«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет4/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66

Ленин В. И.
Шығармалар толық жинағы. 26-том. 111-бет.
7


дық, «мен ол жүзденмін», «мен бұл жүзденмін» деген 
арзан, баянсыз түсініктеріне қарсы шықты. Осы үлкен 
де терең ой Ұлы Октябрь революциясынан кейін интер- 
националистік, коммунистік 
сананың қалыптасуына, 
өсіп-дамуына байланысты «жүзге бөлгеннің жүзі күй- 
сін» деген жаңа сатыға көтерілді. Қазақ халқының 
Совет Одағындағы көптеген басқа халықтармен доста- 
суының, туыстасуының алғы шартына айналды.
Біздің XIX ғасырдың екінші жартысындағы үш ке- 
меңгердің рухани дамуының бнік шыңы — дүние жүзін- 
дегі басқа елдермен салыстырғанда кішкентай ғана ел, 
алақандай қазақты руға, жүзге, жікке бөлмей, қайта 
онық бір тұтас халық ретіндегі ұлттық санасын қалып- 
тастыруға, сонымен бірге өз ұлтын басқа ұлттармен, 
халықтармен достастыруға бағытталған тарихи еңбек- 
тері болып табылады.


ШОҚАН УӘЛИХАНОВ — АТЕИСТ
XIX ғасырдың екінші жартысында зерттеушілердің 
айтуынша да, географиялық, этнографиялық, тарихи, 
психологиялық тұрғылардан алып қарағанда да, қазақ- 
тардың қалың бұқарасы арасында шаманизм мен ислам 
бір бірімен ұштасып, араласып қатар өмір сүріп келді. 
Бұл жағдайды айқын байқаған Шоқан Уәлиханов: «Қа- 
зақтар әуелде, Мұхаммедті білмей тұрғанда да, алла 
мен тәңірге бірдей табынып, мұсылман әулиелерінің ба- 
сына құрбандық шалып, бақсылардың құдіретіне де 
сенді, пайғамбар ұрпақтары қожаларды да құрхмет тұт- 
ты. Халық отқа табынып, ал бақсылар болса жын-пері- 
лермен коса мұсылмандардың періштелерін де Шақы- 
рып, алланы да мадақтады. Осылай екі дінді араластыра 
табыну ешқандай қайшылыққа жатпаған, қазақтар еке- 
уін де қосып ұстаған»1
Екі дінділік қазақтардың сол кездегі наным, сенім 
ұғымдарында айқын сезіледі. Мысалы, шаманизмде 
«тәңірі» ұғымы көп қолданылса, исламда «алла» ұғы- 
мы, сол сияқты шаманизмде тәңірінің, аруақтардың 
адамдармен ұштастырушысы, байланыстырушысы «жын- 
пері» болса, исламда «алланың» адамдармен ұштасты- 
рушысы, байланыстырушысы «періштелер» деп санала- 
ды. Ал кәдімгі тірі, өмірдегі бар адамдардың арасындағы 
шаманизмнің өкілі, іс жургізушісі кәдімгі жынын ша- 
қырушы «бақсылар», ал исламның өкілі — өздерін пай- 
ғамбарлардың ұрпағымыз деп санайтын «әулиелер» мен 
қожалар болды.
Осы екі дінге бірдей табыну қазақтар арасында Ок­
тябрь революциясына дейін созылып келді, дінге се- 
нушілердің арасында бұлардың қалдығы қазірге дейін 
бар дерлік, ал қазак ағартушы демократтары өмір сүр- 
ген кезде ресми түрде үстемдік жүргізген ислам діні 
болғандықтан, казақтардың көбі өздерін «мұсылман- 
быз» деп санап, өлгеніне құран оқытып, тірісінің біразы 
намаз окып, «Мұхаммедтің үмбетіміз» деп келді. Халык-


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет