51. Басқару психологиясы пәнінің мақсаты мен міндеттері Басқару психологиясының пәні: менджер іс-әрекетінің психологиялық негіздері, яғни: еңбек іс-әрекетінің психофизиологиялық ерекшеліктері, ақпаратты өңдеудің психологиялық ерекшеліктері, адамның адамды қабылдау механизмдері және адамның бір-біріне ықпал ету механизмдері, еңбек ұжымын және ондағы тұлғааралық қатынастарды қалыптастырудың психологиялық ерекшеліктері және тұтастай басқару іс-әрекетінің психологиялық факторлар. Психологиялық менеджмент ғылым әрі тәжірибе ретінде басшылардың психологиялық басқару мәдениетін қалыптастыру мен дамытуға, басқаруда жұмысшы тұлғасының ерекшеліктері, еңбек ұжымының қызмет ету қатынастары мен заңдылықтары жайлы білімді теориялық тұрғыда түсініп, тәжірибеде қолданудың қажет негіздерін жасауға бағытталған. Басшы басқару процесінің табиғатын, басқарудың тиімділігін арттырудың тәсілдерін, қызметкерлерді басқаруға қажет қатынасудың ақпараттық технологиялары мен құралдарын білуі тиіс. Ол үшін басшы еңбек ұжымының қызмет етуінің психологиялық ерекшеліктерін, адамдармен жұмысжасаудың әртүрлі жағдайларында басқарушы шешімдерді қабылдаудың психологиялық ерекшеліктерін де білуі тиіс. Басқару психологиясының ғылым ретіндегі негізгі міндеті- психологиялық құбылыстарды анықтап, оларды жүйеге келтіру, заңдылықтарын ашып,олардың арасындағы байланыс себептерін тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстарды жасауды анықтау. Сонымен қатар, психология ғылым ретінде, басқару жүйесінің жұмыс сапасын тиімді етіп көтеру мақсатында басқарушылық іс-әрекеттің ерекшеліктері мен психологиялық шарттарын талдайды.
52. Адам қатынастары мектептерінің дамуына баға беріп талдаңыз Адам қатынастары» мектептері. 1930 жылдар аяғында «ғылыми басқару» мектептері өкілдерінің жұмысына сынаушылар көбейді. Механистикалық және биологизаторлық көзқарасты сынап, еңбек өнімділігін тек материалды марапаттаулармен жетілдіру қате деп санаушылар арта берді. 1940 жылдары соңғы нәтижеге сүйенетін менеджментке балама ретінде «адам қатынастары» мектептері құрыла бастады. Тейлор мен оның жақтастарының еңбектерін жоққа шығармай, жаңадан құрылған бағыт жақтастары олардың әдеттерін адамгершілікті мағынамен толықтыруды жөн санады. «Адам қатынастары» мектептері негізін қалаушы психотехник неміс – америка психологы Гуго Мюнстерберг (1863-1916) болды. Ол мамандырылған қажеттілік пен мамандырылған білім беру, травматизм, монотония сияқты бағыттарда белгілі болып, мамандандырылған қажеттіліктің 2 ұстанымын енгізді: 1) Мамандықтың психологиялық талдауы мен мамандандырылған қасиеттерді анықтау; 2) Психодиагностика, белгілі бір сынақтар арқылы адамдағы мамандандырылған маңызды қасиеттерді тексеру. Ол психотехникалық универсеттер мен зертханаларды өндірістерде ашуды ұсынды, психологиялық кеңестерге уақыт өте келе өндіріс жұмысшылары өздері тәуелділік танытады деп болжады. Ал американка Мэри Паркер Фоллет (1868-1933) психологиялық менеджмент саласына аса басты назар аударды. Ол менеджмент кезеңдері арасында органикалық байланыс орнатуға тырысты. Америкалық әлеуметтанушы әрі психолог Элтон Мейо (1880-1949) «адам қатынастары» мектебінің өкілі ретінде кең атаққа ие болды.