Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары



бет2/25
Дата04.03.2023
өлшемі94,32 Kb.
#71501
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
ХХІ ғасыр басында

Қазақ тілші-ғалымдары тіл білімінің барлық салалары бойынша зерттеу жазып,теориялық терең ғылыми еңбектер туғызған. А. Байтұрсынұлы, Қ. Жұбанов,Х. Досмұханбетұлы,Қ. Кемеңгерұлы,С. Аманжолов, Н.Т. Сауранбаев,І. Кеңесбаев,Ғ. Мұсабаев,М. Балақаев,М. Томанов,Т. Қордабаев,С. Исаев,М. Оразов,Ә. Қайдар,Р.Сыздық,Ш.Сарыбаев,Т. Жанұзақов, К. Хусаинов, Ә. Құрышжанов, А. С. Аманжолов, Ж. Аралбаев,Х. Мұхамбет-Кәрім,Ғ. Қалиев, Е. Жампейісов, С. Мырзабеков, О. Нақысбеков, Н. Оралбаева, т.б. жүргізген зерттеулер бен көтерілген ғылыми мәселелер қазақ тіл білімінің теориялық негізін қалап,жеке салалар бойынша дамуының басты қадамы болды.

19 ғасырдың 2жартысына

Ұлттық тіл білімі қалыптасқанға дейінгі кезең осы уақытты қамтиды.



2.Лексикологияның зерттелуі,ол туралы пікірлерді салыстырып,өз тұжырымыңызды жасаңыз.
Лексикология ғылымына алғаш үлес қосқандардың бірі Н.А. Баскаков.Н.А. Баскаковтың ресей түркітану ғылымындағы түркітану лексикографиясы саласындағы мол жетістігі оның атымен байланысты десек артық айтқандық емес.Алғашқы ұйғыр-орыс тілі сөздігінен бастап,ол қарақалпақ,түркімен,ноғай,хақас,ғағауыз – ұлттық орыс және орыс-ұлттық,қарапайым сөздіктерін құрастыруға етене араласты.Ғалым К.М Мусаев «Грамматика караимкого языка» деген зерттеуінде зат есімді семантикалық мағынасы жағынан бөліп,ары қарай жіктемеген.В.И.Рассадин – әлемдегі моңғол салыстырмалы-тарихи және түркі-моңғол тіл білім саласында белгілі мамандардың бірі,Ресей мен Моңғолияның Саян-Алтай аумағындағы азын-аулақ түркі тілдері мен оның диалектілерін зерттеуші.Ісмет Кеңесбаев (1907–1995) еңбектерінде де түркология мәселелеріне арналған зерттеулер мол.Ол 1944 жылы «Қазақ тіліндегі тиянақты сөз тіркестері» атты докторлық диссертациясын қорғап,фразеология бойынша жалпы түркілік мәні бар еңбегін жариялады.Қазақ тілі бойынша «Қазақша-орысша сөздіктер»,«Орысша-қазақша сөздік», 10 томдық «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі» секілді іргелі еңбектер жазып қалдырған. Сонымен қатар бұл салаға Б.Сағындықов,Ә.Жүнісбеков,Ж.Түймебаев,Е.Қажыбеков, Ә.Керімов,Н.Г.Шаймерденова,А.Қайыржанов т.б. қосқан үлестері де көп.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет