«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы


Заманауи кәжекейдің эстетикалық сипаты мен жасалу технологиясы



бет4/9
Дата15.11.2023
өлшемі202,34 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КӘЖЕКЕЙ АРУ БИЖАН

1.2 Заманауи кәжекейдің эстетикалық сипаты мен жасалу технологиясы


Кәжекей – жағасы мен жеңі ойма, белі қынамалы, етегі тізеден немесе кей жағдайда белден төмен болып келетін, қыз-келіншектерге арналған сырт киім. Қазақстанның Оңтүстік және Шығыс өңірлерінде жеңі шынтаққа келетін шолақ жең немесе тірсек жең бешпентті де кәжекей деп атаған. Пішілу және тігілу ерекшеліктеріне қарай кәжекейлер жібек кәжекей, мақпал кәжекей, қазақы кәжекейқынай бел кәжекейтірсек кәжекей деп түрліше аталады. Жергілікті ерекшеліктерге байланысты халық тілінде камзолды қамзол, кәжекей, көкірекше, кеудеше,күрмекүрдекқаркеспе деген атаулар қалыптасқан. Сонымен қатар, кей өңірлерде балалар мен ер адамдар киетін бешпент, кәжекей де камзол деген. Камзол латын тілінде– camisiale, арабша – kamis, ал французша – camisole деп аталады. Татарлар мен башқұрттарда камзол күнделікті киім ретінде қолданылып, камзул, бишмәт деп аталса, қырғыздар кемзел, бешмант, келтече деп атаған. Кейбiр түркі тiлдерiн зерттеушiлер «камзол» мағынасындағы кәзекей сөзiнің башқұрт, татар тiлдерiнен енгендігін айтады.
Қазақ қыздарының киімінде кәжекейдің орны ерекше болған. Ол да әрі жылулық әрі сәндік міндеттерді атқарған. Қыздың сырт киімі болып табылатын бұл камзолды тек қазақ қана емес, басқа да түркі халықтарының тұрмысынан кездестіруге болады.
Қыздардың кәжекейі қысқа жеңді, иықтан сәл түскен жеңді немесе жеңсіз болып тігіледі. Өйткені, мұндай кәжекейлер жұмыс істеуге өте ыңғайлы, ешқандай кедергі келтірмейді. Әйелдердің күні ұзақ үй ша- руасымен айналысып, кіріп - шығып жүретінін ескерсек, бұл кәжекейлер иесін суықтан қорғайды, оның үстіне оның иіліп-бүгіліп жұмыс істеуіне өте қолайлы келеді.
Кәжекейлердің материалы көбіне түкті пүліш маталар болады. Барқыттан, шұғадан да тігіледі. Ал, түсіне келсек, ол міндетті түрде бір- түсті матадан тігілген. Онда да шымқай қанық түстер таңдалады. Әйелдердің жасына қарай камзол түрі де өзгеріп отырған. Қыздар мен жас келіншектер көбінесе алқызыл түсті кәжекейлер киген. Мұның өзі жасыл дала, көгілдір ауа астында көзге оттай басылып, алыстан мен-мұндалайтын болған. Ал, орта және одан да жоғары жастағы әйелдер негізінен көк, жасыл, сарғыш түсті кәжекейлер киеді. Өйткені, алқызыл түс оларға енді жараспас еді.
Кәжекейлерде жең болмайтыны сияқты жаға да жасалмаған. Тек омырауға дейін жететін ойықтар қалдырылған. Өйткені, кәжекей тек көйлектің сыртынан киіледі. Қазақ әйелдері мойынға дейін жауып тұратын тұйық жағалы көйлек кигенін ескерсек, оларға енді камзолға тұмшаланудың еш қажеті болмаған. Сол себепті кәжекейлер омырауға дейін ашық қалдырылған. Осы мойын мен омырау тұсын және кәжекейдің алдын тұтастай әдіптеу дәстүрде бар. Бұл ретте кәжекейдің негізгі түрі мен оның өңіріне әдіптелетін матаның түрі бір-біріне жақындау болғаны ләзім. Мәселен, қызыл кәжекей еңірі қызғылтым немесе қоңырқайбұрынғыдан да кез тартып тұратыны анық.Қазақстанның көп бөлігінде кәжекейдің өңіріне, сондай-ақ етегінің екі жағына түрлі жылтырақтардан ою немесе өрнек жүргізу әдеті бар. Қазіргі шеберлер ондай өрнектерді сәнді жіптермен салуға да машықтанған.
Кәжекейлерге ою-өрнек түсірілмеген жағдайда оны түрлі жылтырақ өшекейлермен, таналармен безендіруге болады. Осылай безендірілген кәжекейлер өте салтанатты көрінеді. Оларды көбінесе, мереке кезінде, той-томалақта және басқа салтанатты думандарда киетін болған.Оның есесіне кәжекейлер түймеленбеген. Кеп жағдайларда ұсталар соққан әшекейлі күміс ілгішектер арқылы қаусырылатын болған. Мұның өзі онсыз да дала гүліндөй алаулап, көркімен көз тартар кәжекейге қосымша сәндік береді.Жас қыз-келіншектердің кәжекейінің белі үнемі қыналып тігілген. Оны - қазақтың ежелгі сән өнерінің жетістігі, моданы сезінуі деуге болады. Омырауы мен етегіне қарағанда белдің тұсының анағұрлым тарылыптігілуі қыздардың дене бітімін байқатып тұрған. «Талшыбықтай» немесе «құмырсқадай бұралған» немесе «үзілердей әрең тұрған» деген теңеулер мен тіркестерді қазақ ақындары осы қыздың белінің нәзіктігін байқататын кәжекейлерге тамсанып отырып айтқаны анық.
Кәжекей тігу тәжірибелі шеберлерге еш қиындық тудырмаса керек. Ол көбінесе тұтастай пішіледі. Кейде оны тура симметриялы екі бөлік етіп пішіп, біріктіріп те тігуге болады.
Әр түрлі көйлектерге үстеме ретінде кейде жеке кәжекейлер алып қоюға болады.Олар сауық кештеріне,түрлі мәнді мерекелерге аяқ астынан киіп баруға таптырмайды. Кәжекейдің пішілу үлгісі классикалық, денеге жартылай қонып тұрады. Алдыңғы өңірлерінің ойылулары да әр түрлі. Қаусырылып ұлттық тоғалармен ілгектенеді. Бұл камзолдардың әшекейлері де әркелкі шешімін тапқан. Олардың арасында алдыңғыөңірлерді алтын, күміс паршалармен жолақтау да, жапсырма және басып кестелеу арқылы ұлттық оюлар салу да бар. Кәжекейдің бәрінде жібек астар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет