Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан сұрақтары


Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз



бет5/25
Дата21.12.2023
өлшемі112,47 Kb.
#141942
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен диалектологиясы Емтихан-emirsaba.org

5.Лексикологияның тіл білімінің өзге салаларымен байланысын мысалдармен дәлелдеңіз.
Фонетикамен байланысы:қандай сөз болса да дыбыс тіркесімен айтылып,белгілі бір мағынаны білдіреді.Мыс:ақ-а/қ дыбыс тіркесімен айтылып түсті білдірсе,бутақ – заттық ұғымды,бес – сандық,бару-қимылдық ұғымды білдіріп тұр.Сөздердің бір-бірінен ажыратылуы да фонемалардың саралап ажыратушы қызметіне байланысты.Мыс:сан,сен, бар,бер,бүр,кел,кәл, күл, кіл т.б. Тіл дыбыстары әдетте, сөз ішінде айтылады,сөзден тыс өздігінен өмір сүре алмайды.
Грамматикамен байланысы:Тілдегі сөздер номинативті (атау) қызметпен бірге,грамматикалық қызмет те атқарады. Сөздер жеке дара күйінде емес, өзара байланыста қолданылады.Мыс:Жулдыз сабақ жақсы оқы. Осындағы сөздердің жеке тұрғандағысы – лексикалық мағыналары.Ал,грамматикалық түрғыдан алғанда Жулдыз, сабақ – зат есім,жақсы – сын есім,оқы – етістік.Әрқайсысы сөйлемнің дербес мүшелері қызметінде жұмсалады. Мыс: Жулдыз – бастауыш, сабақты – толықтауыш, жақсы – анықтауыш, оқиды – баяндауыш. Міне,сөздің грамматикамен байланыстылығы осылай дамиды.
6.Тіл білімінің лексикологиямен шектес салаларын салыстырып,байланысын кестеге салып,мысалдармен дәлелдеңіз.
Лексикология мәселелерін жан-жақты,терең түсіну үшін,тіл білімінің оған шектес басқа салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып қарастырудың зор мәні бар.
1.Тарихи лексикология-сөздердің қалыптасуына,өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылықтарын тексереді.Тарихи лексикологияның бір саласы-этимология.Сөздердің шығу төркінін,олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды.Сол арқылы қазақ халқының бұрынғы замандағы өмірінен мәлемет алуымызға,қандай халықтармен қарым-қатынаста болғандығымызды анықтауға мүмкіндік береді.Яғни,сөздің негізгі түп төркіні этимология мен тарихи лексикологияның басқа ұқсастықтары осында.
2.Ономастика-тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін лексикологиямен шектес сала.Грекше «ат беру өнері» деген мағынаны береді.Іштей антропонимика және топономика болып екіге бөлінеді.Ономастика да ішінара бөлінуіне байланысты бірнеше салаларды қамтиды.
3.Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі қарым-қатынаста болады.Тілдегі сөздердің номинативтік(атауыштық) қызметімен қатар грамматикалық қызметі бар.Тілдің тарихи даму барысында сөздердің бір-бірімен әрдайым бірліктердің грамматикалану процессі жүріп жатса,екінші жағынан,сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалық бірлікке ауысу процессі жүріп жатқандығы белгілі.Бұл құбылыс көбінесе сөзжасам тәсілдеріне байланысты.Мысалы:таңға,күніне,айына,бірде,басында,аяғында іспетті т.б. сөздер-шығу төркіні жағынан септік жалғаулары арқылы туынды үстеулер.
4.Сондай-ақ лексикология фонетикамен да үнемі тығыз байланысты.Сөздер көбінесе бірнеше дыбыстың тарихи қалыптасқан тіркесімен айтылғанда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді.Мәселен:ал,әл,оләіл дегенде дауысты дыбыстардың аз,ақ,ал,аң,ат дегенде дауыссыз дыбыстардың өзгеруінен әр түрлі мағына беретін сөздер жасалып тұр.
Қорытындылай келе айтсақ,тіл ғылымының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралығын сақтай отырып,өзара бір-бірімен байланысып отырады.Қазақ тілі бірнеше салалармен байланысып отырса да,барлығының негізгі зерттеу нысаны-сөз болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет