«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет27/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66
Байланысты:
Шокан Абай Ыбырай

34

Уәлиханов Ш.
Таңдамалы. 163-бет.
2 Бұл да сонда, 1Ь4-оет.


мандық оқу орнында дағдыға айналған, шәкірттерді 
таяққа жығып, қиянат көрсетіп, қатты қорлаған.
Шоқан ислам дінінің, дін иелерінің қазақ әйелдері- 
не, әсіресе жас қыздардың өміріне жасап отырған зұ- 
лымдық іс-әрекетін де әшкерелейді. Мұсылмандыққа се- 
нушілік басым жерлерде неке қидыру және неке бұз- 
дыру дәстүрі бар, мұны іске асырушылар — молдалар 
мен қожалар. Олар құранға, шариғатқа сүйеніп көп 
әйел алуды, кәмелетке толмаған жас қыздарды неке- 
лендіруді қостаған, әйелдің еркімен ешбір санастыр- 
маған.
Қазақтардың дөрекі әдеті — қыздарын ерге жас ке- 
зінен, көбінесе олардың ырқынсыз ұзатуы ғой дейміз. 
Қазақтар кейде бесіктегі нәрестесіне құда түсіп, «үкі та- 
ғады», бұл аянышты жағдайды дінге қостатады. Қазақ 
даласындағы әлеуметтік әділетсіздіктің бір. түрі — әйел 
теңдігінің жоқтығы екенін қынжыла, қинала сөз ете ке- 
ліп Шоқан: «Біздің қырда көбіне молдалық міндет ат- 
қарып отырған татарлардың рахымсыздық, білімсізді- 
гін және қандайда болмасын ультраклерикалдық бағыт- 
тың халықтыд әлеуметтік дамуына тигізетін жат әсерін 
ескере отырып, молданың ықпалын әлсірету және діни 
фанатизмді қалыпқа келтіру үшін, әрі халықтың тала- 
бын орындау мақсатпен неке және некеден ажырау ісін 
бұрынғыдай би сотының билігіне берген жөн»1,— дейді.
Шоқанның әйелдерді ислам дінінің фанатизмінен, 
молдалар мен қожалардың зұлымдықтарынан құтқару- 
ды талап етуі құптарлық іс, алайда әйелдерді дін иеле- 
рінің ықпалынан кұтқарып, олардың тағдырын билерге 
тапсырғаннан феодалдық-патриархалдық қоғамда әйел- 
дердің әлеуметтік жағдайынық өзгермейтінін ағартушы 
аңғара қоймайды. Мысалы, Еңлік пен Кебектің тағды- 
рын шешуде Кеңгірбай бидің үкімі ешбір қожа-молда- 
ның зұлымдығынан кем емес қой!
Шоқан өз шығармаларында Қазақстан Россияға қо- 
сылғаннан соң, патша үкіметі дінді отарлаудың рухани 
құралына айналдыру үшін әрқилы саясат ұстағанын, 
әр түрлі айла-тәсіл жүргізгенін батыл түрде талдайды. 
Ағартушының пікірін жүйелей айтсақ, ГТатша өкіметі 
дін жөнінде үш бағытта саясат ұстады: біріншіден, ха- 
лықты ақ патшаның ықпалына көндіру үшін ислам ді- 
нін, оның фанатизмін тікелей пайдалану, екіншіден,( қа-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет