Қазіргі қазақ тілі (фонетика)


 Ерін қатысы жағынан дауысты дыбыстардың бір-бі-рімен үндесуі не лабиальдық сингармонизм



бет28/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67
2. Ерін қатысы жағынан дауысты дыбыстардың бір-бі-рімен үндесуі не лабиальдық сингармонизм. Бастапқы
буын-дағы еріндік дауыстының ыңғайына қарай соңғы буындардағы еріндік дауыстылардың келуі дауысты дыбыстардың
ерін қа-тысы жағынан үндесуі нәтижесінде болады. Дауысты дыбыс-тардың үндесуінің бұл түрі ерін үндестігі не
лабиальдық сингар-монизм деп аталады. Ерін үндестігі қазақ тілінде тек айтылу ке-зінде ғана көрініс табады, ол түркі
тілдерінің ішінде қырғыз тіліне тән құбылыс: Көлде – көлдө, қолда – қолдо.
Әдетте қазақ тілінің сөздері бірыңғай жуан буынды, я жі-ңішке буынды болып келетіндіктен, қосымша сөзге соған
үндес жалғанады. Түбір мен қосымшаның арсында буын үндестігінің мынадай заңдары бар:
а) қазақтың байырғы түбір сөздерінің соңғы буыны жуан болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, ал түбірдің
соңғы буыны жіңішке болса, оған жалғанатын қосымшалар да жіңішке болады. Мысалы: жаз-у-шы-лар-ға, іні-лер-ім
ә) соңында жіңішкелік белгісі бар бір буынды сөздер мен –брь, ль дыбыстық тіркестеріне аяқталған сөздерге
қосымша жі-ңішке түрде жалғанады. Мысалы: октябрь-де, руль-ге
б) жуан, жіңішке дауысты дыбыстар араласып келетін сөз-дерге қосымша соңғы буынның ыңғайына қарай не жуан,
не жі-ңішке болып жалғанады. Мысалы: киікоты-нан, қаптесер-ді.


Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар
Тілімізде кейбір қосымшалардың жуан-жіңішке варианты болмағандықтан, сөзге буын үндестігіне бағынбай
жалғанатын кездері де кездеседі. Олар мыналар:

көмектес септігінің жалғауы –мен, -бен, -пен: апам-мен, кітап-пен,қыз-бен

– қор: бейнет-қор, пәле-қор

– паз: өнер-паз, әсем-паз

– қой: сән-қой, әзіл-қой

– нікі,-дікі,-тікі: апаи-дікі, Алматы-нікі, Самат-тікі

– тай: Ер-тай, Нұр-тай

– тал: өсім-тал, сезімтал

– еке: Ас-еке, Нұр-еке

– кер,-гер: қалам-гер, талап-кер

– хана, дәм-хана, ем-хана

– күнем: пайда-күнем, қас-күнем
24



– ов, -ова, -ев,- ева –ин, ина: Сәбитов, Кәрімова, Саудабаева, Салғарин

– ист: машинист таксист

– изм: социализм, коммунизм, т.б.

– бан: мейірбан

– дар: білімдар

– жан: көкежан, Ержан

– кент: Құмкент, Шымкент

– кар,-ћар: күнәћар,кінәкар

– кеш: арбакеш, қаракеш


– көй,- гөй: ақылгөй, қаскөй

– мар: ділмар

– маш: тілмаш

– стан: гүлстан, өзбекстан

– уар: сөзуар

Сөздің соңғы буынына бағынбайтын бұл қосымшалардың көбі басқа тілдерден енген немесе әлі қосымшаға айналып


бол-маған сөз бен қосымша арасындағы элементтер болып табы-лады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет