Қазақтілі%20мен%20әдебиетінен%20емтихан%20Тапсырмалары%209Д



Pdf көрінісі
Дата12.05.2023
өлшемі84,15 Kb.
#92053


1-тапсырма. Төменде берілген мəтінді оқыңыз.
Алаш идеясы мен қайраткерлері
Алаш —ежелгі түрік сөзі. Ол — бауырластар, қандастар, туыстар дегенді білдіреді.
Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады. Ескі шежіре
деректерінде
Алаш
атауы
қазақ
халқының
синонимі
ретінде
келтіріледі.
Мысалы, Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын
қолданады. “Атамыз — Алаш, керегеміз — ағаш” деген қазақ халқы ұлттық тəуелсіздік
жолындағы күресінде ежелгі Алаш ұғымына қайта оралып, оны бостандық пен бірліктің
ұраны етіп алды.
«Алаш идеясы» — қазақтың мемлекеттік, елдің ұлттық идеясы. Өйткені Алаш —
халқымыздың бойына күш-қуат жəне сенім берген ұлттық идея. Алаш — ұлттың өзін
бөлінбес тұтас жер, яғни территория ретінде сезінуі. Алаш — ұлттың аспан асты, жер
үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен үлесін анықтау əрекеті.
Қазақ тарихында Алаш арыстарының орны ерекше. Олар Қазақ елінің сан ғасырлық
даму тəжірибесін, салт-дəстүрін сақтай отырып, одан əрі дамытуды, білім алып, өр-
кениетті елдердің өмір тəжірибесінен үйренуді көздеді. Елге демократия, білім-білік алып
келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы зиялы қауым өкілдері болды. Алаш
зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті. Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел
ету бағытындағы мақсатты ойларын бес тұғырға негіздеді. Бірінші — жер мəселесі. Жерсіз
Отан жоқ. Қазақтың байырғы жерін қашан қазақтар өз бетінше ғылым мен техникаға
сүйеніп толық игермейінше, жер жеке меншікке де, қоныстанушыларға да берілмейді.
Екінш і— жердің астындағы, үстіндегі, аспанындағы барлық игілік Қазақ мемлекетіне
қызмет етуі керек. Үшінші — толықтай экономикалық тəуелсіздікке қол жеткізуге
ұмтылуы тиіс еді. Төртінші – қазақ мемлекетінде мемлекет құрушы ұлттың тіл, дін, діл
үстемдігі болуы керек. Бесінші, түпкі мақсатымыз – ғылым мен ұлттық салт- дəстүрге
негізделген заңға сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру
Алаш идеясы ұлттық бірігу концепциясына алып келді. Алаш идеясы қазақтың
оқыған, саяси орталықтарда білім алған, мемлекет құрылысын қалыптастыру туралы
білетін ұлт зиялыларының басын біріктірді. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақтың
басы бірікті. Алаш зиялылары ұлттық əскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын
автономия құрудан бұрын ойластырған еді. Өйткені мемлекеттің негізгі тірегі, қорғаны —
əскер. Өткен ғасырдың басындағы Алаш Орда қайраткерлерінің ұлттық тəуелсіздікке
ұмтылыста халық сарбаздарын құру ісі — бүгінгі қазақ əскерінің қалыптасуының
алғышарты.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып, тəуелсіздік
пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын. Бүгінгі
Тəуелсіз Қазақстан мемлекеті — сол идеяның жемісі.
(346 сөз)
Мəтіннен мына сөздердің сəйкес мағыналарын табыңыз.
мағынасына –
ажырамас –
еркін –
көшіп келушілерге – _
қосты –
2-
тапсырма. Төменде берілген əр сөйлемді өз сөзіңізбен қайта жазыңыз. Сөйлемдерді
берілген сөздермен бастаңыз.


Мысалы: Алаш аты тарихта кездесетін ең көне атаулардың қатарына жатады.
Тарихта
Жауабы: Тарихта алаш аты — ежелгі атаулардың бірі.
1.
Ескі шежіре деректерінде Алаш атауы қазақ халқының синонимі ретінде
келтіріледі. Алаш атау
2.
Қадырғали Жалаиридің өзі деректерінде қазақтың орнына Алаш атауын
қолданады. Алаш атауын
3.
Алаш — ұлттың аспан асты, жер үстінде өз орны бар ел ретінде өз еншісі мен
үлесін анықтау əрекеті.
Ел ретінде
4.
Елге демократия, білім-білік алып келу үдерісінің бастауында тұрғандар да осы
зиялы қауым өкілдері болды.
Зиялы қауым өкілдері _
5. Алаш зиялылары Отанға адал қызмет етуді мақсат етті.
Отанға
6.
Алаш қайраткерлері қазақ халқын азат ел ету бағытындағы мақсатты ойларын
бес тұғырға негіздеді .
Қазақ халқын
7.
Түпкі мақсатымыз — ғылым мен ұлттық салт-дəстүрге негізделген заңға
сүйене отырып, ұлттық-демократиялық мемлекет құру.
Ғылым мен
8. Алаш идеясының аясында мыңдаған қазақ бірікті.
Мыңдаған қазақ
9.
Алаш зиялылары ұлттық əскер құрып, қуатты мемлекетке айналу идеясын
автономия құрудан бұрын ойластырған еді.
Қуатты мемлекетке айналу
10.
Алаш қозғалысының негізгі идеясы демократиялы қоғам қалыптастырып,
тəуелсіздік пен дамудың алғышарты ретінде қазақтың ұлттық мемлекетін құру болатын.
Қазақтың ұлттық мемлекетін құру
3-
тапсырма. Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. Мүмкіндігінше, өз сөзіңізбен жауап
беруге тырысыңыз.
1. «Алаш» идеясы қандай мақсатты көздеді?
___________________________________________________________________________
2.
Алаш
қайраткерлері өздеріне қандай мақсаттар қойды ? Кем дегенде 2 мақсатын
көрсетіңіз.
_____________________________________________________________________________
3. Алаш идеясының құндылығы неде? 2 дəлелді жазыңыз.
___________________________________________________________________________



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет