«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»



бет10/10
Дата25.04.2023
өлшемі79,27 Kb.
#86518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
О.Бөкей шығармаларындағы тіркескен ұғым атауларының сипаты (5) (1) (копия) (копия)

Есімді тіркес



Етістікті тіркес

Тұрақты тіркес

  • Бота-тайлақтың амандығы

  • Тізілген жазу

  • Қарай шай

  • Үсітіміздегі жылы

  • Тым қораш

  • Керіскедей көк тайынша

  • Мал ашуы

  • Көк тайынша

  • Қорамыздың бір бұрышы

  • «данышпан тайыншаның»

  • Текті сиырлар

  • Сауын сиыр

  • Көк тайыншаның қарасы

  • «Апамның көк тасы»

  • Ұры әккі

  • Бастаудың суы

  • Тағалы аттың ізі

  • Күн ұясы

  • Етекте жайрап жатқан ауыл

  • Тіршілік қамы

  • Жайдақ ат

  • Күздің сан алуан бояуына малынған табиғат

  • Жақтырмаған кейіпте

  • Келісті біткен керіскедей

  • Қапалақ-қапалақ қар

  • Қақаған суық

  • Соғымның еті

  • Қырау тұтқан есік

  • Жазғытұрымның қара қатқағы

  • Ала-құла шақ

  • Атар таң, татар дәмімен дәмелі күй

  • Қанағат көңілмен

  • Мұқыр мүйіз

  • Алаңсыз көңілмен

  • Басымның сақинасы

  • Шөп науқаны

  • Мұқым аудан

  • Шыт көйлек

  • Күн ұясы

  • Етекте жайрап жатқан ауыл

  • Тым қораш

  • Керіскедей көк тайынша




      • Сүт қатпай

      • Үңірейіп қалғандай

  • Қысы-жазы сауа беретін

  • Үміт күтіп

  • Көңілім жүдеп

  • Екі құлағым шыңылдап, басым айналып, көзім қарауытқандай

  • Ұрының басынғаны

  • Саспай мүшелеп

  • Әкемнің құлағына маза бермеуші еді

  • Ұрының қамшысымен сипай қамшылап

  • Төбесі қараңдаған

  • «ақсағын қойып, сауын бағайық»

  • Сорпаны сарқа ішіп

  • Қалғи бастады

  • Шұқшия қарады

  • Бас терісі келіспей

  • Асығыс көтерілді

  • Ойдағы қар жылбысқалана еріп

  • Көбіктене мүжіліп жатқан

  • Көмек дәметіп

  • Желіні жер сызып

  • Маң-маң басып

  • Маңызды оттайтын

  • Маңқайып күйсейтін

  • Құла аттың тұсауын шешіп, Жайдақ мініп, жер шолады

  • Шалдың үйіне беттеді

  • Төбесі сондайдан көрінгенде

  • Жамбастай жатып

  • Қолын тарақтап желкесіне салып

  • Шалғысын шыңдап

  • Тұма тазарған

  • Ойы онға, санасы санға бөлінді

  • Оттап тұрған құла ат

  • Бері беттеген

  • Обалына қалған

  • Дәтіңіздің беріктігі

  • Есігі сыңсып ашылды

  • Бастарын кекжең еткзіп оқыс көтерісті

  • Төрге оза берген

  • Көңілі жайланған соң

  • Шорт кетті

  • Өзі тізесін өзі тоқпағандай

  • Садақаға шалып қойған

  • Дауын дабырлау

  • Көзі алайып

  • Ашық аспанға тесіле қарап кесілген бас

  • Серейіп төрт сирақ жатыр

  • Жасаңданып жататын

  • Көк тастың алқымынан қайнап бастау ағатын

  • Оқыс тебініп

  • Желе жөнелді

  • Аузының суын құртатын әдемі

  • Көзге ұрып

  • Біреуден ілгері, біреуден кейін күн кешу

  • Айдың-күннің аманында қолды болу

  • Ағымнан жарылсам

  • Жүйкең жұқарған

  • Жандарын жай таптырған

  • Қолды болған көк тайынша

  • Шешемнің жанын жегідей жейтін

  • қайран қалып едім

  • Көзге ұрып

  • Аузымызды аққа жарытайын деп тұрған

  • Келмеске аттаныпты

  • Ләм-мим деп сұрамады

  • Ар жағына ел қонғанша

  • Көз қыдыртып

  • Шәйдеспеген жұрағаттың басынғаны

  • Құлағын тікті

  • Тіс жарып ешкімге айтпадыңыз

  • Еті үйреніп қалу

  • Дәтіңіздің беріктігі

  • Ызадан жарылардай

  • Сүйегіне қына біткен

  • Көз жазбай қарап

  • Қалғи бастады

  • Қолын тарақтап желкесіне салып

  • Бері беттеген

  • Обалына қалған

  • Көмек дәметіп

  • Желіні жер сызып




Жaлпы Oрaлхaн Бөкейдің көптеген шығaрмaлaрының aтының өзі сөз тіркесі күйінде aлынғaнын бaйқaймыз. Мысaлы: «Қaуіпті будaн», «Aпaмның aстaуы», «Күлпәштің ұршығы», «Көк тaйыншa», «Ұйқым келмейді», «Тoқaдaн қaлғaн тұяқ», «Мaңдaйдaн бaғың шaйқaлсa», «Құлaшaның шoты еді», «Құмaр қoл бұлғaпты» т.б. Бұл тіркестердің кейбірі қиысу тәсілімен жaсaлсa, кейбірі меңгеру aрқылы бaйлaнысқaн. Aл мaғынaлық жaғынa келетін бoлсaқ (2-кесте):


2-кесте.



Жaнуaрлaрғa қaтысты тіркесті aтaулaр

Әртүрлі тaбиғи құбылыстaрғa қaтысты тіркесті aтaуaлaр

Әртүрлі зaт aтaулaрынa қaтысты тіркескен aтaулaр

«Тoртaй мәнер aқ бoз aт», «Қaсқыр ұлығaн түнде», «Көк тaйыншa» «Кер бұғы» т.б.

«Сaрыaрқaның жaңбыры», «Мезгіл әуендері», «Теріс aққaн» т.б.

«Aпaмның aстaуы», «Тoқaдaн қaлғaн тұяқ», «Құлaшaның шoты еді», «Күлпәштың ұршығы» т.б.

Оралхан Бөкейдің шығармаларының тaқырыбына тіркестік ұғымдар aрқaу бoлғaнын аңғардық. Мысaлы «Күлпәштің ұршығы» дегендегі ұршық, «Құлaшaның шoты еді» дегендегі шoт, «Aпaмның aстaуы» дегендегі aстaу сөздері шығaрaмaның aтaуы бoлу үшін тек қaнa зaттық ұғымды ғaнa білдіріп тұрғaн жoқ, бүкіл мaзмұнынa aрқaу бoлғaн, негізгі идеясы ретінде жұмсaлғaн.


Жалпы Оралхан Бөкей шығрамаларындағы тіркесті ұғымдардың лексика-семантикалық мәнін ашу, оның көркемдік құрал ретіндегі қызметін аша түседі. Соны жоғарыдағы талдау жұмыстары арқылы дәлелдеуге тырыстық.
Қорытынды
Сөзжасам тілдің басқа ешбір саласы атқара алмайтын қызметті – туынды сөз, жаңа сөз (атау – номинация) жасау қызметін жүзеге асырады. Сөзжасамдық нұсқалардың сөзжасамда атқаратын қызметі, жаңа сөздердің жасалу үлгілері мен тәсілдері, сөзжасамдық нұсқалардың түрлері, қолданылу ерешеліктері, сөзжасамдық ірі бірліктер болып саналатын сөз-жасамдық ұялар, олардың құрылысы, оның мүшелері, олардың қызметі, ерекшелігі сияқты т.б. тек сөзжасамға қатысты заңдылықтар оны тілдің басқа салаларынан ерекшелендіреді. Солай бола тұрса да, сөзжасамның тілдің басқа салаларымен байланысын жоққа шығаруға болмайды.
Тіл білімі салаларының ішінен сөзжасамның морфологиямен байланысы ертеден-ақ белгілі болған. Сондықтан да сөзжасам көптеген тілдерде морфологияның құрамында қаралып келді. Себебі, бұл екеуінің де зерттеу нысаны – сөздің ең кішкене бөлшегі – морфема. Бірақ сөзжасам жаңа сөз жасаушы морфемаларды зерттейді де, морфология грамматикалық тұлғаларды (формаларды) яғни сөз түрлендіруші тұлғаларды зерттейді. Ал бұл екі тілдік көрсеткіштердің ұқсастық жақтары да, дүдәмал жақтары да мол. (Мысалы, еркелету, кішірейту т.б. мәнді жұрнақтар, шырай жұрнақтарының кей түрі, етіс жұрнақтары, үстеу құрамындағы көнерген септік жалғаулары т.б.).
Сөзжасам да, морфология да сөз құрамын зерттейді. Екеуінде де сөздің құрамы негізгі және көмекші морфемадан тұрады. Айырмашылық көмекші морфеманың мағынасы мен қызметіне қатысты. Сөзжасамның нысанасына көмекші морфеманың яғни қосымшаның сөзжасамдық жұрнақ түрі жатады да, морфологияның зерттеу нысанына қосымшаның жалғаулар түрі мен жұрнақтардың грамматикалық категория көрсеткіштері болатын түрлері (сөз түрлендіруші) жатады.
Сөзжасам сөзжасамдық жұрнақтардың сөзге тіркесу қабілеті, туынды сөздегі мағынасы, қызметі, қай сөз табына жататын сөз жасайтыны тәрізді мәселелерді зерттейді.
Морфология сөйлемдегі сөздерді байланыстырушы қызметін атқаратын жалғаулардың сөз таптарына қатысын, сол сөз таптары категориясының көрсеткіші болу қызметін, олардың сөзге қосатын грамматикалық мағыналарын зерттейді.
Сөзжасамда да, морфологияда да сөздердің түрлену тарамы (парадигма) бар. Сөзжасамның тарамы бір сөзден жасалған бірнеше сөздің бір-бірімен қатысын білдірсе, морфология тарамы бір сөздің түрлі тұлғасының арақатынасын білдіреді.
Мазмұн тереңдігімен, идея сонылығымен ерекше көзге түскен «Терісаққан», «Бура», «Қамшыгер», «Кербұғы» атты шығармалары. Бұл әңгімелер қоғамға, өмірге, табиғатқа көзқарасы тұрғысынан баяндалғандықтан, философиялық ой-тұжырымдарға елеулі орын берілген. Әңгіме барысы авторлық ой, кейіпкер монологы арқылы өрбиді. «Терісаққан» - Кеңес дәуіріндегі қазақ халқының «трагедиялық хал-күйін» көрсететін әңгіме. Мұнда ешқандай кейіпкер де, тартыс та жоқ. Өткенге көз жіберу арқылы тоқырау жылдарындағы қазақ халқының ата-баба дәстүрінен айырылып бара жатқанын тебірене жазады. Кез келген шығармасында жазушы адам жандүниесіндегі күйзелісті кейіпкер сөзімен көрсете білген.
Оралхан Бөкейдің көптеген повестері – лиризмге толы туындылар. Бұл орайда жастықтың арманы мен іңкәрлігіне толы «Қайдасың, қасқа құлыным» поэмасын атауға болады. Ересектікке жол тартқан «Елең-алаң» шығармасы да адам жанының өзгеше бір күйінен сыр шертеді. Диалог, монологтерді құруға келгенде қаламгер шеберлігі мен қолтаңбасына қатысты ерекшелігі – жазушы кейіпкерлерді әрқилы сөйлете біледі. Образды ашатын, шығарманы шындыққа жанастыратын құрал кейіпкер сөзін жазушы өте орынды қолдана білген. Бұған жазушының «Қасқа құлында» төрт кейіпкердің монолог-ойын төрт түрлі етіп ұсынғаны әдемі мысал бола алады.
Оралхан Бөкей – қазақ әдебиетінің ғана емес, күллі әлем әдебиетінің тарихынан өз орнын айшықтаған тұлға. Жазушы шығармаларында ерекше энергетика бар. Ұлтының бағына біткен жазушының шығармалары бір оқып қана қоятын шығарма емес, ізгілікке қызмет етер мәңгі туынды.
Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Бөкей О. Өз отыңды өшірме. Ромaн. – I том. – Алмaты: Ел-шежіре, 2013. – 392 б.

  2. Мaйтaнов Б.Қ. Монолог құрылымы. Ғылыми зерттеу. – Алмaты: Ценные бумaги, 2006. – 107 б.

  3. Исаев С.М. Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық сипаты. -Алматы: Рауан, 1998. – 304 б.

  4. Исаев С.М. Қазақ тілі жайында ойлар. –Алматы: Ата мұра, 1997. – 221 б.

  5. Әбдіғалиева Т. Қазіргі қазақ тіліндегі болымдылық-болымсыздықтың мағынасы мен қызметі. - Алматы: Білім, 1996. –160 б.

  6. Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. -Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 б.

  7. ҚордабаевТ. Қазақ тіл білімінің мәселелері. -Алматы: Рауан, 1991. –256 б.

  8. Қазақ тілінің тарихи көздері. -Алматы: Ғылым, 1989. – 256 б

  9. Қазақ тілі энциклопедиясы. -Алматы: ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі. Қазақстан даму институты, 1998. – 509 б.

  10. Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. -Алматы: Ғылым,1996. – 359 б.

  11. Қазақ тілінің грамматикасы. Iт. Морфология. -Алматы: Ғылым, 1967. – 263 б.

  12. Серғалиев М, Айғабылов А, Күлкенова О. Қазіргі қазақ әдеби тілі. -Алматы: Ана тілі, 1991. – 216 б.

  13. Мергенбев Е. Қазақ тіліндегі сөзөзгерім жүйесі. -Алматы: Санат, 1994. – 128 б.

  14. Хасенов Ә. Тіл білімі. -Алматы: Санат, 1996. – 416 б.

  15. Аманжолов С. Қазақ тілі теориясының негіздері. -Алматы: Ғылым, 2002. – 366 б.

  16. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. -Алматы: Мектеп, 1988. – 134 б.

  17. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. –Алматы: Дайк-Пресс, 2008. – 967б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет