Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет16/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну); Фатикалық ұстаным (материалды оқырман
назарын аударту үшін пайдалану);
Манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын
оқиғаларға қатысты оқырман көзқарасын қалыптастыруды мақсат ету) [7,21].
Мәтінде прагматикалық ұстаным бірнеше саты арқылы жүзеге асырылады.
Болмыстағы оқиғалар БАҚ арқылы реципиент санасында белгілі бір бейнеде көрініс табады.
Осы бейненің қалыптасу жолдарын былайша көрсетуге болады:
Мәтін ақиқат болмыстағы қандай да бір оқиғаға, фактіге негізделеді; ол фактілерге қатысты
материал іріктеледі; адресант ақпаратты іріктейді және оған өз субъективті бағасын береді;
ақпараттың мәтін түрінде ұсынылуы үшін белгілі бір тілдік құралдар таңдалып, модельге
түсіріледі, сөйтіп мәтін түзіледі;
5.
Дайын мәтін реципиентке ұсынылады.
Газет мақаласына арқау болған ақпарат бастапқы, пайда болған сәтінен оқырманға
ұсынылғанға дейін осындай басқыштардан өтеді. Мұнда негізгі күш те, жауапкершілік те
адресантқа (журналистке) түседі.
2.1.1, 2.1.2, 2.1.3
тармақшаларда газет мәтіні
тақырыптық ұйымдастырылуы, құрылымы 
және ақпараттық-мағыналық кескіндемесі тұрғысынан жан-жақты талданды. Қазіргі қазақ
баспасөзі материалы негізінде газет мәтіндерінің жалқы және көптақырыптарға құрылатыны
анықталды. Көптақырыпты мәтіндерде
негізгі және қосымша тақырыптар қамтылады.
Ондай мәтіндер ойды эксплицитті және имплицитті түрде жеткізеді, кейбірі фактіні баяндауға
негізделсе, екіншісі жеке проблеманы көтереді. Сондай-ақ реципиент назарын бір ғана
тақырыпқа аударуды мақсат ететін
жалқы тақырыпты мәтіндер де кеңінен қолданылады.
Газет мәтінінің құрылымы жанрлық сипатына қарай ерекшеленеді. Негізінен әмбебап
сипаттағы газет мәтініне тән мағыналық-құрылымдық модельді мынадай бес бөліктен тұрады
деуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет