Қазіргі қазақ тілі (фонетика)



бет27/67
Дата09.12.2023
өлшемі0,54 Mb.
#135448
түріСабақ
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67
Сингармоязык – үндестіл

Сингармослог – үндесбуын

Сингармогласный- үндесдауысты

Сингармосогласный – үндесдауыссыз

Сингармотип – үндестип

Сингармоструктура – үндесқұрылым

Сингармозвук - үндесдыбыс

Сингармотембр – үндестембр

Сингармоомоним – үндесомоним
Жалпы алғанда, қазақ тіліндегі дыбыстар үндестігі төртке бө-лінеді:


1. Сингармонизм – дауыстылар тіркесі – үйлестік.

2. Аккомадация – дауысты-дауыссыздар тіркесі – бе-йімдестік.

3. Ассимиляция – дауыссыздар тіркесі – ұқсастық.

4. Диссимиляция – сөз шеңберіндегі ұқсас дыбыстар-дың артикуляциясы.
23



Сингармонизм тіл және ерін үндестігі түрінде қарасты-рылады. Қазақ тілінде айтылуда ерін үндестігі де байқалады.


Мысалы, өрік, ұзын, құлын сияқты сөздердегі бірінші буындағы еріндік дауыстылардың (ө, ұ) әсерінен екінші буындағы і, ы
дыбыстары еріндік болып (ү, ұ болып) айтылады. Бірақ жазуда бұндай үндестік (әсер) есептелінбейді.
Дауыстылардың бір-бірімен үндесуі сингармонизм түркі тілдерінің байырғы сөздерінде екі түрде ұшырасады:


1. Дауысты дыбыстардың тілдің қатысы жағынан өзара үндесуі не лингвальдық сингармонизм. Тілдің қатысы
жағынан сөз ішінде дауыстылар не бір өңкей жуан дауыстылар, не бірыңғай жіңішке дауыстылар болып үндеседі. Сөз
құрамын-да соңғы буындардағы дауыстылар алдыңғы буындағы дауыс-тының әуеніне қарай ыңғайланып айтылады.
Дауыстылардың бұлайша үндесуін тіл білімінде лингвальдық сингармонизм деп атайды. Сингармонизм заңы бойынша түбір
сөздегі дауыстылар қосымшалардағы дауыстыларды билеп, өзінің әуеніне қарай икемдеп бағындырады. Түбір сөздегі
дауысты дыбыс жуан бол-са, қосымша жуан негізді болып жалғанады: құр- ыл-ыс-шы. Егер жіңішке болса, жіңішке негізде


жалғанады: мән-ді-лік. Тү-бірдегі дауыстылармен үндесе алмайтын бірен-саран аффикс-терді еске алмағанда, қазақ
тіліндегі қосымшалардың түбір сөзге бағынып жалғануы – қалыптасқан заңдылық. Аралас буынды сөздерге қосымшалар
соңғы буынның ыңғайына қарай икемде-ліп жалғанады: мұғалім-ге.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет