шақырымдай  бір  тоғайдың  жанына  барып,  қаз  қатар  тізіліп 

отырды. Бұлар біраз отырғаннан кейін бір көк өгіз мінген жігіт келді, артына мінгескен бір жігіті бар, 

жарты шақырым жерге келіп түсіп, артына мініп келген жігіттің қолындағы қоржынынан бір кесені алып, 

мінгескен жігітке берді.Ол отырған топқа жүгірді, халықтың бәріне, басынан аяғына дейін кесені көрсетіп 

өтіп, қайтып  жолдасына  келді.  Кесені  қолына  алды  да  жар  салып,  үш  бөліп,қылышпен  жігіттің  басын 

қағып тастап, көк өгізді жігіт зарлап кеп жылады. Жылаған уақытта шыққан даусына адамның сай-сүйегі 

сырқырады. Тыңдаған халықтың бәрі төмен қарап жыласып отыр, біреуі жоғары қарамайды. Бағанағы 

жігіт жылап-жылап өгізіне мініп ап жөнеле бергенде мен соңынан тұра жүгірдім. Кетіп бара жатқанда 

жанымда отырған шал: «Қайда барасың, қарағым, өлтіреді», — деп, жылап қоя берді. Оған болайын ба, 

іздеп келген шаруамның өзі сол еді. Жүгіріп бара жатқанымда бір жігіт, «мынау адамды жын соққан ба, 

ұстаңдар, жібермеңдер, ажал түртіп жүр ме, өзінің дені сау адам емес, босатпаңдар» деп, ұстап, жібермей-

ақ қойғаны. Енді қайтерімді білмедім, онан босап баруға тұратын мекенін пенде білмейді, адасып қалдым. 

Ызаланып енді екінші жылға қалдым. Сол баяғы алғашқы келген шалдың қолында мен бала, ол әке болып 

жүре бердім. Жыл он екі ай өткен уақытта көк өгіздің келер уақыты жетті, әке-шешем қал деді, мен барам 

деп,ақырында менің көңілімді қимады, ертіп жүрді. «Бірақ ана жылдағыдай тағы жүгіріп жүрме, өлтіріп 

тастайды,ол жігіттің алдына ешкім барған емес», — деді әкем. Мен «жарайды» деп алдап жүріп топқа 

келдім. Отырғаннан кейін әрі-беріден соң көк өгізді жігіт келді. Баяғысындай кесе беріп, жігітті жіберді. 

Жігіт елге көрсетіп болып қайтып барған соң кесені сындырып, жігітті өлтіріп, ой, зарлап жылады дейсің. 

Сонан соң өгізіне мініп жүре бергенде артынан тағы жүгірдім. Отырғандар: ой, мына жітіттің дені сау 

емес,  ұста  деп,  тағы  жібермей  қалды.  Досым,  замандасым,  қайғысына  ортақ  едім,  жібер  деп  халыққа 

жалынып едім, әке-шешем өтірік айтады деп,ешкім мені босатпады. Сонан сорым қайнап жылай-жылай 

үшінші жылға тағы шал мен кемпірдің қолында тұра бердім. Ол екі байғұс өз баламыз деп мені жақсы 

күтеді, жанын үзеді. Кейде:  «Қарағым, сен неге күліп-ойнап жүрмейсің, әрқашанда ренжіп жүресің, не 

ойың бар, айтшы? Әлде тамағың аш па? Болмаса киімің жаман ба?»  -деп сұрайды.  «Жоқ, ата, өзімнің 

мінезім солай», — деп айтпаймын, тек жүрем де қоям. Сонымен тағы бір жыл өткен соң елдің баратын 

уақыты болды. Дәл ертең барамыз дегенде: «Әке, мен бір жерге барып келем», — деп, кешке жақын кетіп 

қалдым.  Жігіттің  келетін  жолындағы  белгілі  бір  тоғайға  келіп,  жасырынып,  бұғып  елге  көрінбедім. 

Ертеңінде дәл түсте жігіт шаңды бұрқыратып келе жатыр екен. Алдынан жүгіріп шығайын дедім де, «қой, 

оным  асығыс  болар  қайтқан  бетінде  жолығайын»  деп  тұрдым.  Баяғыдай  өгізінен  түсіп,  елге  кесені 

көрсетіп,  қайтып  барғаннан  кейін  кесені  сындырып,  жігітті  өлтіріп,  жылап-жылап  зарлап  болып,  бір 

ақырып  қалды.  Отырған  ел  ағытқан қозыдай шаһарға  қарай  жөнелді.  Олар  кеткен  соң  жігіт  те  жөніне 

қарай қайтты. Жүре бергенде артынан жүгірдім. Тақай бергенде артына жалт қарап, қылышын суырып 

ала  ақырып,  маған  тұра  ұмтылды.  Мен  «бәрібір  өлетін  адаммын,  онан  да  осы  менің  қаныма  сіз  ортақ 

болып, басымды алып тастаңыз» деп, басымды ұсына бердім. Таяу келіп, қылышын қынына салды да: 

«Бұдан былай жүрме, егер жүрсең басыңды алам», — деді де жүріп кетті. Мен қарап тұрмадым, артынан 

тағы жүгірдім. 

Барлық  қаһарын  тігіп  алып  маған  қарсы  шапты.  «Басымды  алып  тастаңыз,  ақыр  өлем»  деп,  басымды 

ұсындым. Басымды шаппады, қайрылып жүріп кетті, мен де жүрдім, енді қайрылып қараған жоқ, жүре 

берді, мен де жүре бердім. Әлден уақытта бір үлкен күмбезге келіп кірді, артынан мен де келіп кірдім, 

келсем көк өгізді бір бағанаға байлап қойыпты. Үлкен сарайдың жан-жағы есік, төрдегі бір есіктен дауыс 

шығады, соған қарай аяңдап келдім, бұрынғыдай емес, бойым үйренді, қорқу кетті.  Барлық мұратыма 

жеткен болып жүрмін. Әлгі үйге келіп кірсем, жігітім зарлап, жылап отыр, өзінен басқа адам жоқ. Есік 

аузында садақ ұстап бір адам тұр, түрінен адам шошитын. Сарайдың кірер аузында қорқып тұрдым. Жігіт 

жылап болып бір ақырып қалып еді, бір есіктен өңкей қара киген біркелкі жігіт кіріп, бәрі де төмен қараған 

күйі, өң жоқ, түс жоқ айнала отырысты. Оң жақта бір шымылдық құрулы тұр, оның ішінде бір қыз жатыр, 

әлден уақытта бір ақырып калып еді, бағанағы отырғандар қасқырдан үріккен  қойдай топырлап кірген 

есіктен  шығып  кетті.  Олар  кеткен  соң  жігіт  шымылдықтың  ішіне  кіріп,  ой,  зарлап  жылап  еді  дейсің, 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              384 bet 

даусының зары қара тасты жібіткендей. Мен үйдің ішіне кіріп отырдым. Мұның қалай деген ол жоқ, өз 

ісімен  әуре.  Жылап,  зарлап  болып,  көзін  сүртіп,  қыздың  іргесінен  бір  жуан  таяқты  алып  шығып,  бір 

ысқырып қалып еді, қылыш асынған бір-екі жендет жетіп келді. Көк өгіздің төрт аяғына төрт қазық қағып, 

мықтап байлап қойып дүрені салды. Кейін өз қолынан жонына жүз таяқ және салды. Ол жарамай сынған 

соң, өгізді шалқасынан салып қойып және бір таяқпен бауырын тілгілеп, екі бүйіріне екі жүз таяқ салды. 

Өгіз  өкіргенде  құлындағы  даусы  құраққа  шықты.  Әрі-беріден  соң  өгіз  шала-жансар  қалды.  Төрт  жүз 

таяқты  салып  болып  өгіздің  ауыз-басын  торғын  орамалмен  сүртіп  жіберіп,  кілемнің  үстіне  құс  төсек 

салып, жатқызып койды. Қайтып үйіне келіп отырды, аздан соң тамақ әкелді,оны ішіп болды да, мені 

қасына шақырып алып:  «Кәне,шырағым, бейнет көрген адамға ұқсамайсың, өлімге жаныңды қиғандай 

тірліктен  үлкен  не  арманың  бар,  айтшы?»-  деді.  Айтшы  дегенде  қуанғанынан  жылап  қоя  бердім.  Мен 

өзімнің кім екенімді басымнан кешкен уақиғамды бастан-аяқ қалдырмай баян қылдым. Көк өгізді жігіт: 

«Ой, сіздікі ештеңе емес, құдай сені ертең-ақ жарылқайды, себеп менің уақиғамды біліп алып қайтасың, 

өмірі өлгенше қайғы жайлап кететін мені айтсаңшы», — деп сөз бастады. — Мен де бір патшаның баласы 

едім, әкемнің ешбір перзенті болмай үш қатын алған екен. Ең кіші қатыны, менің анам, екі қабат болған 

уақытында әкем: «Баламның өміріне кітап ашып бер, бақытты бола ма, жасы ұзақ бола ма, қыз бола ма?» 

— деп шаһардағы барлық бақсы-балгерлерді жиып алып сұрапты. Бақсылар кітаптарына қарап, балдарын 

ашып-ашып, бәрі  де үндемейді, патша:  «Неге  айтпайсыңдар, не көрдіңіздер»,  — деген екен, сонда бір 

ішіндегі ғұлама үлкені: «Әйеліңіз ер бала табады. Атын Әшім қойыңыз, — депті. — Онан соң он екі жасқа 

келгенше жер астына сақтаңыз, әйтпесе өмірі қысқа болады, өзінің көргені бейнет,» — деген екен. Әкем 

еркек бала деген соң қуанып, бірнеше жұмыскер жиып алып,жерден сарай жасатқан. Оны болған соң он 

екі жылға жететін азық үйдіріп, шешемнің айы-күні толған уақытында қанша даяршымен, мені оқытатын 

молдамен бәрімізді жер астына түсіреді, шешем сол жер астында босанып, сонда асырап, сонда тәрбиелеп 

жүріп жатады. Мен ештеме білмеймін, кәдімгідей сейіл құратын жері бар, жақсы оқып жүрдім. Сонымен 

жасым он бірге келді, бір күні сейіл құратын жерге барып қыдырып әрі-бері жүр едім, жоғарғы жақтан 

бір болымсыз жарқыраған саңылау көрінді, әлгіні тамаша қылып қарап тұр едім, әрі-беріден соң алтын 

таққа  мінген  дүниеде  тендесі  жоқ  бір  сұлу  қыз  әлгі  тесіктен  түсіп  қасыма  келіп,  мені  алдына  алып 

құшақтап, қысып-қысып оң бетімнен бір, сол бетімнен бір сүйді де қайтадан ғайып болып жоқ боп кетті. 

Ешбір тұрағын білдірмей кетіп қалды. Ол кетісімен әлгі жерде талып қалыппын. Әрі-беріден соң көзімді 

ашсам шешемнің екі көзі бұлаудай, молда дем салып отыр, ғашық оты ішімді күйдіріп әкетіп барады. Не 

болды деп молда мен шешем  сұрайды, айтуға аузым жоқ секілді.Әкеме хабар салып, жер үстіне алып 

шықты. Ат жетер жерден бақсы іздеп, ешбір ем қыла алмай қойды. Ақыры шаһарымыздағы бір ғұлама 

қарап: «Бұл бала жазылмайды, бұл ғашық болған болу керек, пәлен шаһарда бір дәрігер бар, соның бір 

қарағанынан  қалмайды,  баланы  сонда  жіберіңіз,  бәрібір  шақырғанмен  ол  келмейді,  мен  өзім  бастап 

апарайын,  дәрігерге  қанша  тарту  сыйлықпен  жіберіңіз»,  —  деді  молда.  Мұны  есітіп  әкем  пақыр  мен 

жазылғандай болып қуанып, ырғап-жырғап жүргізді. Арада бірнеше күн жол жүріп дәрігерге келдік. Әлгі 

дәрігердің  әдеті  халқын  жылында  бір  қарайды  екен.  Елінде  жөнді  ауру  болмайды,  адамды  ажалға  да 

талғап қана құдайдан қорыққаннан береді екен. Сонымен мен барған кезде елінің жиылып көрінетін уағы 

болып қалыпты. Шаһардан бес шақырым шамасындай жерде сарайы бар екен, соның алдына елі жиылып 

қаз қатар отырады екен. Өзі жалаңаш келіп, елді қарайды. Сол елмен бірге мен де келіп отырдым, дәрігер 

келіп, басынан төмен қарап-қарап, қайсы біріне ауруың жоқ деді, әлде қайсына бір жапырақ қағаз берді, 

қайсыбіріне дәрі берді, бәрі де оңдалып тарап кетіп қалды. Маған келді де бетіме қарап өтіп кетті, өзімнің 

түсім сарғайып, өңім бұзылып кеткен болуым керек. Анау қарамаған соң жаннан күдер үзіп, өледі екем 

ғой деп ойлап отырдым. Әбден ел тарап болған соң шал келіп, мені ертіп өз сарайына алып келді. Үйіне 

келіп  бір  үлкен  сандыққа  алып  келіп,  аузын  ашып,  астыма  орындық  қойды.  Сандық  толған  кітап. 

«Мынаны оқи бер» деді де, өзі кетіп қалды. Оқып отырмын, еш нәрседе шаруам жоқ, күн сайын тәуір 

болып келе жатқан секілдімін. Шүкір жаман емеспін, кітаптардың бәрін алты ай ішінде оқып бітірдім. Бір 

күні бір кітапты оқып отыр едім, ұстазым бір аурулы шалды алып келіп шалқасынан жатқызып қойыпты. 

Кітапты  оқып  отырсам  кітапта:  «Көсеу  темірді  отқа  қыздырып,  «бісміллә»  деп  аурудың  басына  таяп 

апарсаң мойнына жабысып тұрған кенедей дерт темірдің басына жабысып шығады, темір ыстық болса, 

шал өліп кетеді» делінген екен. Әлгі өзімнің ұстазым шалды осылай емдегелі жүр екен. Ұстазым темірді 

ысытып алып кетті. Байқасам темірыстық. Таяп, тиіп кетсе өліп кететін. Ауруға жаным ашып, «ата, өліп 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              385 bet 

кетеді» дедім. Сол-ак екен темірді лақтырып жіберіп, шашын, сақалын жұлып, ойбай салып, үйден шығып 

безіп  кетті  де  қалды.  Онда  жұмысым  болған  жоқ.  Жүгіріп келіп,  темірді  суытыңқырап  жіберіп  далаға 

шықсам,  ұстазым  жарылып  өліп қалыпты.  Бұл  не  деген  ғажап  болып  кетті  деп  жүрсем,  ол  кісі  мынау 

өзімнен қалай асып отыр деп, күншілік етіп жарылып кетіпті. Сонымен шалды ақ жауып, арулап қойып, 

сарайларын  аралап  жүрсем  бір  бөлмеде  кішкене  ғана  бір  сандық  тұр.  Ашып  қарасам  ылғи  дұғалық, 

ісмиағзам дұғасы. Әлгілерді қолыма алып, оқып көрсем, пері байлау шарттары бар екен, алып оқып ойлап 

отырдым.  Баяғы  қыз  осы  періден  шығар,  бұларды  байлайын  деп,  бір  дұғалықты  алып  оқыдым.  Әлден 

уақытта:  «Жаным,  бұл  не  қылғаның  қырасын  ба  мұнша»,  —  деп,  жиылып  келіп  тұрған  ылғи  перілер. 

«Сендерде менің шаруам жоқ, патшаларыңның қызын әкелсеңдер босатам, болмаса бәріңді қырам»,  — 

деп едім, Жымыр деген бір ұшқын жіберіп патшаның қызын алдырды. Өзімнің неше жыл зарығып сал 

ауру  болған,  Шахинорды  есіктен  алып  келгенде,  есімді  білмей  талып  кеттім.  Әлдене  уақытта  көзімді 

ашсам баяғысындай алдына алып, су бүркіп отыр екен. Құшақтап көрісіп, жә, құдай, тілекті бердің деп, 

мауқымды  бастым.  Байлаған  перілерді  босатып,  некемді  қидырып,  осы  сарайымды  өзіме  бөлек  етіп 

салдырып, өзіме арнаған үйге кіріп сәт күні екеуміз қосылып жатқан едік,сырт жағымнан бір дауыс: «Ой, 

ақымақ, тозаққа кетесің,қойныңдағы ісмиағзам дұғасын бері әкел»,  — деді.Байқағам жоқ, суырып бере 

салдым, қолына түскен соң таптыра ма, алды да кетті. Сөйтсем мені перілер алдап, аңдып жүреді екен. 

Өздерін байлайтын дұға қолдан кетіп қалды. Ана шымылдықтың ішінде жатқан қыз не өлі емес, не тірі 

емес шала-жансар. Көк өгіз сол дұғалықты сұрап алған пері. Ұстап алып, жылында кегімді бір алам.Зарлап 

жылайтыным ана қыздың күйігі, сол пері тірілмейді, бұл дүниеде осымен қосыла алмай кеткенім-ау деп 

жылаймын. Халықты иіріп алатыным, бәрі  де менің осындай болғаныма қайғылы. Өзім барып жылап, 

зарлайтыным халыққа ашықтығымды білдіремін. Өлтіретін жігітім сол ұстап қалған перілерім. Жылында 

біреуін  ел  көзіне  көрсетіп  өлтіріп  қайтамын.  Қайтып  келіп  дүре  салатыным,  шыдай  алмай  кек  алам. 

Торғын орамалмен ауыз-мұрнын сүртетінім жаным ашиды. Осы уақиғаға міне бес жыл болды. Содан бері 

тартқаным қасірет, — деп сөзін бітірді. «Енді ұлықсат беріңіз, ісмиағзамды мен іздеймін», — дедім. «Жоқ, 

осы өнермен мен де неше жыл таба алмай зарлап отырмын. Қор боласың, елге бар да ғашығыңды қуантып, 

мақсатыңа жет», — деді ол. «Жоқ, іздеймін,өлсем сізден артықпын ба?» — ден, дұғалықты іздеп жолға 

түстім. Қайда екенін ешкім білмейді, әйтеуір бетім ауған жаққа қаңғып жүріп кеттім. Бет алды сандалып 

жүріп,  қаңғып,  еш  дерегін  білмей,  «қой,  таба  алмай  барғанша,  өлгенім  артық»  деп,  бір  тауға  шығып, 

жартастан құлап өлем деп тұрғанда, бір дауыс:«Ей, ақымақ, неге кетесің, ана бейітке бар, үш дәруіш отыр, 

соған  барсаң  мұратың  хасыл  болады»,  —  деді.  Мұнда  келіп  едім,  сіздерді  көрдім»,  —  деді  Мұратқан. 

Екінші дәруіш — Енді сіз сөйлеңіз, — деді үш дәруіштің әуелгі екеуі. Мұратқанның алдында келген адам 

сөзін бастады.  «Мен Жазира шаһарының патшасының баласы едім,әкем сонша жақсы, ақыл иесі  адам 

болды, мен еркемін,жасым кәмелетке толып, сейіл-серуен құрып жүрмін,қасыма ерген қырық нөкерім бар, 

бұл жалғанда теңдесім жоқ деп ойлаймын. Еш нәрсе ойыма кіріп шықпайды, бір күні серуенге шығып аң 

аулап келе жатыр едім, алдымыздан бір басы алтын, бөксесі күміс киік ойнақтап шыға келді. Құдай берді 

деп, алды-артымызға қарағаным жоқ, бет-бетімізбен қуып жөнелдік, киік қашып келеді, біз қуып, айқай 

салып келеміз, ештемемен жұмыс жоқ, есі-дертіміз киікке жету, ол жарқ-жұрқ етеді. Аттары шаршаған 

жігіттер  бірте-бірте  қалып  жатыр,  онда  шаруам  жоқ,  есі-дертім  киікті  ұстасам  деймін.  Киік  сонша 

қызықты,  шіркін-ай,  ұстай  алып  сарайымнын  ішіндегі  бақшаға  қоя  берсем  деймін.  Атым  жүйрік, 

болдырар емес, неше түрлі  болып аспанға ұшып кетеді.  Біз мезгілде артыма қарасам  адам  көрінбейді, 

бәрінің аты болдырып, қалып қойыпты, мен оны керек қылғам жоқ, қызумен киікке қызыға-қызыға қуып 

жүре беріппін, күн батуға таянған мезгіл еді. Киік те болдырды, менің атым да болдырып келе жатқанда

алдымыздан бір үлкен су кездесті. Бұған киік те келді, мен де келдім. Қайда барарын біле алмай секіріп 

суға түсіп жүзіп жөнелді, шыдап тұра алғаным жоқ, мен де түстім, әлден уақытта ол да шықты ар жағына, 

мен  де  шықтым.  Және  қашып  жөнелді,  беті  таяу  тұрған  бір  тау  бар  екен,  соған  қарай  тартты,  мен  де 

қалғаным  жоқ.  Таудың  бір  үлкен  терең  сайына  қарап  қашып  келеді,  мен  де  қуып  келем,  сайдың  төр 

жағында бір көк күмбез тұр, киік келді де соған кіріп кетті.Артынан келіп, атымды байлап тастап мен де 

кірдім.Келсем дәнеме жоқ. Екінші бір есіктен қарадым, іш жағын неше түрлі етіп безеген екен, кірсең 

шыққысыз бір сарай. Соның дәл төрінде киік сұлап жатыр, оның басында ақсақалды бір шал жылап отыр. 

«Сені кім осындай қылды, жануарым, құдай, оны да сендей азапқа салсын» деп отыр екен. Екінші бөлмеге 

қарасам оң жақ қабырғада бір шымылдық құрулы тұр. Аржағында, ай десе аузы, күн десе көзі бар, қара 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              386 bet 

қасы қиылып бір қыз отыр. Көзім түскен кезде, бойымнан тағат кетіп жан-тәніммен ғашық болып: «Ей, 

сен не қылған адамсың?» -дедім. Үндемейді, жымия қарап көрген сайын сабырымды алып барады. Жақын 

келіп:  «Ой,  сен  не  деген  жансың,  неғып  отырсың?»  —  дедім,  үн  жоқ  бедірейіп  отыр.Үндемегеніне 

ызаланып: «Жаным-ау, неткен жансың, жөніңді айтсаңшы», — деп, дәл қасына жетіп келсем сурет екен. 

Не болып кеткенімді білгенім жоқ, сурет болса да есім шығып талып кетіппін. Суретті құшақтап, зарлап, 

жылап отыр едім, жасы алпыс-жетпіс мөлшерінде бір қарт адам кіріп келді де: «Әттеген-ай, жас басына 

мына дертке қайдан душар болып қалды, сорлы бала,мұнда не шаруаң бар», — деді. 

- Бәрібір ол сенің қолыңа түспейді, ғашықтық дертінен өлгеннен басқаң жоқ, — деді ақсақал қасыма келіп, 

жылап отырып: 

- Ата, — дедім, — құдай үшін маған жөн-жобасын,қай түрі екенін айтып көрсетіңіз, — дедім шалға. 

-  Шырағым,  мен  шал  емеспін.  Биыл  жасым  жиырма  сегізге  шығады,  осы  қыздың  әуресімен  шашым, 

сақалым  ағарды.  Менің  балалау  кезім  еді,  жиырмаға  жетер-жетпес  уағым.  Ром  шаһарына  барып  келе 

жатқанда, бір сәнді, салтанатты үлкен шаһарға кез келдім. Шаһарға таяп келіп қасына қондым. Күн ыстық, 

түс мезгілі еді. Шатырды тігіп тастап жатыр едік, аздан соң бір жігіт келді, сол шаһардікі екен, әдемі, 

еркек затқа бітпеген пішіні бар, періште десең болады. Ат үстінде тұрып: 

«Жолдарыңыз болсын, қай жердікісіз», — деді. «Айтқаныңыз келсін, Ром шаһарына барып келе жатқан 

керуенбіз», — дедім. Үш-төрт жас менен кіші ол: «Ағай,бері келіңізші, сізде бір шаруам бар еді», — деді. 

Бұрын көріп-білген кісім емес, бірдеме істегелі жүр ме деп қорқақтап, бөгежектеп едім, «қорықпаңыз, мен 

де адам баласымын, не қылам дейсіз» деді мұңайып, жіңішке дауыспен майдалап қана. Қасына бардым. 

«Ажарыңыз  тәуір  болған  соң  сізге  бір  іс  тапсырайын  деп  келдім.  Бармасаңыз  айтпаймын»,  —  деді. 

«Айтыңыз, түріне қарай барамын»,  — деп едім, ол:  «Мойныңызға алсаңыз айтам, әйтпесе айтпаймын, 

нәсіліңізді көргесін сіз орындай алады деп келіп отырмын», — деді. «Жарайды, енді айта ғой, тәуекел, 

барайын», дедім. Қалтасынан бір сөз жазған қағаз алды да: «Мына хатты сонау ақ мұнараның ішінде, сегіз 

патшаның санаты отырады, сол күмбезге барыңыз, күн батыс жақтағы есіктен кірсеңіз кішкене көше бар, 

соның жан-жағында бөлек-бөлек есігі болады, аузында күзетші, кісі көрсе атады, сіз соларды көргеннен 

қолыңызды  көтеріп  барыңыз,  қасына  барған  соң  хатты  көрсет,  сізді  нұсқап  жібереді,  сонан  оң  жақ 

қабырғада  үш  есік  болады,  сіз  соның  екеуінен  өтіп,  үшінші  есікті  ашып  тұрсаңыз  төрінде  аяқ-қолы 

шынжырлаулы бір арық жігіт отырады, мына хатты сол жігітке беріңіз, беріп қолына тиген соң жарты 

ауыз сөзге келмеңіз, тез кейін қайтыңыз. Осыны істегенде, шапшаң тез барыңыз, егер жауапқа келемін 

деп бір сәт кешіксеңіз сіз бұл дүниелік адам болмайсыз. Басыңыздың қалай кесіліп қалғанын біле алмай 

қаласыз», — деді. «Мен — қызбын, әкем бермеймін деп, ұстап отырған менің ғашық жігітім еді», — деді. 

Мен  қызбын  деп  айту  мұң  екен,  жан-тәніммен  ғашық  болдым.  Жүрегімде  сабырлық  қалмады.  Мен 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет