Артқы бой. Артқы бойдың орта сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып, оған 0,5см қосылады ( ). Бұл желкеліктің кеңдігі болады. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы 1,5см-ге тең тік сызық жүргізіледі, бұл - желкеліктің биіктігі. Одан кейін желкелік биіктігінің жоғарғы нүктесі артқы бойдың орта сызығының ұшымен ойық сызық арқылы қосылады. Желкеліктің сызығы табылады. Желке сызығынан төмен қарай жауырын ені сызығы бойына 3см (барлық размер үшін) өлшемі салынады. Бұл - артқы бой иығын төмендету нүктесі.Одан кейін желкелік биіктігінің жоғарғы нүктесінен иықты төмендету нүктесі арқылы жауырын ені сызығынан 1,5см ұзартылған көлбеу сызық жүргізіледі (1,5см артқы бойдың иық тігісін көктегенде ірку үшін керек). Осылай иық сызығы табылады. Иықты төмендету нүктесінен кеуде сызығына дейінгі қашықтық (жауырын ені сызығы бойымен) қақ бөлініп, бөлі нүктесінен оңға қарай 0,5см (жауырынды кеңейту үшін) өлшем алынады. Кеуде сызығынан бастап бүйір сызығы бойымен төмен қарай 4-6см салынады. Бұл - қолтық ойындысының тереңдігі. Табылған нүктеден оңға қарай 1-2см салынады. Иық сызығынан бастап табылған нүктені бастыра ойық сызық - қолтық ойындысының сызығы жүргізіледі. Бүйір сызығынан солға қарай бел сызығы бойымен 3см салынады, ал жамбас сызығының бойына оңға қарай жамбас шеңбері мен кеуде шеңберінің арасындағы айырымның үштен бірі (51-48=3см; 3=1см) салынады. Қолтық ойындысының сызығынан бастап табылған нүктелерді бастыра жамбас сызығына дейінсыңық сызық жүргізіледі. Осылай артқы бойдың тігісі жүргізіледі. Одан кейін жамбас сызығынан төмен қарай артқы бойдың орта сызығы бойымен 1см өлшеп алынады. Бүйір тігісі сызығынан бастап табылған нүктеге дейін сәл дөңес сызық жүргізіледі. Осылай етек тегістеледі. Алдыңғы бой.Жауырын ені сызығынан оңға қарай желке сызығы бойымен кеуде шеңберінің үштен бір бөлігі салынып, оған 2см қосылады . Табылған нүкте Г нүктесімен белгіленеді. Г нүктесінен жоғары қарай ұзындығы 2-5см-ге тең (дене құрылысына байланысты) тік сызық жүргізіледі де, Г1 нүктесі қойылады. Желке сызығынан төмен қарай жауырын енінің сызығы бойымен төмен қарай кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі салынып, оған 1см қосылады , бұл - алдыңғы бой иығын төмендету нүктесі. Г1 нүктесінен алдыңғы бой иығын төмендету нүктесіне дейін көлбеу сызық жүргізіледі. Одан кейін артқы бой иығының ұзындығы өлшеніп, одан 1,5см алынады. Табылған қашықтық алдыңғы бойдағы Г1 нүктесінен бастап солға қарай көлбеу сызықтың бойына салынады. Бұл - алдыңғы бой иығының сызығы болады. Қолтық ойындысының шығыңқы сызығының биіктігінен солға қарай 0,5см, қолтық ойындысы тереңдігінің нүктесінен солға қарай 1-2см салынады (артқы бойда бірдей өлшем салынады). Иық сызығынан бастап табылған нүктелерді бастыра ойық сызық - қолтық ойындысының сызығы жүргізіледі.Бүйір сызығынан оңға қарай бел сызығының бойымен 3см өлшенеді. Бүйір сызығынан бастап жамбас сызығының бойымен солға қарай жамбас шеңбері мен кеуде шеңбері өлшемдерінің айырмасының үштен екі бөлігі (51-48=3см; 3:3х2=2см) салынады. Одан соң қолтық ойындысының сызығынан бастап табылған нүктелерді бастыра жамбас сызығына дейін сынық сызық жүргізіледі. Бұл алдыңғы бойдың бүйір тігісінің сызығы болады.Жамбас сызығынан төмен қарай алдыңғы бойдың орта сызығы бойымен 2см салынып, табылған нүкте дөңес сызық арқылы алдыңғы бойдың бүйір тігісінің сызығымен қосылады. Етек осылай тегістеледі.Алдыңғы бойдың орта сызығынан бастап желке сызығы бойымен солға қарай кеуде шеңберінің сегізден бір бөлігі өлшеніп, оған 1см қосылады ( ), бұл - жаға ойындысының кеңдігі. Табылған нүктеден жоғары қарай ұзындығы ГГ1 кесіндісінен 0,5см артық өлшемге тең (3+0,5=3,5см) түзу жүргізіледі. Бұл - жаға ойындысының биіктігі. Кеуде сызығынан төмне қарай алдыңғы бойдың орта сызығы бойымен 3см салынады. Бұл - жаға ойындысының тереңдігі. Жаға ойындысы биіктігінің нүктесі табылған нүктемен ойық сызық арқылы қосылады. Жаға ойындысының сызығығы анықталады. Жаға ойындысы биіктігінің нүктесі Г1 нүктесімен көлбеу сызық арқылы қосылады.Қолтық ойындысының шығыңқы сызығынан бастап оңға қарай кеуде сызығы бойына 2см салынады. Табылған нүктеден алдыңғы бойдың орта сызығына дейінгі қашықтық қақ бөлінеді, бұл нүкте кеуденің көтеріңкі нүктесі болады. Г1 нүктесінен солға қарай иықтың бойына иық ұзындығының үштен бір бөлігі (13:3=4,3см) салынады. Жаға ойындысы биіктігінің нүктесінен солға қарай түзудің бойына дәл осындай қашықтық (4,3см) өлшеп алынады. Табылған нүктелер түзу сызықтар арқылы кеуденің көтеріңкі нүктесімен қосылады. Вытачка осылай сызылады.Одан кейін вытачканың сол жағының ұзындығы өлшеніп, ол оның оң жағына салынады. Өлшеніп алынған кесіндінің жоғарғы ұшы көлбеу сызық арқылы жаға ойындысы биіктігінің нүктесімен қосылады. Вытачка теңестіріледі. Алдыңғы бой иығының ұшынан қолтық бойымен төмен қарай 1см өлшенеді де, табылған нүктені сәл дөңес сызық арқылы иықтың ортасымен қосып, иықты сәл бастырады. Көйлек кеудесінің бел вытачкалары қалай есептеліп сызылса мұнда да дәл солай есептеліп сызылады, вытачка орындарының сызықтары мен тереңдігінің сызықтары жамбас сызығына дейін ұзартылады.