«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин


'А ристодем — Сократтың ынталас тыңдаушысы. Тыцдаушыла-



Pdf көрінісі
бет60/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66
'А ристодем — Сократтың ынталас тыңдаушысы. Тыцдаушыла-
рымен әңгімелесе отырып
оларды қайшы пікірге келуге мәжбүр
ету, білместігін мойындату Сократтың сүйікті әдісі болған. Талас
пен тартыста 
ойлаудағы қайшылықтарды 
ашу арқылы акикатқа
жету — сол кездегі диалектиканың негізгі тәсілі.
2 Аталған Ксенофонттың еңбегі. ІІ-бөлім. 26-бет.

Күнанбаев А.
Шығармалары. 2-том. 195-бет.
4 Аталған Ксенофонттың еңбегі. 28-бет.

Қүнанбаев А.
Шығармалары. 2-том. 197-бет.
86


«причинная связь» деген материалистік диалектиканың 
терминін «себепті байланыс» деп атаймыз. Бұл ғылыми 
үғымды қазақтың философиялық танымына, ең алғаш 
жазба әдебиетіне Абай кіргізді десек, қателеспейміз.
«Заң» деген ұғымның орнына орыстың «закон» де­
ген ұғымын пайдаланған себептерін қарастырсак, ка­
зак даласында қараңғылык басым кезде «табиғат заң- 
дары», «заңдылықтары», «қоғам заңдары» туралы түсі- 
нік аз болып, бұл^ұғымның заңдық — хұқтық мазмұны 
басымдау болғандықтан, Абай саналы түрде «заң»— 
«законға», «заңдылык»—«закономерностіге» балама бо­
ла алмайды дегенді меңзейді. Қазір қазақ тілінде таби- 
ғат, қоғамтану ғылымдарының дамығандығына сәйкес, 
бұл терминдердің баламасы қалыптасып отыр.
Екі туындыны: Абайдың «Жиырма жетінші сөзі» мен 
Ксенофонттың «Сократ туралы естеліктерін» салыстыра 
келіп, екі кемеңгердің текстіндегі бір-бірімен ұксасты- 
ғын, ұшырастығын білдік.
Абай Сократтың шығармаларымен, оның философия, 
дін, этика салаларындағы пікірлерімен қашан және кім- 
дер арқылы танысқан? Осы сұрақтарға жауап іздестіре 
отырып, Абайдың өмірбаяныныд бір кезеңін еске ала 
кету керек. Ол кезең— 1870—1880 жылдар. Бұл кезде- 
рі Абай орысша жақсы түсінетін. Семейде, әсіресе қыс 
айларында, ұзақ уақыт болып, кітапханадан шыкпай- 
тын. Қітап іздестірудің жолында жүріп, Семей кітапха- 
насында Петербургтен сол жылдары айдалып келген 
Е. П. Михаэлиспен 
(1841 —1913) танысады. Басында 
жай кездесіп жүріп, артынан достасып кетеді. Сол 
Е. П. Михаэлис арқылы Абай Харьковтен айдалып кел­
ген Н. И. Долгополовпен (1857—1922) ұшырасады, ке- 
йіннен онымен де достасып кетеді, олар Абайдың аулы- 
на да барып тұрады.
Абай Ксенофонттың «Сократ туралы естеліктерімен» 
осы екі кісінің біреуі, тіпті екеуі арқылы таныс болды 
деп білеміз. Сол, екеуі Семейге айдауға келген жылда­
ры, Сократ туралы естелік орыс тілінде баспадан жаңа 
ғана — Киевте 1876 жылы, Петербургте 1878 жылы 
шыккан болатын.
Сократ мұрасын осы кісілер өздерімеи бірге ала кел- 
ді ме, әлде кітапханадан тауып алып, Абайға оқы деп 
кеңес берді ме, әйтеуір Абайдың өзімен замандас, тұс- 
тас орыс халқының осынау бір-екі ойшыл перзентімен 
Сократтың дүниеге көзқарасы жөнінде де, сонымен қа-
87


тар өздерінің де табиғат, қоғам, адам өмірі жайлы пі- 
кірлері төңірегінде де әңгімелесіп, пікір алысуы да 
мүмкін.
Демек, Абай Сократ мұрасымен өткен ғасырдың 70— 
80 жылдары таныс болды. Сократ пікірлерінің біразын 
қабылдады, кейбіреулеріне сын көзбен қарады. Ксено­
фонт пен Абай шығармаларын салыстыра тексергенде, 
1876 және 1878 жылдары Киев пен Петербургте орыс 
тілінде басылып шыққан 
Сократ пікірлерін Абайдың 
оқығандығына, білгендігіне, сол пікірлердің төңірегін- 
де қоғам өмірінің әр саласына ой жүгіртіп, дін„адам- 
гершілік мәселелері жайлы толғанғандығына күмән ту- 
майды.
Енді бір көңіл қоятын мәселе, Сократ пен Абайдың 
өмір жолдарында көп ұқсастық, ұштастық бар. Мысалы, 
Сократ өз кезінде грек халқының, грек жастарының 
арасында жаңаша тәрбие жүргізбек болады, софистерге, 
сол кездің догматшыларына 
қарсы шығып, қоғам 
өміріне адамгершілік тұрғыдан қарауды үйретпек бола­
ды. Абстракциялы философиялық пікірлерге қарсы тұ- 
рып, адамзат өмірінің адамдар ара қатынасының филосо- 
фиясымен көп шұғылданады. Сократ тек категориялар 
мен' заңдар, академиялық ғылым төңірегінде ғана ойла- 
натын педант философтарға ұқсамайтын. Оның сөзінен 
гөрі өзінің мінезі, күнделік іс-әрекеті, өмір сүру салты 
халыққа, әсіресе жастарға' қатты ұнайтын. Біздің Абай 
сияқты, «өзін өзі зор тұтып», Сократ та өз кезінің «на- 
дандарын менсінбейтін».
Сократтың мысқылы мен әжуаға, сынына шыдай 
■алмаған үкімет басындағы надандар оның үстінен қыл- 
мысты іс жүргізіп, «Сократ жердің де, аспанның да за- 
ңын бұзып барады», «жастарды теріс жолға бастауда», 
«өтірікті шын етіп дәлелдейді» деген жала жауып, 70 
жастағы Сократты асу жазасына кеседі. Соттың осы 
қатал үкімін естіген Сократ ешбір аспай-саспай, абыр- 
жымай, үлкен сабырлылықпен: «Извергнуть смерти не 
трудно, афиняне, а вот что гораздо труднее — избегнуть 
нравственной порчи: она настигает стремительной смер­
ти. И вот меня, человека медлительного и старого, до­
гнала та, что настигает не так стремительно, а моих 
обвинителей, людей сильных и проворных,— та, что бе­
жит быстрее,— нравственная порча. Я ухожу отсюда, 
приговоренный вами к смерти, а они уходят, уличенные
88


правдою в злодёйствие и несправедливости. Я остаюсь 
при своем наказании и он при своем...
— Но уже пора идти отсюда мне — чтобы умереть, 
вам чтобы жить, а кто из- нас идет на лучшее, это нико­
му не ведомо, кроме бога»1,— дейді.
Ақиқат пен адамгершілік жолында, әділеттілік пен 
адалдық жолында өлімнен ешбір сескенбейтін қандай 
қайсарлық, қандай ерлік! Абай Сократтың ілімін ғана 
емес, тағдырын да жақсы білген. «Отыз жетінші сөзін- 
де» «Сократқа у ішкізген, Иоанна Аркті отқа ертеген, 
Ғайсаны дарға асқан, Пайғамбарымызды түйенің жем- 
тігіне көмген кім? Ол — көп ендеше, көпте ақыл жоқ. 
Ебін тап та жөнге сал»,— дейді.
Осындағы Абай айтып отырған «көп» кім? Соиратты 
у ішуге мәжбүр еткен көп — бұқара көпшілік емес, сол 
кезде Сократ сияқты бірен-саран оппозидионерге қар- 
сы ұйымдасып отырған Афин мемлекетінің чиновникте- 
рі мен дін иелерінің көпшілігі екені мәлім. Сол сияқты 
Жанна да’Аркті (1412—1431) отқа өртеп отырғандар 
да Францияның Руан қаласының Шіркеу сотында істей- 
тін чиновниктері мен дін иелерінің көпшілІгі. Абай ай- 
тып отырған Ғайса кәдімгі Христиан дінінің негізін сад- 
тан Иисус Христос. Оны да креске кёрііі өлтіруші 
Діндарлардың көпшілік соты. Осындай жауыз —«көпші- 
лікпен» XIX ғасырдың аяқ кезінде қазақ сахарасында 
Абайдың өзі де істес болады. Олар Еңлік пен Кебекті 
махаббаты үшін ат құйрығына байлап Өлтірген, Кеңгір- 
бай Қодар және оның келінін түйеге асьга өлтіргён, 
«бүкіл елді жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұс- 
та4іт'ын» озбыр Құнанбайлар', Бейсембай сияқты жап- 
жас жігітке өз көрін өзіне қаздыратын Оразбайл-ар мен 
Жиреншелер, Күнтулар мен Әбендер. Бұлар Абайға 
қарсы шықпаққа ант ішісіп, «Құран» ұстасып батала- 
еады. Мақсаттары — Абайды мұқат-у, жаулау, қорлау, 
қолдарынан келсе жойып жіберу, ең болмаса Абайдың 
мазасын алып, өмірін мағынасыз ету. Ойшыл ақын 
«мыңмен жалғыз алысады».
1897 жылы Мұқыр сайлауында әлгі ұйымдасқан зұ- 
лым көпшілік Абайдың үйіне қаптап келіп, Абайды са- 
бағаны, халық ағасын қорламақ болғаны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет