«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет44/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66
і 
Алтынсарин Ы.
Таңдамалы шығармалар. 94-бет.
55


жесі, еңбектің нәтижесі. «Мал-дәулеттін, байлығы бір 
жұтасаң жоқ болар, оқымыстының байлығы күннен-күн- 
ге көп болар, еш жұтамақ жоқ болар», сондыктан да:
«Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!»—
деп жас ұрпаққа жар салады.
Ыбырайдың дінге қарсы жүргізген үгіт-насихатының 
көңіл қоятын бір ерекшелігі — оның насихат жүргізу 
тәсілі. Ізгі педагог дінге сенушілердің сезімін қорла- 
май, аса әдептілік, сыпайы педагогтік ізгі ниетпен ғы- 
лымның пайдалылығын сөз етеді. «Құдай жоқ» деп қат- 
ты үркітпейді, «дін керексіз, сеніміңді жой» деп бұйыр- 
майды, ақылға қонымды биязы сөз арқылы ғана үгіт 
жүргізеді. Тарпа бассалған тікелей шабуылдан гөрі, 
осындай алды-артын болжап, алыстан орап айту Ыбы- 
рай заманы үшін ең ұтымды да, нәтижелі әдіс еді. Бұл 
жоғарыда келтірілген «Лұқпан әкім» әңгімесінен де, 
Ыбырайдың өз айтуымен жазылған шәкірттердің хат- 
тарынан, т. б. көптеген шығармаларынан да ашық се- 
зіледі.
Ал өзі надан, бірақ надандығын мойындамайтын, 
өзін білімді санайтын дін иелері — молда, қожалармен 
талас-тартыста Ыбырай ашық шабуылға шығып, олар- 
дың құлқынның құлы екендігін, зиянкес, зұлым екенді- 
гін бетіне айтып, жүзін айдай қылады:
«Азған елдің молдасы,
Үлкен болар сәлдесі.
Аса бауыр қылмаңыз,
Оның рас емес алласы.
Көрмей-білмей біреуге,
Куәлік берсе керекті»,—
деп молдалардың екіжүзділігін, сатылғыштығын халық 
алдында әшкерелейді. «Молдалар, өздерінің адам ба- 
сын қатыратын ерекше «қасиеттерінің» үстіне, казақ- 
тың табиғи тілін бұзып жүр»1,— деп, дін иелерінің ха- 
лықтың рухани байлығы — тілге кесір тигізген тіл бұ- 
зарлар екендігін де атап көрсетеді. Сонымен бірге 
молдалардың қазақ арасында көбейіп бара жатканына
олармен күрес жүрізудің қиындап отырғандырына, өйт-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет