Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы


айтылым түрінде болса, жазбаша коммуникацияда мәтін



бет20/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53
Байланысты:
Диссертация Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы-emirsaba.org

айтылым түрінде болса,
жазбаша коммуникацияда
мәтін арқылы көрініс табады. Ал ақпаратты қабылдауда тілдік
сигнал алдымен беріліп, содан кейінгі кезекте реципиенттің ой мазмұны қалыптасады. Тілдік
сигналдың мәнін ашу, мазмұнын түсіну үшін міндетті түрде кодталған ақпарат ашылуы тиіс.
Осыған байланысты ғылыми әдебиетте олар былайша көрсетіліп жүр: Ақпарат көзі ретінде
танылатын
жіберуші, яғни белгілі бір хабарламаны жасаушы – жеке адам немесе тұтас бір
ұйым (ұжым, адамдар тобы) болуы ықтимал. Осы тұста ақпараттың жеткізілуіне қатысты
ұғымдарға анықтама бере кеткеніміз жөн.
Ақпаратты кодтау дегеніміз – хабарламаның символикалық пішінге түсірілуі, яғни оған
таңбалық форманың берілуі.
Хабарлама кез келген коммуникацияның жүзеге асырылуына себеп болатын идеяға немесе
ақпаратқа құрылады. Ол
ауызша, жазбаша немесе визуалды  түрде таратылады.
Ақпарат арнасы дегеніміз – хабарламаның берілу тәсілі, яки, ақпаратты жеткізу құралы. Ол
арна
тұлғаралық және жаппай бұқаралық сипатта болады.
Кодталған ақпараттың ашылуы – берілген ақпараттың дұрыс қабылданып, реципиентке
түсінікті болуы. Ақпаратты қабылдау барысында кездесетін әр түрлі кедергілерге байланысты
бастапқыда хабарланбақ болған ой белгілі бір дәрежеде дұрыс түсінілмеуі мүмкін.
Ақпаратты алушы яғни хабарлама жеткізілетін объекті де жеке адам немесе бір ұжым болуы
мүмкін [13, 106].
Мәтін лингвистикасында мәтінде қамтылатын семантикалық ақпарат бірінші орынға шығады.
Публицистикалық мәтін семантикасының кодталуы мағынаның имплицитті (жасырын) және
эксплицитті (айқын) компоненттерін көрсетуді көздейді. Осымен байланысты ғалымдардың бір
тобы сөйленімнің имплицитті формасы эксплицитті түрде беріле алмайтын ойларды жеткізу
үшін қолданылады деп тұжырымдайды. Яғни мәтіндегі астарлы ойды ашу (подтекст) арқылы
автордың интенциясын болжап, түсінуге болады. Әрине олар міндетті түрде имплицитті
формада беріледі де, оны түсініп талдау реципиенттің өз еншісіне қалады. Астарламада
(импликатура) сөйлеу мақсатымен байланысты ой саналы түрде жасырын беріледі.
Пресуппозициядан айырмашылығы ол сөйлесімнің тұтас мазмұнынан шығады.
Сөйтіп,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет