ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет59/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153

бір бейіт бар, соған барсаң барлық тілеуің қабыл болады», — деді. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              391 bet 

Сонан еш нәрседе жұмысым жоқ, қатты қуандым. Түсімдегі аян бойынша жобалап жүріп келсем, бейіт 

тұр екен. Ішіне кірсем мына кісі жалғыз отыр екен», — деп,сол жақтағы біреуін көрсетті. Өзге отырғандар: 

-  Жарайды, бұл  осымен тоқтасын. Енді сіз айтыңыз,  —  деді  бәрі  ең алғашқы келген біреуіне. Ол сөзін 

бастады. 

Төртінші дәруіш отырып: 

-Мен бір уәзірдің баласы едім. Әкем ағалы-інілі немере еді. Екеуі де уәзір еді. Екеуі өлердей дос, сонша 

жолдас,  бір-біріне  жанын  қиятын  еді.  Екеуінде  де  бала  болмапты.  Сүйтіп  жүргенде  аруақ  жар  болып, 

екеуінің де кейінгі алған қатыны жүкті болыпты. Өте қуанышты, шаттанып жүріпті. Менің әкемнің аты 

Фазыл еді, анау уәзірдің аты Қамза еді. Бір күні менің әкем Қамзаны қонаққа шақырып, кеңесіп отырып, 

екеуміздің де әйеліміз жүкті болды, екеуі  бірдей ұл тапса нұр үстіне нұр, екеуі  бірдей қыз тапса онда 

керегі жоқ, егерде екеуміздің әйелміз бірі ұл, бірі қыз тапса, қосайық, — дейді. «Ата-ененің жоралғысы, 

менің әйелім ұл табады, сенің әйелің қыз табады деген сөз емес қой», — дейді,менің әкем отырып, Қамза 

отырып айтады: «Бұл дұрыс сөз, осы сөз менің де ойымда бар еді, бір айтайын деп жүр едім», — дейді. 

Осыған екеуі де сөз байласып қояды.Бір күндер болғанда, ай-күндері жетіп екеуі босанады.Менің шешем 

ұл табады, Қамзаның әйелі қыз табады.Ол қыз тапты деп ренжімейді, әйтеуір перзентке зар боп жүргенде 

адамдар қатты қуанып, неше күндей ұдайы той қылады. Сонымен екеумізді тәрбиелеп жүрді. Екеуміз де 

сұлу, көркем болыппыз. Менің атымды Хасен ойыпты, қыздың атын Күлзайра қояды. Сонымен екеумізді 

бір жерге күтіп, бір жерге асырайды. Көз тиеді деп жасырып асырайды. Осымен бірнеше уақыт өтіп, бес 

жасқа толған соң молдаға береді. Оқып жүрдік, тәуір ғылым иесі болдық. Бір күні менің әкем отырады да: 

- Ұлы жоқ адам сорлы, мал-мүлкі иесіз тұрған бір нәрсе емес пе. Қызды балам деуге бола ма, ертең өскен 

соң біреумен кетеді. Ақыры жиған-тергені сол қызды кім алса, соныкі болады. Менің артыма ие болады, 

мұра болады деуге болмайды. Біздің Қамза да сорлы адам ғой, жасы болса келіп қалды. Мирасқоры жоқ. 

Күлзайра да біреу үшін асырап отырған балапан емес пе, — депті.Бұл сөзді Қамза естіп, ботадай боздап 

жылап: 

- Мына сөзді Фазылдан естігенше өлейін. Мен Күлзайраны ұлдан артық көріп жүргенде Фазыл мынаны 



айтты. Ертең біреу мұнан да жаман сөз айтар. Онан да мына Фазылдың сөзін естімей, құлақ естімеске 

кетейін, — деп Қамза бір түнде қашып кетеді де қалады. Оны ешкім білмейді. Жалғыз-ақ жапырақ қағазды 

жазып, төрт бүктеп, есіктің маңдайына қыстырып кетеді. Бұл мұнымен бара тұрсын. Әкем ертең ертемен 

тұрып, уақытында қызметіне кетеді. Ол күні Қамза уәзір бармайды. Менің әкем «бұл кеше кешке аман 

еді,  ауырып  қалды  ғой,  көңілін  сұрайын»  деп,  есіктен  шығып  келе  жатса,  есіктің  маңдайында  төрт 

бүктеулі қағаз қыстырулы тұр.  «Мұны кім қыстырды екен, бұрын бұл жерде еш нәрсе болмаушы еді» 

деп,тамашалап келіп алады. Қараса, жазылған қағаз, жазған сөз мынау:  «Қош, досым Фазыл, ақиретте 

көрісерміз,бұл  жалғанда  енді  екеумізге  бір  тұрып,  бір  жүруге  нәсіп  етпеген,  енді  көз  көрмес,  құлақ 

естімеске кеттім, менің қалған дүниемді сен жиып аларсың, ақыр менде ұл бала жоқ, иесіз дүние ғой», — 

деп, аяғына атын қойыпты. Әкем мына сөзді оқып, «дүниеде мен жазым басқан екем, сөзімді естіген екен 

ғой, қайран досым-ай» деп, есінен танып қалады. Есіктің алдында бұл кісінің талып жатқанын шешем 

көріп, «не болып қалды» деп, есі шығып қорқып, «әлде, Хасеніме бірдеме болып қалды ма» деп ойлап, 

оған қарамай жүгіріп үйге келді. Мен жаспын, ештемені парықтаған уағым емес. Артынан мен де шықтым. 

Келсем әкем әлі талып жатыр. Әкемді көргең соң мен шырқырап бас салып, жылап жатырмын. Шешем 

енді қайтерін білмей, әкемнің бетіне су бүрікті, әкем аздан соң есін жиып, көзін ашты. Зарлап жылап, не 

болды, не көрдің, біреу ұрды ма, болмаса бір нәрсе көрдің бе, неге бүйтесің деп шешем сұрап еді, әкем 

ештеме емес деп айтпады. Сол уайымдаған бетімен үйге келді. Келген соң: «Қайран досым-ай!» — деп 

және жылады. Досым деген соң шешемің түсі бұзылып: «Не болыпты, Қамза еліп пе?» — деп сұрап еді: 

«Қашып, көшіп кетіпті, маған тастап кеткен хаты мынау», — деді. Шешем қағазды алып оқыса, жазылған 

сөз әлгі. Бұл хаттағы сөзді естіген соң мен де ботадай боздап жылап, баршамызға бір үлкен қайғы болып, 

не қыларды білмей құр жылаумен отырдық та қойдық. Осы қайғымен әкем уәзірліктен шықты. «Іздеймін», 

— деді. Ешбір дерегін біле алмады. Осы уайымда жүріп әкем өзінің айтқан арманын қылып ауып кетті. 

Мен дәулеттен айрылдым, жай кетуге айналды. Сонымен бір уақыттар болғанда, әкем дүниеден қайтты. 

Жетім бала, жесір  қатын  болып калдық. Әкеден онша дәулет  болмады. Мен сол  уақытта он үш жасқа 

келдім. Бір күні «бүйтіп отырмайық, бір кәсіп істейік» деп, мен келіп базардан бір балаған жасап алып, 

ылғи халуа пісіріп сататын болдым. Жұрт халуамды тәтті деп, екінші өзімді де тамашалап келді. Халуам 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              392 bet 

өтімді болды, осымен пайда қылып жақсы болып тұрдым. Иә, бұл осымен тұра тұрсын. Сонымен Қамза 

сол кеткеннен мол кетті. Басқа патшаның қол астына барып уәзір болды. Күлзайра тамаша болып өсті. 

Адам  баласы  қарап  тұрғандай,  он  төртінен  туған  айдай  толықсыды.  Сонысынан  қауіптеніп  Қамза 

Күлзайраны ешкімге көрсетпеді. Сонымен ол да жата тұрсын. Енді екі періден сөйлейік. Пері патшасының, 

Шымыр, Әмір деген екі жол қараушысы жаңа дүние жүзін түгел кезіп жүріп, бір жерде кездесіп, көрген-

білгендерін әңгіме қып отырып, Шымыр айтады: 

-        Ей, Әмір, мен бір нәрсе көрдім. Дүние жүзінде бір адамзаттың қызы бар. Аты — Күлзайра. Шіркін-

ай, мұнша да көрік біте береді екен. Кез келіп сол шаһардың ішін аралап жүрдім. Бір қараңғы үйден өтіп 

келе  жатсам,  терезеден  жарық  көрініп  тұр  екен.  Ептеп  бақылап  қарасам,  жаңағы  қыз  қараңғы  үйді 

нұрымен жарық қып тұр екен. Қайран болып соны патшаға айтайын деп келе жатыр едім, — деді Шымыр 

Әмірге. Сонда: 

-  Ей, сенің оның өтірік. Мен бір жігіт көрдім. Аты  -Хасен. Құдай  тағала бұл  секілді  адамды да жарата 

береді екен. Сенің мына айтқаныңнан он есе артық. Бір күні сол уәзірдің тұрған шаһарында келе жатыр 

едім, анадайдан бір сәуле бетіме түсті. Әлгі сәулеге қарап келдім, келсем бір нашар ғана үйдің ішінен 

жарық шығып тұр, ақырын ғана келсем, сол үйдің іші айналасымен жап-жарық болып тұр. Кірсем, үйдің 

ішінде бір нашар ғана жігіт жатыр. Тікелеп қарасаң көзіңді шыдатпайды. Біраз тұрып кайттым. Өзіміздің 

перілерде осы секілді жан бар ма екен деп байқайын деп келе жатыр едім, — дейді Әмір пері. Шымыр 

айтты:  «Сен  өтірік  айтасың,  қыз  әдемі  болу  керек»,  —  деп.  Әмір  айтты:  «Хасен  жігіт  әдемі»,  —  деп. 

Шымыр: «Ендеше, мен қызды әкелейін, сен жігітті әкел,сонан соң қатар салып қарайық, қайсы әдемі екен, 

әйтпесе біле алмаймыз», — деді. Әмір «жарайды» деп, екеуі қыз бен Хасенді алып келуге жүріп кетті. 

Әрі-беріден соң Әмір Хасенді тауып алып, қыздың үйіне алып келе жатты. Бұл екі арада Күлзайра қыздың 

басында бір хал болып қалды.Бір күні хан аңнан келе жатып, уәзірдің қызын көріп қалып, жан-тәнімен 

ғашық болады. Үйіне келіп отырып, тағына мінген соң уәзірін шақырып алады да: «Сенің қызың бар ма?» 

— деп сұрайды. Уәзір сасыңқырап: «Жоқ еді, тақсыр», — деді. Патша долданып: «Бар қызын жоқ деуін 

қарашы, әлде маған бермейін деп отырмысың, бермеген өнеріңді көрейін», — деп, жендетті шақыртып 

алады.  Сол  кезде патшаның  қаһарына  шыдамай:  «Тақсыр-ай,биттей тұра  тұршы,  айтайын, қызым  бар, 

жасым болса келіп қалды, өзіңіз көріп отырсыз, жалғыз бала болған соң, әзір ешкімге бермеймін деген 

антым бар еді, сол уәде бойынша айтып салдым, ғапу етіңіз, «не қыл дейсіз», -депті. Мына сөзді естіп, 

патша  қаһарынан  қайтып,«қызыңды  маған  бер,  әйтпесе  басыңды  алам»  дейді.  Уәзір  «жарайды»  деп, 

ренжіп үйіне келеді. Түсі өзгерген. Екі көзінде жас бар. Қатыны: «Неге бүйтесің, не болды», -деп сұрап 

еді, Қамза жылап: «Осынша жасқа келгенде көзімнің ағы мен қарасындай бала еді, соны патша бер деді, 

бермесең үй-ішіңмен түгел қырам», — деді деп, Қамза көзінің жасын тыя алмай өкіріп қоя береді. Әкесін 

көріп Күлзайра шыдай алмай: «Әке, жылама, патшаға жауабын өзім беремін» — дейді. «Қарағым-ай, сен 

не жауап бере аласың», — деп, әкесі мұңайды. «Жоқ, әке, қызымның өзі біледі деңіз, сонан патшаның өзі 

келеді, болмаса кісі жібереді», — депті Күлзайра. Әкесі «жарайды» дейді. Патша әрі-беріден соң шақырып 

алып: «қалың малыңды алып қызыңды кешіктірмей бер», — депті. «Жарайды, тақсыр, қызымның өзіне 

өзің барып сөйлес, болмаса кісі жібер,менің де көзімнің ағындай жалғыз кызым еді, бір ауыз сөз салмай 

бара салуға көнбес, болмаса бірдеме етіп өліп кетіп жүрер, туғалы беті қайтпаған бала еді», — депті. Мына 

сөзге  патша  ойысып,  бір  уәзірін  жіберді.  Уәзір  кеп  айтқан  екен,  қыз:  «Мен  патша  екенмін  деп 

масаттанбасын, менің теңім емес, қу түбірді құшақтап жата алмаймын, өз теңім керек, кім болса да жас 

керек», -депті. Уәзір мына сөзді естіп, патшаға айтып келеді. Бұл сөз патшаның өңменіне салған найзадан 

кем тиген жоқ.«Патшаға қыз тимепті» деген сұмдық сөз ә дегенше-ақ ел арасына жайылып кетті. Патша 

дереу «осы шаһардан өзі жынды бір жас адам тауып әкел» деп бұйрық қылды. Уәзір сол жерде шаһарды 

кезіп жүріп бір жынды бала тауып алды. Жасы сол кезде он бес, он алты шамасында  еді. Алып  келіп 

патшаға  берді.  Уәзір  ызаланып,  қорланып, терісіне  сыймай  отыр.  Хан  қаһарына  мініп:  «Дереу  екеуіне 

бүгін қалыңдық ойнат, мына жынды бала күйеу болады. Күлзайраны осы жындыға берсін, болмаймын 

десе қыз да, әкесі де бетін айтсын, қарсылыққа қаһарымды көрсетіп, түгел дарға тартам»,  — деп, әмір 

қылды. 

Уәзіріне «тез қайтып кел» деп жіберді. Уәзір келіп, патша осылай айтады деп айтып еді, Қамза ойланып, 



төмен қарап отырып, қорланып, «патша не қылса да әміріндемін» деді. Уәзір осылай деп айтты деді. Сол 

күні патшаның әмірі бойынша, Күлзайраны жындыға қоспақ. Кеш болған  соң жындыны күйеушілетіп 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              393 bet 

алып келді. Бір  оңаша үйді  босаттырды. Төсекті салып жындыға ұқтырып, не қылсаң да Күлзайраның 

қасына  жат  деп,  уәзірлері  қайтып  кетті.  Бірақ  жынды  не  білсін,  баруға  бата  алмай,  Күлзайраның 

қарсысында тұрады да алады. Бұлар бүйтіп түрғанда, Әмір, Шымыр — екі пері мені алып жетіп келді. 

Шымыр: «Үйде кім бар екен, мен біліп шығайын», — деп ішке, қыздың жатқан үйіне кірді. Келсе, адам 

сиқы жок біреу тұр, қыз ызаланып бетін бүркеп алған екен. Сол жерде Шымыр осылай да осылай екен 

деп Әмірге айтып келді. Сонан екеуін сыналық деді. Әмір, Шымыр қайта жүріп, жындыны алып шығып, 

далаға апарып, жасыра салып, мені үйге алып кірді. Кірсем қыз кішкене тыныштанып ұйықтап қалыпты. 

Перілер мені қасына әкеп жатқызды. Енді өздері кейінірек барып тұрды. Мынау жақсы деп айта алмай, 

енді былай қылайық деп, Әмір пері айтты: «Бірі ұйықтағанда бірін оятайық, қайсысы бетінен бұрын сүйсе 

сол сұлу», — деді. Сөйтіп келіп мені оятады. Сонан соң көзімді ашып қарасам, бір түрлі қош иісті, таза 

ауалы, жібек пен торғыннан басқа ештеңе төселмеген үйде жатырмын. Қасымда бір қыз жатыр. Мына 

халді  өзіме  сыйғыза  алмай  қайран  болып,  Күлзайраға  қарап  отырдым.  Өне  бойым  балқып,  денем 

шымырлап,  құдай  мына  халді  маган  көрсетеді  екен-ау  деп,  ыстық  жас  көзімнен  шығып  кетті.  Не 

қыларымды білмей, басқаға қарауға дәрменім жоқ, ештеңе дей алмай жалтақтап, өңім бе, түсім бе деп 

қарадым да отырдым.Оятайын деп едім пері соғып кете ме деп қорқып, оята алмадым. Сөйтіп отыр едім 

бар бойым балқып, ұйқым кеп,еріксізден еріксіз ұйықтап қалдым. Мен ұйықтаған соң Күлзайраны оятады. 

Ол оянып, шошынып, әлде ұйықтаған соң қасыма келіп жатқан жынды ма деп ойлап, мұнымен бүйтіп 

өмір өткізгенше, өлейін деп өңі бұзылып ұшып тұра келеді. Қарап, бір тамаша, адамға ұқсамаған, өзіне 

теңдес  бір  жігітті  көреді.  Мен  ұйықтап  жатырмын.  Сол  жерде  Күлзайра  қуанып,  өзін-өзі  ұстай  алмай 

менің бетімнен сүйіп алады. Онан мен сескеніп оянып тұра келдім. Екеуміз сол жерде құшақтасып, бастан 

өткен оқиға халді айттық. Сол уақыт таңға жақындап қалған уақыт еді. Пешпетім, бөркім бар, киімнің 

бәрін шешіп қойғам. Екеуміз амандасқан соң басқа сөзді қойып, көңілдің несібесін тойғыздық. Содан соң 

екеуміз бірдей маужырап, сол құшақтасқан бойымызбен ұйықтап қалыппыз. Бір уақытта оянып көзімді 

ашсам, не онда емес, не мұнда емес, бір көріп-білмеген, сыртын шыр айнала қорған соққан шаһардың 

сыртында жатырмын. Есім кетіп, не болғанымды білмей басым шыр айналды. Сөйтсем, біз Ұйықтағаннан 

кейін екі пері мені алыпты да кетіпті. Таң атыпты, басымды көтеріп қарасам білмеген жер, енді Күлзайра 

естен кете ме, көзімнен жас аға берді. Не қыларымды білмей, қорғанды жағалап жүріп келе жатыр едім, 

қойнымда  бір  нәрсе  сыртылдайды.  Алып  қарасам,  төрт  бүктелген  қағаз  екен.  Ашып  қарасам  барлық 

болған уақиғаны жазып кеткен. Есім шығып, мынаны көрген соң қайғы басып, енді ешкімге өлімтігімді 

көрсетпейін, бәрібір Күлзайра табылмаса, менде тіршілік жоқ деп ойладым. Бірақ Күлзайраның тұрған 

жерін жазбапты. Осымен не қыларымды білмей қаңғып жүріп кеттім. Бірнеше уақыт жол жүріп, қарным 

ашып, есім кетіп, жүдеп келе жатып ойладым. «Қой, бүйтіп өлгенше, тез өлейін деп, бір үлкен дарияға 

келіп, секіріп өлейін», -деп тұрғанда жоғарыдан бір дауыс:«Ей, бейшара, түспе, неге кетесің. Ана тұрған 

бейітке барсаң мұрадың хасыл болады», — деді. Мұнда келіп, сандалып» мұрадымды қалай хасыл болады 

деп ойланып отыр едім, мына кісі келді, — деп, өзінен кейін келген бір дәруішті керсетті. Бұл төрт дәруіш 

әңгімелерін аяқтап болып отырғанда сырттан бір адам: 

- Ассалаумағалайкүм, — деп кіріп келді. Бұған бәрі де қарап қалды. — Жоғары шығыңыз, — деді отырған 

дәруіштер. Келген кісі: 

- Жоқ, отыра беріңдер, менің айтатын бір сөзім бар. Ол қайсы десеңіздер, мен өзім патша едім, жасым 

мынау,  орта  жасқа  келдім.  Бір  күні  түсімде  әкем:  «Қара  әулиенің  бейітіне  барсаң  ішінде  төрт  дәруіш 

отырады, сөйлесіп, соның сөзін әбден бітірген соң қатының ұл тауып, мұрадың хасыл болады», — деді. 

Міне,  менің  келгеніме  бүгін  бір  жыл  болды.  Сіздер  де  сөздеріңізді  бітірдіңіздер.  Жаңа  ғана  бір  кісі: 

«Әйеліңіз ұл тапты», — деп сүйінші сұрап келді. Сіздердің арқаңызда құдай мұрадымды хасыл қылды. 

Енді жүріп біздікіне қонақ болыңыздар. Жайларыңызды білдім, шама келсе, көмек қылайын, көптен ел 

көрмей жүрген шығарсыздар, — деді. Патшаның сөзін естіп, қалай қыламыз деп, дәруіштер ақылдасқан 

кісіше, бірінің бетіне бірі қарады. «Бұл қалай, әруақ өтірік айта ма, мұрадымыз қане хасыл болғаны?» -

деп, көздерімен ишараттап сөйлесті. Сонда біреуі отырып: 

-  Көзім  әлі  ештеңеге  жеткен  жоқ,  жүріңдер,  барайық,  —  деді.  Барлығы  да:  «Барсақ  барайық»,  — 

деп,патшаның үйіне келді. Келсе, елінің бәрі қуанышты.Оның үстіне бұлар келді. Патша үйіне кіргізді. 

Баланы орап қойыпты. Той қылып жатыр. Сөйтіп отырғанда «бала жоқ» деп біреу келді. Бәрінің де есі 

шығып кетті. Жүгіріп қатынына келсе, бала жоқ. Қатынының көзі бұлаудай. Патшаның есі шығып, талып 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              394 bet 

кетті. Біраздан соң су бүркіп тұрғызып алды. Патшаның көзі күндіз-түні жылаумен болды. Осымен үш 

күн  етті.  Патша  «я,  құдай  өзің  алдың  ба, не  ғажап  болғанын  білмедім,  алла»  деп  жылап  алды.  Сөйтіп 

отырғанда біреу тағы жүгіріп келді, «бала табылды» деп. Патша қуанып, баласын әкелдіріп көрді. Сөйтіп 

қуанысып отырғанда біреу баланы ораған кілемді жайды. Баланы әкеліп тастаған да осы кілем екен. Жұрт 

кілемді тамашалап, қарап отырса, бір өзі қаншама дүние-малға тұратындай. Жұрт кілемді жайып қойып 

үстіне отырысты. Үстіне патша, терт дәруіш бесеуі отыруы мұң екен, кілем алып ұшып жөнелді. Ұшырып 

отырып бір қиын құздың, таудың арасына салған шаһарға алып келіп, алтын сарайдың алдына түсірді. 

Әрі-беріден соң перілер каптап шығып, құрметтеп, бұларды қарсы алды. Сарайға келсе, алтын тақтың 

үстінде патша отыр екен. Ортасынан орын берді. Бұлар отырған соң пері патшасы сөз бастады: 

-  Менің  сіздерді  алдырып  отырғаным,  менің  әйелім  босанып  қыз  тауып  еді.  Сонан  бір  шабарманды 

дүниежүзін аралап бүгін осы менің қатыным босанған күні кімнің қатыны босанып ұл тапса, соны алып 

кел деп едім, сол күні сенің қатының босанып ұл тапқан екен.Сонан соң екі баланың біріне-бірінің көзі 

үйренсін  деп  үш  күн  мұнда,  үш  күн  онда  апарып  тастайтыным  сол,  -деді.  Перінің  патшасы:  «Енді 

асықпаңдар, құдай қосқан құда болдық»,  — деді. Пері  патшасы осыны айтты да адам көрмеген ойын-

сауық  істеп  көрсетті.  Бірімен-бірі  күрескенде,  ойнап,  қылыш  шабысқанда,  құдай  мыналардың  қасына 

жолата көрме дегендейсің. Себеп, екі пері алыса кеткенде бірін-бірі жығып салып, қылышпен екі бөліп, 

қанын  ағызып  тастайды.  Әрі-беріден  соң  «бісміллә,  ұйықтап  кетіппін»  деп,  тұра  келіп  және  алысады. 

Осындай ойындармен екі күн өтті. Ертеңіне тұрған соң пері патшасы: «Саяхатқа шығайық, жер аралайық, 

сіз келген соң біздің бәрімізді көріп кетіңіз», — деп, төрт дәруіш, және патша бесеуін бір кілемге мінгізіп 

ұшып  жөнелді.  Зуылдатып  келе  жатты.  Бұлар  өздерінен-өздері  жандарынан  күдер  үзіп,  болмаса  ана 

жолдастарымызбен қоштаса алмадық десіп келеді. Әрқайсысы іштеріненсүйтіп ұшып келе жатыр еді, пері 

патшасы тұра қалып: «Ей, құдалар, мына адамзаттың бәрі жиналып, неге бүйтіп күңіреніп жатыр», — деп 

сұрады. Дәруіштер:«Білмейміз, біздің көзіміз жетпейді», — деді. Енді шетінен барып көрейік деп, таяп 

келіп,  пері  патшасы  төмен  қараған  уақытта,  Мұратқан  боздап  қоя  берді.  Әлден  уақытта  есінен  танып 

құлап кетті. Пері патшасы «бұған не болды» деп, бір дәріні мұрнына иіскетіп еді, Мұратқан ұшып тұра 

келді. «Ей, шырағым, саған не болды, мұның қалай, неге бүйттің?» — деп еді, ол халін айтуға аузы келмей, 

кемсеңдеп жылай берді. Қасындағы дәруіштің біреуі: «Тақсыр, мұның жылайтыны мынау болу керек», 

— дей бергенде, Мұратқан өксігін басып, «мен өзім айтайын» деп, сол жерде бастан-аяқ халін айтты. 

-  Анау  тұрған  сол  көк  өгіздің  иесі,  жылап  отырған  сол,  ғашығы  осы  күнге  дейін  шала-жансар,  соны 

қайтерін білмей, өмірін жылаумен алып келе жатыр.Анау жатыр. Анау жиналған сол жігіттің елі, ананың 

қайғысына әлі де күйзеледі, — деді. Мұратқан мұны айтқанда пері патшасы: «Келгеннен бері халіңді неге 

айтпағансың», — деп, ызаланып: «Ол жігіттің ісмиағзамын әкеткен перінің атын білмейсің бе?» — деп 

сұрады. 


- Жоқ, білмеймін, бірақ сол пері Жауһарнегінің шаһарынан деп еді, — деді Мұратқан. Мұны естіп алып, 

пері патшасы алып кел деп бұйрық қылды. Баяғы Шымыр тоқтамай сабап кетті. Ол келгенше қалған үш 

дәруіш: Қайдархан, Зейнел, Хасен үшеуі де жылап қоя берді. 

- Я, енді сіздер халдеріңізді айтыңыздаршы, — деді пері патшасы. «Мен айтам, мен айтам» деп, үшеуі 

таласа бергенде оң жағында отырған Зейнелге: «Сен айтшы», — деді. Ол да әкесінің өлгенін, уәзір оның 

орнына патша болғанын, онан оны қуып шыққанын, онан пері патшасына барып, маймыл суретін алмақ 

болып, өзін қызға жұмсағанын, ол қызға ғашық болғанын, ақырында пері патшасы соның бірін де бермей 

қуып  жібергенін  бастан-аяқ  айтып  берді.  «Өңкей  нәлет»  деп  долданып,  пері  патшасы  Әмір  деген 

шабарманын шақырып алып: «Сен Қылымда шаһарының патшасын тез барып алып кел», -деп, бұйрық 

қылды. 


-  Екінші  кімде  қандай  арыз  бар,  —  деді.  Пері  патшасы  тағы  да  оң  жағына  қарап,  Қайдарханға  айтты. 

Қайдархан тұрып: 

-  Мен  де  бір  сорлы  болып  жүріп  сізге  кез  келдім.Аруақтың  түсімде  берген  аяны  әлде  сіз 

шығарсыз.Оқиғаңды біреуге айтып тамамдасаң, мұрадыңажетерсің деген еді, тамам етіп айтып болған 

соң сізге кез болып отырмын, — деді. Бұл Қайдархан аң аулап шыққанын, онан киік кезігіп оны қуғанын, 

онан  ұлы  судан  өтіп  сарайға  келгенін,  онан  Күләнданың  суретін  көргенін,  шалдан  барлық  оқиғаның 

жайын естігенін, онан кемеге мініп, онан қашып құтылғанын, онан бейітке келгенін, сонан осы патшаның 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              395 bet 

өзіне жолыққанына дейін айтып өтті. Сонан соң пері патшасы бір шабарманын тағы шақыртып алып: «Тез 

барып, адамзат Ұрмая шаһарының қызы Күләнданы алып кел», — деп жібереді. 

 

246 - Бөлім: Мыстан кемпір 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1943 

 

 



Баяғы өткен заманда Ұшар хан деген хан болыпты. Сол хан жас кезінде ай десе аузы, күн десе көзі бар, 

асқан тамаша бір сұлу қызға ғашық болады. Қызды іздеп, жер бетінен еш таба алмайды. Хан қызды іздеп 

таба алмаған соң, бір өнерпаздан оқып, аспанға ұшу өнерін үйренеді. Сол өнері бойынша аспанға ұшып, 

қызды отыз жыл іздеп, қолына түсіре алмайды. Қыздың ұстатпайтынына көзі жеткен соң, хан қыздың 

суретін іздеп тауып алады да: «Қой, жас болса өтіп барады, енді әйел алып, үй болатын уақыт жетті», - 

деп басқа әйелге үйленіп өмір сүре береді. Күндерде бір күн алған әйелінен бір ұл туады. Ұлының атын 

Жандыбатыр деп қояды. Жандыбатыр ержетіп, он бес-он алтыға келеді. Сол кезде бала өзіне ешбір теңдесі 

жоқ,  мықты  батыр  болады,  мықтылығы  сондай,  оны  отырған  орнынан  жетпіс  кісі  тұрғыза  алмайтын 

болады. Бір күні Жандыбатырға ой түседі: «Осы мен әкемнің үлкен қорғанының сарайларын ашып, не 

заттары бар екен, бәрін көріп, қазына-дүниелерінің түс-тұрпатын байқасам не қылады?» - дейді. Сонсоң 

әкесінен қырық үйдің кілтін сұрап алып, тамам есіктерін ашты, сарайдың ішіндегі қазыналарын көрді. 

Отыз  тоғыз  үйді  тегіс  ашып  көріп,  енді  қырқыншы  үйді  ашуға  келгенде,  бұл  үйдің  кілті  жоқ  болып 

шықты.Әрі  айналдырып,  бері  айналдырып,  қырқыншы  үйдің  есігін  аша  алмады.  Жандыбатыр  жылап 

шешесіне келді. 

- Апа, ана қырқыншы үйдің кілті қайда? Әрі айналдырып, бері айналдырып аша алмадым. Сендер менен 

үйдің кілтін жасырыпсыңдар, - дейді. 

- Шырағым, міне, менің әкеңе қосылғаныма жиырма жыл болды, осы өмірімде ол үйдің кілті түгіл, қасына 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет