хаттарын да ағартушылық идеясын халыққа таратудың,
діни фанатизммен күрестің құралына айналдырады.
Мысалға, «Қазақ хрестоматиясына» енгізілген екі хат-
тан үзінді келтірейік. Ыбырайдың бір шәкірті: «Сіз
жаздыңыз, ата, Қасенге қорасын (шешек) шықты деп.
Аман жазылып кеткеніне қатты қуандым. Бізге ұстазда-
рымыз айтады: қорасанды егіп шығарған балаға қайта
қорасан шықпайды, шыға қалса қатерсіз, жеңіл шыға-
ды деп. Осы сөзді жөні келсе ескеріп, жақын жердегі
лекарьға (дәрігерге) кішкентай інілерімді апарып, ше
шек ектірген қалай болар екен?
Қош, дауаларыңыздан үміткер балаңьіз Н.»1
Бұл хатта оқудағы бала Н. шешек сияқты індетпен
күресудің жолын көрсетсе (ектіру, дәрігерге емделу),
тағы бір хатта адамның ауыру себептері, дін үйреткен-
дей, күдайдың бұйрығынан емес, тұрмыс-жағдайға, та-
залыққа байланысты екендігі баяндалады.
«Аға, аға! Әкеме айтып, жылы ағаш үй салып алса-
ңызшы. Киіз үй жаздың күні қанша жақсы болса, қыс-
тың күні сонша жаман ғой. Суық киіз үйде қысты күні
бүрісіп, алдың отқа жылынса, арқаң тоңып отырып, не
таза жуынуға болмайды, не таза тамақ жеуге болмай-
ды. Осындағы оқьімысты, дәрігерлер айтады, қазақтың
дертінің көбі, не бойын суыққа алдырғаннан, не таза-
лық жоқтықтан пайда болады дейді; қотыр, бөрткен —
таза болмағандықтан, сүзек, шаншу, жөтел — бәрі де
суықтан тиеді»,— деп оқыған, білім пайдасын түсінген
шәкірт ауылдағы оқымаған, өзінен үлкен ағасына, ту-
ған-туысқандарына қалай дұрыс өмір сүру керек екен-
дігі жөнінде ағартушылық акыл айтады, кеңес береді.
Баспахана, газет-журнал жок елде хат сияқты кіш-
кентай мүмкіндікті пайдаланып, ауру-сырқау, індетпен
күрестін діншілдік, құшынаштық жолдарын жоққа шы-
ғарып, медицйналық ғылыми кенес беріп отырған, әри-
не, Ыбырайдың өзі.
Ағартушы дүниенің тетігі, шындығында, кұдайға
байланысты емес, білімде, ғылымда, окуда деп түсінді-
реді. Білімдінің ұзақтан еститінін, алыстан көретінін,
қолмен істей алмайтынды, электрді пайдаланып от пен
суға істететінін көкейге қондыра дәлелдейді. Жақсьі
өмір, игі адамгершілік, жайлы тұрмыс құдайға жалы-
ну, жалбарыну, сиынудың нәтижесі емес, білімнің нәти-
Достарыңызбен бөлісу: