Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Лексикологияның өзімен шектес салаларын салыстырып, олардың байланысын мысалмен дәлелдеңіз



бет4/25
Дата21.12.2023
өлшемі112,47 Kb.
#141942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

4.Лексикологияның өзімен шектес салаларын салыстырып, олардың байланысын мысалмен дәлелдеңіз.
Қазіргі қазақ тілі лексикологиясының мынадай салалары бар:
этимология,семасиология,фразеология,лексикография.
1.Тіліміздің сөздік құрамының шығуы,замандар бойына қалыптасуы мен дамуы,тарихи лексикологияға тиісті,оның бір саласы-этимология.Этимология гректің «ефимос»-шындық және «логос»-«сөз»,«ілім» деген сөздерінен жасалған.Ол сөздердің шығу тегін зерттейді.
2.Сөздердің мағыналық жақтары семасиологияда қарастырылады.Ол сөздердің мағыналарын,оның өзгеру,даму жолдарын,семантикалық заңдарды зерттейді.Сөз өзінің мағынасы арқылы ұғым мен байланысты болады.Сөз дыбысталу мен мағынаның бірлігінен құралады.Бірақ,сөздердің бәрі ұғымды білдіре бермейді.Мысалы:одағайларда белгілі мағына болғанмен,ұғымды білдірмейді.Шылауларда солай.Мысалы:Сен келесің бе?сөзінде сұраулық мағына бар,бірақ ұғымды білдірмейді.Сөз мағыналарының түрлері ауыс,келтірінді т.б. семасиологияда қарастырылады.Гректің «семасиа» белгі-логос ілім сөзінен шыққан.
3.Фразеология тұрақты сөз тіркестерінің құрамы мен құрылысын,олардың түрлерін,жасалу жолдарын қарастырады.Фразеология грекше «сөйлемше» және логос «ілім» жасалған.Яғни шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жеке сөздермен ғана емес,тұрақты сөз тіркесімен де аталады.Мысалы:Қой аузынан шөп алмас (момын),төбесі көкке жету (қуану).
4.Лексикологияның лексикография саласы сөздіктер,олардың түрлерін қарастырады.Грекше «сөз»,«жазамын» сөзінен жасалған.Сөз жеке нәрсені аңғартады,сонымен бірге оның жалпылама мәні болады.Мысалы:өзен,тау-жалпы атау.
Мәселен,салыстырмалы лексикология-туыстас сөздердің сөздік құрамын,ондағы сан алуан сөздерді бір-бірімен салыстыра отырып зерттейді.Тек салыстыра отырып қана қоймай,олардың тарихи дамуын өзгеру тұрғысынан қарастырады.Тіпті,байқағанымыздай тарихын саралай зерттеу тарихи лексикология саласына кіріктіріліп кетеді.Сол тарихи лексикологияның маңызы мынада:тілдің ерте кездегі шағын сөздік қоры талай замандар бойында,талай өзгерістерге ұшырап өсіп өрбіп мыңдаған сөздер қосылып бұл күнде оны тарихи тұрғыдан қарастырып бір-бірімен салыстыра зерттегенде ғана мүмкін болмақ.Салыстырмалы тарихи зерттеусіз ғылыми зерттеудің де ғылыми теориялық топшалаудың да болуы мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет