Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


тереңдік пен толық ұғынуға



бет22/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

тереңдік пен толық ұғынуға негіз болатын, яғни
мәтіннің толық түсінілуі арқылы интерпретациялануына жол ашатын оқырмандардың бәрінде
бірдей бола бермейтін аса маңызды фактор –
аялық білім. Осы аялық білімнің оқырман
санасында әр алуан көлемде болуы мәтіннің де терең немесе үстірт, толық немесе шала



түсінілуіне негіз болады. Біз нысанаға алған материалды еріксіз оқып шыққан тәжірибелі


адресаттың мәтіндегі автор позициясын ұғынуы үшін
негізділік, анықтық сияқты белгілер аса
маңызды болмайды, яғни қанша агенттіктің қанша жыл ішінде қанша баланы шегара асырып
жібергені туралы деректер ол үшін екінші орында болады. Қазақ танымында «күлшашар» деп
еркелетілетін, «атбайлар» деп өмір жалғастығы ретінде танылатын аса
қасиетті
перзенттің тумай жатып туған жерінен аласталып кетуі – жантүршігерлік оқиға.
Оқырманның когнитивтік санасындағы
перзентконцептісіне қатысты бүкіл ақпаратты қозғап,
іске қосқан – балалардың шетелдіктерге сатылу фактісі. Аталмыш факті реципиенттің
когнитивтік санасындағы
«ана» концептісіне қатысты мәліметтерге де біршама
өзгерістер енгізеді.
Жетімін жат жұртқа тентіретпеу үшін әмеңгерлікті ойлап шығарған ата-бабаларымыздан келе
жатқан салттың бұзылуы, ұрпақтың азғындауы, теріс жүріске салынған әйелдердің өз
нәрестесін керексіз затты қоқысқа лақтырғандай етіп,
тастап кетуі т.б. көптеген ой-
тұжырымдар «баламның табанына кірген шөңге менің
маңдайыма қадалсын» дейтін
ғазиз ана бейнесін (образын) кейінге ысырып,
бойында безбүйректік, тасбауырлық, мейірімсіздік сияқты адамшылықтан алыс, жаман
қасиеттерге толы
«көкек ана» ұғымының қалыптасуына негіз болады.
Бұлжымас, өзгермес, фундаментальді, тек жақсы қасиеттерді қамтитын
ана ұғымының
семантикалық аясына онымен сыйыспайтын, тіркеспейтін (жаман) теріс мағыналы сөздер еніп,
бірте-бірте онымен қатар қолданылады. Мұны


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет