ҚазақТЫҢ 1001 ертегісі қазақ хақының халық ертегілер топтамасы



Pdf көрінісі
бет56/153
Дата06.02.2017
өлшемі11,24 Mb.
#3489
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153

өткіз. 


 

Қара  тай  өледі.  Қыз  айтқанының  бәрін  өрындайды.  Малы  жер  қайыстырып  қаптайды.  Ақ  сарайы 

аспандағы аймен, күнмен таласып, нұр шаша жарқырап тұрады. Қыз сол сарайда аса қызықты, қамсыз 

өмір кешеді. 

 

244 - Бөлім: ҒАЖАЙЫП БАҚ 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1941 

 

 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              377 bet 

Баяғыда Асан мен Қасен деген екі дос болыпты. Екеуі де кедей екен. Асан ұлтарақтай жеріне егін егіп, 

Қасен өзінің аз ғана малын бағып күн көріпті. Екеуінің де әйелі қайтыс болады. Асанның бар жұбанышы 

— айдай сұлу қызы. Қасеннің үміті — қайраты тасып тұрған баласы. 

 

Бір жылы көктемде Асан егін салуға қамданып жатқанда, Қасен жұтқа ұшырайды. Қыс аяғы қатты болып 



аз ғана малы қырылып қалады. Көзінің жасы көл болып, Асан досына жылап келеді. 

 

—        Сенімен қоштасуға келдім. Малым қырылып қалды. Енді аштан өлместің қамын жасап, бір әрекет 



табу үшін қаңғып кетейін деп тұрмын. 

 

Бұл сөзді естігенде Асанның да көңілі босайды. Көзіне жас алады. Досын құшақтап тұрып: 



 

—        Екеуіміз жан жолдас едік қой,— дейді елжіреп.— Мал-жанымыз ортақ емес пе? Менің егіндік 

жерімнің жартысы сенікі болсын. Көңіліңді тоғайтып, қолыңа кетпен ұста. Тырбанып тіршілік қыл! 

 

Сол  күннен  бастап,  Қасен  де  егін  салып,  соны  күтіп-баптауға  кіріседі.  Күн  артынан  ай  өтеді.  Сол 



әрекетпен  біраз  жыл  сырғиды.  Бір  күні  Қасен  арық  қазып  жүріп,  кетпеннің  кашырлап  темірге  тигенін 

байқайды да, таң қалады. «Бұл не ғажап» деп, сол жерді терендете қазады. Шұңқырдан бір қазанның шеті 

көрінеді. Қасен қазанды құлағынан ұстап, сыртқа сүйреп шығарады. Қазанның іші толған алтын. Қасен 

қуанышы қойнына сыймай, досының үйіне қарай жүгіреді. 

 

—        Сүйінші, Асан!— деп айқайлайды алып-ұша жетіп келіп — Сүйінші, қазыналы бай болдың, үлкен 



олжаға баттың. Мен сенің жеріңнен алтын толтырылған қазан таптым. Енді жоқшылықтан құтылдың. 

 

Асан да қуана қарсы алады. 



 

—        Сенің адалдығыңды білем ғой, Қасен... Ол алтын менікі емес, тапқан сенікі. Оны сен өзіңе тиесілі 

жерден қазып алдың. 

 

—        Мен де сенің кең пейіл, мейірімді екенінді білемін,— дейді Қасен де оның сөзіне илікпей.— Сен 



маған жеріңді бөліп бергеніңмен, астында жатқан қазынаны берген жоқсың ғой. 

 

—        Ардақты досым, жердің асты мен үстіндегі қазынаның бәрі сол жерге мандай терін төгіп, еңбек 



еткен адамдікі болуға тиіс. 

 

Алтынды жеке иеленгісі келмей, бұл екеуі ұзақ таласады. Ақыры Асан бір байламға келеді. 



 

—                Қасен,  таласты  қоялық.  Сенің  ержеткен  ұлың  бар,  менің  бойжеткен  қызым  бар.  Балалардың 

көңілдері  жарасып  жүр  ғой,  сол  екеуінің  басын  қосайық  та,  алтынды  соларға  берейік.  Сөйтіп, 

балаларымыз кіріптарлық көрмесін. 

 

Әкелері осы тоқтамдарын айтқанда, балаларының қуанышы қойнына сыймайды шаттанып. Сөйтіп той 



жасап,  ұл  мен  қызды  қосады.  Жас  жігіт  жаңа  түскен  келіншегімен  отау  тігіп,  жеке  шығады  да,  Қасен 

тұрған үйге кіреді. Қасен құрдасының үйіне көшеді. 

 

Келесі күні жас жұбайлар алтын толы қазанды көтеріп, аталарының үйіне келеді. Қабақтарында кірбің 



барын көрген Қасен мен Асан: 

 

—        Не боп қалды, балалар? Ертелеп жүрулеріңнің себебі не?— деп сүрайды. Жас жұбайлар шынын 



айтады. 

 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              378 bet 

—                Аталары  берген  тегін  қазынаны  балалары  иелене  салған  жарамас.  Біз  алтынсыз  да  байимыз. 

Жарасып қосылған көңілдерден артык қазына бар ма бұл дүниеде. 

 

Сөйтіп, қазанды үйдің ортасына қояды да, екі жас кетіп қалады. Енді алтын толы қазанға кім ие болуы 



керек?  Талас  қайта  басталады?  Ақыры  елден  аулақ,  қулық-сұмдықты  білмейтін,  көпті  көрген  бір  қарт 

кісіні тауып, соған жүгінбек болады. 

 

Бірталай  күн  жол  үріп  бұлар  елсіз  таудың  етегінде  отырған  қараша  үйлі  қарияға  келеді.  Қария  төрге 



төселген тозығы жеткен жұлым-жұлым киіздің үстінде отыр екен. Оң мен солында екі- екіден төрт шәкірт. 

Қарт жолаушылардың аман-сәлемін тындайды. 

 

—        Жүгініп, ақиқатқа көз жеткізу үшін алыстан арнайы келген екенсіндер, шаруаларынды айтындар. 



 

Жолаушылар қартқа өздерінің бітісе алмаған таластарының жай-жапсарын баяндайды. Бұлардың сөзін 

тындап алып, қария ойға шомып ұзақ отырады. Сонан соң өзінің жасы үлкен шәкіртіне мойын бұрады. 

 

—        Сен менің орнымда болсаң, мына кісілердің таласын қалай шешер едің?— деп сұрайды. Шәкірті 



ойланбастан жауап береді. 

 

—        Жер дүниедегі қазынаның қожасы — хан. Мен ханның қазынасына құйғызар едім. 



 

—        Ал, менің орнымда болсаң, сен қалай шешер едің?— деп, қарт екінші шәкіртінен сұрайды. Ол да 

өз шешімін айтады. 

 

—        Бұлар таласқан мүліктің иесі жоқ болғандықтан билікті болуға тиіс. Сондықтан алтынды билік 



айтқан соң, өзім алар едім. 

 

Қария  іштей  ренжіп,  қабағы  кіртиеді,  жүзі  сұрлана  сұстанса  да,  сыр  білдірмейді.  Сонан  кейін  үшінші 



шәкіртінен сұрайды: 

 

—        Енді сен айтшы, қандай шешім қабылдар едің? 



 

—        Бұл алтынның иесі жоқ, оны ешқайсысы иеленгісі келмейді. Сондықтан мен алтынды қайтадан 

жерге көмдіріп тастар едім. 

 

Қария қатты қапаланып, түнеріп кетеді де, кіші шәкіртінен сұрайды. 



 

—        Қане, сен не айтар едің, қарағым? 

 

—        Артық айтсам, айып етпеңіз, ұстазым — дейді кіші шәкірті. 



 

—        Мен болсам, осы алтынды жұмсап, құлазып жатқан далаға гүлі жайнаған саялы бақ өсіртер едім. 

Арып-ашқан жолаушылар, кем-кетіктер сол бақшаның саясында тыныс алып, жемісін қорек етер еді, аз 

да болса, жандары рақат табар еді. 

 

Бұл сөзді естігенде қария көзіне жас алады. Орнынан тұрып, кіші шәкіртін бауырына басады. 



 

—        Жасы кіші болса да, ақылы артықты аға тұт деген рас екен,— дейді қарт риза болып. Сонан соң 

өзінің ұйғарымын айтады.— Сенің билігің әділ болды, балам. Енді осы алтынға сен ие бол. Базарға барып, 

ең  жақсы  тұқымдарды  сатып  алып  кел  де,  тақырға  өзің  айтқан  бақшанды  өсір!  Саған  да,  алтынға 

қызықпаған мына кең пейіл жандарға да кем-кетік, жарлы-жақыбай өмір бойы алғыс айтатын болар. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              379 bet 

 

Жас  жігіт  алтынды  дорбаға  салып  алып,  жолға  шығады.  Ұзақ  сапар  шегіп,  арып  ашады.  Ақыры  хан 



ордасына барып тоқтайды. Ханға сәлем беріп, өзінің мақсатын ұқтырады. Хан балаға білікті бағбандарын 

қосып береді. Қала базарына барып, жеміс ағаштарының тұқымын іздейді. Қызылды-жасылды маталар 

мен түрлі- түсті әшекей заттарды тамашалап, базарды аралайды. Сөйтіп жүргенде керуеннің күңгірлеген 

қоңырауы мен біреудің айқайлаған дауысын естиді. Жігіт солай бұрылып қараса, ұзынға созылған керуен 

келе жатыр екен. Түйелердің қомына жүк орнына ой мен қырда, су мен шөлде өсетін құс атаулыны тірі 

қалпында  тендеп,  алған.  Кейбірін  аяғынан  матастырып  байлаған.  Құстардың  қанаттары  қайырылып, 

сынған.  Жұлынған  мамықтары  жерге  ұшып,  бұлтша  қалқып  жүр.  Түйелер  ырғала  адымдаған  сайын 

тұтқын  құстар  жанұшыра  тыпырлайды,  адамның  сайсүйегін  сырқырата  шырылдайды.  Мұны  көрген 

жігіттің  жаны  у  құйгандай  ашиды.  Сығылысқан  қалың  топырды  жарып  өтіп,  керуен  басының  қасына 

барады да, әдеппен тағзым етеді. 

 

—        О, мырза мына жазықсыз құстарды сонша қинауыңыздың себебі не, қайда алып бара жатырсыз?— 



деп сұрайды. Керуен басы да сыпайы жауап қайырады. 

 

Хан сарайына бара жатырмыз. Бұл құстар — ханның соғымы. Бұл құстар үшін хан бізге бес жүз ділдә 



береді. 

 

—        Мен мың ділдә берсем, мына құстарды босатып жібересің бе? 



 

Керуен басы жігіттің жұпыны түріне қарап, оның сөзін елең қылмай жүре береді. Сол кезде жігіт иығына 

асқан дорбасын ашып, керуен басыға алтынын көрсетеді. Керуен басы сенер-сенбесін білмей, аңтарылады. 

Бірақ қызылшыл саудагер алтынды көрген соң, төніп түседі. Сұғанақтығы жеңіп, жігіттеріне бұйырады: 

 

—        Құстарды босатып жіберіңдер! 



 

Қамаудан  босанған  құстар  топ-тобымен  аспанға  көтеріледі.  Керуеннің  алып  келе  жатқан  құстары 

қисапсыз көп екен, жапырлай ұшқанда күннің көзін бүркейді. Қаққан қанаттарынан ескен леп, дауылға 

айналады. Жігіт көкке самғай ұшқан құстарға қарап тұрады. Содан құстар әбден тарап болған соң, керуен 

басыға уәделі ділдәні береді де, дорбасын иығына салып алып, кері қайтады. Қуанышы қойнына сыймай, 

аяғы жерге тимей әндетіп келе жатады. Бірақ ауылына таяған сайын, көңілін уайым торлайды. Өзі істеген 

қылығына өкініп, қайғырады. «Басқа біреудің қазынасын ойыма келген нәрсеге сарп еткенім қалай? Кем-

кетіктер үшін баубақша орнатпақ едім ғой. Ұстазыма, мені тұқым алып келеді деп тосып отырған ақ көңіл 

адамдарға не айтамын?»— деп ойға шомады. Жігіт осылай өзіне-өзі ызаланады. Бара-бара қайғысы үдеп, 

оқасы  асқынып  құлап  түседі.  Жерге  сұлап  жатып,  өзіне-өзі  өлім  тілеп  жылайды.  Ақыры  сілесі  қатып, 

ұйықтап кетеді. Үйықтап жатып түс көреді. Түсінде әлдеқайдан бір бұлбұл құс ұшып келеді де, кеудесіне 

қонып, тамылжыта сайрайды. Әсем үнмен тіл қатады: «Уа, кең пейіл жігіт! Сен қатты қайғырып налыма! 

Еркін жүрген құстардың саған беретін алтыны жоқ. Бірақ, жақсылығынды қайтарады. Ұйқыдан оянып, 

жан-жағыңа қарашы! Көзіңнің жасы тыйылатын шығар...» 

 

Осылай дейді де, бұлбұл ұшып кетеді. Жігіт ояна салып, жан- жағына қарайды да, таң-тамаша қалады. 



Кең  далаға  қаптап,  қонып  отырған  құстарды  көреді.  Құстар  аяқтарымен  тырнап,  шұңқыр  қазып, 

ауыздарындағы дәндерді сол шұңқырға салады да, қанаттарымен топырақты сырып, көміп жатады. 

 

Жігіт қозғалып қалғанда, лып етіп аспанға ұшады да, кетеді. Құстар тағы да күнді қалқалайды, қаққан 



қанаттарынан ескен жел дауылға айнаілады. Жігіт аңтарылып тұрып, айналасына көз жұгіртеді. Құстар 

қазған  шұңқырлардан  қылтиып  жас  шыбықтар  өне  бастайды.  Көгі  өрмелеп  өсіп,  бұтағы  күлтеленеді. 

Жапырағы жайқалған ағаішқа айнала бастайды. Қақағым сәтте ағаш бұтақтарына құлпырған гүлдер өсіп, 

шешек атады. Жұпар иіс аңқиды. Содан кейін ігүлдердің желбірі ұшып түседі де, орнына нартай қызыл 

алмалар мәуілжіп тұра қалады. 


Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              380 bet 

 

Мұның қасында Иран бағы алақандай шоғыр гүл тәрізді болып қалады. Қабығы маржандай жалтылдаған 



алма  ағаштарына  сан  жетпейді.  Қаз-қатар  тізілген  сан-сан  ағаш  арасынан  пісіп  тұрған  жүзім,  балдай 

(балқыған өрік, жалтыр көл, көкорай шалғын, бәйшешек көрінеді. Ағаш саясындағы жолдарды жапырақ 

жауып жатыр. Жолдың екі жшегіндегі таспен өрген арықта тұнық су сылдыр қағады... Жоғарыда, ағаш 

басында пырылдап құстар ұшып, қонады. Жігіттің түсінде көрген бұлбұлы құшырлана сайрайды. 

 

Жігіт танданып, өңім бе, түсім бе деп, жан-жағына қарай береді. Өңі мен түсін айыру үшін қатты айқайлап 



жібергенде,  өз  даусының  жаңғырығын  естиді.  Құлпырған  бақ  ғайып  болмастан  орнында  тұрады.  Өңі 

екеніне көзі жеткен соң, жігіт  ұстазының үйіне қарай жүгіредіі. Келе сала болған  оқиғаны баяндайды. 

Енді  ұстазы, оның үш шәкірті  және Асан мен Қасен бау-бақты көру үшін аттанады. Жігіт  жол бастап 

келеді... 

 

Құлазыған шөл далаға ғажайып бақ орнапты деген хабар елге тарайды. Ең алдымен сәйгүлік аттарына 



мініп, бай-манаптар көруге келеді. Алайда бұлар бақтың шетіне жете бергенде алдыларынан жеті құлыш 

салынған темір қақпа мен биік дуал пайда болады. Бұдан әрі өтеалмайтын болған соң, ерлерінің үстіне 

шығып, мойындарын созып қарайды. Алмалардан үзіп алмақ болады. Алмаға қолдары тиісілиен естерінен 

танып  құлай  береді.  Мұны  көрген  соң,  басқаларыныңі  зәрелері  ұшып,  аттың  басын  кері  бұрып  тұра 

қашады. 

 

Сол арада жаяу-жалпылап, кедей-кепшік, мүсәпірлер келеді. Енді  қақпанынні құлпы босап, есіктің өзі 



айқара ашылады. Келгендер жіңішке соқпақпен жүріп қыдырады. Жапырақты таптап баса қалғанда да, 

солмайды. Арықтағы сулар лайланбайды. Жемістерді қанша алып жесе де азаймайды. Бау ішінде құстар 

сайрап, әсем әуен саябырламайды. 

 

Ымырт үйіріліп, қараңғылық молайған кезде алмалар шырақша жарқырап, нұр шашып тұрады. Бұлбұл 



түнімен  сайрайды.  Кемкетік,  жарлы-жақыбайлар,  мүсәпір-пақырлар  шалғынды  төсеніп,  өмірлерінде 

аліғаш рақатқа кенеледі, тәтті ұйқыға шомады. 

 

245 - Бөлім: Төрт дәруіш — ұшқыш кілем 



http:www.elarna.comoku_kk.php?tur=11&id=1942 

 

 



Баяғы  заманда  қара  басы  бақ-дәулетке  емін-еркін  болса  да,  дүниенің  ауыр  бір  арманына  ұшырайтын 

адамдар болған екен. Сондай бір арманды адам иен далада зар илеп жападан жалғыз келе жатады. Аты -

Мұратқан. Сонда Мұратқан «не қылам, үш жыл сандалып көк өгіздің уақиғасын біле алмадым, бұл былай 

тұрсын, іздеп шыққан қыздың да жүзін көріп ауыз екі сөйлесе алмадым, енді мұны ұшқан құс, жүгірген 

аң  білмейді,  қайтып  кетуге  ел-жұртымның  қайда  қалғанын  тағы  білмеймін.  Көкте  екенімді,  жерде 

екенімді  қазір  білер  жан  жоқ»  деп,  төмен  қарап  аяңдап  келе  жатыр  еді,адамша  азынаған  бір  дауыс 

құлағына жетті. Адамзат көрмегеніне, ел жұрттың бетін көрмегеніне талай замандар өткен Мұратқанға 

мына  дауыс  бір  түрлі  қорқыныш  сияқты  да  болады  «Я,  алла,  бұл  не  ғажап,  бұл  жерде  адам  баласы 

жүрмейтін еді ғой» деп, жан-жағына көз салып қарап тұра қалды. Қараса, алдына бір үлкен дәу таяп, төніп 

келіп  қалған  екен.  Әлгі  дауыс  қоймай  мұны  шақыра  бергендей  болды.  Мұратқан  бұл  да  өзімдей  адам 

шығар деп тауға қарай жүрді. Биік тауға таяп келгенде, бір үлкен құс сияқты нәрсені көрді. Мұратқан, 

басы адам сияқты болған соң, бұл адамша тіл біледі екен деп ойлады.  «Ей, бері келгін»,  — деп дауыс 

берді. Оны құс тыңдамай кетіп қалды. Мұратқан ойланып, «адам сияқты құс болады деуші еді, осы екен 

ғой, мұнан гөрі дұрыстау біреуі тағы бар шығар» деп, таудың басына қарай жүрді. Бір заманда таудың 

басына жетті. Келсе, бір биік тау, жан-жағына қарады, еш нәрсе көрінбейді. Жалғыз ақ етекте бір қара тұр. 

Онысы бейіт болып шықты. Оның ішінде бір нәрсе қараңдайды. Онан басқа еш нәрсе жоқ. Мұратқан біраз 

дамылдап  отырды  да,  «қой,  бүйткенше  өлген  артық,  ақыр  ит  жемеде  кетеді  екем,  онан  да  жанымды 

қинамай тастан секіріп құлап өлейін» деп, әлгі биік тасқа келіп, енді құлайын деп тұрғанда арт жағынан 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              381 bet 

бір дауыс: «Ей, ақымақ, құдайсыз ажалды өзің сұрама, бейітке барсаң мұратыңа жетесің», — деді. Артына 

жалт қараса, дәнеме жоқ. Сонан соң, «анау қарайған бейіт екен ғой, оған да бара кетейін» деп ойлады. 

Соған  қарай  жүрді,  кіріп  келсе  ішінде  үш  адам  отыр.  «Ассалаумағалайкүм»,  —  деді  Мұратқан. 

«Ағалайкүмассалам, жоғары шық», — деді отырғандар. Біраз отырған соң үшеуі бір-бірінен жөн сұрасты. 

Отырған үшеуі Мұратқаннан халін баян етуді тілек етті. «Сонан соң бәріміз де кезекпен айтамыз», — деді. 

«Жарайды», — деп, Мұратқан сөз бастады. Бірінші дәруіш «Мен Бағдат шаһарындағы Патшаның баласы 

едім.Әкемнің патшалық дәрежесі үлкен. Қол астына бірнеше шаһар қарайды. Мен жалғыз баласымын, 

әбден кәмелетке толдым. Бір күні жалғыз өзім сарайда отыр едім, ойыма әлденелер түсті. Қой бүйтпейін, 

не  қылсам  да  дәулет  жетеді  ғой,  әкем  бетімнен  қақпайды,  халық  аузында  жүрерлік  бір  іс  істейін  деп 

ойладым. Сол шаһарға қараған балташы, ұста барлығын жиып алып, шаһардың орта тұсын көрсетіп: «Осы 

жерден сыртын неше түрлі өрнекпен безендіріп, маған тамаша бір сарай саласыздар. Қараған адам қайтып 

көзін алмайтын болсын. Алтын,гауһар, інжуден салынсын, қараңғы түнде неше шақырымдай жерді жарық 

қылып тұратын болсын. Мен өзім сарай біткен кезде келіп бір-ақ көрермін. Және қырық есігі болсын, әр 

есік  әр  қабырғадан  шығатын  болсын.  Егерде  осы  айтқандай  болмай,  сарай  көңіліме  ұнамаса,тегіс 

бастарыңды  алам»,  —  дедім.  «Құп,  тақсыр»,  —  деп  шу  ете  түсті.  Осымен  жүріп  кеттім.Мен  сарай 

салғызып  жатырмын  деп  әкеме  айтпадым.Сонымен  аң  аулап,  саяхаттап  жүре  бердім,  жарты  ай  аңда 

болсам,  жарты  ай  үйде,  осы  сауықпен  бір  жыл  өтті.Бір  күні  қасыма  қырық  нөкерімді  ертіп  алып 

сарайымның  біткен-бітпегенін  көруге  келдім.  Келсем  біткен  екен.  Өзіме  хабар  етіп,  көрсетуге  күтініп 

отыр екен. Байқап қарасам,сарайдың сыртына адам баласының көзі тояр емес, алтын-күміс жалатыпты. 

Қайран қалып көзімді айырмадым.Бұл алтын  күмбез сарайдың сұлулық  тамашасын көрген  адам  соған 

қарап тұрумен-ақ өмірінің қалай өткенін білетін емес. Енді ішін көрейік деп, бір есігінен кіріп едім, есім 

шығып кетіпті, қайдан келіп, қайда баратынымды Ұмытып кеттім. Қырық жігіт қасымда, әлгі сарайды үш 

күн аралап зорға бітірдім. Ішінде жүріппіз де қойыппыз.Бой жазып біраз жүрген соң бір жігіт: «Мұнымыз 

қалай,түк көрмеген кісіше жан-жаққа қарап жүріп алғанымыз?»- деді. Артыма жалт қарап: «Қанша уақыт 

болды»,  -дедім. Жігітім:  «Бүгін біз келгелі  үш күн болды»,  — деді.«Ендеше қайтайық»,  — деп далаға 

қарай  жүріп едік, жол  таба алсақшы. Әрі-бері жүріп едік, жол таба  алмадық. Сонан соң үй салған бір 

балташы есіктен шығарды. Қайтып келген соң әкеме хабар салдым. 

- Жарайды, — деп, әкем қырық уәзірін қасына ертіп сарайды көруге кетті. Аралап жүріп кайтты. «Жасым 

алпысқа келді, неше жыл патшалық дағуасын құрдым, осы уақытқа дейін артыма мұра болып қаларлық 

бір іс істемеген екенмін. Балам, қайырлы болсын», — деп әкем маған риза болды. Кешікпей мен сарайға 

кірдім. Кірген соң қырық есігіне қырық күзетші қойдым. Қайыршы келетін болса, әр есігінен бір мың 

ділдә беретін қылып қойдым, сөйтіп салтанатпен бірнеше уақыт өмір сүрдім.Бір күні нөкерім қасымда, 

көңілім шаттанып, әңгіме-дүкен құрып отырып: «Осы дүниеде менен де салтанатты патшазадалар бар ма 

екен, шіркін бақ мынау, дәулет мынау, жомарттық, сән-салтанат мынау, енді осыларыма лайық ай мен 

күндей бір сұлу жарым болса», — дедім. Нөкерлерім үндемей отырды да: «Тақсыр, олай демеңіз кім жоқ 

дейсіз,  дүниеге  кім  келіп,  кім  кетпеді  осы  күнде.  Мысыр  шаһарінің  Ыбырайым  атты  патшасының, 

Шамшибану деген қызы бар, оның сұлулығына теңдесетін жан жоқ, он төртінен туған айдай, көзі түскен 

адамды еріксіз елжіретіп әкетеді. Оның қазіргі патшалығы және жомарттығы сізден он есе артық, оның 

да осы секілді сарайы бар. Мың жерден есік шығарған, келген қайыршы болса,сол есіктің бәрінен қайыр 

алады, бір алғанда қайыршы басы он мың ділдә алады. Оның бұл жалғанда теңдесі жоқ және сол жерге 

келген қонақты қандай асығыс шаруаң бар болса да, үш күн қондырмай жібермейді. Сол қыз келсе, әрине 

бұл сарайыңыз мұнан да артық гүлденер еді. Бірақ ол келмейді ғой», — деді. Мына сөз маған мейлінше 

ауыр тиді. Қатты қаһарым келіп: 

-  Сен,  лағнат,  аузыңа  келгеніңді  оттап  не  деп  былжырап  отырсың,  осынша  халықтың  алдында 

масқараладың,  —  деп  әлгі  нөкерімді  жазалайтын  болып,  екі  жендет  шақырып  алып:  «Мынаны  дарға 

тарт!» — дедім. Енді жендет тартып жөнелгенде: «Тақсыр, дат», — деді. Көз көрген жолдас қой, «айта 

қой,  датыңды»  дедім.  Көзінен  жасы  ағып:  «Тақсыр,  мен  сізге  айтқанда  сізді  кемітейін  деп,  болмаса 

қорлайын деп ойлаған жоқ едім. Көп қызмет істегенімен, сізге тәуір әйел керектігін ойлап не қылса да 

соны алсын деп едім, сізге еш қастығым жоқ, енді менің сізден сұрайтыным, хан әмірің екі емес қой,мені 

қазіргі өлімнен босатып, қашан Шамшибану қыздың сондай екенін білгеніңізше зынданға сала тұрыңыз, 

егер менің осы сөзім өтірік болса, ризамын, басымды алыңыз, болмаса, рас болса, қайтесіз, нақақ қанымды 



Email: 

1001ertek@gmail.com

 and WWW: 

http://www.elarna.com/ertegi_kk.php

                                              382 bet 

төгесіз бе?»- деп, еңіреп қоя берді. Мен бұл сөзге тоқтадым да:«Ашу үстінде жаза бердім, қанша жазасы 

болса да кештім», — дедім. Ол: «Жоқ, тақсыр, хан әмірі біреу, мені зынданға салыңыз, қыздың хабарын 

білген  соң  босатарсыз»,  —  деді.  «Жарайды»,  —  деп,  оны  салдырып  тастап  қанша  сауыт-сайманмен 

Шамшибануды іздеп жүріп кеттім. Шамшибануды іздеп көп қайғырдым. Арып-ашып шаршадым. Өзім 

жаяумын. Әлдеқандай заман болады деп істетіп, киіп шыққан темір етік таусылып оймақтай қалғанда, 

темір таяқ таусылып тебендей қалғанда екі көзіме көк шыбын ұялап, қыбырлап қана келе жатыр едім, бір 

мезгілде алыстан ызылдаған дауыс шықты. Дауыс шыққан жаққа қарап байқасам, ат үстіндегі адамдай 

біреу  алдында  бір  нәрселер  салып  айдап  жүрген  секілді.  Азырақ  тұрдым  да,  «қой,  неде  болса  бұған 

барайын» деп ойлап, ептеп аяңдап жүріп келе жаттым. Өмірден күдер үзгендей таяп келсем, адамзат екен. 

Келе  амандасып  жөн  сұрастық.  Мен  шалға  Мысыр  шаһарының  қызы,  Шамшибануды  іздеп  келе 

жатқанымды баяндадым. Қойшы шал менің сөзімді тыңдады да: «Ой, байғұс,оған жолығып амандасам 

деп әуре болма, өзі осы күні ауру, адамзатқа көрінбейді, не себептен болғанын білмеймін. Үстіне әкесі де 

кірмейді дейді. Сыртынан барған сен бір мүсәпір адамсың, жолығам дегенге болар ма екен. Ал, барам 

десең  сол  Мысыр  шаһары  осы  арадан  түстік  жерде,  мен  сол  ханның  отардағы  қойын  бағып  жүрген 

кісімін», — деді. Қойшының жөнімен шаһарға қарай жүріп кеттім, күн бата шаһарға жеттім.Шаһардың 

сән-салтанаты  адам  қарап  тоймайтын  сұлу  екен.  Жолыққаннан  патшаның  сарайын  сұрайын  деп, 

тамашалап бір көшемен жүріп келе жатыр едім,бүйір жақтан «тоқта» деген дауыс шықты, қарасам бір 

адам  жаныма  келіп:  «Қайда  барасыз,  тоқтаңыз,  бүгін  мынау  үйде  қонақ  боласыз»,  —  деді.  — 

Патшамыздың  әмірі  бар:  «Қонақ  қылмай  адам  баласын  өткізбе»,  —  деген,  үш  күн  мұнда  боласыз  да, 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   153




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет