Сөкеттігі жоқ – теріс іс, ұят, сөлекет. Бұл істің еш ұяттығы жоқ дегенді білдіреді [17, 741].
Көсіле сөйлеу, көсемси сөйлеу – білгішсініп, барын салып сөйлеу.
Тірі кітапхана. Әкесінің жан-жақталығына, білімділігіне тәнті болған ұлы оны осы тіркеспен сипттайды.
Шақша мүйіз – мүйізден жасалатын, насыбай салатын құты [17, 896].
Таудың алып өркеші – ауыспалы түрде таудың дөңес бетін түйенің өркешіне ұқсаған соң орнын алмастыра қолданған.
Бақилық әдетімен – бұрынғы қалыптасқан әдетімен.
Жібек нұр – таңғы уақытта өздеріне тарамдала түскен күн сәулесін осылай атайды.
Нұр толқынды таң теңізін кешіп – таңғы уақытта жол жүргендерін осылайша метафоралық тіркеспен суреттейді.
Кәусар ауасына орандық– тап-таза, кіршіксіз ауа.
Ерте бой алдыру – яғни қайсысымыздың ерте берілетінімізді, ерте шаршайтынымзды дегенді меңзейді.
Арайлы шақ – таңғы уақыт, күн енді арайланып шығып келе жатқан уақыт.
Сары таң – күн енді жерге түсіп жатқандықтан жер дүниенің бәрі сап-сары күннің сәулесі түстес болып тұрады. Соған сәйкес солай атаған.
Қоңырқай адамдар қаншама – бұл берілген контексте қоңыр деген тадам терісінің түсі емес, қарапайым адамдар деген мағынада жұмсалған.
Найзалы шың– алыстан биік, өткір боп көрінетін тау шыңы.
Жақпар-жақпар тас қоржындаған кәрі тау – баурайына жақпар тастар жағалай орналасқан талай тарихқа куә болған тау дегенді меңзейді.
Жез топшылы қаршыға. Топшы – адам қолының, құс қанатының кеудеге жалғасқан жері [17,812].
Алтайдың арда еркесі. Арда – үйретілмей бетімен қоя берген асау жылқы. Яғни бұл контекстте әкесін Алтайдың төсінде еркін көсіліп өскен бұғыға теңейді.
Тірліктің қым-қуыт қызығы. Қым-қуыт – бей-берекет, шымтырық, қарбалас [17, 558]. Күнделікті тіршіліктің тынымсыз, бітпейтін қызығы.