Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет26/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Дыбыстардың үндесуі дегеніміз артикуляция жағынан жуық (үйірлес) дыбыстардың біркелкі келуі. Басқаша
айтқанда, сөз ішіндегі не сөздер аралығындағы дыбыстардың айты-луына қарай (дауыс қатысы, жасалу орнына


қарай) ішінара жапсарласып, жанасуын дыбыстардың үндесуі дейміз.
Түбір мен қосымшаның жігінде және сөз аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып,
үйлесіп қолданылуын дыбыстардың үндестік заңы (сингармонизм) деп атайды.

Үндестік заңы буын үндестігі (сингармонизм) және ды-быс үндестігі (ассимиляция) болып екіге бөлінеді.
Буын үндестігі. Сөздің соңғы буынының жуан, жіңішке болуына қарай қосымшалардың да бірыңғай жуан не
жіңішке түрде жалғануын буын үндестігі немесе сингармонизм дейді. 
Сингармонизм (грек. Sun –бірге және harmonia – байланыс, үндесу) – түркі тілдеріне тән аса күшті заң.
Ә.Жүнісбек өз зерттеулерінде түркологияда сингармонизм туралы ертелі-кеш айтылатын пкірлерді елеп-екшеп, соны
бір қорытындыға келді, тілімізді басы артық қоспалардан арашалап, осы уақытқа дейін еленбей келген тың арнаның көзін
ашты.

Сингармонизмнің басты фонологиялық қызметі – қазақ (түрік) сөзінің өн бойында біркелкі тембрдің сақталуында.


Бұ-лай болмаған жағдайда сөз құлаққа жағымсыз естіліп, қабыл-дауды, түсінуді қиындатады.
Үндіевропа
тілдеріндегі фонема-ның конститутивтік қызметін түркі тілдерінде сингармонизм ат-қарады. Ә.Жүнісбек сингармонизмге
байланысты қолданыла-тын терминдерді де ұсынады, тек орыс тілінде. Соның кейбірін қазақша ұғымды етіп алу керек
сияқты. Сонда:


Сингармонизм – үндестік

Сингармония – үндес

Сингармема – үндеспе

Сингармовариант –

үндесвариант

Палатальный сингармонизм – тіл үндестігі

Лабиальный

сингармонизм – ерін үндестігі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет