Әлемде жүзеге асырылатын абсолютті идея-бұл қозғалмайтын, тыныш зат емес, бірақ мәңгі өмір сүретін және дамып келе жатқан бастама. Абсолютті-диалектикалық процесс, барлығы нақты-бұл процестің бейнесі. Егер олар Құдайды абсолютті тіршілік иесі деп атағысы келсе, онда Гегельдің пікірінше, "Құдай бар" емес, "Құдай жаратылған"деп айту керек. Философия-бұл ойдың, Құдайдың және әлемнің осы қозғалысының бейнесі, ол органикалық байланысқан жүйе және басқа дамып келе жатқан тұжырымдамалардың бірі қажет. Гегельдің философиясына сәйкес ойлауды дамытудағы қозғаушы күш-қайшылық, онсыз ешқандай қозғалыс, өмір болмайды. Барлық шындық қарама-қайшылыққа толы және соған қарамастан ақылға қонымды.
Қарама-қайшылық-бұл ақылға сыймайтын, ойды тоқтататын нәрсе емес, әрі қарай ойлауға итермелеу.Бір-біріне қайшы келетін ұғымдар үшіншіде, кеңірек және бай, олардың дамуында тек сәттерді құрайды. Жоғары тұжырымдамада қабылданған, диалектика арқылы бұрын қайшылықты ұғымдар бірін-бірі толықтырады. Олардың сәйкессіздігі жеңілді. Бірақ жаңа жоғары тұжырымдама, өз кезегінде, басқа тұжырымдамаға қайшы келеді және бұл сәйкессіздік тағы да жоғары тұжырымдамадағы сәйкестік арқылы жеңілуі керек және т.б. – бұл Гегель диалектикасының мәні. Әрбір жеке ұғым бір жақты, тек шындықтың бөлшегін білдіреді. Ол өзінің қарама-қайшылығымен толықтыруды қажет етеді, оған қосылғаннан кейін ол шындыққа жақынырақ жоғары тұжырымдаманы қалыптастырады.
Гегельдің философиясына сәйкес, оның мәңгілік жаратылысындағы абсолютті барлық қарама-қайшылықтар арқылы өтеді, оларды кезек-кезек құрып, алып тастайды және осылайша әр жаңа алға жылжу кезінде өзінің нақты болмысының айқын санасын алады. Тұжырымдамалардың осындай диалектикасының арқасында философия тірі шындыққа толығымен сәйкес келеді, оны түсіну керек. Сонымен, позиция, қарама – қайшылық және олардың бірігуі (тезис – антитез-синтез) Гегель жүйесінде диалектикалық әдістің мәні мен жанын құрайды. Бұл үштіктің ең кең мысалы – идея, табиғат, рух – Гегельдің философиялық жүйесін үш негізгі құрамдас бөлікке бөлу әдісін ұсынады. Және олардың әрқайсысы, өз кезегінде, сол негізде салынған.
Жаңа дәуір философтарының алдында танымның мәні мен сипатын түсіндіру мәселесі қойылды. Яғни жаңа дәуір философиясы гносеологиялық бағытта болды (гносео- таным) Бұрын таным Бибилия цитаталарына негізделген еді. Схоластика бұрмалап өзгерткен Аристотель іліміне сүйенген бұрынғы философия ығыстырылды. Оның орнына тәжірибеге сүйенген философия келді. Эмпиризмге негізделген ғылми таным - жаңа дәуір философиясының негізі болды. Эмпиризм дегеніміз барлық білім тәжірибиеге сүйенеді және тәжірибе арқылы алынады дейтін таным теориясындағы бағыт. Дегенмен, ағылшындық Френсис Бэкон соңғы Ренессанс философиясының аяқтаушы, жаңа дәуір философиясының бастаушысы болды. Жаңа дәуір философиясы сезімдік танымға көп зейін қоя бастады.
Таным 2 жолмен болады: бірі- сезім мүшелері арқылы : 2-шісі ойлау, ақыл-ой арқылы. Сезімдік танымға деген бетбұрыс бізге Ренессанс кезеңінен таныс. Бұл құбылыс қыруар фактілік нәтижелер берді. Жаңа дәуір бұл кезеңдегі жаратылыстанудың калыптасуы жеке, изоляциядағы фактілерді зерттеу тенденциясымен ғана байланысты болмады, тұтастықты, белгілі бір жүйелерді зерттеумен де байланысты болды. Сонымен бірге философтар мен ғалымдардың алдында танымның мәні мен сипатын түсіндіру сұрағы қойылады. Жаңа философия гносеологиялық бағдары маңызды философия болып қалыптасты. Дегенмен сезімдік таным мен практикалық таным жаңа дәуір ғылымының философиясының бірден - бір қасиеті емес еді. Жүйелілікке деген талпыныс, танымның дифференциациялануының күшейуі теориялық ойлаудың да дамуына әкелді. Жаңа дәуір философиясы құбылыстар арасындағы байланыстардың себеп-салдарын түсіндіруді ғана іздеумен шектелмей, жаңа ғылми фактілерге сүйеніп түзілген дүниенің тұтас бейнесін жасауға ұмтылды.
17-ғасыр – рацонализмның пайда болу және қалыптасуы ғасыры. Эмирикалық болсын, рациональдық болсын таным ғылымның тұтастық ретінде дамуына әкеледі. Бұл екеуі де жаңа дәуірде қалыптасқан философияның бағытына құба-құп келді. Эмпиризм және рационализм жаңа дәуір философиясының белгілері. Эмпиризмнің негізін Ф.Бэкон қалады, ал рационализмнің негізін Р.Декарт қалады. Ф.Бэкон “Білім - күш” деп, ғылыми таным, білім арқылы табиғатты игеретін инструментті көре білді. Табиғаттың заңдарын танып, олармен сәйкестікте әрекет жасап, табиғаттың беретін ырысын игеруге болады деп ұқты. Рационализм нағыз білімді тәжірибеден алу мүмкін емес деп есептейді. Декарт адамның ойлау қызметінің конструктивті мүмкіндіктерін ашты. “Рацио” сөзін аударғанда ойлау дегенді білдіреді. Декарттың философиясының орталығында адам, “Я”, “Мен”, “ойлай алатын зат” тұрды. Бұл зат күмәнданады, терістейді, аз да, көп те біледі, сезінеді. Декарт өзінің философиясының бастамасын ойлау деп жариялады, сөйтіп жаңа дәуірді бастады.