"Айыр". "Ашатұяқ". "айыртұяқ" өрнегі кейде "айыр" өрнегі деп те аталады. Пішен ашалайтын айырға ұқсас келеді.
"Каңқа" ою-өрнегі тоқыма бұйымдарында қолданылады. Малдын қурап қалған сүйегін түспалдайды. Алаша, басқұр, бау т.б. тоқыма бұйымдарында негізгі өрнек ретінде салынады.
"Жылан", "Жыланбас" - балалардың тақиясына "көз тимесін " деп тағатын, жыланың бас сүйегіне ұқсас ою-өрнек. Бұл өрнек жылан бейнесін тұспалдап тұрады.
"Құсқанаты"- мүйіз оюы немесе шахмат шаршылары бейнеленген құстың қанаты тәріздес ою-өрнек. Бұйымдарда көп қолданылатын бұл ою қанатын жайып ұшып жаткан құсты тұспалдайды. Қазіргі кезде құсақанаты" ою-өрнегін басқа өрнектермен аралас қолдана береді.
«Құстұмсық» -құстың тұмсығын түспалдаудан туған. Ол тармақты мүйіздер мен сызықтардан құралады. Мұнда ою ортасындағы сызық ұшы құстың тұмсығына ұқсас етіп қиылады. "Құстұмсық" жүзік немесе "топсалы" жүзік сәлемдеме ретінде туыстар арасында дәнекер қызметін атқарған. Тұрмысқа шыққан қызынан орамалға түйілген "құстұмсық" жүзік келсе, ата-анасы қуанып. көршілерін шақырған. Құс бейнесі — халық түсінігінде азаттықтың белгісі. Жүзікке қарап ата- анасы қызының ұзатылған жерінің жақсы екендігін біледі.
"Қос дөңгелек" — мал таңбасына ұқсайтын ою-өрнек. Қос дөңгелек өрнегімен негізінен киіз ұйымдары, текеметтерді, сырмақтарды әшекейлейді. Ежелгі көшпелілер дүниетанымында күнді түспалдайтын дөңгелек таңбасында тылсым бір күш бар деп сенген, сондықтан тұрмыста қолданатын барлық бұйымдардың ортасына Күннің түспал бейнесі қолданған.
"Тұмарша" ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Үш гүл, үш бұрыш, тәрізді тұмарлар тіл-көзден сақтау үшін адамдарға ғана емес, үй жануарларына да бойтұмар ретінде тағылады. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта түсын көмкеруде кездеседі.
"Җостұмарша " ,"сызығыштұмарша " ою-өрнегі төбесінен түйістірілген екі тұмарша үшбұрыш өрнегі қосылады да, екі геометриялық үшбұрыш жасайды. Бұл өрнектің түрі "тұмарша" өрнегі секілді тіл-көзден сақтау ұғымын білдірмейді, тек әсемдік әшекей ретінде қолданылады әдетте кілем шетіндегі және ортасындағы оюлардың ортасына салынады, кейде бұл өрнек "аралықгүл" деп аталады.