«Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен лексикографиясы»



бет6/10
Дата25.04.2023
өлшемі79,27 Kb.
#86518
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Қыбыр-жыбыр тірлік. Қыбыр-жыбыр – баяу қимылдаған қозғалыс, қыбыр-қыбыр [17, 550].
Қоңыр шаңырақ. Әдетте көбіне қара шаңырақ дегенді жиі естиміз. Ал бұл жерде ауылда тұрмыс кешіп жатқан қарапайым отбасын сипаттау үшін қолданған. Қоңыр үй – қарапайым, орташа тіршілік [17, 519].
Таң шапағына шомылып. Шапақ – күннің ызғар немесе батар кезіндегі қызыл арай сәулесі [17, 903]. Ауыспалы мағында күннің таңғы сәулесінің астында келе жатырмыз дегенді жеткізеді.
Көсемсіп аяңына басар. Көсемсі – ақылгөйсіну, білгішсіну [17, 419]. Аяңда – аттың, адамның жайлап, баппен жүруі. [17, 80]. Астындағы атының жүрісін суреттеп тұр.
Шабдар ат. Шабдар – жал-құйрығы сарғыш келген құла жирен жылқs [17, 891].
Жұмыр жер – жер шары, жер беті [17, 317].
Шиеттей бала-шағасы. Шиттей – кішкентай, азғантай [17, 917]. Балалары әлі кішкентай отбасы.
Іңкәрліктің жалыны. Іңкәрлік – ынтық болушылық, құмарлық, ынтызарлық [17, 951]. Ауыспалы түрде қатты ынтықты дегенді білдіреді.
Саябыр тапқан, салқын тартқан. Саябыр тапты – толас тапты, тыншыды [17, 717]. Кешкі ауылдың тыныштала бастаған бейнесін суреттеуде қолданады.
Ұлы ақылға ұласқандай. Ұласу – бір-біріне жалғасу, ұштасу, тұтасу [17, 857]. Яғни бірінің ойын бірі толықтырды дегені.
Өте сұлу кеспірде. Кеспір – кескін, тұрпат, ұсқын [317, 91]. Әдемі кейпінде деген сөз.
Жұқалтаң шық – таңғы уақытта жұқа түскен шық.
Бусанып жаттыжердің қары кетіп, тоны еру [17, 46].
Мәз өмірінің күйін шертті – ауыспалы мағынада мәз өмірін басынан өткерді, бақытты күндерін басын өткерді.
Кеудесін дүбірлетіп, алғаш қытықтаған – бұл тіркесте таңғы уақытта жерге алғаш табаны тиіп яғни оның кеудесін алғаш қытықтаған деп кейіптеу мәнде жұмсаған.
Көңілдің көк дөненінің тізгінін тартатынмын – бұл жерде қиялым қалап, ойым ойлап тұрған нәрседен бас тарту деген ұғымда ауыспалы түрде жеткізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет