«Ер Тарғын» эпосы араб әрпімен шықты.
Татар баспаге-
рі Ш. Хұсайыновтың мұрагерлері бұл эпосты 1895, 1898,
1909, 1913 жылдары қайтадан төрт рет араб әріптері-
мен жариялаған. Сонымен, (бір ғана «Ер Тарғын» эпосы
революцияға дейін 33.800 данаға жеткен. «Қозы — Көр-
пеш қиссасы» (революцияға дейін) 5 рет, «Зарқұм қис-
сасы» 12 рет, «Сейтбаттал қиссасы» 5 рет қазақ тілінде
араб әрпімен шыққан.
Қысқарта айтқанда, XIX ғасыр-
дың ортдсынан бастап 1917 жылды қоса есептегенде
Еділ мен Жайық бойында қазақ тілінде араб әрпімен
509 басылым 2 миллион 201 мың 105 дана (оның 468-і
кітап) болып тасқа басылып шыққан.
Бұлардың ішінде
«Қыз Жібек» (1894 ж.) «Айман — Шолпан» (1896 ж.),
«Алпамыс» (1906 ж.), «Құламерген» (1912 ж.), «Сәтбек
батыр»
(1909 ж.), «Біржан мен Сараның айтысы»
(57 800 дана), «Жұмбақтар мен мақалдар» (1908 ж.)
т. б. бар 1
Шоқан ислам дінін, араб тілінде жазылған, қазақ
халқы түсінбейтін «Құранды», «Мұхаммедпен
оның ха-
лифтарының кертартпа іс-әрекеттерін сынай отырып, со-
нымен катар араб алфавитінің қазақ халқының хат та-
нуына, сауат ашуына, білім
іздеуіне жасаған прогрес-
шіл ықпалын да атап көрсетті. Араб тілі, араб алфавиті
тек құранның ғана тілі емес,
ежелгі гректер мәдениеті
мен (Платон, Аристотель, т. б.) Европа мәдениетін ұш-
тастырушы, араб ғылымы мен дүние жүзілік мәні бар
араб классикалық поэзиясының тілі екенін жақсьі түсін-
ген Шоқан: «Қазақ жастарының
Орта Азия елдерімен
тікелей қатысы, әрі татарша хат тануы олардың түрік
тілінің шағатай диалектісінде жазылған роман, повесть,
поэма мен ертегілерді оқуға мүмкіндік берді»2,— леп
атап көрсетті.
Осы жерде, орайы келгенде айта кететін бір мәселе,
халқымыздың рухани өмірінің тарихын зерттеуші кей-
бір солақай «сілтеушілер»
революцияға дейін қазақта
жазу (письменность) болмады» деп келді. Бұл адасу-
шылық. Жазу болды, тек араб графикасының негізінде
болды. Осы графиканың
негізінде революцияға дейін
тек Қазанда 509 басылымның шыққанын жоғарыда
айттық.
Достарыңызбен бөлісу: