3. Ою-өрнек өнеріне баулауда ұлттық тәрбие берудің негіздері «Ұлттық тәрбие» деген термин кез – келген ұлтқа байланысты айтылатын ұғым. Өйткені, қандай ұлт болса да тәрбиесін өз тілінде ұлттық тәлім тәрбие тәжірибесіне байланысты жүгізеді.
Сәндік қолданбалы өнері халқымызда ұлттық тәрбиемен тікелей байланысты. Көркем өнердің қазақ халқынын ұлттық мәдениетінде алатын орны, манызы ерекше. Тәуелсіздік алған қазақ халқының мерейі өсіп, мәртебесі биіктеп келеді. Мемлекетімізді өрке-ниетті елге айналдыру үшін ұлттық мәдениетімізді жаңғыртып, көркейту қажет. Ұлттық мәдениеттің ауқымы кең. Ол — еңбастысы тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді, ұлттық өнерімізді дамыту. Ежелден келе жатқан қасиетті дәстүр, тәлім-тәрбие. ұлттык өнерге баулу — жас жеткіншектерді жан-жакты тәрбиелеудін негізгі құралы.
Қазақстан Республикасы өркениетті елдің қатарына қосылу үшін оқушыларымызға сапалы білім, саналы тәрбие беру керек. Ата-бабаларымыздан мирас болып қалған қазақтың ұлттық өнерінің түрлері көп. Оларға жаңаша талдау жасау қажет. Ұрпақ тәрбиелеуде қазіргі кезде ұлттық педагогиканы негізге алу басты міндет. Ұлттық педагогика - ол халықпен бірге дамып оқушыларға ұлттық тәрбие беруде қолданып келе жаткан, қайта жаңғырған тәрбие арқауы. Ұлттық тәрбиені оқушыларға бойына қалыптастыруда көркем-өнердің маңызы ерекше. Қазіргі Тәуелсіз мемлекетіміздің туы желбіретіп, келер ұрпағымызға еліміздің еңсесін түсірмей, оны ары қарай өрлете түсу үшін қоғамға саналы, білімді, ұлттық намысы бойында тасып тұрған "қазағым, елім" дейтін азаматтарды тәрбиелеу қажет. Оған атсалысу — аға буынның, ұстаздар мен тәрбиешілердің, отбасындағы ата-аналардың міндеті.
Қолданбалы қолөнер түрлі ұлттың халықтары сияқты қазақ еліне де тегіс тараған өнер. Әр ұлттың өрнегінің өзіне тән ерекшеліктері бар. Сәндік қолданбалы қолөнері тек ою-өрнек емес, олар математикалық ойдың, есептің, бұрыштық өлшемдерінің сабақтастығының қосындысы, жан-жақты тәрбие құралы. Халық қолөнерін игеру — оқушыны еңбексүйгіштікке, әсемдікке талаптандырып, халқының тарихын біліп мәдени мұрасын қадірлеп дестүрін жалғастыра білуге баулиды.
Сәндік қолөнері - халықтың мәдениеті мен өнерінің айқын көрінісі.
"Өнер таусылмас азық, жұтамас байлық" - дейді халық даналығы. Қазақтың қолөнері де өзінің даналығы. Қазақ қолөнері көркемдік мол - мағынасымен халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы. Бабалардан қалған қандай өнер, қандай қазына бар? Оның бірі - ою-өрнек. Оларды жоғалтпай үйреніп, әрі қарай дамыту біздің міндетіміз.
Ұлттық өнерді, оның ішінде сәндік – қолданбалы өнерді ойдағыдай меңгерген балада ұлттық талғамның қалыптасатыны сөзсіз. Адамның адам болып қалыптасуының құралы — еңбек дейміз. Еңбек тәрбиесі — барлық тәрбиенің қайнар көзі. Өйткені бала алған білімін іс жүзінде қолдана біліп, оны өмірмен, өзінің іс-әрекетімен, күнделікті тіршілік қызметімен байланыстыра білгенде ғана өзіне де, қоғамға да пайдасын, жемісін береді.
Қазақ халқының еңбек тәрбиесіне аса үлкен мән бергені: «Еңбек етсең емерсің», «Екпей егін шықпас, үйренбей білім жұқпас», «Өнерліге өріс кең», «Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер», тағы басқа мақал-мәтелдерінен-ақ көрініп түр.
Ою-өрнек қайдан шыққан? Ою - бір нәрсенің пішінін ойып алу. Қазақ халқы жері от, суы мол жайылым қуып, кең сахарада жүріп жер-суының қадір қасиетін жетік білген, жайлы қоныс іздей жүріп, өсімдік қасиетін мол байыптаған. Өнерді құрметтеген халық шеберлерді де ізгі ілтипатпен елдің құрметті адамдарының қатарына қосты. Әрине, халықтың қолөнерді қажет ететін тамаша үлгілері көп. Солардың табылмай, танылмай жатқан түрлері де баршылық. Айталық, қазақ халқында өрмек тоқу, текемет басу, сырмақ сыру, тұскиіз жасау сияқты өнері кең тараған. Міне, осындай мәдени мұраны көш деп қарамай, оны байырғы байлығымыз деп бағалап, халқымыздың тұрмыс қажетін өтеуге тиімді пайдалануымыз керек. Халқымыздың ұлттық ою – өрнегі – кең даланы мекендеген талай тайпалар өнерінің әсері мен замандар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою – өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, ғұн, үйсін өнері мұраларынан геометриялық зооморфтық (жан – жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнелері) көгеріс өрнек пен қиял ғажайып ою – өрнектер (аспап, жер символы) ретінде көрінеді. Олар негізінен мал шаруашылық, аңшылық әдет – ғұрып, үй жабдықтары мен сән – салтанат бұйымдарын, батырлар қару жарағын әсемдеуге қолданылған.
Ұнамды жасалып, биязды көркемденген өнердің көш мұраларына (алтын тәжілер, ағаштан, қыштан, теріден өңделіп жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т.б.) біздің заманымыздан бұрынғы VIII-ші ғасырларда ою – өрнек өнерінің ерекше дамығанын көрсетеді. V-VII ғасырларда зергерлік өнері мен кілем тоқу өнерінің жан – жақты дамуына байланысты ою – өрнек әсері де өркендей түскен.
Ертеден келе жатқан ескерткіштерді: «Қошқар мүйіз», «Түйе табан», оюлары басым қолданылса, V-i ғасырдан бастап «Қырық мүйіз», «Шытырман», «Таңдай», «Құман бау», т.б. күрделі ою – өрнектермен толыққан. Ою–өрнектер заттардың көлемі мен формасына, ерекшелігін жұмсалатын мақсаттарына қарай ойластырып жасалады.
Кілемдер алғаш ру үлгілеріне (керей үлгі), ою – өрнек түріне (тақыр кілем , түкті кілем, т.б.) қарай аталатын болған.
Қазақтың сән және қосалқы өнері туындылары орта ғасырларда (VII-XVII ғ.) көлемі жағынан тұрпатты, шеңбер мен ромб пішініне келтіріліп айқын ою – өрнектермен (ішінара құс пен маймыл) бейнелі көркемдеме XVIII-XIX ғасырларда ұлттық дәстүр жетекші орын ала бастады.
Үй жиһаздарына көбінесе ашық түсті айшықты жайылмалы (түс киіздерде – алқызыл, құлпырмалы), түкті кілемдерде – геометриялық ұласылды, текшелі, алаша басқұр, тақыр және арабы кілемдерде, инструкциялы аралас (кебеже, сандық жүк аяқтарда) ою–өрнектер қолданылады. Кестелеу, зерлеу тоқыма әдістері арқылы жасалатын тұтыну заттарды, киім–кешек өрнектерді басқа ою–өрнектерге қарағанда нәзік, ұтымды әрі көркем жасалуымен ерекшеленеді.
Ежелгі ою-өрнектердің мазмұнына көпетеген ғасырлар бойы сақталып келген, қолданбалы өнер шеберлердің толық көлемдегі дәстүрлері енгізілген. Қолда бар деректерге сүйенсек, шеберлер өздерінің біртумасын құра отырып, оған табиғаттың өзінен алынған үлгілерді нақты беруге тырысты. Суреттерде жануарлар денесінің бір бөлігі: мүйізі, тұяғы, құстың тұмсығы, түлкінің басы, қасқырдың құлағы, иттің құйрығы, сонымен қатар көптеген өсімдік түрлері бейнеленді. Ою-өрнектер ауызша халық шығармашылығына іспеттес, қазақ халқының мәдени шежіресі болып табылады. Біздер уақыт өте келе жоғалып бара жатқан өнер түрлерімен таныс болуымыз қажет. Ол өзге өнер түрлерінің: қолданбалы, бейнелеу, сәулет және т.б. өнерлердің арасында өзіне лайық орынға ие болуы тиіс.