Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы



бет35/53
Дата29.11.2023
өлшемі280,14 Kb.
#131268
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53
Ұқсас қайталама деп бір сөздің өзгеріссіз (бастапқы күйінде) бірнеше рет жұмсалуын
айтамыз. Мысалы: Қару-жарақ көбейген сайын өлім де көбейеді (Жас Алаш,
09.06.05).
Егер 
ішкі өнім ішкі қажеттілікті толық өтеп отырған болса, сыртқы жағдайдың 





бізге әсері болмас еді (Жас Алаш, 09.06.05).
Ұқсас 
емес лексикалық қайталаманың стилистикалық мүмкіндіктері молырақ болады. Ол
көбінесе
комикалық әсер тудыру тәсілі ретінде қолданылады. Мысалы: Кейбір мектептерде 
асхананың 
не екенін білмейтін ұрпақ білім алып жатыр (Айқын,
11.10.06).
«Қазақмыс» елдің мысын бразилиялықтармен баспақшы (Айқын, 11.10.06). Ұқсас
емес лексикалық қайталама әсіресе көп мағыналы сөздердің мәндік реңктерінің аса бай
екендігін көрсетеді.
Газет мәтініндегі лексикалық қайталамалар – семантикалық және құрылымдық алуан
түрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда сөздердің тура және ауыспалы мағыналарда түрлене
қолданылуы оқырман назарын аударту құралы болып табылады. Олар газет материалына
артылатын мағыналық жүкті күшейте отырып, мәтін мәнерлілігін арттырады. Осының
нәтижесінде газет мәтінінің прагматикалық әсері де салмақтанып, күшейе түседі.
Қазіргі баспасөзде кеңінен қолданылатын
қайталаманың түрі – синтаксистік конвергенция 

қызметтері өзара ұқсас келетін, басыңқы сөйлемге немесе негізгі сөзге синтаксистік
қатынасы жөнінен бірден бағынышты, тәуелді болатын элементтер тобы. Бұған мысал ретінде
сөйлемдегі бірыңғай мүшелерді атауға болады.
Қазақ газетінде мәтін қарқындылығын арттыру үшін синонимдер жиынтығы, бірыңғай
мүшелердің қабаттаса жұмсалуы, параллель конструкциялардың қолданысы сияқты тәсілдер
пайдаланылатыны анықталды. Мұндай мәтіндерде метафора, теңеу, гипербола амалдары жиі
кездеседі. Мысалы: Өмірге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет