– Жаратқанның берген жасын аман-есен жасай беріңіз. Бізге бата бересіз бе? – Әрине! Шырақтарың жанып тұрсын, Бұлақтарың ағып тұрсын. Бәле-жаладан қағып тұрсын, Жазың жайлы болсын, Қысың майлы болсын, Бастарыңа амандық, Астарыңа адалдық, Дастарқандарыңа құт-береке берсін. Бата бердім, сізге, Жастарың келсін жүзге! – Әумин! Әңгімеңізге рақмет! Әсіресе, күллі Одаққа танымал Юрий Левитаннан алған сабақтары мен Мұхтар Әуезовпен сұхбаты ешқашан жадынан өшкен емес. Құрбысы Нелли Омарованы да жиі еске алады. Екеуі егіз қозыдай еді. Зұлқия қазақша эфирдің жұлдызы болса, Нелли орысшасын жарқыратты.
Қос жұлдыздың біреуінің жарығы өшті. Нелли Омарова 2012 жылы дүниеден озды. Сондықтан, «дикторлардың анасы» атанған, жасы жүзге жақындаған Зұлқия апайдың батасы бүгіндері айрықша бағалы.
Қазақ телевизиясының тарихында қалған тағы бір жүргізуші - Ләзиза Аймашева. Ол 1959 жылы көгілдір экран арқылы ақпарат таратқан. Одан кейін эфир көркін ашқандар: Орынбала Оразбаева, Ләскер Сейітов, Мариам Айымбетова, Всеволод Иванов, Лидия Тюльменко, Қажы Қорғанов, Тыныс Өтебаев сынды ардагерлер. Ал, 1980 жылдары қазақ телевизиясына орта буын өкілдері келді.
«Эфир» — сөзі грек тілінен аударғанда ауаның жоғарғы қабаты немесе «жоғарғы ауа» деген мағынаны береді, Ал ғылыми тұрғыда «эфир — радиотолқындар таралатын кеңістіктің жалпылама атауы».