Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


К.Аханов «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» (1955) деген оқу құралында зат есімдердің жалқы,жалпы мағыналарына талдау жасаған. В.В.Винаградов



бет3/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
К.Аханов «Қазақ тілі лексикасының мәселелері» (1955) деген оқу құралында зат есімдердің жалқы,жалпы мағыналарына талдау жасаған.
В.В.Винаградов 1970 жылдардан бастап сөздің лексикалық мағыналарын үш топқа бөліп жіктеді:1)тура немесе номинативті мағына;2)фразеологиялық байлаулы мағына;3)синтаксистік шартты мағына;
Н.М.Шанский сөздің лексикалық мағынасының қалыптасуын оның ұғымды білдіру сипаты мен белгілі бір лексика-грамматикалық топтарға қатыстылығымен байланыстылығын қарайды.


3.Лексикологияның мақсаты мен зерттеу нысаны туралы түсінік, зерттеулерді кестеге салыңыз.
Мақсаты:Лексикология сөзді және сөздердің жиынтығын зерттейді.Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің,шаруашылығы мен кәсібінің,материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы,ұзақ дамуының жемісі.Сондықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді.
Тіл білімінің саласы лексикологияның басқа ғылым салаларымен байланыстылығын зерделейтін болсақ:

Атауы

Анықтама

Этимология

Этимология сөздердің шығу тегін зерттеп, олардың ең алғашқы мағынасының қандай болғандығын айқындайды.
Этимологиялық зерттеулер мақсаты мен нысанына қарай әр алуан тәсілдер мен принциптерге сүйенеді.Ең жиі қолданылатындары:тарихи-салыстырмалы тәсілі,морфемдік-модельдік талдаулар.

Семасиология

Семасиология – лексикологияның ең басты және маңызды саласы. Семасиологиялық зерттеулердің топшылаулары мен қорытындылары сөздік жасау жұмысын ғылыми және практикалық тұрғыдан дұрыс жолға қоюға көмектесіп, бағыт-бағдар сілтейді.



Лексикография

Лексикологияның лексикография саласы сөздіктер, олардың түрлерін қарастырады. Лексиканың қарастыратыны – табиғат пен қоғамдағы сан алуан құбылыстар мен заттардың аттары болатын дербес сөздер. Сөз жеке нәрсені аңғартады, сонымен бірге оның жалпылама мәні болады. Мыс: өзен, тау жалпы атама.

Фразеология

Фразеология турақты сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысын, олардың түрлерін, жасалу жолдарын қарастырады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет