«Азған елдің молдасы. Үлкен болар салдесі. Аса бауыр кылмақыз, Онын рас емес алласы». Ыбырай Алтынсарин



Pdf көрінісі
бет58/66
Дата11.12.2023
өлшемі4,18 Mb.
#137458
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66
«Алпыстан әрі барманыз,
Байқамай шал боп калмацыз»,— дейді.
Шындықтан алыстап, діни хиссаларға еліктегендерді 
аяусыз сынай отырып:
«Сөз аііттым «Әзірет Әлі айдаһарсыз»,
Мунда жоқ «алтын иек, сары-ала қаз»,
Қәрілікті жамаидап өлім тілеп,
Болсын деген жерім жоқ жігіт арсыз»,—
деп кәрілікке — табиғат зацдылығына қарсы уағыз ай- 
тып, діни көзбояушылық жолға түсіп, пайғамбаршыл 
бола қалғысы келген сопы-сымақтардын арсыз ісіне 
ескерту жасайды.
Абайдың дін туралы пікірінің тағы бір өзгеше ерек- 
шелігі — халықтар достығы идеясын ұсынуы, өз халқын 
баска халықтармен достыққа шақыруы. Карл Маркс 
айтқандай, «Құран» және оған негізделген мұсылман 
діні — дүние жүзіндегі халықтарды діни түсінікке ың- 
ғайлы екі жікке бөледі: «мұсылмандар» және «кәпір- 
лер». «Кәпірлер»— бұлар құдайсыздар, мұсылмандар- 
дың жауы. Ислам «кәпірлер» ұлтын лағнаттайды, «мұ- 
сылмандар» мен «кәпірлер» арасында жаугершілік 
идеясын — газауатты қуаттайды. Міне, Абай ислам діні- 
нің дәл осындай, барып тұрған кертартпа, реакцияшыл, 
адам баласына дұшпандық идеясын мықтап сынайды. 
Оған керісінше, «адам баласына адам баласының бәрі 
дос» деп халықтар достығы идеясын ұсынады. Өзінің 
бұл пікірінің шындығына биологиялық, философиялық 
және тарихи дәлелдер келтіреді. Абайдың 
айтуынша, 
дүние жүзіндегі барлық адам баласының шыққан тегі 
мен өсіп, дамуы, тууы мен өлуі, қайғысы мен қасіреті, 
қуанышы мен рахаты — барлығы бірдей, сондықтаи да 
халыктар арасында бір-біріне деген достық, сүйіспенші- 
лік, әділеттілік болуы керек.
Абай өмір сүрген кезде қазақ халқының алдына та- 
рих ұлы мәселе қойды: халық қандай жолмен, қай жак- 
қа қарай дамуы керек? Оныд сапарлас серігі кім 
болғаны жөн? Бұл мәселелерді дұрыс шешу үшін, бірін- 
шіден, осы сұрақтардың тарихи мәнін терең түсініп, сезі- 
не білу керек еді, екіншіден, өз халқына даңғыл жол 
сілтеу үшін алыстан сермерлік, әлем биігінен көрерлік 
ұлы қабілет керек еді. Абайда бұл екеуі де болды. Сон- 
дықтан да ол жоғарғы тарихи мәселелерге өз заманы
82


тұрғысынан, сол кездегі қоғамдық оПдощ түрғысынан 
дұрыс жауап бере білді.
Абай туған халқын өз елінен әлдеқайда мәдениетті 
ел — Россияға қарай бағыт алуға үндеді. Қазақ халкы- 
ның тағдьіры, тарихын ұлы орыс халқының тағдыр, та- 
рихымен мәңгі байланыстыратын үлкен достықты ар- 
мапдады және сондай достықтың алғашқы саналы көш 
басшыларының бірі болды.
Абайдың түсінігінше, орыспен достасу — патша ме- 
кемелерінің чиновниктеріне, онда істейтін жандарал, 
ояз, адвокат, тілмаш, писірлерге жалынып-жалбарынып 
күн көру емес.
Абайдың достасуға шақыратын Россиясы — халық 
Россиясы, ұлы орыс халқы, оның әділеттілігі мен адам- 
гершілігі, алдыңғы қатарлы мәдениеті мен ғылымы, өне- 
рі мен еңбек сүйгіштігі, отырықшылығы .. мен өндірісі. 
Міне, сондықтан да, «орысша оқу керек, хикмет те, мал 
да, өнер де, ғылым да бәрі орыста зор.... Орыстың тілін 
білсең көкірек-көзің ашылады... Орыстың ғылымы, өне- 
рі — дүниенің кілті, оны білгенге дүние арзанырақ тү- 
седі»,— дейді. Абай өзініқ қараңғы халқына орыстан 
үйренгенде: «Біз де ел болып, жұрт білгенді біліп, ха- 
лық қатарына қосылудың қамын жейік деп ннеттеніп 
үйрену керек»,— дейді. Абайдың достығы сонымен ка­
тар арлы, намысты достық. Ол екі халықты достыққа 
шақыратын «Жиырма бесінші сөзінде»: «Тек майордың 
күлгені керек» деп «орыстың қаруымен қазақты аңды- 
ма», «жорғалық жасап, жауырыныңнан бір қаққанға 
мәз болып, ел-жұртыңды, адамгершілігіңді чиновниктер- 
ге сатпа»,— деіі қазақтың жағымпаз атқа мінерлеріне 
қаламын найзадай түйрейді. «Ұлықсыған орыстардың 
жұртқа бірдей законы болмаса, законсыз зорлығына 
көнбе»,— деп бір жағынан халыққа ақыл айтса, екінші 
жағынан патшанын, «Жұртқа бірдей законынан» үміт- 
тенеді. Әрине, Абайдың патша заңдарыиан үміт күтуі 
оның саяси көзқарасының әлсіздігі.
«Тура тілді кісіні дейміз орыс», «Орыс теріс айт- 
пайды» деп ұлы халықтан әділеттілікті, тура сөйлеуді, 
бірлікті, еңбексүйгіштікті үйрен, қулық пен сұмдық- 
ты, рушылдық пен зұлымдықты, етекбастылық пен 
көреалмаушылықты, жалқаулық пен сұраншақтықты 
таста. Адам қазақ бол, Азамат қазақ бол, Арлы қазақ 
бол, ескінің мұрагері, жаңаның жаршысы бол, шын
83


орыстың шынайы жақсылығына қол арт, орыс пен казақ 
бір-біріңмен халық пен халық болып табыс деп кейінгі 
ұрпаққа да адамгершілік жолын орыс халқынан табуды 
ұсынады.
Ақынныц орыс халқымен достыққа шақыруын —«дін 
бұзарлық» деп, Абайды ислам дінінің жауы етіп, ха- 
лықтан бөліп тастамақшы болған дін иелерінің әреке- 
тіне, ұлының орыспен жақындығын оның бойындағы 
ең үлкен мін деп санайтын әкесі Құнанбайдың каһары- 
на қарамастан, ол өз балаларын да, ел балаларын да 
орысша оқытып, өз басы өмір бойы орыс мәдениетінен 
рухани азық алып отырды. Орыс жазушыларымен не- 
ғұрлым терец танысып, олардың еңбектерін көп окыған 
сайын, солғұрлым шариғат пен құран шетке ығыстыры- 
лып, «солақай жазу» орыс кітаптарына орын босатады. 
Орыс мәдениетінің өзіне үлкен ықпал еткен пәрменді- 
лігіне аса мейірленген Абай: «Менің шығысым батыс, 
батысым шығыс болды» деген қорытындыға келеді.
*
*
*
Абайдыц Европа мәдениетімен, атап айтқанда б. э. д. 
470—399 жылдары өмір сүрген грек халқының үлы фи­
лософы, жазықсыз жазаланып, жетпіс жасында у ішіп 
өлген Сокращен қалай пікірлес, ұштас, өрістес болта­
ны да өз алдына үлкен тақырып.
Ескерте кететін мәселе, көлемді зерттеулердің көбін- 
де Абай Сократ, Платон, Аристотель еңбектерін окыған 
делінеді, бұл үш дана фнлософтардың есімдері, ойлары, 
образдары Абай шығармаларының өзінде де бар. Мы- 
салы, Абайдың «Жиырма жетінші сөзі» Сократ хаким- 
нің сөзі деп аталады. Ал «Ескендір» поэмасында «ақы- 
лы мол», бүкіл грек ішінен «дара шыққан» Александр 
Македонскийдің ұлы ұстазы Аристотельдің образын 
мүсіндейді. Солай бола тұрса да, Абай мен грек фило- 
софтары арасындағы қатынас, ұштастық қалай, кэндай 
формада, қай кезеңде, кімдер арқылы болды?— деген 
сауалдарға көп уақыт бойы жауап болмай келді. Осы 
жайды ескерте келіп, М. Әуезов: «Бұл жөніиде тек Сок­
рат туралы Платонның еңбектерінен және Ксенофонт- 
тың естеліктерінен алынып, Абай қарасөздеріне кірген 
бір әнгіме-толғауды ғана мысалға келтірмесек, баска 
философтардың Абай шығармаларынан орын алғаны
84


көрінбейді. Оларды қабылдау түрінде де, сынау ретінде 
де, Абай өрлі ой жүргізген емес»1,— дейді.
Алайда М. Әуезов ойын әрі қарай өрістете отырып, 
Абайдың Сократ ойларын «қабылдау түрінде де», «сы­
нау ретінде де» әрлі ойлар айтқанын, грек философы- 
ның кейбір пікірлерін қабылдап, ал кейбір пікірлеріне 
сын көзбен қарағанын, сөйтіп Сократ пен Абай, әсіресе 
дін, мораль, адамгершілік туралы көзқарастарында өріс- 
тес те, әрі қайшылас та болған деп батыл айта аламыз.
Абайдың «Жиырма жетінші сөзінің» мазмұнына ой 
жүгірткенде: «Неліктен Сократ сөзі» деп аталады? Абай 
философтың қандай еңбектерін, қай тілде, қашан оқы- 
ды екен? Бұл аударма ма, әлде Сократпен ой жарысты- 
ра айтқан өз пікірлері ме? Абай Сократ пікірлерін қа- 
былдай ма, әлде сынай ма? Осы сұрақтарға жауап із- 
дестіру барысында Сократ гуралы жазған, естелік 
қалдырған авторлардың шығармаларын іздестіру бары­
сында, Москвадағы В. И. Ленин атындағы кітапханадан 
Ксенофонттың еңбектерін таптық2
Сократтың тірі кезінде, біздің Абай сияқты, шығар- 
малары басылмаған, қолжазбалары сақталмаған. Ол 
кезде философиялық ойлар өзара әңгіме, диалог түрін- 
де жүргізілген. Біздің заманымызға Сократ шығарма- 
лары Платонның «Диалогтары», Ксенофонттың «Есте- 
ліктері» арқылы жеткен. Сондықтан да Ксенофонттың, 
Платонның естеліктері Сократтыд шығармасы ретінде 
саналады.
Ксенофонттың «Сократ туралы естеліктерінің» төр- 
тінші тарауы «Құдайдың адамға қарым-қатынасы ту­
ралы Аристодеммен әңгіме» деп аталады.
Осы тертінші тарауды «Жиырма жетінші сөзбен» са- 
лыстырып тексергенде, өзара ұқеастықтар және көпте- 
ген айырмашылықтар бар екендігі, біздің агартушымыз 
грек философының қандай пікірлерін қабылдййтынды- 
ғы және қандай пікірлерімен келіспейтіндігі аңғары- 
лады.
Алдымен Абайдың Сократтың қандай ойларын қа- 
былдайтындығына тоқталайық. Екеуінде де әңгіменің 
негізгі арнасы бір: құдайдың адамға қарым-қатынасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет