уап
салалы екендігі, оның ағартушылық майданының
әр саласында еңбек еткен ұлы педагог, көрнекті ғалым,
белгілі жазушы болгандыгы көрінеді.
Енді біз ағартушы творчествосының
тек бір саласы-
на, атап айтқанда оның дін туралы пікірлеріне ғана ток-
тал мақпыз.
Қараңғылық пен надандыққа қарсы саналы күрес
жүргізген Ыбырай дін мәселелерін талқылауга, зерттеу-
ге
көп мән берді, діни көзқарасқа гылыми көзқарасты,
діни оқу орындарына азаматтық оқу орындарын қара-
ма-қарсы қойып, дінді, діни оқудың иелерін қатты сы-
нады, дінмен күресудің
негізгі жолдарын, бағыттарын
көрсетті. Ыбырайдың дін туралы пікірлері оның ғылы-
ми-педагогикалық еқбектерінде,
мектептердегі оқу жұ-
мысының барысы туралы баяндамалары мен жазбала-
рында, жылдық есептері мен хаттарында және көркем
шығармаларында бейнеленді. Ислам діні жөнінде «Ша-
риатлы-ислам» деген еқбек жазды.
Алдымен Ыбырайдың «құдай» туралы түсінігін тал-
дайық. Құдайға байланысты Ыбырай мен Абай түсінік-
терінде көгі ортақ белгілер бар. Діннің көп қағидалары-
ның жалғандығын, дін иелерінід
надандығын екеуі де
ашық айтады. Сонымен қатар екеуі де бір жаратушы
бар дегенді мойындайды. Бұл пікір, әсіресе Ыбырайдың
«Лұқпан әкім» атты әңгімесі мен Абайдың «Сократ ха-
кімнің сөзі» деп аталатын
шығармаларында айқын аң-
ғарылады. Екеуінің кұдай туралы түсінігі деистік 1 тү-
сінік.
«Лұқпан әкім» әңгімесінде Лұқпанды қолдай оты-
рып, Ыбырай Лұқпан мен бір сопыны айтыстырады.
Ағартушының құдай жөніндегі түсінігін аңғару үшін
және оның дін иелерімен жүргізген идеялық күресін бі-
лу үшін біз бұл қысқа әңгімені толық келтірелік.
«Лұқпан әкімге бір сопысымақ адам бір жиылыста
айтты:— Сіздің ауруға ем етуіңіз күнә, құдайдың жі-
берген қаза-бәлесіне себеп
табамын деген құдайға қар-
сылық болып табылады деп білемін,— деді.
Лұқпан айтты:
— Олай болса, сол аитқан сөзіңіз жазылған кітапты
Достарыңызбен бөлісу: