«Қазақтың ұлттық киімі заманауи кәжекейдің жасалу технологиясы» тақырыбындағы ғылым жобасы



бет5/9
Дата15.11.2023
өлшемі202,34 Kb.
#123427
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
КӘЖЕКЕЙ АРУ БИЖАН

Кәжекей пішу. Ұзақ жылдар бойы жинақталған зерттеулер мен деректерге сүйенсек, олардың пішілуі Қазақстанның барлық аймағында бірдей,яғни кебенекше ойып пішіледі. Бешпенттің жағасы тік жағалы болып келсе, камзол көбінесе ойма жағалы болған. Камзолдың жеңі көбінесе ойылып пішіледі, кейде қондырма жеңді болады. Камзолдың алдыңғы бойы қаусырылмайтын, яғни алды айқаспайтын етіп пішіледі. Алдына қапсырма, түйме тағылады.
Кәжекейдің тігілуі. Камзол жалпы түркі халықтарына тән киім болғандықтан, оның тігілуі ХІХ ғасырдың ортасына дейін қазақ, қырғыз, татар, башқұрт елдерінде өте ұқсас болды. Камзолды барқыт, пүліш, жібек, гүлді мақпалдан, атластан, шұға, мауыты т.б. маталардан безендiрiп тіккен. Жүн тартылып, аң терісінен астарланып тігілетін түрлері де болады. Көбінесе, оның тысы мен астары арасына «бидайы» аталатын шүберек салынады. Камзолдың ұзындығы әйелдердің жас ерекшелігіне қарай әртүрлі болып келеді. Орта және егде жастағы әйелдер бір түсті шымқай, қызыл, көк, жасыл, қара түстiң бірін таңдап, киген.
ҚР МОМ қорындағы (КП 13132/а) орта жастағы әйелдерге арналған камзол. көгілдір барқыттан тігіліп, шыт матамен астарланған. Жағасы оймалы, екі бүйірінен шабуланған. Ойма жағасы мен өңіріне, етегіне оқа бастырып, белі мен етегіне шашақ тігілген.
ҚР МОМ қорында сақтаулы (КП 9634) К. көгілдір қалың барқытпен тысталып, қара көк түсті сәтенмен астарланған. Ойма жең, етегінің екі жағына үшкіл шабылғандықтан тра- пеция тәрізді. Екі иінінен бастап өңірі мен етегін айналдыра оқа бастырылған. Сол жақ өңірінің ішкі жағына төс қалта салынған. Екі жерінен екі торсылдақ түйме және ілгешек қадалған (жалпы ұз. 74 см, қолтық ойындысы (айнала) 44 см, екі иіннің аралығының ені 32 см, етегінің шалғайы 163 см, өңірінің ені (етегінде) 46 см).
Жас қыздарға арналған камзолға көбінесе ашық түсті мата таңдап, жағасына, етегіне зер, кестелі немесе жапсырма өрнектер жүргізіп қысқа, шолақтау етіп киген. Қыздар камзолының белі міндетті түрде қыналып тігіледі. Белдің қыналып тігілуі жастардың дене бітімін аша түседі, тал шыбықтай немесе құмырсқа бел теңеулері қыз амзолының осындай пішіміне қарай айтылған. Сән қуған жастар камзолмен бірге тақия, етіктің де түсін бірыңғай етіп киюге тырысқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет