зақ даласында ислам дінінің терең тарамағандығын
еске ала отырып, қазақтарды христиан дініне кіргізу,
христиандандыру, жергілікті халықтьщ тілімен айгқан-
да, шоқындыру; үшіншіден, қазақтың кең даласындағы
әр облыстардың жергілікті ерекшеліктерін еске ала оты
рып, ислам мен христиан дінінің ортасынан жаңа дін —
«аралық дін» шығару. Енді осы саясаттардың әр қай-
сысына қысқаша тоқталайық.
Бірінші мақсатты іске асыру үшін патша үкіметі са-
насы дала ауасындай таза, діндарлығы аз халықты ис
лам дінінің фанатизміне сендіріп, өз жарлығын, әмірін
«алланың» бұйрығындай орындатуға ұмтылды. Осыған
орай «...біздің сібірде үкімет мұсылмандықты қамқор-
лыққа алды, соның арқасында біздід облыста ислам
ауа жайылып, етек алып отыр. Бүкіл қырда татардың
шала молдасы көбейіп, Орта Азиядан шыққан әулиелер
қаптап кетті. Біраз уақыттан бері шекаралық округтер-
ге дәруіштік жолды тұтқан күрт, ноғай, түріктер келе
бастады. Шетелдік мұсылман кезбелерінің, әсіресе та
тар саминаристерінің (мен бұларды әулиелер емес, на-
ғыз табынушылар деп білемін) мүддесі қазақтарды
соқыр наныммен шырмап, дінге бас ұрғызу»1,— дейді
Шоқан.
Патша үкіметі сахарада ислам дінін тарату, тұрақ-
тату үшін татар, башқұрт, ортаазиялық молдалар мен
қожаларды жан-жақты пайдаланды.
Ол кезде қазақ даласына ислам дінін тұрақтату
үшін қай жақтан қанша молдалар жіберілгені туралы
мәлімет жоқ, ал Шоқанның өз байқауындағы жағдай
мынадай болған: «Біздің болыстың әр ауылында көшпе-
лі мектеп бар. Ондағы мұғалімдердің басым көпшілігі
татар молдалары немесе семинаристер, Көкшетау, Ат-
басар мен Ақмола округінде татарлар басым. Ал Баян-
ауыл мен Қарқаралы жақта кейінгі кезде оларды ор-
таазиялықтар ығыстыра бастады». Орыс үкіметі қожа-
молдалармен қосылып, «аңқау қазақты алдап соғуда»2.
Патша үкіметі өзінің отаршылық саясатын жүзеге
асыру үшін татарды, ортаазиялық қожа-молдаларды,
діни мектептерді бар пәрменімен пайдалануға тырысқа-
нына қарамастан: «Мұсылмандық әзірге біздің тәніміз-
ге сіңіп, қанымызға араласа қойған жоқ. Бірақ ол бізге
Достарыңызбен бөлісу: