Қазақтың ұлттық ою-өрнегі арқылы іскерлік шығармашылығын арттыру Ізденуші: Рыстай Гаухар 3-сынып оқушысы Бағыты



бет2/7
Дата29.12.2023
өлшемі296,61 Kb.
#145071
1   2   3   4   5   6   7
Зерттеу мақсаты:
- ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын анықтау;
- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық мәдениетке баулу, ою-өрнектерді пайдалана отырып ұлттық тәрбие беру;
Зерттеу объектісі: Мектеп оқушыларына технология сабағында ұлттық ою-өрнектерді оқыту.
Зерттеу пәні:
Оқушылардың шығармашылығын ою-өрнекті үйрету мен шарттары арқылы дамыту;
Зерттеу міндеттері:
- зерттеу проблемалары бойынша педагогикалық-психологиялық әдебиеттерді зерделеу;
- халықтық қолданбалы өнер арқылы ұлттық тәрбие беруде қалыптастырылуы тиіс еңбектік іскерлік пен қабілет әрекеттерінің көрінісін айқындау;
- зерттеу тақырыбына сәйкес әдебиеттерді пайдалана отырып, ұлттық ою-өрнектерді пайдалану мен үйрету шарттарын сипаттау.
Жобаның құрылымы мен көлемі: кіріспеден, негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Негізгі бөлім
1. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы
2. Ою-өрнектердің қазақ мәдениетіндегі алатын орны
3. Ою-өрнек өнеріне баулуда ұлттық тәрбие берудің негіздері


1. Қазақ ою-өрнегінің даму тарихы
Қазақ ою-өрнегінің өзіне тән даму жолы мен тарихы бар. Тарихи-ғылыми деректерге жүгінсек, қазақ халқының алғашқы ою-өрнектерінің тарихы сонау көне замандардан, сақ, андронов мәдениетінен басталады. Мысал ретінде, қазба жұмыстарынан табылған құмыра мен ыдыстардағы өрнектер, тау-тасқа бейнеленген суреттер, сәулет өнерінде қолданған өрнектерді айтуға болады.
Дәлірек айтқанда, 1960 жылы Талдықорғанда табылған қазанда «ұлу» өрнегі бейнеленген. Алматы облысында табылған құмырада «лотос қауызы» тәріздес өрнектер болған. Бұл өрнектер неолит және қола дәуірінен бастау алған деген болжам бар. Қазақ қолөнерінің ертеректе пайда болғанын Досбай тауларында бейнеленген суреттер мен Ұлытаудан табылған керамикалық ыдыстар да дәлел бола алады. Көне дәуірде өмір сүрген адамдардың кәсіптерінің бірі-саятшылық болғаны белгілі. Оның көріністері ретінде Қаратау жақпаларына салынған суреттерді айтуға болады. Ал орта ғасырларда өрнектер сәулет өнерінде пайдалана бастады. Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінде, Батыс Қазақстандағы құлпытастарында, Тараз қаласының маңында тұрғызылған Айша-Бибі ескерткіштерінде, сонымен қатар қазақтардың баспанасы саналған киіз үйлерінде көп бейнеленген.
Қазба жұмыстары кезінде сақ қорғандарынан алтыннан, ағаштан, қоладан, теріден, зергерлік бұйымдарынан, яғни жалры қолөнер туындыларынан жасалған барлық ескерткіштеріне ою-өрнек бейнеленген. Ол ою-өрнектер жан-жануарлар мен аңдардың, құстардың бейнелері болған. Сақтар зергерлік бұйымдарына (білезік, сақина, жүзік, алтыннан жасалған моншақтар) негізінен ғарыштық және геометриялық ою-өрнектердің қарапайым элементтерін бедерлеген. Олардың алғашқы оюларының бөлшектері ғарыш әлемінен туындаған деседі. Кейін келе, сақтарда сынық, жолақ, жіңішке, жуан сызықтар мен үшбұрыштар пайда бола бастады. Бұл сақтардың тұрмыс-тіршілігін айқындай бастады. Осындай ізденістің арқасында олардың сана сезімінде табиғатқа байланысты бейнелер (күн өрнегі, жапырақ өрнегі, жұлдыз өрнегі, крест бейнелері) туындап, оларда түстерді бояп, композиция жасап қолдана бастады.
Ғұн мәдениетінде сыртқы пішіні пирамидаға ұқсап жасалынған «үшбұрыш» өрнегі әйелдерінің алқасында бейленді. Ғұндар өнерінде киізге, былғарыға,, тастарға түрлі бейнелер салды. Бұл ата-бабаларымыздың тұмыс-тіршілігінен көптеген мағлұматтар алуға болады. Зергерлеі бұйымдарда жануарлар мен аңдардың бейнелері кездеседі.
Сақ тайпасының жалғасы болып табылатын үйсіндер мен қаңлылардың мәдениеті сақ мәдениетін одан ары қарай дамытты. Оларда темірден жасалған өрнектер көптеп кезедседі. Үйсіндер мен қаңлыларда бейнеленген ою-өрнектері басым бөлігі геометриялық элементтерден жасалынып отырды. Түрік қағанаты өмір сүрген жәдігерлерге сүйенсек, қолөнер шеберлері үстем тап өкілдеріне арнап үй-жиһаздарын, ер-тұрман, киім-кешек, ыдыс-аяқ, зергерлік бұйымдарына геометриялық және өсімдік тектес ою-өрнектерді салып отырды.
Қазақ ою-өрнек өнерін жан жақты зерттеуде ғалымдар мен өнертанушылар, тарихшылар мен этнографтар ат салысты. Ою-өрнек тарихын қазақ ғалымдарының саралай бастағанына небәрі 50 жылдан енді асыпты. Ғалымдардын пайымдауынша, пайда болуының бірнеше себептері бар. Адамзат ғасырлар бойы әсемдікке, сұлулыққа ұмтылған, сондықтан да ою-өрнектерді тұрмыстық заттарды безендіру үшін пайдаланған. Ою-өрнек өнерінде белгілі бір халыққа ғана тән негізгі көркемдік ерекшеліктері сақталады. Сондықтан ол халықтың бейнелеу, сұлулықты қабылдау мәдениетіліктің жоғарлылығымен, ұлттық қолтаңбамен тікелей сабақтасып жатады. Ғалымдар халықтың өнеріне баға беру кезінде жоғарыда аталған өлшемдерді басшылыққа алады. Қай халықтың мәдиениетіне байыппен көз салсақта, сол халықтың өздеріне тән әсемдік талғамы мен танымына, эстетикалық ұстанымына сәйкес дамып отырғанына көз жеткіземіз. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ халқының тұрмыс-тіршілігінде ою-өрнек қатыспайтын саласы жоқ деуге де болады. Сондықтан да қолөнер саласының бәрінде де бұйымдарды көріктендіру үшін, әшекейлеу үшін ою-өрнекті молынан пайдаланған.
Ою-өрнек (латын тілінен аударғанда әсемдеу, сәндеу) – әр түрлі заттарды, архитектуралық ғимараттарды әшекейлеуге арналған жүйелі ырғақ пен қайталанып отыратын әр үйлесімділікке құрылған өрнек-нақыштар. Ұлттық ою-өрнек өзіне тән белгілерінің жүйелерін қазақ халқының қалыптасуымен әрі республиканың қазіргі аумағын мекендеген Азияның басқа да халықтары мәдениетімен тығыз байланыста дамыды. Бұл ортағасырлық архитектуралық ғимараттардағы көгеріс және геометриялық ою-орнектерден (Айша-бибі, Ахмет Яссауи кесенесі) айқын көрінеді. Қоңыр ою-өрнектің дәстүрлі тоқыма өнері үлгісінде, кестеде, ағаш, мүйіз, сүйек, металл мен теріге өрнек салу мейлінше жетілдіре түсті. Ою-өрнек ісі тым ерте заманнан бастап-ақ қазақ қолөнерінің барлық түріне бірдей ортақ әсемдеп әшекейлеудің негізі болып келді. Ою деген сөзбен өрнек деген сөздің мағынасы бір. Бұл сөздің ұғымында бір нәрсені ойып, кесіп алып жасау немесе екі затты оя кесіп қиюластырып жасау, бір нәрсенің бетіне ойып бедер түсіру деген мағына жатады. Қазақ көбінесе бір өрнекке салып қиып алған үлгіні, үлгіге салып кескен сырмақтың қиығын, сондай-ақ барлық қошқар мүйіз өрнектерін де ою дейді. Ал өрнек дегеніміз әр түрлі ою, бедер, бейненің күйдіріп, жалатып, бояп, батырып, қалыптап істеген көркемдік түрлердің, әшекейлердің ортақ атауы іспеттес. Сондықтан, ою-өрнек деп қосарланып айтылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет